Файл: Жалпы білім беру йымдарына арналан жалпы білім беретін пндерді, бастауыш, негізгі орта жне жалпы орта білім дегейлеріні тадау курстарыны лгілік оу бадарламаларын бекіту туралы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 115

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

      2) 11 сынып:

Бөлім

Бөлімше

Тақырыптар

Оқыту мақсаттары

Білім алушылар тиісті:

1-тоқсан

Мемлекет және құқық

Заң шығару, құқықтық мәдениет, мемлекет қоғамның саяси жүйесінде

Заң шығару жүйесі

11.1.1.1 - нормативтік құқықтық актілердің негізгі элементтерін анықтау;

11.1.1.2 - нормативтік құқықтық актілердің әзірленуі, қабылдануы мен күшіне ену процесін зерттеу

Заңдылық және құқық-тық тәртіп. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет

11.1.1.3 - заңдылық және құқықтық тәртіп ұғымдарын нақты мысалдармен түсіндіру;

11.1.1.4 - заңдарды білу және оларды орындаудың әлеуметтік пайдалылығы мен қажеттілігін түсіндіру

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде

11.1.1.5 - қазақстандық қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін анықтау

Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы

Қазақстан Республикасы - құқықтық мемлекет

11.1.2.1 - Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық актілері (Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясатының тұжырымдама-сы (Қазақстан Республикасы Прези-дентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 жарлығы), Адам құқықтары және заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар жоспарын бекіту туралы

(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 258 қаулысы) негізінде құқықтық мемлекеттің принциптерінің жүзеге асырылуын түсіндіру

Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарының дамуы

11.1.2.2 - Қазақстан Республикасы азаматтық қоғамының негізгі функционалдық қажеттілігін түсіндіру;

Қазақстан Республикасын

да адам құқығын қорғау

Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы

11.1.3.1 - нақты мысал келтіре отырып, Қазақстан Республикасының адам және азаматтың құқығы мен бостандықтарын қорғау механизмін түсіндіру;

11.1.3.2 - азаматтардың құқығын қорғайтын (адвокат, медиатор және тағы басқа) тұлғалардың функциялары мен құқықтық мәртебесін анықтау

Қазақстан Республикасындағы ювеналды юстиция

11.1.3.3 - Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар құқықтарының қорғалуы және жүзеге асырылуы

11.1.3.4 - Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығын жүзеге асыру және қорғау механизмдерін нақты жағдаяттар мысалында түсіндіру

Сот жүйесі

Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі

11.1.4.1 - сот жүйесі элементтерін анықтау және оны графикалық түрде көрсету;

11.1.4.2 - судьялар мәртебесі және олардың қызметінің кепілдемесін ашып көрсету

Жобалық-зерттеу жұмысы

Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқық жүйесі және мемлекеттік органдар жүйесі.

2-тоқсан

Жария құқық

Қазақстан Республикасын

дағы азамат

тық және сайлау

Азаматтық - Қазақстан Республикасы конституция лық құқығының институты

11.2.1.1 - азаматтық ұғымын ашу;

11.2.1.2 - қазақстандық азаматтықты алу және азаматтықтан айырылудың негіздемелерін нақты мысалдар арқылы түсіндіру

Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы

11.2.1.3 - Қазақстан Республикасы сайлаушыларының және сайлау процесінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау

Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері

Қоғамдық тәртіпке және адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық түрлері

11.2.2.1 - Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау

Жер құқығы негіздері

Жер құқығының құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны

11.2.3.1 - жер құқығының құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру;

11.2.3.2 - Қазақстан Республикасының Жер кодексі негізінде жерге меншік құқығы, пайдалану құқығы, және басқа да құқық түрлерін ажырату

Қылмыстық құқық бұзушылық түрлері

Адам және азаматтардың конституция лық және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық құқық бұзушылық

11.2.4.1 - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылық

11.2.4.1 - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік

11.2.5.1 - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты басқа құқық бұзушылық түрлерінен (заңсыз сыйақы алу, алаяқтық) ажырату;

11.2.5.2 - Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларына сәйкес адамдардың әрекетін саралау

Жобалық-зерттеу жұмысы

Мемлекеттік билік пен басқару органдарының қызметін реттеудегі жария құқықтың рөлі

3-тоқсан

Жеке құқық

Азаматтық құқықтағы келісімшарттар мен міндеттемелердің жекелеген түрлері

Сату-сатып алу келісімшарты. Айырбас және сыйға тарту келісімшарты

11.3.1.1 - келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру;

11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру

Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты

11.3.1.1 - келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру;

11.3.1.2 - келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру

Мұрагерлік құқық

11.3.1.3 - мұрагерлік құқықтың құқықтық реттелу ұғымы мен нысанын түсіндіру;

Тұтынушылар құқығының жүзеге асырылуы

Қазақстан Республикасындағы тұтынушылар құқығын қорғау механизмдері

11.3.2.1 - қылмыстық, әкімшілік, азаматтық кодекстердің жеке нормаларын қолдана отырып, тұтынушылар құқығын қорғау механизмдерін түсіндіру;

11.3.2.2 - нақты мысалдар келтіре отырып сатушы (өндіруші, орындаушы) және басқа да жұмысты орындаушы (қызмет көрсету) тұлғалардың құқығы мен міндеттерін анықтау

Авторлық құқық негіздері

Авторлық және сабақтас құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны

11.3.3.1 - авторлық және сабақтас құқықтарды құқықтық реттеу ұғымы мен нысанын түсіндіру;

Отбасы құқығы институттары

Отбасы. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттемелері

11.3.4.1 - ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар арқылы түсіндіру

Ата-анасының қамқорлығысыз қалған және жетім балалардың құқығы мен мүддесін қорғау түрлері

11.3.4.2 - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың құқығы мен мүддесін қорғау формаларын айқындау

Отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері

11.3.4.3 - алименттік қатынастардың субъекті лерін және алименттік қатынастардың пайда болу негіздерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау

Еңбек құқығының базалық нормалары

Еңбек қарым-қатынасы субъектілерінің құқықтары мен міндеттемелері және олардың мемлекеттік кепілдіктері

11.3.5.1 - еңбек құқығын қамтамасыз ету тәсілдерінің тиімділігін құқықтық жағдаяттар мысалында бағалау;

11.3.5.2 - кәмелетке толмағандардың еңбек құқығын жүзеге асыруын зерттеу

Еңбек дауларының қаралуы

11.3.5.3 - жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру механизмдерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау

Жобалық-зерттеу жұмысы

Жеке меншік құқықты қорғауды қамтамасыз етудегі жеке құқықтың рөлі.

4-тоқсан

Іс жүргізу құқығы

ның негіздері

Қылмыстық іс жүргізу

құқығының институттары

Қылмыстық қудалау - қылмыстық іс жүргізу құқығының институты

11.4.1.1 - қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын түсіндіру

Кәмелетке толмағандар дың қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша іс жүргізу

11.4.1.2 - кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктерін айқындау

Алқабилер соты ұғымы және оның қызметінің негіздері

11.4.1.3 – Қазақстан Республикасы алқабилер соты қызметінің құқықтық негіздерін анықтау

Азаматтық іс жүргізу құқығының институттары

Талап қою іс жүргізуінің негіздері

11.4.2.1 - талап қою шарттарын түсіндіру;

11.4.2.2 - талап қою арызын оның мазмұны мен формасына қойылатын шарттарға сәйкес құрастыру

Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері

11.4.2.3 - Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес соттың істі қарау негіздері мен ерекшеліктері бойынша білімдерін шығармашылық түрде көрсету

Әкімшілік іс жүргізу құқығының институттары

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілетті органдар

11.4.3.1 - әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді қарастыратын уәкілеттті органдардың (лауазымды тұлғалардың) құзыретін құқықтық жағдаяттар мысалында ажырата білу

Әкімшілік іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері

11.4.3.2 - әкімшілік құқық бұзушылық бойынша соттың істі қарау ерекшеліктері туралы білімдерін шығармашылық түрде көрсету

Жобалық-зерттеу жұмысы

Қазақстан Республикасында азаматтық құқықтарды қорғау әдістері

Халықаралық құқық

Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі

Халықаралық актілер негізінде Қазақстан Республикасы азаматтары құқығының жүзеге асырылуы

11.5.1.1 - Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқықтың қайнар көздері негізінде Қазақстан Республикасының халықаралық құқығы мен міндеттемелерін түсіндіру;

11.5.1.2 - Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде адам құқығы, еңбек қатынастары, білім беру салалалары бойынша құқықтарын жүзеге асыруын халықаралық актілер негізінде зерттеу

Жобалық-зерттеу жұмысы

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде халықаралық құқық нормаларын іске асыру



3-тарау. Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған "Құқық негіздері" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру (төмендетілген оқу жүктемесімен) 1-параграф. Құқық негіздері" оқу пәнінің мазмұны

      25. "Құқық негіздері" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

      1) 10- сыныпта –аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты;

      2) 11- сыныпта –аптасына 2 сағат, оқу жылында 72 сағатты құрайды.

      Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген).

      26. Құқық негіздері" оқу пәнінің білім мазмұны бөлімдер арқылы қамтылған. Аталған бөлімдер сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.

      27. Оқу пәнінің білім мазмұны бес бөлімді қамтиды:

      1) Мемлекет және құқық;

      2) Жария құқық;

      3) Жеке құқық;

      4) Іс жүргізу құқығының негіздері;

      5) Халықаралық құқық.

      28. "Мемлекет және құқық" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар;

      2) Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам;

      3) Адам құқықтары түсінігі;

      4) Сот төрелігінің қағидаттары. Құқық қорғау органдары.

      29. "Жария құқық" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) Қазақстан Республикасының конституциялық құқық жүйесі;

      2) Әкімшілік құқық жүйесі;

      3) Экологиялық құқық негіздері;

      4) Қылмыстық құқық жүйесі;

      5) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі.

      30. "Жеке құқық" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары;

      2) Тұтынушылар құқығы туралы заңнама;

      3) Отбасы құқығы жүйесі;

      4) Еңбек құқығы жүйесі.

      31. "Іс жүргізу құқығының негіздері" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері;

      2) Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері;

      3) Әкімшілік іс жүргізу құқығының негіздері.

      32. "Халықаралық құқық" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:


      1) Халықаралық жария құқығы;

      2) Халықаралық құқықтағы адам құқықтарының қорғалуы.

      33. "Мемлекет және құқық" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) Заң шығару, құқықтық мәдениет, мемлекет қоғамның саяси жүйесінде;

      2) Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамуы;

      3) Қазақстан Республикасында адам құқығын қорғау;

      4) Сот жүйесі.

      34. "Жария құқық" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) Қазақстан Республикасындағы азаматтық және сайлау ;

      2) Әкімшілік құқық бұзушылық түрлері;

      3) Жер құқығы негіздері;

      4) Қылмыстық құқық бұзушылық түрлері;

      5) Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.

      35. "Жеке құқық" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) Азаматтық құқықтағы келісімшарттар мен міндеттемелердің жекелеген түрлері;

      2) Тұтынушылар құқығының жүзеге асырылуы;

      3) Авторлық құқық негіздері;

      4) Отбасы құқығының институттары;

      5) Еңбек құқығының базалық нормалары.

      36. "Іс жүргізу құқығының негіздері" бөлімі 10-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) Қылмыстық іс жүргізу құқығының институттары;

      2) Азаматтық іс жүргізу құқығының институттары;

      3) Әкімшілік іс жүргізу құқығының институттары.

      37. "Халықаралық құқық" бөлімі 11-сыныпта келесі бөлімшелерден тұрады:

      1) Қазақстан Республикасы - халықаралық құқық субъектісі.

      38. Оқыту мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.

      39. 10 - сыныпқа арналған "Құқық негіздері" оқу пәнінің базалық мазмұны келесі тараулардан тұрады:

      1) Мемлекет және құқық:

      Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар.

      Құқықтың негізгі белгілері мен функциясы. Құқық жүйесі: саласы, құқықтық институт, құқықтық норма. Мемлекет құқықтың ерекше субъектісі: құқықтық нормаларды шығарушы және құқық субъектісі ретінде. Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам.Құқықтық мемлекет түсінігі және оның қағидаттары. Азаматтық қоғам түсінігі, оның негізгі элементтері мен институттары.Адам құқықтары түсінігі. Адам құқығы түсінігі және оның негізгі түрлері. Сот төрелігінің қағидаттары. Құқық қорғау органдары.Сот төрелігінің қағидаттары. Қазақстан Респбликасының құқық қорғау органдары: ішкі істер министирлігі, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары.


      Жобалық-зерттеу жұмысы: Мемлекет және құқық формаларының эволюциясы

      2) Жария құқық: Қазақстан Республикасының конституциялық құқық жүйесі.Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының институттары: Президент, Парламент, Үкімет, Соттар және сот төрелігі, Конституциялық кеңес, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару.Әкімшілік құқық жүйесі. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелуі: салалық және аймақтық басқару. Экологиялық құқық негіздері. Экологиялық құқықтың құқықтық реттелу түсінігі мен нысаны.Қылмыстық құқық жүйесі. Қылмыстық құқықтың мазмұны мен құрылымы. Қылмыстық құқық бұзушылық және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын тұлғалар. Қылмыстық жаза түсінігі және одан босату шарттары.Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесі. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған құқықтық және саяси актілер: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы. Жобалық-зерттеу жұмысы: Жария құқық салалары ерекшеліктерінің сипаттамасы.

      3) Жеке құқық:

      Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары. Азаматтық құқықтың қағидаттары мен субъектілері. Азаматтық құқықтың объектілері. Мәміле түсінігі және оның түрлері. Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы. Міндеттемелік құқық.Тұтынушылар құқығы туралы заңнама.Қазақстан Республикасында тұтынушылар құқықтарының заңды түрде бекітілуі. Отбасы құқығы жүйесі.Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасында отбасылық қарым-қатынастардың құқықтық реттелуі.Еңбек құқығы жүйесі. Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарының құқықтық реттелуі.Жобалық-зерттеу жұмысы: Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуының кепілдігі

      4) Іс жүргізу құқығының негіздері: Қылмыстық іс жүргізу құқығының негіздері. Қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттары. Қылмыстық процесс субъектілері. Қылмыстық іс жүргізу құқығындағы сот талқылауы негіздері: қылмыстық процестегі субъектілердің функционалдық рөлдері. Азаматтық іс жүргізу құқығының негіздері. Азаматтық процестің міндеттері мен қағидаттары. Азаматтық процесстің субъектілері.Әкімшілік іс жүргізу құқығының негіздері. Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары.Жобалық-зерттеу жұмысы: Құқыққа қатысты процестер қадамдарының сипаттамасы.