Файл: ДОТстерін сйкестір Масаты Балалара тстерді ажырата білуге дадыландыру. ДО й стары.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 10
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Д/О«Түстерін сәйкестір»
Мақсаты: Балаларға түстерді ажырата білуге дағдыландыру.
Д/О «Үй құстары»
Мақсаты:Үй құстары дауысын айырып білу қабілеттерін қалыптастыру.
Д/О «Жиһаздар»
Мақсаты: Үй жиһаздарының ерекшеліктері, қандай материалдан жасалғандығы, күнделікті тұрмыста пайдаланылуы, қажеттілігі туралы айтып беруге үйрету.
Д/О«Дене мүшелері »
Мақсаты: Адам дене мүшелерін,олардың атқаратын қызметтерін үйрету.
Д/О «Менің отбасым»
Мақсаты: «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.
Д/О «Үй жануарлары»
Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстыру, төлдерін айыра білуге үйрету
Д/О «Түрлі - түсті моншақтарды тізбектеу»
Мақсаты: Ойындар арқылы балалардың білім және білікдағдыларын қалыптастыру. Моншақтарды сыртқы белгілеріне қарай ажыратуға үйрету. Ойындар арқылы баланың қызығушылығын туғызу және моншақтардың түсін, көлемін, пішінін тану арқылы ақыл-ой белсенділігін арттыру. Қол мен саусақ ұштарының қимылдарын дамыту.
Д/ О«Қай дыбыстан басталады »
Ойын мақсаты: Әр түрлі нәрселердің дауысына еліктеу арқылы дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
Фонематикалық есту қабілетін және ойлау қабілетін дамыту.
Д/ О «Көлеңкесін тап»
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту. Берілген заттардың қызметтерімен танытыру.
Д/О «Төлдерін тап»
Мақсаты: Үй жануарларын ажырата білуге, оларды төлдерін ажырата білуге, жануарларды күте білуге, қамқорлыққа ала білуге тәрбиелеу.
Д/О «Мамандықтар»
Мақсаты: Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айырықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Д/О «Пішіндер»
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Д/О «Бұл қай кезде болады?»
Мақсаты: Баланың жыл мезгілдері жайлы білімдерін тиянақтау пысықтау тиісті белгілерін атату, тілдерін дамыту, танымдылықтарын арттыру.
Д/ О «Кім тез жинайды?»
Мақсаты: Көкіністер мен жемістерді айыра білуге, топқа бөле білуге, шапшаңдыққа баулу.