Файл: Ст таамдарыны асиеті мол, рі денсаулыа пайдалы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.04.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1-мәтін

Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық заттармен құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Алуан турлі қуырдақ, қазақша ет, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі.

Ұлт тағамдарының негізі болып табылатын сүттің орны бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, малта, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран сияқты тағамдар жасаған.

Сүт тағамдарының қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы.

Ұннан жасалатын тағамдар: бауырсақ, шелпек, құймақ, күлше, таба нан. «Дәнді шашпа, нанды баспа» деп халқымыз нанды аса құрметтеген.Бұл тағамдардың бәрін ысырап етпей пайдалана білген.

Қуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе-бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек, бүйрегінен, сондай-ақ ішек-қарнынан ұсақтан турап әзірленетін тағам. Ол үшін қазанға іш майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын, төстік еттерін салып, қазанның отын қатты жағып 15—20 минут қуырады. Содан кейін бауырлы салып, үстіне бұрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай салады.Әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарханға қояды.

Бауырсақ – қазақтың ұлттық тағамы. Бауырсақ – бидай ұнын ашытып, әртүрлі үлгіде жасап, майға пісіреді.

Қазақтың той, мереке дастарқанында міндетті түрде бауырсақ болуға тиісті. Ыстық бауырсаққа сары май жағып жесең, өте дәмді. Бауырсақ қырғыз, татар, башқұрт, ноғайларда да кездеседі. Дәмді бауырсақ үшін керек заттар: сұйық май, 1 жұмыртқа, қаймақ, ұн, құрғақ ашытқы, жылы су, қант және тұз. Қаймақты ашыған айран немесе майонезбен алмастыруға болады. Негізінен бауырсақтар әр өңірде әртүрлі жасалынады.

Балықтардан жеңіл тамақтар (салаттар), сорпалар, қайнатып дайындалынған тағамдар, қуырылған тағамдар, бұқтырылған тағамдар, көміп пісірілген тағамдар және көптеген ұлттық тағамдар дайындауға болады.

Балықтан көптеген тағамдар дайындалады. Оны қуыруға, асуға, тұшпара, қаусырма пісіруге, котлет, биточки дайындауға, балық сорпасын пісіруге болады. Балықтар сауда орындарына көбіне тоңазытылған күйінде түседі. Оларды жібіту ережелері дұрыс сақталса, жас күйіндегі сапасын жоя қоймайды. Әрине, тірі балықтан дайындалған тағам ерекше дәмді келеді.

1.Балықтан дайындалатын тағам


A) Бұқпа

B) Қаусырма

C) Күлше

D) Сырбаз

2.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат

A) Бауырсақтар барлық өңірде бірдей жасалады.

B) Ерекше дәмді келетін тағам тірі балықтан жасалады.

C) Етте ағзаға пайдалы белоктар аз болады.

D) Бауырсақ қазақтан басқа ұлтта кездеспейді.

3.Мәтіндегі ақпаратқа сай тұжырым

A) Балықты жібітсе, сапасы тез жойылады.

B) Алуан түрлі балық дастарқанның қадірін арттырған.

C) «Дәнді шашпа, нанды баспа» деп халқымыз етті аса құрметтеген.

D) Сүт тағамдары «ақ» деп аталып, қасиетті, киелі саналады.
4.Мәтінде: «Дәнді шашпа, нанды баспа» деп халқымыз нанды аса құрметтеген деген сөйлем арқылы автордың аңғартатыны

A) Ырым-тыйымдар арқылы ысырапшылдықтың алдын алу

B) Нанды шашатын адамдардың да арамызда бар екендігін

C) Дәнді шашып, нан өнімін алуға егін еге алатынымызды

D) Нанды құрметтеген адамдардың көп екендігін

5.Мәтіннің түйінді ойы

A) Есек мінген ат сұрамайды, Балық жеген ет сұрамайды.

B) Асы жоқ алтын аяқтың, Алтынын ал да отқа жақ.

C) Тоқ адамды ұйқы басады, Аш адамнан ұйқы қашады.

D) Ат – адамның қанаты, Ас – адамның қуаты.

2-мәтін

1.Сүмбіле – басқа жұлдыздарға қарағанда түстік көкжиекке ең жақын, көзге өткірлеу көрінетін, жарқыраған жұлдыз. "Бұл жұлдыз орыс тіліндегі "Дева" дейтініне қарап, кейде Бикеш деп атау дұрыс емес.Сүмбіле жұлдызы шығыс күнтізбесінде ерекше маңызы бар. Шығыс күнтізбесінде Сүмбілені жылдың алтыншы айы деп белгілеген. Сүмбіленің ғылыми атауы – Сириус. Ертедегі Мысыр халқы аспандағы ең жарық Сириус деген жұлдыздың тууына қарап егін салатын кезді бағамдап отырған.

2.Қазақ халқы да Сүмбіле жұлдызын жақсы таныған, оны шаруашылық өндіріске байланыстыра білген. Қазақ тілінің сөз орамдарында "Сүмбіле туар жылтиып, ат семірер құнтиып", "Сүмбіле тумай, су мұздамайды", "Сүмбіленің туғанын су біледі", "Сүмбіле туса су суиды", "Сүмбіленің түні салқын, күні ыстық", "Сүмбіле туса, суға зіл түседі". Бір сөзбен айтқанда, бұл сөз орамдарынан қазақ түсінігінде Сүмбіленің тууы су қататындай, яғни 0º С төмен температураның орнайтынын аңғартады.

3.Сүмбіле қыркүйек айында туады, яғни, таңға үш ұйқы қалғанда (таңғы сағат үште) көкке көтеріледі, көзге көрінеді. "Сүмбіле туса, су суыр" деген тұрақты сөз орамы Сүмбіленің таң ата алғаш көрінген шағына орай айтылған. Сүмбіленің салқын суын төрт түлік сүйсініп ішетін кезі. "Сүмбіленің туғанын кім біледі?" деп жұмбақ айтқанда, оны шешуші "Сүмбіленің туғанын су біледі" деп жауап қатады. Бұлай дейтін себебі – Сүмбіле көзге көрінген кезден бастап түн суық тартады да, су бірден салқындай бастайды, бұл кез қыркүйек айының іші. "Сүмбіленің түні салқын, күні ыстық" дейтін кез осы шамаға қатысты айтылған.


4.Сүмбіле туған соң жаз аяқталып, мал тынышын алады, шыбын-шіркей кешікпей жоғалады. Сүмбіле туған уақытта төрт түлік малын жайлаудан түсіреді. Малшылар таудан етекке түсіп, қойнауы жылы құм мен жазыққа бет алады. Қазан айынан бастап қыстау-қорасын қамдап, қыстың әрекетін қылған. Сүмбіле туған шақ нағыз күздің кезі болғандықтан, жайлаудың салқын ауасы мен шүйгін шөбіне жайылған төрт түлік ішегіне май жинап құнтиып семіреді. Жылқы жұнттай болып семіреді, қой түлігі шайланады, түйе тікөркештенеді, сиырдың желіні сүттенеді. Бұлай болатын себебі жердің түгі (шөбі) нәрленіп, шөптің басы дән алады. Бұндай шөп төрт түлікке жұғымды болады. Ал ел арасында кездесетін "Сүмбіле туар сүмпиіп, ат семірер жұнтиып" деген сөздің де зор мәні бар. Сүмбелінің сарша тамыздың аяғында туатынын айттық, ал бұл уақытта шөп ерекше құнарланып, әсіресе, жылқы малының семіруіне қатты әсер етеді. Мақалдың мәнісі қазақтардың осы жұлдыздың туатын мерзімін, ат сүйіп жейтін шөптің семіртетін қасиетін дәл аңғарғандығында.

6. Сүмбіле жұлдызына тән ерекшелік

A) Көзге өткірлеу болады

B) Шөптің басына түседі

C) Жылқы семіреді

D) Шөп құнарланады

7.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат

A) Сүмбіле нағыз жазғы уақытта туады.

B) Сүмбіледе шыбын-шіркей көбейеді.

C) Сүмбіле туғанда мал жайлаудан түседі.

D) Сүмбіленің түні ыстық болады.

8. «Сүмбіленің туғанын су біледі» деп жауап беруінің себебі

A) Сүмбіленің түні салқын, күні ыстық болатындықтан

B) Сүмбіленің салқын суын мал сүйсіне ішетіндіктен

C) Сүмбіледе шыбын-шіркей кешікпей жо,алатындықтан

D) Сүмбіленің сарша тамызда ғана туатындығынан

9.

1. Сүмбіле туралы сөз оралымдары

2. Сүмбіленің салқын суы

3. Сүмбіле туған шақ

4. Жылдың алтыншы айы

A) 4,2,1,3

B) 1,4,3,2

C) 4,1,2,3

D) 2,4,1,3

10.Мәтінде автордың: «Мақалдың мәнісі қазақтардың осы жұлдыздың туатын мерзімін, ат сүйіп жейтін шөптің семіртетін қасиетін дәл аңғарғандығында.»деген ойының мәнісі

A) Халқымыздың табиғат сырын аңғаратын ерекше қасиетінен сыр аңғартады

B) Сүмбіледе ат семіріп, төрт түлікке ыңғайлы болатынын аңғартады

C) Қазақтардың мақалшыл екенін айтып, Сүмбіледе мал семіретінін айтады

D) Ат сүйіп жейтін шөп Сүмбіледе шығатынын мақал арқылы түсіндіреді

3-мәтін


1.Қабылан (орысша – «гепард», латынша – «Acinonyx jubatus») – жануарлардың сүтқоректілер тобы жыртқыштар отрядының мысық тұқымдасына жататын дүниежүзіндегі ең жүйрік аң. Қабыланның денесіндегі кейбір мүшелері мысыққа, ал кейбір мүшелері тазы мен итке ұқсас болып келеді. Мысалы, басының жұмырланып келуі және жіңішкелеу құйрығы созылыңқы болып келгені мысықтың құйрығына ұқсас болса, ал аяқтарының біршама ұзын әрі сидам болып келуі және тұлғасының созылыңқы әрі екі бүйірінен қысылыңқы болуы тазыға ұқсастығын аңғартады. Бір орында шоқиып отыруы және тістерінің жеке топтарының құрылысы да итке ұқсас болып келеді. Қабыланның дене тұрқының ұзын­дығы 120-150 см, ал құйрығының ұзын­дығы 60-75 см. Құйрығының ұшы ақ түсті, оның алдыңғы тұсында көлденеңінен орналасқан жалпақ төрт қара жолағы бар. Денесінің салмағы 50-65 келіні құрайды. Денесіндегі түгі қалың, бірақ қысқа. Түгінің түсі құм түстес сарғыш әрі түгінде біркелкі таралған ұсақ көптеген теңге шұбар қара-қоңыр дақтары болады. Денесінің құрсақ тұсындағы және аяқтарының ішкі жағындағы түктері ақшыл сұр түсті. Желкесінен шоқтығына дейінгі аралықта онша биік емес ұзын­дығы 8-11 см-дей жалы болады. Тері­сі өте қымбат бағаланғандықтан және ерте кездерден бастап көптеп аулаған­дықтан саны азайып кеткен. Қара базарда қабылан терісі 10 мың долларға бағаланады деген мәліметтер бар.

2.Ұзын әрі өте жақсы жетілген аяқтары шапшаң жүгіруге бейімделген. Табандары онша үлкен емес, табан іздері мы­сықтың табан ізіне ұқсас және саусақ­тарындағы тырнақтары басқа мысықтектес жыртқыш аңдардай ішке қарай бүгіліп тартылмайды. Қабыланның шағын құлақ қалқаны дөңгеленіп келген. Оның көздері үлкен, көз қарашығы дөңгелек пішінді болып келеді. Көзі өте қырағы.

3. Бұл жануар ерте кездерде Қазақстан­­ның Маңғыстау және Үстірт өңір­леріндегі құмды жазықтықтары мен ұсақ қырат­тарда кездескен. Соңғы 35 жыл ішінде қабыланның елімізде кездескендігі туралы нақты деректер жоқ. Тек соңғы жылдары Арал теңізінің жағалауынан оның ізін және өзін көргендер туралы баспа беттерінде шағын мақалалар жарияланып, бірді-екілі қа­быланның Түркімен өңірінен ауып келген болуы мүмкін деген деректер бар.

4.Оның негізгі қорегі – тұяқты жабайы аңдар, яғни қарақұйрық, ақбөкен және тағы басқа. Ертеде қабыланның Қазақстан аумағындағы қорегі – құлан, ақбөкен, қарақұйрық, жабайы үстірт арқары, құм қояндары және т.б. болған. Қабыланның Қазақстанда санының мүлде азаюына және жойылып кетуіне негізінен тіршілік ететін табиғи орта жағдайларының мүлде өзгеруі және қорегінің азаюы басты себеп болған деген пікірлер басым.


11.Қабыланның сипаты

A) Жалпақ үш қара жолақты

B) Денесінің түгі ұзын

C) Денесінің түгі қалың

D) Құйрығы жуандау

12. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпарат

A) Қабыланның аяқтары жақсы жетілген.

B) Қабыланның негізгі қорегі – барлық жабайылар.

C) Қабыланның табаны өте үлкен болады.

D) Қабыланның түгінің түсі – қоңыр

13.Қабыланның санының азайып кетуінің себебі

A) Терісі қымбат бағаланып, көп ауланғандықтан

B) Табиғат апаттарының көп болуы себебінен

C) Қабыландар басқа өңірге ауып кеткендіктен

D) Қабыландар жейтін шөп, өсімдік қалмағандықтан

14.Мәтіннің үшінші азатжолына лайықты тақырып

A) Қабыланның сипаты мен ерекшелігі

B) Қабыланның негізгі қорегі

C) Қабыландар туралы деректер

D) Қабыланның дене тұрқы

15. Берілген үзіндінің негізгі мәтін мазмұнынан ерекшелігі Қабыланның дүниежүзінде бір ғана түрі кездеседі. Ол Африканың савваналы далаларында, Аравия түбегінде, Иран, Ирак, Ауғанстан, Индияда, Шығыс Кавказда, Алдыңғы және Орта Азияның шөлейтті-шөлді алқаптарында таралған.

A) Қабыланның таралу аймақтары

B) Қабыланның негізгі сипаты

C) Қабыланның негізгі қорегі

D) Қабыланның басты ерекшелігі