Файл: Таырыбы Трлітсті глдер. 157 ббекжай балабашасы мкК.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тақырыбы: «Түрлі-түсті гүлдер».

«№157 бөбекжай балабақшасы» МКҚК

«Балапан» сәбилер тобы.
Тәрбиеші: Кульманова Р.С.

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Сенсорика.

Тақырыбы: «Түрлі –түсті гүлдер».

Мақсаты: Балаларға түстердің атауларын үйрету (қызыл, көк, сары). Балаларды гүлді өрнектер салуға жаттықтыру. Өздері салған өрнектерді қылқаламмен бояу арқылы эстетикалық талғамының дамуына мүмкіндік туғызу. Бояудың түсін таңдай білуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу. Міндеттері: Балалардың қызығушылықтарын арттыру, бірге жұмыс жасауға үйрету.

Көрнекіліктер: түрлі-түсті гүлдер, түрлі-түсті қақпақтар, түрлі түсті өрнектер.

Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, бояту, қолдарын үйрету.


Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті


Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Жылулық шеңбер
«Қайырлы таң»

Қайырлы таң, күн!

Қайырлы таң, аспан!

Қайырлы таң, жер!

Қайырлы таң, қонақтар!




Балалар

шеңбер

бойында қимыл қозғалыспен, тәрбиешінің іс-қыимылана сәйкес тақпақты қайталайды.



Іздену ұйымдастырушы


Үйдің жанында күшік ұйықтап жатады (күшік костюмін киген тәрбиеші болады), балалар жақындағанда күшік үреді, балалар оны қызықтайды.
Күшік балардан:

  • Балалар, гүлзарда көп гүлдер өсіп тұр. Менімен бірге барасыңдар ма? Маған ұнаған гүлдерді таңдасуға көмектесесіңдер ме?, Өйткені, мен гүлдердің түсін білмеймін, сендер жақсы балалар екенсіңдер – деп сұрайды.


Тәрбиеші:

  • Балалар, біз күшікке көмек берейік. Қане, барлығымыз гүлдердің түстерін күшікке жақсылап тұрып айтайық.


Ол үшін, біз мына гүлдердің түстерін, аттарын тез арада анықтайық.




Монтесорри әдістемесі бойынша балалар өз бетінще жұмыс жасауға үйренеді (тәрбиешінің к өмегімен).



Балалар қақпақтарды қажетті түстерді тауып, гүлдерге қояды.
Сергіту сәт:
Қуыр-қуыр-қуырмаш,

Балапанға бидай шаш,

Әжең келсе есік аш,

Қасқыр келсе, мықтап бас.
Ойын:

«Көбелек гүлге қонды».
Осы сүп-сүйкімді гүлдердің иісін сезген көбелектер біздің гүлдерімізге келіп қонбақшы, сондықтан да біз, «Көбелек гүлге қонды» деген ойын ойнайық.

Балалар қиылған гүлдердің түстеріне сәйкес көбелектерді жапсырады.
Күшік:

Көбелектер әсем түсті көп гүлдерге

келіп қонды, қандай тамаша иә балалар!
Тәрбиеші:

Ия, балалар, күшігіміз дұрыс айтады. Көбелектер әсем гүлге қонып, сіздерге рақмет айтып жатыр.


Үріп жатқан күшікке

қарап қызықтайды

Балалар келіседі,

күщікке көмек беріп, қамқорлық жасайды

Балалар

күшікке көмектеседі және

тапсырманы бірге орындайды.

Балалар тәрбиешінің нұсқауымен гүлдердің түстерін және аттарын қайталайды, естеріне сақтауға тырысады.

Балалар әр тапсырманы мұқият орындауға тырысады, бір-біріне көместесіп, белсенділіктерін көрсетеді.

Жұмыс барысында, әр баланың іс-қимылы ескеріліп отырады.

Балалар

гүлдің түстеріне сәйкес келетін қақпақтарды тауып, әкеліп орналастырады.


«Көбелек гүлге қонды»

ойын ойнайды.

Сергіту сәтін барлығы күшікпен бірге қызыға жасайды.


Балалар

ойынға белсене ат салысады.

Балалар көбелектерді гүлдерге қондырады және олардың әдемі болғанын тамашалайды.

Балалар күшіктің айтқанына мән беріп, гұлге қонған көбелектерге қол соғады.


Рефлексивті қортынды


Тәрбиеші балалардың жұмысын мадақтап, күшікпен

қоштасады.


Балалар

күшікпен қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Білу:  Түстерді ажыратып, аттарын (қызыл, көк, сары) білу.

Игеру: Гүлдерді өз түсін тауып орналастыра білу және игеру.

Меңгеру:Көбелекті өз түсі арқылы гүлге орналастыру меңгеру.