Файл: Модуль оректік заттарды сііру (метаболизм) Жне гомеостаз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

МОДУЛЬ ҚОРЕКТІК ЗАТТАРДЫ СІҢІРУ (МЕТАБОЛИЗМ) ЖӘНЕ ГОМЕОСТАЗ.

1 БӨЛІМ – ҚОРЕКТІК ЗАТТАРДЫ СІҢІРУ (НОРМА) БОЙЫНША СОӨЖ – ге АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА, ПЕДИАТРИЯ МЕКТЕБІНІҢ

2 КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН
1 тақырып: Ас қорыту жүйесінің физиологиясы. Асқазан-ішек жолының түрлі бөлімдеріндегі астың қорытылуы (ас қорыту конвейері). Сіңірілу үрдісі: ауызда, асқазанда, аш ішекте, тоқ ішекте. Сіңірілу механизмдері. Түрлі қоректік заттардың сіңірілу үрдісі (көмірсу, нәруыз, май, су және тұздар). Асқазан-ішек жолының моторикасы. Бауырдың көп қызметті рөлі. Балалардағы ерекшеліктері.
ХАТТАМА ТОЛТЫРУ:

1Тапсырма. Кестені толтырыңыз «АІЖ-ның ас қорыту сөлдерінің құрамы мен қасиеттері»


Ас қорыту сөлерінің түрлері

Саны

рН

Органикалық заттар/ Ферменттер

Ферменттердің әсері

Бейорганикалық заттар

Сілекей

1-1,2

5,8-7,4

альфа-амилаза амилаза мальтаза муцин лизоцим Белоктар глобулиндер, амин қышқылдары.

Несеп қышқылы, мочевина, креатинин

Ферменттер – протеазалар, пептидер,

липаза,нуклеаза, сілтілік және қышқылдық

фосфотазалар және т.б.

полисахаридтерді – декстран –

дисахахридтерге дейін ыдыратады. ұзақ шайнағанда активтеліп,

дисахаридтарді – моносахаридтерге дейін

ыдыратады.

Муцин шайналып

ұсатылған ас кесегін жұмсартып шырышпен қоршайды

Калий, натрий, кальций,

магний иондары.

2.Фосфаттар, хлоридтер,

сульфаттар,

бикарбонаттар.

3.Родондық қосылыстар.

4.Йодид, бромид, фторид,

микроэлементтер: темір,

никель, литий

Асқазан сөлі

2-2,5

0,9-1,5

пепсин А

-гастриксин (пепсин

С)

-пепсин В (парапепсин

немесе желатиназа)

- реннин (пепсин Д

немесе химозин)

- қарын липазасы

Органикалық заттар

2.Лизоцим (мурамидаза)

3. Кастла факторы–

гастромукопротеид (муцин)

Дәнекер ұлпа белоктарын

ыдыратады

Са++ иондарының қатысымен

сүт казеиногенін казеинге

айналдырады

Эмульсияланған майларды

(сүт май) глицерин мен май

қышқлдарына ыдыратады

Антибактериалық әсер

1. Қарынның кілегей қабатын

механикалық және химиялық

(HCl әсері) әсерлерден қорғайды.

2. В12 витамині сіңу үшін қажет

Хлоридтер,

сульфаттар,

фосфаттар,

бикарбонаттар:

натридің,

калидің,

кальцидің,

магнидің.

12 – елі ішек

2-3 л

7,5-8,5

құрамында пепсин ферменті бар. Ондағы пепсин химусқа сіңген қарын сөлі пепсинімен бірлесіп, ішекте біраз уақыт белоктарды Ыдыратуы мүмкін. Реакциясы сілтілі үйқы безі сөлі мен мол мөлшерде өт келіп қүйылысымен пепсиндердің әсері тоқтайды.

Ас қорытуда он екі елі ішек сөлінің айтарлықтай Іиәні жоқ, бірақ науқастанған жағдайда, әсіресе қарын селінде тұз қышқы-лы көбейіп кетсе, пепсиндердің әсері күшейіп, ұйқы безі фермент-терін ыдыратуы, .мұның салдарынан ішекте ас қорытылуы на-шарлап кетуі мүмкін.

12-елі ішектегі қоректік заттардың гидролизі ұйқы безі,

ішек сөлдерінде болатын ферменттер мен өттің әсерінен

жүреді.

Он екі елі ішек, ұлтабар жіңішке ішектің ең қысқа бөлігі, асқазанның пилорик бөлігінен басталып, ащы ішекпен жалғасады. Оның құрамына органикалық емес заттар кіреді:

хлоридтер, натрий, калий, кальций гидрокарбонаты және

фосфаты

Ұйқы безі сөлі

1,5-2

7,8-8,4

Протеазалар липаза гидролитикалық ферменттер

белоктарды ыдыратады - Трипсиноген ішек энтерокиназа трипсин - Химотрипсиноген трипсин химотрипсин - Карбоксипептидаза (А,В) - Эластаза - РибонуклеазаСа++ тұздарының қатысымен эмульсияланған майларды ыдыратадыкөмірсуларды дижәне моносахаридтерге дейін гидролиздейді. - -амилаза - мальтаза - лактаза

Катиондар: Na+ , Ca 2+, K+ , Mg2+ Аниондар: Cl - , HCO3 - , HPO4

Өт

500-1500

өт қабынан шыққан өт – 6,0-7,0 бауырдан шыққан өт – 7,3-8,0

1. Өт пигменттері: билирубин, биливердин 2. Өт қышқылдары және олардың тұздары: таурохол – 20%, гликохол – 80% 3. Холестерин. 4. Муцин. 5. Май қышқылдары, липидтер.

Өттің түсі ішіндегі пигменттерге байланысты ферменттер ас қортуға онша қатыспайды

Na+ , Fe2+, Mg2+ , K+,Ca2+, аниондар: Cl- , HCO3 -

Ішек сөлі

(аш ішек)

1 000 мл

5,05-7,07

қоректік заттардың гидролизін аяқтайтын 20-дан астам ферменті бар. 1. Протеазалар: энтерокиназа, полипептидаза, аминопептидаза, нуклдеаза. 2. Дисахаридтерді гидролиздейтін: мальтаза, лактаза, сахараза – тек жіңішке ішекте. 3. Липаза, фосфолипаза, фосфатаза. 4. Муцин.

Бірнеше пептидаза, соның ішінде:

энтеропептидаза - белсенді емес трипсиногенді белсенді трипсинге айналдырады;

аланинаминопептидаза - асқазан және ұйқы безі протеазаларының әсерінен кейін белоктардан түзілген пептидтерді ыдыратады.

Дисахаридтерді моносахаридтерге дейін ыдырататын ферменттер:

сахараза сахарозаны глюкоза мен фруктозаға дейін ыдыратады;

мальтаза мальтозаны глюкозаға дейін ыдыратады;

изомалтаза мальтозаны және изомальтозаны глюкозаға дейін ыдыратады;

лактаза лактозаны глюкоза мен галактозаға дейін ыдыратады.

Ішек липазы триглицеридтерді глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыратады.

Эрепсин, ақуыздарды ыдырататын фермент.

Бейорганикалық заттар: 1% минералдық тұздар К+

, Na+

, Ca2+

, хлоридтер,

Бикарбонаттар

Ішек сөлі

(тоқ ішек)

270-1 550 мл

6,1-7,31

қоректік заттардың гидролизін аяқтайтын 20-дан астам ферменті бар. 1. Протеазалар: энтерокиназа, полипептидаза, аминопептидаза, нуклдеаза. 2. Дисахаридтерді гидролиздейтін: мальтаза, лактаза, сахараза – тек жіңішке ішекте. 3. Липаза, фосфолипаза, фосфатаза. 4. Муцин.

Бірнеше пептидаза, соның ішінде:

энтеропептидаза - белсенді емес трипсиногенді белсенді трипсинге айналдырады;

аланинаминопептидаза - асқазан және ұйқы безі протеазаларының әсерінен кейін белоктардан түзілген пептидтерді ыдыратады.

Дисахаридтерді моносахаридтерге дейін ыдырататын ферменттер:

сахараза сахарозаны глюкоза мен фруктозаға дейін ыдыратады;

мальтаза мальтозаны глюкозаға дейін ыдыратады;

изомалтаза мальтозаны және изомальтозаны глюкозаға дейін ыдыратады;

лактаза лактозаны глюкоза мен галактозаға дейін ыдыратады.

Ішек липазы триглицеридтерді глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыратады.

Эрепсин, ақуыздарды ыдырататын фермент.

Бейорганикалық заттар: 1% минералдық тұздар К+

, Na+

, Ca2+

, хлоридтер,

Бикарбонаттар


Задание 2. Заполните таблицу «Гуморальная регуляция секреции пищеварительных соков»


Виды пищеварительных соков

Гуморальные факторы

Слюна

Ас қабылдаған соң сілекей 1-3c жасырын кезеңнен соң бөлінеді. Бұл тіл, жұтқыншақ, кезеген, тіл жүйкелерінің афферентті талшықтары бойымен ауыз қуысының сезгіш рецепторларынан қозу сопақша мидың сілекей бөлу орталығына және симпатикалық жүйкенің эфферентті (жоғарғы мойын түйіндері) талшықтары бойымен және парасимпатикалық жүйкелер бойымен сілекей бездеріне барады. Барлық сілекейдің 95% кұлақ маңы және жақ асты бездерімен бөлінеді. Қалған 5% тіл асты безі мен ауыздың кілегей кабығының бездерінен шығады. Әрбір сілекей безі ерекше сөл бөледі. Құлақ маны безі нәруызды, тіл

мен тамақ асты бездері — кілегейлі сөл бөледі.

Әр түрлі тағамдық және тағамдық емес заттарға құрамы әр түрлі сілекей бөлінеді.Тамақтың механикалық, химиялык, температуралық қасиеттері тіл жүйкесінде әр түрлі серпілістер туғызады және олардың пайда болу жылдамдығы әр түрлі болады (И.И. Лаптев). Сілекей бездеріне гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, қалқанша және ұйқы бездерінің гормондары, сондай-ақ жыныс бездерінің гормондары әсер етеді. Өз кезегінде сілекейде қан гормондары мен олигопептидтер мөлшері анықталады.


Желудочный сок

Асқазан сөлі бөлінуінің реттелуі жүйкелік және гуморалдық механизмдермен

жүзеге асады. Кезбе жүйке қарын қызметін ынталандырады. Симпатикалық

жүйкелер тежеуші әсер көрсетеді. Қарынның сөл шығаруын күшейтеді:

1. Гастрин 2. Гистамин 3. Бомбезин 4. Мотилин және басқа ГИГ

5. Белоктар ыдырауының өнімдері

сөл шығаруын тежейді: 1. Гастрон, энтерогастрон

2. Соматостатин 3. ВИП – вазоактивті ішек пептиді

4. Холецистокинин-панкреозимин 5. ЖИП – қарын-ішек пептид

6. Глюкагон 7. Май алмасу өнімдері

12 – перстная кишка

Он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде бруннер бездері (дуоденальды) орн-кан. Бруннер бездерінің сөлі - қою,түссіз сұйық,реакциясы әлсіз сілтілі, протеолитикалык, амилолитикалық және липолитикалық белсенділігі шамалы.

Люберкин бездерінің де (ішек крипталары) сөл бөлу қабілеті бар.

Бокал тәрізді клеткалардың түйіршік тәрізді эндоплазмалық торында сөлдiң нәруыздық құрамы пайда болады, Гольджи аппаратында (пластинкалар жиынтығы) мукополисахаридтер пайда болады. Бұл клеткалардан бөлінетін сөл ферменттері белсенді болады, оның ішінде протеолитикалық белсенділігі де жақсы. Энтероциттердің сөлдерінде гидролитикалык ферменттер болады. Ішек крипталарында эндокринді кызмет атқаратын аргентаффинді клеткалар орналаскан.Ішек эпителиі аш ішек қуысына көптеген заттар бөледі, бірқатар

заттар каннан тасымалданады. Ішектегі заттар белсенді және пассивті (енжарлық) түрде ішек қуысынан және кілегей қабат беттерінен қанға және лимфаға өтеді. Әрбір 3-6 сағатта ішек эпителиі толығымен жаңарып отырады.

Панкреатический сок

Ұйқы безінің сөл бөлуі, қанға келіп түсетін қоректік заттардың ыдырау өнімдеріне және гастроинтестинальді гормондар балансына байланысты болады. Мысалы, қандағы глюкоза концентрациясы жоғарылағанда және В-клеткаларға гастрин мен секретиннің әсері жоғарылағанда инсулин өндірілуі артады. Инсулин өз кезегінде, амилаза, трипсиноген және химотрипсиногендердің өндірілуін жандандырады. Қанда глюкоза мөлшері төмендегенде, сондай-ақ ұйқы

безінің 5-клеткаларына холецистокинин әсер еткенде, глюкагонның пайда болуы артады. Глюкагон ұйқы безі ферменттерінің пайда болуын азайтады. Тағы да екі тежегіш механизмдердің қорғаныстық маңызы бар: канда панкреатикалық ферменттер белсенділігінің жоғарылауы және ұйқы безінің өзегінде сөл қысымының артуы. Ұйқы безі сөлінің бөлінуі тамақтану тәртібіне байланысты жедел және ұзақ уақыттық бейімделуге ұшырайды. Сөл бөлінуін күшейтеді:

1. Просекретин HCl секретин 2. Панкреозимин-холецистокинин

3. Бомбезин, гастрин, инсулин

Сөл бөлінуін тежейді:

Глюкагон, кальцитонин, ЖИП, ВИП, ПП, соматостатин


Желчь

Ас қорыту кезінде өт қапшығының жиырылуы есебінен ондағы кысым күрт артады, және ашық Одди сфинктері арқылы өттің он екі елі ішекке шығуы қамтамасыз етіледі. Өт бөлінуінің күшті қоздырғыштары сүт, жұмыртканын сарысы, магний сульфаты, майлар болып табылады. Тамак кабылдаған соң 3-6 сағаттан кейін өт бөлінуі төмендейді, өт кайтадан өт капшығына жинала бастайды. Өттің бөлінуі шартты және шартсыз рефлекстік түрде өтеді.

Өттің бөлінуін күшейтеді: өт қышқылдары, секретин

Тежейді: глюкагон, кальцитонин, ВИП, ПП

Кишечный сок (тонкая кишка)

Ішек сөлінің бөлінуі нейрогуморалдық жолмен өтеді.

Ас механо- және хеморецепторларды тітіркендіріп, сөл бөлінуі интрамуралдық жүйке жүйесінің қатысымен рефлекстік жолмен күшейеді


Кишечный сок

(толстая кишка)

Тоқ ішек сөлі аздаған мөлшерде ішек тітіркенуінен тыс байқалады. Оның жергілікті механикалық тітіркенуі сөл бөлінуін 8-10 есе үлкейтеді.



3Тапсырма. Кестені толтырыңыз «АІЖ-ның моторикасы»


АІЖ-ның бөлімдері

Моторлық қызметінің түрлері

Ауыз қуысы (шайнау, жұту)

Ауыз қуысында ас қорыту: Ауыз қуысына түскен ас ауыз қуысының рецепторларын тітіркендіреді. Тіл, жұтқыншақ, бет және үшкіл жүйкелердің афферентті талшықтары бойынша серпілістер дәм рецепторларынан сопақша ми және мидың басқа да құрылымдарының сәйкес алаңдарына келіп түседі. Ауыз қуысында ас аз уақыт тұруына қарамастан, орта есеппен 15 секунд, оның рецепторлары барлық ас қорыту жолдарына бастаушы әсер көрсетеді.

Ауыз қуысында астың механикалық өңдеуі жүреді және сілекей бездері секретінің көмегімен астың химиялық өңдеуі жүреді (құлак маңы, тіл асты, жақ асты бездері).

Жұту: Жұту циклы орта есеппен 1с болады. Тіл және жақ еттерінің бірдей жиырылуымен ауыз қуысында қалыптасқан ас кесегі тілдің түбіне карай жылжиды, жұмсақ таңдай, тіл түбі және жұтқыншақтың артық қабырғасының рецепторлары тітіркенеді. Қозу осы рецепторлардан тіл-жұтқыншақ жүйкесі бойымен сопақша мида орналасқан жұту орталығына түседі. Осы жерден үшкіл, тіл асты, тіл-жұтқыншақ және кезеген жүйкелер құрамында эфферентті

серпілістер ауызқуысының, кеңірдек пен жұтқыншақтың және өңеш қабырғасының еттеріне барады. Жұту актісі кезінде өңеш толқын тәрізді жиырылады, жоғары бөлігінен басталып, асқазанға қарай таралады. Жұту орталығы сопақша мидағы тыныс алу орталығымен қатар орн-қан және онымен реципрокты қатынаста болады.Жұту үш кезеңнен тұрады: ауыздық (ерікті), жұтқыншақтық (тез,қысқа, еркiсiз), өңештік (баяу, ұзақ, еріксіз). Алғашқы екі кезең 1с созылады, үшінші кезеңнің ұзақтығы қатты тамақ жұтқанда 8-9с, сұйық тамақты жұтқанда 1-2 с.

Шайнау: Шайнау процесі ауыз қуысында пайда болады, оны «ауыз қуысы» деп те атайды. Бұл жақ, щек және ерін бұлшықеттері арасындағы қозғалыстарды қосымша үйлестіру көмегімен тістерді - әсіресе азу тістерді - және тіл арқылы ұнтақтауды қамтиды. Бұл ұнтақтаудың нәтижесі - инваливация процесінде сілекеймен дымқылданған, әлдеқайда ұсақ бөлшектерге ұсақталған тағам. Бұл өндірілген масса тамақ болюсы деп аталады.

Осылайша, инваливациядан және шайнаудан бастап тамақ болюсы пайда болады, оны қабылдау оңайырақ болады. Шайнау қимылдары ерікті болып табылады және тағамның болуымен белсендіріледі.

Асқазан (қарынның моторикасы)

Тамақ ішкен соң кезкелген жүйкенің асқазанға тонустық әсері азаяды.

Яғни асқазан қабырғасы босаңсиды. Асқазанда екі түрлі қозғалыс болады: астың жылжуын қамтамасыз ететін перистальтикалық қозғалыстар асқазанның циркулярлық еттерінің жиырылуы есебінен іске асады. Бұл қозғалыстар асқазанның үлкен доғасында, оның өңешке жанасатын, ырғақтың кардиальді бастаушысы бар жерінен басталады. Циркулярлық еттердің жиырылуымен қоса перистальтикалық толқын жылжитын химус порциясының алдында көлденең еттердің жиырылуымен қалыптасады. Перистальтикалық толқындардың көп бөлігі асқазанның пилорикалық бөлімінде өшеді. Олардың кейбіреулері асқазанның пилорикалық бөлімінде орналасқан екінші ырғақ жетекшісінің белсенділігі есебінен пилорикалық бөлім бойымен жоғарылап отыратын амплитудамен таралады, нәтижесінде осы бөлімнің перистальтикалық жиырылуы жақсы, қысымның жоғарылауы, асқазандағы ас қоспасының біраз бөлігі он екі елі ішеккке өтуі байқалады. Асқазанның тонустық жиырылуы еттер тонусының өзгеруі есебінен іске асады, асқазанның көлемі кішірейіп, қысымы артады.Тонустық жиырылулар асқазандағы ас қоспасының жылжуына және асқазан сөлімен араласуына әсер етеді, бұл ас қоспасының ферменттік ыдырауын жеңілдетеді.

12 – елі ішек

(астың асқазаннан 12елі ішекке өту механизмі)

Аштық жағдайында, асқазан бос болғанда пилорикалық сфинктер ашық. Ол ауыз қуысына ас түскен кезде және оны өңдей бастағанда сфинктер ашылады. Сфинктердің әрі қарай ашылуына асқазанда бөлінетін тұз қышқылы әсер етеді. Бұл кезде асқазандағы қышқыл қоспа он екі елі ішекке түседі. Тұз қышқылының, майлар мен көмірсулардың он екі елі ішек рецепторларына әсер етуінен пилорикалық сфинктер қайтадан жабылады. Оның жабылуына сондай-ақ, он екі елі ішек клеткаларында бөлінетін энтерогастрон әсер етеді. Он екі елі ішекке түскен асқазан қоспасы ұйқы безінің сөлімен, өтпен бейтараптанады, он екі елі ішек реакциясы нейтральды немесе әлсіз сілтілі болады. Бұл кезде асқазандағы тұз қышқылы пилорикалық сфинктердің қайтадан ашылуына мүмкіндік туғызады, сосын он екі елі ішекке асқазаннан ас қоспасының келесі порциясы келіп түседі және т.с.с.

Асқазандағы ас қоспасының жартысы он екі елі ішекке өтуі үшін қажет уақыт су 10—20 минутта өтеді, қатты тағам өту үшін 1-4 сағат уақыт керек. Сонымен, пилорикалық сфинктерге рефлекторлық әсер екі жақты болады: асқазаннан және он екі елі ішектен. Астың асқазаннан он екі елі ішекке өту

жылдамдығына әсер ететін факторлар:

• Он екі елі ішектегі май пилорикалық сфинктердің ашылуын тежейді.

• Сфинктердің ашылуын тағамның сипаты анықтайlы (көмірсулы тағам нәруызlық тағамға қарағанда тез өтеді, майлы тамақ асқазанда 8—10 сағаттай болады).

• Асқазандағы ас кесегінің осмостық қысымы. Гипертониялық ерітінділер астың он екі елі ішекке өтуін тежейді.

• Асқазан мен он екі елі ішектің асқа толу деңгейі.

• Препилорикалық сфинктердің жұмысы.


Өт қабы (өттің бөліну механизмі)

Өттің бөлінуі (холекинез) - Ас қорыту кезінде өт қапшығының жиырылуы есебінен ондағы қысым күрт артады, және ашық Одди сфинктері арқылы өттің он екі елі ішекке шығуы қамтамасыз етіледі. Өт бөлінуінің күшті қоздырғыштары сүт, жұмыртканын сарысы, магний сульфаты, майлар болып табылады. Тамак қабылдаған соң 3-6 сағаттан кейін өт бөлінуі төмендейді, өт

қайтадан өт қапшығына жинала бастайды. Өт бөлінуінің рефлекторлық механизмдері: Жалпы өт өзегі сфинктерінің ашылуы асқазан мен ауыз қуысының рецепторлары тамақпен тітіркенгенде іске асады, әсіресе асқазанның механикалық тітіркенуінде және оған майлы тамақ түскенде. Бұл әсерлер кезкелген жүйкелер арқылы іске асады. Өт қапшығын жүйкелендіретін кезкелген жүйкенің кішкене тармағын ақырын тітіркендірсе, жалпы өт өзегінің сфинктері босаңсиды, өт капшығы жиырылады. Қатты тітіркендірсе сфинктер жиырылады және бір мезгілде өт қапшығы босаңсиды. Симпатикалық жүйке жүйесі өт қапшығының жиырылуын тежейді, бұл құбылыс α₂-адренорецепторлармен де іске асады.

Өт бөлінуінің гуморальдық механизмдері

Ашыққан жануарға «қаныққан қанды» құйғанда өт бөлінуі күшейеді. Өттің бөлінуін жандандыратын басты гуморальдық факторы холецистокинин-панкреозимин болып саналады, ол он екі елі ішектің кілегей қабатының клеткаларында тұз қышқылы мен май қышқылдарының әсерінен пайда болады. Гастрин, секретин, бомбезин, П заты өт қапшығының жиырылуын және өттің бөлінуін күшейтеді. Өт қапшығының жиырылуын симпатикалық жүйке жүйесінің белсенуі, сондай-ак глюкагон, кальцитонин,ВИП, панкреатикалық полипептид тежейді.

Ішек (моторикасының түрлері)

Ішек қабырғасындағы сақина тәрізді және ұзына бойы орналасқан бірыңғай салалы еттердің жиырылуымен жүзеге асады. Қимыл әрекетінің 5 түрі бар:

1. Ширақтық (тонустық)-тонуста болады,қуысы тарылып,кеңиді.

2. Маятник тәрізді-ұзыннан ұзақ орналасқан еттер қысқарады.

3. Ырғақты бунақталу-сақина тәрізді ет талшықтары бірнеше жерлерде жиырылады

4. Перисталтикалық-екі түріде қатысады. Химустың жоғарғы жағында-сақина тәрізділер жиырылып, дәл сол кезде одан төмен ұзыннан орналасқан еттер жиырылады, ішек қуысын кеңейтеді.

5. Кері перситалтикалық (құсу).

Дефекация акті

Дефекация-нәжістің ішектен шығарылуы

Дефекация актісі (үлкен дәретке отыру) - үлкен дәретке отыру негізінде қалыптасқан ерікті реттелу механизмдерін үлкен жарты шарлар қыртысының

пирамидалық клеткаларын, әсіресе алдыңғы орталық иірімді қамтитын

қозу төмен өрлейтін бағытта дефекацияның жұлындық орталықтарына таралады. Осының нәтижесінде, құрсақ асты жүйкесінің тонусы төмендейді, парасимпатикалық жамбас жүйкесінің тонусы жоғарылайды. Нәтижесінде тік ішектің ішкі сфинктері босаңсиды.

Құйымшақтың парасимпатикалық нейрондары қозуы есебінен тік және тоқ ішектің дистальды бөлімінің еттері жиырылады. Ерікті әсер есебінен жыныс жүйкелері арқылы тік ішектің сыртқы сфинктері босаңсиды және нәжіс тік ішек пен тоқ ішектің перистальтикалық қозғалыстарынан сыртқа шығарылады.

Үлкен дәретке отыруға күшену, құрсақ еттерінің жиырылуы,тыныстың тежелуі, көк еттің және жамбас астауы түбі еттерінің кернеуі, сондай-ақ арткы өтіс сфинктерінің көтерілуін қамт.ететін еттердің жиырылуы көмектеседі.

Үлкен дәретке отыру процесі қыртыс асты орталықтарына төмен

өрлейтін қыртыстық әсер есебінен ерікті реттеледі.




4Тапсырма. Биологиялық мембрананың бір бағытта өткізгіштік қасиетін Вергеймер тәжірибесінің мысалында зерттеу. Қорытындыны жазып, схеманы салыңыз

Тәжірибе схемасы

Қорытынды: Алдымен бақаның артқы аяқтарының терісінен екі қап дайындаймыз. Ол үшін бақаны әдеттегідей иммобилизацияланады, омыртқаны сакральды сүйектердің үстінен қайшымен кесіп, бақа арқылы бөліп, ішектерін алып тастайды. Сол қолдың саусақтарымен олар сегізкөзді, оң қолдың саусақтарымен - теріні (салфетка арқылы) ұстап, тобық буындарына абайлап шығарады. Тізе буындарының аймағында теріні үлкен қиындықпен алып тастайды, сондықтан тері қаптарының бүтіндігін сақтау үшін ерекше күтім қажет (теріні буын капсуласымен өткір қайшымен байланыстыратын тіндерді бөлшектеуге болады). Жіліншектер тобық буындарының деңгейінде кесіледі. Қалған аяқтар - бұл табиғи қапшықтардың тері тығындары. Алынған теріні бойлық тілікпен екі қапшыққа бөледі. Бір сөмке ішінен жұмыс істеуге пайдаланылады, ал екінші сөмке ішке қаратылмаған. Сөмкелерді тығын сақиналарына бұрап, терінің шеттерін қаптардың кірісі ашық болатындай етіп түзетіп, оларды тығынға кішкентай тырнақтармен (инелермен) бекітеді. Содан кейін дорбаларды тұзды цилиндрлерге батырады және алмұрт бар пипетканы қолданып метилен көк ерітіндісімен толтырады. Бояудың тұзды ерітіндіге түсіп кетпеуіне және теріні сыртынан былғамауына мұқият болу керек.

Бірнеше минуттан кейін төңкерілмеген дорбаның терісі сыртынан боялады, ал 20-30 минуттан кейін бояу цилиндрдегі тұзды ерітіндіге дақ түсіреді, бірақ төңкерілген дорба боялмайды және бояу тұзды ерітіндіге шықпайды. (Сурет-1) ↓



Келесі (Сурет -2) - Биологиялық мембраналардың бір жақты өткізгіштігінің бұзылуын көрсету. 

Ол күкірт қышқылының күшті ерітіндісімен өңделген тері қалтасы (бұл үшін инвертирленген және инвертирленбеген тері қапшықтары алдын-ала 10% күкірт қышқылының ерітіндісіне орналастырылады), бір жақты өткізгіштік қасиетін жоғалтады және метилен көгін екі бағытта еркін өткізеді.



Задание 5. Заполните таблицу «Всасывание веществ в различных отделах пищеварительного тракта
»


Отдел ЖКТ

Всасываемые вещества

Механизм всасывания

Ротовая полость (жевание, глотание)

Натрий,калий,кейбір амин қышқылдар,алкоголь және кейбір дәрілік заттарға өтімді.

Ауыз қуысында ас аз уақыт болады және  мономерлерге дейін ыдырамайды, сондықтан сіңірілу аз,тіпті жоқ. Дегенмен, кейбір дәрілер тез сіңеді,сондықтан оларды тіл астына салып емдейді. (сублингвальді)

Желудок

Сіңірілу аздап қана, көп мөлшерде тек кейбір амин қышқылдары, глюкоза, еріген су мен минералды тұздар сіңіріледі, этил спиртінің ерітіндісі жақсы сіңіріледі (алкоголь).

Аминқышқылдарының сіңірілуі, су мен минералды заттарды сіңіруі-асқазан-ішек жолдарына су тамақпен және ішкен сұйықпен (2-2,5л), ас қорыту бездерінің сөлімен (6-7л) түседі және нәжіспен тәудігіне 100-150мл су шығады.Судың біраз мөлшері осмостық градиент бойынша асқазанда аздап сіңіріле бастайды. Және Хлориондарының сіңірілуі асқазанда пассивті жүреді.

Кишечник тонкий

Нутриенттердің,судың, электролиттердің негізгі сіңірілуі жүреді және қоректік заттардың гидролиздену өнімдерімен (пептид, аминқышқыл,глюкоза,тағамдық экстрагенттер), сонымен қоса ас қорыту бездері секрецияларының кейбір компоненттері,мысалы,өт қышқылдары жүреді.

Майдың ыдырау өнімдерінің сіңірілуі, көмірсулар сіңірілуі және пассивті тасымалдау- Мұндай рөлді атқару үшін иондық градиенттер, әсіресе Nа+ градиенті қолданылады.

Аш ішекте глюкозаның, галактозаның, бос амин қышқылдарынын, дипептидтер және үшпептидтердің, өт қышқылы тұздарынын, билирубиннің және тағы басқа заттардың сіңірілуі Na+-ға тәуелді болып табылады. Натрий иондары ащы ішек қуысынан канға ішек эпителиоциттері және клетка аралык арналар бойымен тасымалданады. Натрий иондарынын эпителиоциттерге түсуі электрохимиялык градиент бойынша пассивті түрде жүреді. Эпителиоциттерден олардың латеральды және базальды

мембраналары арқылы натрий иондары клетка аралык сүйыктыкка, канға және лимфаға белсенді тасымалданады. Клетка аралық арналар бойымен натрий иондары концентрация градиенті бойынша пассивті

тасымалданады.Пассивті тасымалдауға диффузия,осмос және фильтрация жатады.

Кишечник толстый

Қалыпты жағдайда тоқ ішекте сіңіру шамалы. Бұл негізінен суды сіңіру және нәжістің түзілуі осы жерде болады.Аз мөлшерде глюкоза, амин қышқылдары және басқа да жеңіл сіңірілетін заттар сіңіріледі. 

Осы негізде қоректік клизмалар қолданылады, яғни тік ішекке жеңіл сіңімді қоректік заттарды енгізеді. Тоқ ішекте натрийдің сіңірілуі кант және амин қышқылдарының болуына байланысты емес, ашы ішекте осы заттардың болуына байланысты болады. Аш ішекте Na және CI иондарының тасымалдануы қосарласа жүреді. Тоқ ішекте сіңірілетін натрий иондары калий иондарына ауыса алмасады. Организмде натрий иондарының мөлшері азайғанда, ішектерде оның сіңірілуі күрт артады. Натрий иондарының сіңірілуін гипофиз және бүйрек үсті бездерінің гормондары күшейтеді, ал гастрин, секретин, холецистокинин-панкреозимин төмендетеді.