Файл: Эндокриндік жйе жіне оны жасты ерекшеліктері ішкі секрециялы бездер жне оларды маызы туралы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 18

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қалқан серік бездері қалқанша безінің артқы қабырғасында орналасқан кішкентай түйме тәрізді 4 (2 жоғарғы және 2 төменгі), кей адамда 6 без болады. Жалпы салмағы 0,1-0,3 г, ұзындығы  6-7 мм, ені 3-4 мм, қалындығы 1,5-2 мм. Жасөспірім балалардың қалқансерік безі сәл қызғылттау болады, кейіннен сарғыш тартады да, қартая келе қоңыр түсті болады. Олардың сыртын қоршаған жақсы капсуласы бар және қалқанша безінен сол қапшығымен бөлектенеді. Бездің пішіні, саны мен қалқанша безінің үстінде орналасуы түрақсыз, әртүрлі болады. Олардың пішіні дөңгелекше, сопақша, үзынша, бүршақ іспеттес болады. Без ұлпалары әртүрлі клеткалардан тұрады  : гликогені бар негізгі клеткалар мен эозинофилдері бар оксифильді клеткалар. Балалардың қалқансерік бездері негізгі клеткалардан тұрады  . Жасы ұлғая  келе оксифильді клеткалар көбейіп, жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері негізгі клеткалардан басым болады. Қалқансерік безінде паратгормон немесе паратиреокрин деп аталатын гормон өнеді. Оның маңызы 1925 ж Коллиптің  зерттеулері арқылы анықталған. Паратиреокрин калыдийдің  алмасуына әсер етіп, оның қандағы мөлшері н рсттейді. Кальцийдің негізгі қоры сүйек болғандықтап Бұл  гормон организмдегі фосфордың алмасуына да әсерін тигізеді. Мұны  қанның құрамындағы кальцийдің мөлшері көбейгенде фосфордың мөлшерінің азаюы арқылы байқайды. Паратгормон сүйек ұлпасының ыдырап, кальцийдің қанға шығуына мүмкіндік жасайды. Бұл  гормонның жеткіліксіз болуы қандағы кальцийдің мөлшері кемігендіктен, сіңірдің тартылуын тудырады. Қалқанша безінің кальцитонин гормонымен және Д витаминімен бірге бала организмдегі кальцийдің алмасуының дұрыстығын қадағалайды. Паратиреоидтік гормонның гиперсекрециясында сүйектің құрамындағы фосфаттар несеп арқылы сыртқа шығып, босаған кальций қанда көптеп жиналады да, гиперкальциемия байқалады. Паратиреокриннің гипосекрециясы көбінесе қалқанша безіне операция жасағанда, оған қоса қалқансерік бездерін байқамай алып тастағанда, кей кезде инфекцияға байланысты пайда болады. Балаларда туа пайда болған гипофункция без ұлпаларының  болмауынан немесе еркін дамығандықтан кездеседі. Кейбір жаңа туған сәбиде ұрықтық  мезгілінде анасының паратгормонының гиперсекрециясына байланысты қалқансерік бездерінің қызметі нашарлайды. Мұндай  гипосекреция туғаннан кейін де сақталады. Қандай болмасын гапопаратиреоз жағдайында
баланың қанындағы кальцийдің мөлшері азайып, организмдегі калий-натрий тепе-теңдігі бұзыл ады да, гипопаратиреоздың белгісі — бұлшық еттердің тетанусы (лат. тетанус- сіреспе) пайда болады, кейін тісі бүлінеді, шаштары мен тырнақтарында кемшіліктер пайда болады.

Қалқансерік бездерінің дамуы ұрық та басталады. Оның осу барысында без клеткалары дамып, паратгормон түзіліп, канға құйыла бастайды. Бұл  Ұрықтың қаңқасындағы кальций тұздарының жиналуымен қатар жүреді. Бала туғаннан кейін өсіп, жетіліп, кальцийдің алмасуына қатысады. Баланың сүйектерінің қатуы көбінесе осы ік* ідердің қызметіне байланысты.

Бүйрек үсті бездері және оның гормондары. Бүйрекүсті (н* ідері - қос мүше. Олар оң және сол жақ бүйректердің жоғарғы жағында орналасқан,  салмақтары 6-12  г., әрқайсысы қыртысты және милы қабаттан тұратын    қос бездер. Қыртысты қабатының салмағы 4,5-10 г, милы қабаты 1,2-2,4 г шамасында болады (5-кесте), яғни қыртыс қабаты 2/3 бөлікке тең.

5-кесте

Бүйрек үсті бездерінің салмағының жасқа байланысты өзгеруі

Жасы

Бүйрек үсті бездерінің жалпы

 

салмағы, г

1 айға дейін

6,22

2-12 ай

3,35

1-5 жас

4,60

6-10

6,60

11-15

8,63

16-20

12,95

21-50

13,71-13,84

51- 70

13,36 -13.20

Бұл  - салмағы аз болғанымен ішкі секрециялық бездердің ішіндегі тіршілік үшін маңызы өте зор бездердің бірі. Егер жануарлардың екі безін де сылып алып тастаса, ол бір аптаның ішінде өліп қалады: жануар тез әлсіреп, астан қалады, арықтап, салмағы азаяды, кейіннен сіңірі тартып, ішкен тамағын қүсып, жүрек-қан тамырлар жүйесінің, тыныс мүшелерінің, ас қорыту мүшелерінің, бүйректің несеп шығару қызметтері нашарлайды, қан тамырларының қабырғасының өткізгіштігі күшейеді, қаны қоюланады және басқа өзгерістер пайда болады.



Бездің милы қабатын қалдырып, қыртыс қабатын сылып алып тастаса, жануар тез өліп қалады. Милы қабатын алып тастап, қыртыс қабатын қалдырса, айтарлықтай өзгеріссіз ұзақ  уақыт өмір сүре алады. Мұның себебі милы қабатты құрайтын хромаффин клеткалар бүйрекүсті безінен басқа кейбір ірі қан тамырларының бойында, шеткі ганглияларда кездеседі. Оған қоса, нервтердің ұштары норадреналин медиаторын бөліп шығарады. Ол милы қабаттың гормондары тәрізді әсер етеді.

Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабаты 10 астам кортикостероидтар тобына жататын гормондарды түзеді. Химиялық түрғыдан олардың бәрі холестериннің туындысына жатады.

Физиологиялық қызметіне қарай кортикостероидтар 3 топқа бөлінеді: а) глюкокортикоидтар; ә) минералкортикоидтар; б) адренокортикоидтар.

Глюкокортикоидтар бүйрекүсті безінің қыртысты қабатының шашақты зонасында түзіледі. Бұл  топқа өте белсенді гормон — кортизол, гормондық белсенділіктері төмендеу кортизон мен кортикостерон жатады.

Кортизол мен кортизон молекуласының С17 бөлігінде окси тобы болғандықтан, оларды 17-оксикортикостероидтар дейді. Глюкокортикоидтар зат алмасуының барлық түріне ықпалын тигізеді. Тері, бауыр, ет, май, дәнекер және лимфа ұлпаларында бұл  гормонның әсерінен бірқатар ферменттердің, яғни трансаминаза, оксидаза, гидролаза т. б. ферменттердің белсенділігі күшейеді.

Глюкокортикоидтардың ықпалынан барлық ұлпаларда, әсіресе ет ұлпасында, белоктың ыдырауы күшейеді. Қандағы амин қышқылдарының және несептегі азоттың мөлшері  көбейеді, бауырдың мочевина бөлу қызметі артады. аталған әсерлерге байланысты бала организмінің салмағы ұлғайып, өсуі нашарлайды.

Глюкокортикостероидтардың майдың алмасуына әсерінен  ұлпадағы май ыдырап, май қышқылдары бауырға огеді. Бұл  гормондар көмірсутегінің алмасуына әсер етеді. Олар бауырдағы гликонеогенезді (грек. гликос - тәтті + нео жаңа + генезис - тек, болмыс, пайда болу) күшейтеді. Гондықтан гипергликемия, тіпті глюкөзурия (несепте канттың болуы) пайда болуы мүмкін. Бұл  топтағы гормондардың әсерінен бауырдан басқа барлық мүшелердегі клеткалық мембраналардың глюкөзаны өткізу кабілеті төмендейді. Ал бауырда, керісінше, глюкөза мен амин қышқылдарын өткізу аздап артады.

Глюкокортикоидтардың қабынуға, аллергияға қарсы тұру  қабілеттерін арттыруға, иммунодепрессивтік (лат. иммунотатис - бірдеңеден босау, қүтылу + депрессия
- басу, тежеу) әсерлерінің маңызы мүлде ерекше. Олардың мұндай  қабілеттері клеткалық мембрананың өткізгіштігі төмендеуіне, клеткалардан және басқа құрылымдардан гистаминнің босауын азайтуға, антителолардың түзілуін төмендетуге, антиген мен антителоның реакциясын тежеуіне, дәнекер ұлпадағы коллаген мен мукөполисахаридтердің түзілуін нашарлатуына байланысты.

Глюкокортикоидтардың әсерінен белоктың ыдырауынан пайда болған заттардан көмірсутекті заттар түзіледі, бұл  әсіресе лимфа ұлпаларында күшті болады. Аз мөлшерде глюкокортикоидтар басқа гормондардың әсерін күшейтеді. Глюкокортикоидтардың синтезі мен секрециясы гипофиздің кортикотропин гормонымен реттеледі.

Канадалық зерттеуші ғалым Г. Селье алғаш рет бүйрек үсті бездерінің гормондары организмге түрлі қауырт жағдайларда өте қажет екенін көрсетті. Адамның қатты күйзелісі кезіндегі тітіркендіргіштерді ол стрессор (ағыл. стресс - қатты күйзелу, абыржу, қауырт жағдай) деп атады. Бүйрек үсті бездерінің қыртыс қабатының гормондары айтарлықтай азайса, стресс жағдайында организм өліп кетуі мүмкін.

Минералкортикоидтар бүйрек үсті безінің түйнекті зонасында пайда болады. Бұл  топқа альдостерон мен одан белсенділігі 20-30 есе төмен 11-ші дезоксикор-тикостерон жатады. Минералкортикоидтар бүйрек ұлпасында, тер және сілекей бездерінде, ас қорыту жолының шырышты қабатындағы клеткаларға әсер ету арқылы су мен түздардың алмасуын реттейді. Бұл  топтың басты гормоны альдостеронның әсерінен натрийдің алғашқы несептен бүйректің нефрондарына қайта сіңуін күшейтеді және калийдің қайта сіңуін азайтады. Натрийден кейін іле-шала су бүйрек каналшаларына қайта сіңеді, яғни альдостерон гормоны натрийдің қайта сіңуін күшейту арқылы судың алмасуына да әсерін тигізеді. Альдостерон жеткіліксіз болған жағдайда бүйрек арқылы организмнен натрий көптеп шайылады және дене сусызданады. Ал оның көбеюі денедегі қабынуларды күшейтеді.

Адренокортикоидтар - андростерон, эстрол және прогестерон гормондары бүйрек үсті бездерінің ретикулярлы (торлы) зонасының клеткаларында түзіледі. Жыныс бездерінің гормондарына қарағанда Бұл ар анағұрлым әлсіздеу келеді. Дегенмен Бұл ардың әсері жыныс бездерінің гормондары тәрізді. Олар жас өспірімдерде қосымша жыныс белгілерінің қалыптасуына көмектеседі. Олардың маңызы, әсіресе балалық және қартайған шақта күшті болады. Адам қартайып, жыныс бездерінің қызметі тоқтаған кезде бүйрек үсті бездері негізгі жыныс гормондарын түзуші қүрылым болып қалады.


Бүйрек үсті бездерінің м и л ы қабатының гормондары негізінен екеу: адреналин және норадреналин. Адреналин бүйрек үсті бездерінде ғана, ал норадреналин басқа мүшелерде де пайда болады. Бұл ар дофамин гормонымен бірге биогендік катехоламиндерге жатады. Үшеуі де тирозиннің туындысы болып есептеледі де, тирозиназа ферментінің әсерінен ыдырайды. Катехоламиндер организмдегі барлық ұлпалар мен клеткаларға әсер етіп, оларда күрделі биохимиялық әрекеттерді тудырады және көптеген физиологиялық қызметтердің ерекшеліктерін айқындайды.

Катехоламиндердің әсер етуі түрлі биохимиялық реакциялармен байланысты. Бұл ар химиялық ұқсастығына қарамастан организмге әртүрлі әсер етеді. Физиологиялық осерлері олардың таңдамалылығына, цитоплазмалық мембраналардың адренорецепторларымен қарым-қатынасына, түрлі мүшелердің құрылысы на байланысты келеді.

Катехоламиндер адренорецепторларға қысқа мерзім әсер етеді және ол пайда болған өзгерісті қалпына келтіруге рефлекторлық және гуморальдық (лат. гумор - мүйық) механизмдер арқылы қатысады. Катехоламиндердің организмге әсері өте көп және жан-жақты.

Адреналинның жүрек-қан тамырлар жүйесіне ықпалы юр. Ол жүректің жұмыс ын күшейтіп, соғу ырғағын гездетеді, қозғыштығын үлғайтып, импульстердің өткізгіш жүйесіарқылы қозғалысын жақсартады. Қантамырларын тарылтып, ондағы қысымды өсіреді. Адреналиннің қан қысымына әсері көбінесе қысқа мерзімде басылады. Дененің әр жеріндегі қан тамырларының адреналинге сезімталдығы әртүрлі. Мысалы, ішкі мүшелерді қанмен қамтамасыз ететін артериола тамырларының қабырғасын босатады, ал оған байланысты қаңқа еттеріне келетін қанның мөлшерін молайтады. Жүректің қан тамырлары адреналиннің әсерінен кеңейеді де жүрек еттерін қанмен қамтамасыздандыру жақсарады.

Адреналин ішек еттерінің тонусын төмендетіп, қозғалысын басады, бронх еттерін босатады, көздің қарашығын кеңейтеді, жүкті әйелдердің жатыр еттерін жиырады, тері түктерінің қапшықтарының етін жиырады, сондықтан күшті эмоция кезінде адамның төбе шашы "тік" тұрады  , көмірсутегінің алмасуына әсер етеді, бауыр еттеріндегі гликогенолизді күшейтіп, гипергликемия мен глюкөзурияны тудырады. Майдың алмасуына әсер етеді, оның тотығуын күшейтеді. Мұның  бәрі күшті тітіркендіргіштің әсері кезінде организмнің энергиялық мүмкіндіктерін толық пайдалануға бағытталған. Әсіресе қауырт қиын жағдайларда Бұлшық еттердің жұмысын күшейтіп, рецепторлардың сезімталдығын, әсіресе көру, есту, вестибулярлық сезімдерді күшейтеді. Бұл  өзгерістер қиын жағдайда организмнің қызметін сыртқы ортаның