Файл: Тері ішіне инъекцияны орындау масаты диагностикалы. олдану крсетілімдері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 26
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ТЕРІ ІШІНЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ
Мақсаты: диагностикалық.
Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін.
Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі және инъекция жасайтын жердегі тері аурулары.
Асқынулар: инфильтрат.
Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз. -
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз. Қолғапты киіңіз. -
Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз). -
Қажетті дозадағы дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз. -
Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, қолды яғни, білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз. -
Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз. -
Инъекция жасайтын жерді тері антисептигімен суландырған екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Тері антисептигін толық кебуін күтіңіз. -
Оң қолға шприцті алыңыз: цилиндрдегі бөліну көріну керек, оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцтің поршенінен, ІІІ, IV, I саусақтармен – цилиндрден ұстаңыз. -
Сол қолдың саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін жиырып ұстап, инъекцияға қарама-қарсы жағына тартыңыз. -
Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығы терендігінде (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз. -
Шприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусақтарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. -
Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай). -
Инені канюлясынан ұстап отырып, жылдам қозғалыспен шығарыңыз (тері антисептигімен суландырған мақта шаригін тері үстіне баспаңыз). -
Иненің қалпағын кигізбей шприцпен бірге қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз. -
Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенін науқасқа түсіндіріңіз.
ТЕРІ АСТЫНА ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ
Мақсаты: емдік – тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: дәрілерге аллергиялық реакцияның болуы, инъекция жасайтын жерде терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы.
Асқынулар: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дәрілерді қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.
Енгізілетін жерлері: иықтың сыртқы бетінің жоғары бөлігі, санның алдыңғы бетінің ортаңғы бөлігі, іш перделік беттің алды, жауырын асты аймағы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 20 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигі, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз. -
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз. Қолғапты киіңіз. -
Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз). -
Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз). -
Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз. -
Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз. -
Тері антисептиктермен суландырған екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. (мақта шариктерін контейнерге салыңыз). -
Сол қолдың ІV-V саусақтар арасына тері антисептигімен суландырған үшінші мақта шаригін салыңыз. -
Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцттің поршенінен, ІІІ, ІV, І саусақтармен цилиндрден ұстаңыз. -
Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз. -
Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, қолдың сұқ саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз. -
Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстап, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. -
Тері антисептигімен суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. -
Иненің канюлясынан ұстап отырып, жылдам қимылмен шығарыңыз. -
Теріден мақта шаригін алмай, инъекция жасалған жерді жеңіл уқалаңыз. -
Инеге қалпағын кигізбей шприцті, мақта шариктерін және қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. -
Науқастың хал-жағдайын сұраңыз.
БҰЛШЫҚ ЕТКЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ
Мақсаты: емдік - бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.
Енгізілетін жерлері: бөксенің жоғарғы-сыртқы бөлігі, санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігі, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігі.
Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, сепсис май эмболиясы (тамырдың бітелуі), абсцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит, АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көлемі 5-10 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 40-60 мм инъекцияға арналған инені, мақта шариктерін қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз. -
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз. -
Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз: -
бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз; -
санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз; -
иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз. -
Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз. -
Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі). -
Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және қатаюы болмау керек. -
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз. Қолғапты киіңіз. -
Шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз). -
Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара). -
Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз. -
Тері антисептигіне суландырылған екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: алдымен үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Тері антисептигіне суландырған үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз. -
Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтің поршенінен ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек). -
Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп бекітіңіз. -
Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), тері үстінен иненің ұзындығын 0,5 см-ден кем қалдырмаңыз. -
Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз. -
Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. -
Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз. -
Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз. -
Қолданылған шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
-
санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстап инені 450 бұрышпен енгізеді, сүйек қабын зақымдамау үшін; -
майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларына иненің түспегеніне көзіңізді жеткізіңіз, сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егер де шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсе шприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз; -
инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз; -
майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380С жылытыңыз.
АНТИБИОТИКТЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЕРІТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісімен ерітеді.
Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады.
Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, мейірбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасын енгізеді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енгізеді. Антибиотикті қолдану нұсқауында осы антибиотикті еріту ережесі әдеттегідей көрсетіледі.
Антибиотиктің классикалық ерітіндісін қолданылады: 1мл – 100.000 ЕД және 1мл – 200.000 ЕД.
-
Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет:
-
500.000 ЕД : 100.000ЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде); -
500.000 ЕД : 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл – 200.000ЕД еріту кезінде).
-
Әрбір науқасқа мейірбике енгізуге қажет, ерітілген антибиотик мөлшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге бөлуі қажет.
-
1 мл – 100.000 ЕД еріту кезінде
науқасқа 500.000 ЕД антибиотик енгізуге тағайындалған,
ол 500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді;
-
1 мл 200.000 ЕД еріту кезінде
науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,
ол 500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.
ИНСУЛИНДІ ЕНГІЗУ
Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дәл дозасын енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: инсулинге тәуелді қант диабеті, кетоацидоз, команы емдеу.
Қарсы көрсетілімдері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда.
Асқынулар: аллергиялық реакция, майлы дистрофия, ісіктер.
Енгізілетін жерлері: иықтың жоғарғы бөлігінің сыртқы беті және жамбастың ортаңғы бөлігінің сыртқы беті, жауырын асты аймағы іш пердесінің алдынғы беті.
Дайындаңыз: инсулин ерітіндісі бар флаконды, тері антисептигін, залалсыздандырылған: лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, мақта шариктерін, бір рет қолданылатын инсулин шприцтерін, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
-
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оны жүргізуге келісімін алыңыз; -
Антисептикті қолдану арқылы қолды өңдеңіз. Антисептиктікті қолдану арқылы қолды өңдеу: қолды сабынмен және сумен жуыңыз ( 8-тармаққа сәйкес) және тері антисептигімен дезинфекциялаңыз. Қолғапты киіңіз. -
Флаконның жазуын оқыңыз: атын, дозасын, сақталу мерзімін. Дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз. Флакон қорабындағы және этикеткасындағы инсулиннің атын және әріптік белгілерін тексеріңіз. -
Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дәрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің ЕД санына. Инсулин мен шприцтің белгілерін көңіл қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз. -
Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды!). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ. -
Флакондағы инсулинді су моншасында 36-370С температурасына дейін жылытыңыз. -
Ораудағы инсулин шприцін алыңыз. Ораудың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз. -
Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз. -
Флаконның резеңке тығынын тері антисептигіне суландырған мақта шаригімен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, тері антисептигі кепкенше күтіңіз. -
Инсулин шприцін қолға алып, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс. -
Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз. -
Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз. -
Инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тері антисептигіне суландырған екі мақта шариктерімен тазартыңыз, алдымен үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын орынды. Терісі кебуі керек. -
Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға дейін жеткізіңіз. -
Оң қолыңызға шприцті алыңыз. -
Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін үш бұрышты қыртысы негізі төмен қараған жағынан жиыстырыңыз. -
Тері асты майлы қабаты ортасына 30-450 бұрышпен үш бұрыш қыртысы негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап иненің ұзындығына жылдам қозғалыспен енгізіңіз. -
Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз. -
Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексеріңіз. -
Жылдам қозғалыспен инені шығарыңыз, құрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз. -
Науқасты тамақтандырыңыз. -
Қолғапты шешіңіз. -
Қолданылған шприцті, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. -
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.