Файл: Кафедра общей и биологической химии.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 10

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





НАО «Медицинский университет Астана»



С-4.41


Кафедра общей и биологической химии


Стр из



силлабус

Пәні: Медициналық биохимия
Оқу бағдарламасы: В088 «Педиатрия»

Дәрістер 5 сағат
Практикалық сабақтар 45 сағат

ОБӨЖ 25 сағат
БӨЖ 75 сағат
Барлығы (5 кредит) 150 сағат
Курс 2

Астана 2023 ж.


  1. Оқытушылар туралы мәлімет:



Аты-жөні

дәрежесі/ лауазымы

Телефондары,

электронды адрес

1

Сапиева А.О.

к.х.н., доцент

8-701-922-72-96

frdaksapieva73@mail.ru

2

Сейтембетова А.Ж.

х.ғ.д., профессор

8-701-999-28-29

samankul46@mail.ru

3

Кужатова П.О.

аға оқытушы

8-702-267-70-20

Perne1979 @ mail.ru

4

Идырысова А.А.

аға оқытушы

8-775-697-60-15

idyryssova.akmaral@gmail.com

5

Мадиева Ш.А.

аға оқытушы

8-707-968-49-47

Sharapat.828486@gmail.com

6

Баймурат М.М.

оқытушы

87078913910

mahabbat.muratbekovna@gmail.com


2.Байланыс ақпараты: Астана қ., Бейбітішілік көшесі, 49. Кафедра телефоны: 53-95-37.

Электронды адресі: Biohimiyakafedra@gmail.com
3. Саясат
3.1 Кафедраның саясаты: Оқу пәннің саясаты заманауи оқытудың әдістемесіне негізделіп, білім алушының білім алуда өзіндік (аудиториялық пен аудиториядан тыс) жұмыстарына ынталандырады. Оқытушы консутативті мен бағыт беруші қызмет атқарады. Биохимия пәнінің әрбір тақырыпты өткен кезде білім алушының материалды біртіндеп толығымен игереді: тақырыптың мақсаты мен сипаттамасынан бастап соңғы нәтижені жеткенше дейін. Сабақ қатаң түрде кестеге сай өтіледі, тақырыпқа сай арнайы химиялық құрал-жабдықтар, реактивтермен жабдықталған зертханада жүргізіледі.


1.Дәріске, зертханалық-тәжірибелік сабақтарға білім алушының халатсыз және қалпақтарсыз жіберілмейді.
2.Зертханалық сабақтарға келерден бұрын білім алушының техника қауіпсіздік ережесімен танысады, зертханалық сабақтың жазба жұмысын жазады және өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқау бойынша бақылау сұрақтарына жауап береді.

3.Білім алушының жазба жұмыссыз немесе тәжірибелік жұмыстың әдістемесінсіз жұмысты орындауға жіберілмейді, яғни сабаққа жіберілмей, себепсіз сабақ жібергені туралы белгіленеді,осы сабақты келесі сабаққа дейін білім алушының өтеу керек.
4.Дәріске және сабаққа 5 минуттан жоғары кешіккен білім алушыныңсебепсіз сабақ жіберген ретінде белгіленіп, келесі сабаққа дейін өтемесе сабаққа жіберілмейді.

5.Техника қауіпсіздігін бұзған жағдайда, зертханалық жұмысты дұрыс жасамаған жағдайда, реактивтерді дұрыс пайдаланбай артық шығындаған жағдайда білім алушының жалпы білім бағасынан 1 балл жоғалтады.

6.Химиялық зертханаға, дәріс залына білім алушының кафедра лаборантына құжат тапсырып, бөлмені қабылдап алған топ кезекшісінің рұқсатымен кіре алады.

7.Дәріс немесе сабақ соңында кезекші білім алушының кафедра лаборантына бөлмені тапсырып кетуі тиіс.

8.Топ кезекшісі және басқа да білім алушының жиhаздармен инвентарлық материалдарға аудиторияда болған уақытында жауапты болып саналады. Егерде мүлік бүлінген, сынған жағдайда өтеуге тиіс.

9.Зертханалық-тәжірибелік жұмысты орындау барысында білім алушының (кезекші) партамен столдардың тазалығына, реактивтердің артық жұмсалмауына мән беруі тиіс. Бұл талаптар сақталмаған жағдайда білім алушының сабақтан тыс уақытта сенбілік жасайды.

Білім алушының рефераттар мен БӨЖ өз уақытында қорғамаған жағдайда жалпы бағалаудан 1 балл жоғалтады.

Сабақтан себепсіз қалған білім алушының деканаттан қалған сабақты өтеу рұқсат қағазын алып келсе сол сабақты өтей алады, бірақ жіберілген сабағына баға қойылмайды және білім алушыныңтің жалпы рейтингісіне сол баға кірмейді. Сабақтан себепті қалған білім алушының деканаттан қалған сабақты өтеу рұқсат қағазын алып келсе сол сабақты өтей алады, себеппен жіберілген сабағына баға қойылады және оқытушы осы бағаны арнайы өтеу журналына қойылады. Білім алушыныңтің жалпы рейтингісіне сол баға кіреді.

Білім алушының дәрістерден себепсіз қалса, жалпы рейтингтен қалған сабақтардың көлеміне байланысты 1 % жоғалтады.

13.Білім алушының дәрістерден себепті қалса және де деканаттан сабақты өтеу рұқсатын әкелсе, жалпы рейтингті сақтайды.


Тәжірибелік сабақтардан қарызы жоқ, коллоквиумды өз уақытында тапсырып, 4 кредитті толық меңгерген білім алушының емтиханға және қорытынды тестілеуге жіберіледі (ең төмен ОРД 50 % ).

15.Жұмыстың бөлімдерін істемеген жағдайда білім алушының өз мерзімінде сабақ өтеутиіс немесе тапсырмаған жағдайда олар қайта оқу курсына жіберіледі.

3.2 Академиялық адалдық саясаты:Университеттің барлық білім алушылары академиялық адалдық саясатын қолдауға жауапты. Білім алушылар берілген жұмысты өз бетінше орындауға өз жауапкершілігін түсінуі керек, емтихан жазғанда және басқа да бағаланатын жұмыстарды орындағанда ережелер мен нұсқауларды сақтауы тиіс. Университеттің білім алушылары академиялық адалдық принциптерін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Университет білім алушыларының жауапкершілігі Академиялық адалдық кодексі (2019 ж) бойынша анықталады.

Академиялық адалдық принциптері:

1. адалдық – білім алушылардың бағаланатын және бағаланбайтын оқу жұмыстарының түрлерін адал, дұрыс орындауы;

2. автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғау – біреудің сөзін, ойын дұрыс беру және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын тану және қорғау;

3. ашықтық –айқындық, өзара сенім, білім алушылар мен оқытушылар арасында ақпарат пен идеялармен ашық алмасу;

4. білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікірлер мен идеяларды еркін білдіру құқығы;

5. теңдік – әрбір білім алушы академиялық адалдық ережелерін сақтауды және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді.

Академиялық адалдықты бұзу түрлері.

1. Алдау (белгілі бір жағдайларға, оқиғаларға, фактілерге қатысты саналы түрде жаңылыстыру).

2. Плагиат (басқа бір адамның немесе ғылыми ұжымның ғылыми еңбегін өз еңбегі деп көрсету, сондай-ақ біреудің туындысын өз атынан жариялау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген авторлық құқықты бұзу).

3. Көшіріп жазу (ағымдық, межелік және қорытынды бақылау, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау процесінде бағаланатын жұмыстарды орындағанда пайдалануға тыйым салынған материалдарды пайдалану).

4. Бұрмалау (ақпаратты, пікірлерді немесе деректерді әдейі бұрмалау/ауыстыру, жалған құжаттар, жалған медициналық анықтама ұсыну; білім алушылардың оқу жетістіктерінің базасына рұқсатсыз қол жеткізу; жалған оқу құжаттарын, жалған деректер мен есеп нәтижелерін жасау, электрондық және қағаз транскриптінде жалған бағалар және жалған қол қою, барлық деңгейдегі жұмыстар мен құжаттардағы және т. б. құжаттардағы бағаларды түзету).


5. Бағаланатын жұмыстарды орындағанда, тестілеу кезінде ақпаратты немесе техникалық құрылғыларды заңсыз пайдалану және тарату; бағаланатын жұмыстың кез келген жауаптарын заңсыз жолдармен алу; рұқсатсыз жасырын бейнежазба немесе аудиожазба.

6. Жасыру (жұмыстың жосықсыз орындалуы туралы немесе осы Кодекстің нормаларын және Университеттің ішкі ережелерін білім беру процесіне қатысушылардың сақтамауы туралы ақпаратты хабарламау немесе дер кезінде жеткізбеу).

7. Академиялық ақпаратқа заңсыз қол жеткізу және оны тарату – емтихан немесе бақылау жұмыстарының жауаптарын беру; бағалау кезінде қойылатын сұрақтарды білім алушыларға жеткізу, тиісті рұқсатсыз бағаланатын жұмыстардың жартылай немесе толық материалын тарату; дайын баяндамаларды, эсселерді, тапсырмалар мен басқа да академиялық жұмыстарды сату немесе таратудың өзге де әдістері, қазіргі заманғы құрылғылар мен гаджеттерді қолдана отырып, заңсыз жолдармен бағаланатын жұмыстың жауаптарын ұрлау.

8. Сабақта және қорытынды бақылауда тыйым салынған материалдарды немесе электрондық гаджеттерді пайдалану;

9. Пара беру немесе пара алумен байланысты әрекеттер жасау (сыйлық беру, кез келген түрде сыйақы беру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық әрекеттерінде делдал болу).


  1. Сағаттарды бөлу:






Пәннің аталуы/модуль компоненттері

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сағаттар

ОБӨЖ

БӨЖ

Қорытынды бақылау түрі

Дәріс

Практикалық сабақтар

1

Медициналық биохимия

150

5

45

25

75

Емтихан

жазбаша

Жалпы

150

5

45

25

75


5. Пәннің мақсаты: білім алушының негізгі метаболиттік процестердің адам организміндегі және ұлпадағы ерекшеліктері мен олардың реттелуі, молекулалық механизмдері, ауруға диагноз қою үшін, және оны тиімді емдеуде биохимиялық көрсеткіштерді қолдану туралы түсінік қалыптастыру.


6. Оқытудың соңғы нәтижелері

А. Білу және түсіну:

  • биоорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының өкілдері: көмірсулар, липидтер, жай және күрделі ақуыздар, витаминдердің құрылысы, қызметін және қасиеттерін;

  • метаболизмдік процестің реттелуі және жүру механизмін, клетканың құрамдық және қызметтік ұйымдасуының молекулалық негізін;

  • энергия алмасуының бұзылуы мен энергия айналымының механизмін;

  • организм, ұлпа және мүшелердің қызметтерінің молекулалық механизмдерінің ерекшеліктерін;

  • негізгі қоректі заттардың (ақуыздар, липидтер және көмірсулардың), минералды заттардың және судың метаболизмдегі ролін;

  • адам организміндегі биологиялық сұйықтықтардың патология және қалыпты жағдайдағы негізгі биохимиялық константаларын.

В. Білімдерін және түсініктерін қолдана білу:

  1. негізгі биохимиялық зерттеулер нәтижесінен интерпритациялауға;

  2. метаболизм карталарын және арнаулы анықтамаларды қолдана білу;

  3. биохимиялық процестердің бұзылу ерекшеліктерін алдын-ала болжау және биологиялық белсенді заттар жетіспеушілігі кезіндегі олардың реттеуі;

  4. метаболизм бұзылыстарын ферменттердің құрылымының немесе мөлшерінің бұзылуы кезінде болжау;

  5. алынған негізгі биохимиялық қорытындылар бойынша жеке мүшелер мен тіндердің дамуының патологиялық күйлерін алдын ала болжау.

С. Пікірін білдіру

  • адам организмі биологиялық сұйықтарындағы көмірсулар, липидтер мен азотты заттар алмасуының аралық заттарын экспресс-эдістерімен анықтаy кезінде;

  • адам организмі биологиялық сұйықтарындағы ферменттердің белсенділігін анықтау әдістерін жүргізу кезінде.

D. Коммуникативтік қабілеттілігі

  • шағын топтарда, жұппен, командамен жұмыс істей алуы;

  • өзінің зерттеу жұмыстарын мамандарға арналған әдеби ізденістердің, сабақтын хаттамасы немесе қорытындысын сонымен қатар мамандығы жоқ аудиторияға көрсете білуі;

Е. Оқуға қабілеттілігі

  • өз бетінше оқу арқылы жаңа бағыттарды зерттей білу;

  • жаңа ашылулар мен әдістерден құлағдар болу мүмкіндіктерін пайдалану және биохимиялық зерттеулерді қолдану ықтималдығы бойынша кәсіби кеңес бере алуы керек;

  • жоғары жауапкершілікпен жұмыс істей білу және биохимиялық зерттеулер нәтижелерін бағалау кезінде өз бетінше шешім қабылдай алуы керек.




құзыреттілік

құзыреттілік мазмұны

ЖҚ -1

Жалпы білім беру саласындағы құзыреттіліктер.

Жаратылыстану ғылымдары (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық), биомедициналық және клиникалық ғылымдар саласындағы білімді дәрігердің әр түрлі кәсіби қызмет түрлерінде қолдану.

ЖҚ-2

Жеке және кәсіби даму.

Үздіксіз өзін-өзі бағалауға және өмір бойы білім алуға негізделген жеке және кәсіби өсуді, медициналық көмек сапасын үнемі жақсартуды сақтау үшін қажетті қасиеттерді көрсетіңіз.

ЖҚ-3

Қарым-қатынас дағдылары.

Емделушілермен, әріптестерімен, науқастардың туыстарымен, халықтың әр түрлі әлеуметтік жағдайындағы өкілдерімен тіл табыса білу, топта жұмыс істей білу, өз көзқарасын дұрыс қорғай білу, бір мәмілеге келе білу, өз пікірін ұжымның пікірімен байланыстыру, жаңа шешімдер ұсына білу.

ЖҚ-4

Ұйымдастырушылық және басқарушылық құзыреттіліктер.

Топтың жұмысын, оқу ортасын және денсаулық сақтау жүйесін жақсартатын көшбасшылық қасиеттерін көрсету;