Файл: Программаларды зірлеуді кіріктірілген орталары Мектеп 14 Алыбай батыр жалпы орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Программаларды әзірлеудің кіріктірілген орталары

Мектеп: №14 Алыбай батыр жалпы орта мектебі

Күні: 18.02.2022ж

Мұғалімнің аты-жөні: Мейірбек Анаш

Сынып:8 сынып

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Параметрлі цикл

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

8.3.3.1 – Таңдау және қайталау операторларын программаны өңдудің кіріктірілген ортасында құру

Сабақтың мақсаты

  • С++ тілінде параметрлі циклді пайдалану

  • Қайталау операторларын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында құру

  • Өмірмен байланысты есептерде программа жазуда параметрлі циклді қолдану

Бағалау критерийі

  • С++ тілінде параметрлі циклді пайдаланады

  • Қайталау операторларында программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында құрады

  • Өмірмен байланысты есептерде программа жазуда параметрлі циклді қолданады

Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология

Цикл – Цикл - Cycle

Параметрлі цикл – Параметрический цикл – Parametric cycle

Цикл денесі – Тело цикла – Body of the cycle

Циклдің қайталану шарты - Условия повторения цикла – Repeat cycle conditions

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Цикл қадамы деген не?

Forқандай оператор?

С++ тілінде қандай цикл операторлары бар?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі

«Көңіл-күйді анықтау» әдісі

Психологиялық ахуал

Сабақ барысында оқушылар бір параққа өзінің көңіл күйін келтіретін сурет (немесе смайлик) салады. Олар суреттерін бір –біріне көрсетеді. Сабақтың аяғына дейін көңіл-күйлерін көтеріңкі болу үшін.

(Ж) «Сұрақты қағып ал» әдісі

Оқушыларды ширатып, зейінін сабаққа аудару

  • Алгоритм деген не?

  • С++ тілінде жазылған программаның құрылымы қандай?

  • С++тілінің енгізу-шығару операторын атаңдар

  • Switch ераторының құрылымын сипаттаңдар

  • Defaultоператоры қандай қызмет атқарады?

  • Breakоператоры қандай қызмет атқарады?

ҚБӨзін өзі бағалайды«Плюс, минус, қызықты» әдісі
(Т,Ұ) «Мозайка» әдісі

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу

Слайд

Суреттер

Слайд

Геомериялық фигуралардың қиындылары

Сабақтың ортасы


(Т) «ДЖИГСО» әдісі

1 топ. Цикл

Көп жағдайда бізге бір әрекетті бінеше рет орындау қажет болады. Мысалы:

  • күнде сабаққа бару;

  • ұнаған фильмді 2-3 рет көру;

  • тапсырма мәтінін түсінікті болғанша оқу.

Айталық, бізге экранға 10 рет «Сәлем» деген сөзді шығару қажет. Әрине бұл әрекетті 10 рет cout <<”Salem”>> командасын жазу арқылы жүзеге асыруға болады, бірақ осы сөзді 200 рет экранға басып шығар десе, программаның көлемі үлкейіп кетеді. Сондықтан циклді пайдаланған жөн. Цикл – бірнеше рет орындалатын тізбек.

Жұмыс істеуге ыңғайлы болу үшін С++ тілінде үштүрлі цикл операторы бар while, do while және for. Бұл тақырыпта біз параметрлі циклді, яғни, for циклін қарастырамыз.

Көп жағдайда біз белгілі операцияның қанша рет орындау қажет екенін білеміз. С++ программалау тілінде бұл үшін for цикл операторы пайдаланылады.
2 топ. С++ программалау тілі

Циклді сызба түрінде көрсетуге болады:







For i:-1

to n







Цикл денесі


C++ тілінде for циклоператорының жазылу пішімі:
For (параметрдің бастапқы мәні; циклдің қайталану шарты; цикл қадамы)

{

цикл денесі;

}

For цикл операторы тақырыптан және цикл денесінен тұрады.

  • Бастапқы мән: цикл орындалмас бұрын бір рет орындалатын меншіктеу операторлары;

  • Циклдің келесі қадамының орындалуының шарты: егер шарт жалған болса, онда циклдің жұмысы аяқталады, егер шарт басынан дұрыс болмаса, цикл бірде-бір рет орындалмайды;

  • Циклдің қадамы; (көп жағдайда меншіктеу операторы арқылы жазылады).

Мысал. Экранға 10 рет «Salem» сөзін шығаратын программа жазайық.

.....

Цикл денесі фигуралық жақшаға алынады. Егер цикл денесінде бір ғана оператор болса, онда жақша қойылмайды.

Цикл денесінде бірнеше оператор болуы мүмкін, сонымен қатар басқа циклдер жазылуы мүмкін ( мұндай әдіс «кіріктірілген циклдер» деп аталады).

Программаны қарастыруды жеңілдету үшін цикл денесі және фигуралық жақшалар оңға 2-3 символға жылжытылады («сатылы» жазба)
Топпен бірлесе отырып өз ойларын жеткізу және ортада еркін сөйлей алу

Бұл стратегия мазмұнды жан-жақты меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін ұмтылу, жауапкершілік дағдысына баулу мақсаттарында аса тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.

Дескриптор

  • Топтық жұмыс жасайды

  • Программалау тілін және циклдің ұғымын біледі


ҚБ . Бірін-бірі бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек

Информатика 8 сынып

Арман ПВ

Г.И. Саргалиева

А.А. Бекежанова

Ж.Б. Базаева

Қосымша ресурстар






) «Kөршіңмен талқыла» әдісі

1 топтың тапсырмасы

Берілген код 10-нан 20-ға дейінгі сандардың квадратын экранға шығуы тиіс. Берілген программа фрагментінен қате табыңдар. Программа коды:

int main ()

{ for (int i=1; i<=20; i++

cout <
cout << endl;

return 0;

}

2 топтың тапсырмасы

Ұсынылған код консольға 7-ге бөлінгенде қалдығы 1, 2 месе 5-ке тең болатын сандарды шығарады (i=35-87). Берілген программа фрагментінен қате табыңдар. Программа коды:

int main()

{

For (int i=35; i<87; i++)

{

If (i% 7=1 || i% 7=2 ᶑ ᶑ i% 7=5)

cout <
cout << endl;

return 0;

}

Дескриптор

  • Программа кұрады

  • Қатені анықтайды

ҚББірін бірі Дескриптормен бағалайды


Информатика 8 сынып

Арман ПВ

Г.И. Саргалиева

А.А. Бекежанова

Ж.Б. Базаева

Слайд



Сараланған тапсырма

(Ж)Тапсырма

Экранға үшке бөлінетін сандарды кему реті бойынша шығаратын программа жазыңдар

ҚБ.Өзін-өзі бағалайды«Плюс, минус, қызықты» әдісі

(Т)2.Тапсырма

Саусақтарының рет нөмірін енгізіп, оның атауын экранға шығаратын программа жазу

ҚББірін-бірі бағалайды «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

3.Тапсырма

Code::Bloks құрастырудың кіріктірілген ортасында программаны енгізу

Int main()

{

For (int i=1; i<=20; i++

{

Cout<<”*”>> endl;

}

return0;

}

Дескриптор

  • Есептеу жүргізеді

  • С++ тілінде программа құрады

  • Компьютерде орындайды

  • Нәтижесін экранға шығарады

ҚБӨзін – озі бағалау «Шаршылар» әдісі


Информатика 8 сынып

Арман ПВ

Г.И. Саргалиева

А.А. Бекежанова

Ж.Б. Базаева

Информатика 8 сынып

Атамұра

С.Т. Мұхамбетжанова

А.С. Тен


Сабақтың соңы


Кері байланыс«Веер» әдісі

  1. Цикл санауышы дегенімізді қалай түсінесіз?

  2. Цикл қадамы дегеніміз...

  3. Параметрлі циклдің орындалу ретін түсіндіріңіз

  4. Циклге ақпарат беріңіз

Қағазды веер пішінінде бүктеп, бірінші оқушы бір бөлігіне сабаққа қатысты сұрақтар жазып шығады, екінші оқушы екінші бөлігіне қысқаша жауап жазып шығады.

ҚБ Бірін – бірі бағалайды «Бір ауыз сөз» әдісі

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – Бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Слайд

Үлестірме парағы

Слайд