ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті Өнер және спорт Пән: Дизайн негіздері Тақырып: Иллюстра́ция және скетчинг
Оқытушы. Даулетова И.Г.
Студент: Мерекеқызы Жайнагүл
Топ: Дпо-21С
2020
Иллюстра́ция (латын. illustratio — жарықтандыру, көрнекті бейне) — сурет, фотография, гравюра немесе мәтінді түсіндіретін басқа бейнелер.
- Fashion-иллюстрация – бұл сән индустриясының киім, аяқ киім, костюм, аксессуарларының скетчін жасау. Әдетте бұл адам тұлғасы мен бетінің суреті.
- Food-иллюстрация – бұл тамақтың суреті. Қазіргі таңда ең танымал және скетч иллюстрацияның дәмді түрі. Аспаздық рецепттер, өнім жарнамаларын жасау үшін, меню немесе интерьерді сәндеу үшін қолданылады.
- Скетчинг - бұл тез сурет салу техникасы. Ағылшын тілінен аударғанда "sketch"-этюд, нұсқалар, нобайлар дегенді білдіреді. Скетчинг техникасында сурет өте жылдам орындалады, бұл суретшіге белгілі бір уақыт аралығында жылдам нысанды суреттеп немесе идеясын жеткізуге ықпал етеді.
- Скетчинг техникасы суретшіге аз уақыт ішінде әртүрлі объекттер мен идеяларды визуализация арқылы жылдам темпте орындалатын суретке негізделген.
- Академиялық сурет пен кескіндемеде скетч – бұл болашақ жұмыстың, түстік гамма мен композициядағы таңдау эскизі.
- Скетчинг жаңа сурет салып бастап жатқандарға мінсіз келеді. Бұл техника өте қарапайым және сізден кәсіби суретшінің дағдыларын талап етпейді.
- Скетч-иллюстрация – бұл жай скетчке қарағанда неғұрлым көбірек уақыт кетеді. Бұл жерде жұмыс кезең-кезеңмен жүреді. Мәлімет жиналып, композиция жасалады және мұқият материалдар таңдалып, элементтері анықталады.
- Флористикалық скетчинг – бұл гүлді композицияның суреті, әртүрлі іс-шаралар интерьерін безендіру. Флористикалық скетчинг ботаникалық иллюстрацияға ұқсас болып келеді.
- Интерьер скетчингі – бұл интерьер, интерьер дизайны және интерьерге арналған бұйымдардың скетчін немесе иллюстрациясын, суреттемелерінің жасалуы.
- Архитектура (қала) скетчингі – бұл ғимараттардың және құрылыстардың, қала көшелерінің эскизі немесе иллюстрациялары.
- Travel-скетчинг – бұл саяхаттау кезіндегі естелік оқиғаларды есте қалдыру үшін жол жазбалары.
- Индустриалдық (өндірістік) скетчинг – біздің өміріміздегі және тұрмысымыздағы әртүрлі заттар дизайнының скетчі және иллюстрациясы.
- Ландшафт скетчингі – бұл парк, бақ, саябақ және үй жанындағы аула дизайнының суреттемелері. Көбінесе архитектура скетчингімен қатар қолданылады.
- Lifestyle-скетчинг – бұл travel-скетчингке ұқсас скетчингтің бір түрі.
- Скетч-портрет скетч-иллюстрация қатарына жатқызуға да болады. Скетчингтің бұл түрі қызықты және өте дамыған. Кейбір иллюстраторлар өз жұмыстарын поп-арт стиліне салып стилизациялайды.