Файл: 4 Зертханалы жмыс Жмысты таырыбы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

4 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесінде мәліметтер қорын құру
Жұмыстың мақсаты:

Microsoft Excel электрондық кестесі мәліметтер қорын құруды, оларды сұрыптауды, мәліметтерге сүзгі қолдануды және топтауды үйрену.
Жұмыстың мазмұны:

Адамдар немесе белгілі бір объектілер туралы мәліметтердің жиынтығын мәліметтер қоры деп айтамыз. Мәліметтер қорындағы бағаналар - өріс, ал қатарлар - жазу болып табылады. MS Excel электрондық кестесінде мәліметтер қорын құруға болады. Мәліметтермен жұмыс істеу үшін лентада Мәліметтер (Данные) бетіндегі батырмаларды пайдаланамыз (1-сурет).


1-сурет. Мәліметтер беті
Кестеге мәліметтерді енгізгеннен кейін оларды сұрыптауға, сүзгі пайдалануға болады. Сұрыптау үшін мәліметтерді ерекшелеп алып, батырмасына басамыз. Мәліметтерді сұрыптау сұқбат терезесі пайда болады (2-сурет). Бұл сұқбат терезеде Сұрыптау (Сортировать по) өрісінде сұрыпталатын бағананың атын, Қатар (Порядок) өрісінде таңдалған бағанадағы мәліметтердің өсу немесе кему қатарымен сұрыпталатынын таңдаймыз. Деңгей қосу (Добавить уровень) батырмасына бассақ екінші бағана бойынша екінші деңгеймен сұрыптауды жүргізуге болады.


2-сурет. Мәліметтерді сұрыптау сұқбат терезесі
Егер сұрыптауды немесе батырмаларымен орындасақ, онда мәліметтер бірінші ерекшеленген бағана бойынша өсу қатарымен немесе кему қатарымен сұрыпталады.

Мәліметтерді белгілі бір шарт бойынша таңдап алу үшін сүзгіні пайдалануға болады. Ол үшін курсорды бағана тақырыбына қойып, Мәліметтер=>Сұрыптау және сүзгі=>Сүзгі (Данные=>Сортировка и фильтр=>Фильтр) батырмасына басамыз. Сонда бағана тақырыптарына
батырмасы пайда болады. Кеңейтілген сүзгі пайдалану үшін Қосымша (Допольнительно) батырмасына басамыз. Кеңейтілген сүзгі (Расширенный фильтр) сұқбат терезесі пайда болады (3-сурет).


3-сурет. Кеңейтілген сүзгі сұқбат терезесі
1- тапсырмадағы мәліметтерден тек қыз балаларды тізімін шығару үшін Жынысы бағанасындағы стрелкаға басамыз. Ұл жанындағы жалаушаны алып тастап, ok батырмасына басамыз (4-сурет).


4-сурет.
Нәтижеде жұмыс алаңына тек қыз балалардың тізімі ғана шығады.

Мәліметтерді бағана немесе қатар бойынша топтауға болады. Ол үшін мәліметтерді ерекшелеп алып, Мәліметтер=>Құрылым=>Топтау (Данные=>Структура=>Группировать) командаларын орындаймыз. Мысалы, 1-тапсырмадағы 5:19 қатарды ерекшелеп, Топтау батырмасына басамыз. Нәтижеде(5-сурет) (-) таңбасы бар сызық пайда болады. Сонымен қатар терезенің сол жақ бөлігінде 1 және 2 сандары бар батырмалар пайда болады. 1 немесе - батырмасына бассақ мәліметтерді жинайды (6-сурет), 2 немесе + батырмасына бассақ мәліметтерді толығымен көрсетеді (5-сурет).



5-сурет.


6-сурет.

  1. Тапсырма

Жұмыстың орындалу реті:

  1. Excel-ді жүктеңіз.Жаңа параққа ведомость атауын беріңіз.

1.-сурет.Microsoft Excel жұмыс парағына енгізілетін мәліметтер





  1. Төменде берілген кестедегі мәліметтерді енгізіңіз.

  2. Төлемақыны төмендегі формула бойынша есептеңіз. Алдымен =ЕСЛИ(C4=I5;J5;ЕСЛИ(C4=I6;J6;J7)) формуласын енгізіп, көлікті жөндеу құны если функциясының көмегімен сәйкестендіріңіз, сонан соң, формула жолына курсорды қойып, шыққан нәтижеге көлік санын көбейтіңіз. Формула келесідей болады: =ЕСЛИ(C4=I5;J5;ЕСЛИ(C4=I6;J6;J7))*D4

  3. Көлік саны мен төлемақының барлық санының қосындысын СУММ функциясының көмегімен есептеңіз.

  4. Курсорды тізімнің, яғни негізгі кестенің кез-келген жеріне орналастырып, Мәліметтер (Данные) - Сүзгі (Фильтр) –Автосүзгі (Автофильтр) командасын таңдаңыз. Кестенің тақырыптар жолында, ашылатын мәндер тізімі бар -батырмалары пайда болады.

  5. 1-бригада жұмысшылары тізімін шығару керек болсын. Ол үшін бригада тақырыбының төменгі жағындағы ашылатын мәндер тізімі бар арнайы батырмасын шертіп, ашылған тізімнен 1 мәнін таңдаймыз.

  6. Келесі сүзгі критерийі: Көлік түрі өрісінен «ВАЗ- 2121» мәнін таңдау. Онда экранға үш жол ғана шығады.




2.-сурет.Автосүзгі орнатылған терезе

10. Жекелеген баған бойынша сүзгі критерийін өшіру үшін, ашылған тізімнен Барлығы(Все) параметрін таңдау керек.

11. Көлік саны өрісінде келесі шарт бойынша іріктеу жүргізіңіз: үшке тең және үшеуден артық көлік жөндеген қызметкерлер жайында жазбаларды таңдау. Ол үшін ашылған тізімнен Шарт…(Условие…) параметрін таңдап, ашылған Пайдаланушы автосүзгісі (Пользовательский автофильтр) сұхбаттық терезісінде 3.-суретте көрсетілгендей қажетті параметрлерді енгізіңіз.



3.-сурет.Сұхбаттық терезеде шартты орнату

Нәтижесі 4.-суретте көрсетілген.



4.-сурет.Автосүзгі нәтижесі
2-тапсырма. Мәліметтерді кестеде берілгендей енгізіңіз. Мәліметтерді фамилия бойынша өсу қатарымен сұрыптаңыз. Сүзгіні пайдаланып 1 курс студенттерінің тізімін шығарыңыз. Мәліметтерді қатар бойынша топтаңыз.


3-тапсырма. Мәліметтерді кестеде берілгендей енгізіңіз. Мәліметтерді авиакомпания бойынша кему қатары бойынша сұрыптаңыз. Ұшып келген ұшақтардың тізімін шығарыңыз. Сағат 6:05 дейінгі ұшақтардың тізімін шығарыңыз. Мәліметтерді қатар бойынша топтаңыз.


4-тапсырма. Видеокассета прокат пункті берілген. Бағаналардың атын видеокассетаның аты, ұзақтығы, жанры, тақырыбы, шыққан жылы, шыққан жері, кинокомпания, басты актерлар деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.
5-тапсырма. Кинотеатр мәліметтер қоры берілген. Бағаналардың атын кинотеатрдың аты, кионтеатрдың адресі, фильмнің аты, фильмнің жанры, фильмнің бағасы, уақыты, күн деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.
6-тапсырма. Ресторан мәліметтер қоры берілген. Бағаналардың атын тағамның аты, тағамның бағасы, кухня түрі, категориясы (бірінші, екінші және т.б.; етті, балық, салат және т.б.), тағамның компоненттері
деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.
7-тапсырма. Кітапхана мәліметтер қоры берілген. Бағаналардың атын кітаптың шифры, аты, авторы, шыққан жері, баспасы, беті, шыққан жылы деп енгізіңіз. Мәліметтер қорын 15 жазумен толтырыңыз. Мәліметтерге сұрыптау, сүзгі пайдаланыңыз.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сүзгінің қандай түрлері бар және сүзгі қандай мәзірде орналасқан?

  2. Автосүзгіде шартты қалай ендіреміз?

  3. Кеңейтілген сүзгіде қандай параметрлерді енгіземіз?