Файл: Эндокриндік жйе жіне оны жасты ерекшеліктері ішкі секрециялы бездер жне оларды маызы туралы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 14

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Инсулин мен глюкагон бір-бірімен байланысты қызмет атқарады: ас ішкеннен кейін организмдегі, әсіресе қандағы қанттың мөлшері көбейіп кетеді. Бұл  кезде инсулин артық қантты гликогенге айналдырады, ал ас арасында қандағы қанттың мөлшері азайғанда бауырдағы гликогенді глюкагон гормоны ыдыратып глюкөзаға айналдырады. Пайда болған глюкоза ет пен нерв клеткаларының қызметіне қажетті энергия қоры ретінде пайдаланылады.

Ұрық  пен жаңа туған баланың ұйқы  безіндегі гормон өндіруші клеткалар жақсы дамыған. Жаңа туған нәрестенің ұйқы  безінің әрбір грамынан 10 Е (халықаралық өлшем белгісі), ересек адамнан 2 Е инсулин бөліп алуға болады. 1 жастағы нәрестенің безінде 36 Е, 20 жаста 180 Е инсулин болады. Ұрық  пен емшектегі сәбидің аралшаларының жайылған бөліктері қайтадан қалпына келеді, яғни регенерациялық қабілеті байқалады. 4 жастан әрі қарай Бұл  қасиет жойылады. Лангерганс аралшаларының қызмет кемшілігіне байланысты жиі кездесетін ауру - қантты диабет. Бұл  аурумен ауырған науқастың шөлі қанбайды, несебінің құрамында  қант пайда болады, ал ауырмаған қалыпты жағдайда несептің құрамында  қант болмайды. Науқастың қанындағы қанттың мөлшері 200-500 мг/% дейін көбейіп, тоулігіне несеп арқылы 100-150 г глюкөза денеден шайылады. Мұны мен қатар майдың алмасуы бұзыл ып, қанның құрамында  холестерин мен кетондар көбейеді. Көп науқастардың шығарған демінде ацетоннның иісі сезіледі. Қан айналысының бұзылуына байланысты мұндай  науқастарда тері аурулары, қызыл иек ауруы жиі кездеседі, гангрена оңай дамиды.

Баладағы қантты диабет ауруының пайда болғанын ең алғаш 1696 жылы Мортон жариялаған. Жер жүзінде бұл  аурумен ауыратын науқастардың саны өте көп, жылдан жылға ұлғайып келе жатыр. Бұған  тәтті тағамдарды көп пайдаланудың әсері бар деген мәліметтер кездеседі. Бұл  аурудан өлгендердің саны да көп. Көпшілік зерттеулердің нәтижесіне қарағанда қантты диабет ауруы 6-8 жас және 11 -13 жас арасында көбірек. Дегенмен Бұл  ауру жас молінерімен тұрақты    шектелмейді. 1 жасар балалардың арасында да кездесетіні мәлім. Қазіргі кезде барлық аурудың  5%-дан артығы 10 жасқа дейінгі балалар. Оның 10-47 % тұқым  қуалайды. Дәрігерлік бақылауларға қарағанда қантты диабет ауруымен ауырған әйелдер дені сау бала туады. Тіпті 5-6 айлық жүкті кезінде денсаулығы жөнделіп кеткені де мәлім. Мұндай  анадан туған баланың инсулярлық аппараты ерте тозып
, кейіннен қантты диабет ауруына шалдығады. Балаларда бұл  ауру жедел басталып, тез асқынады. Ал ерерсек адамда біртіндеп дамиды. Ауырған балалардың гигиеналық тәртіпті сақтауының маңызы үлкен. Мұндай  балалар дені сау балалармен бірдей еңбек еткені жөн. Оларға дене еңбегі тіпті қажет, сондықтан спортпен айналысу пайдалы. Шамасына қарай спортпен шұғылданатын науқастың дәрілерін азайтуға мүмкіндік пайда болып, қатты асқынудан сақтайды. Тек қана есінен танатын жағдайда ғана төсек тартып жатуына болады. Қазіргі кезде қант диабеті ауруының өзінен де, оның себебінен дамыған басқа мүшелердің ауруын емдеу қиынырақ болып отыр. Әсіресе жүрек, бүйрек, көз ауруларының көбеюі айтарлықтай орын алып, науқастың мезгілінен бұрын  өлуіне себеп болып отыр. Дегенмен қантты диабет ауруымен ауырған адамдар ұзақ  өмір сүре алады. Ол үшін ас ішерде инсулин гормонын немесе аурудың жеңіл жаңа басталған түрінде сол іспетті қызмет атқаратын дәрі-дәрмектерді қабылдау қажет.

Қантты диабетпен ауырған баланың өсуі көбінесе нашар болады.

Глюкагон гормонының жетіспеуіне байланысты 10 жасқа дейінгі балаларда талма ауруы байқалады. 10 жастан аса ауру өзінен өзі жоғалады, себебі глюкагонның орнын бүйрек үсті безінің милы қабатындағы адреналин гормоны басады.

Жыныс бездері және жыныстық жетілу. Жыныс бездері қос секрециялы бездерге жатады. Сыртқы секрециялық без ретінде оларда жыныс клеткалары - әйелде аналық клетка және ерлерде аталық клеткалар - сперматозоидтар өніп дамиды. Ішкі секрециялық без ретінде ерлер мен әйелдердің  жыныс  гормондары  түзіледі.  Жыныс гормондары қан арқылы денеге тарап, баланың өсуіне, дамуына әсер етеді және жыныс мүшелерінің дамып жетілуін, жыныстық белгілердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Жыныс гормондарының негізгі қызметтері - тұқым  өрбіту болғандықтан жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері жоғары болады. Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі мезгілді асексуальды немесе жыныстық нейтральдық мерзім, яғни инфантильдік (исп. Инфант - бала) шақ деп есептейді. Негізінде, 8-10 жасқа дейін балаларда қосымша жыныс белгілері болмайды. Олардың өсуі мен дамуында жыныстық айырмашылық жоқ.

Ересек ер адамның жыныс безінің салмағы 20-30 г, 8-10 жасқа дейін 0,17 —0,18 г. Ересек әйелдің аналық безінің салмағы 5-8 г, жаңа туған қыз балада 0,2 г, 5- жаста 1 г, 8-10 жаста 1,5 г.

Е р л е р д і ң жыныс бездері - қос мүше. Олардың сырты тығыз дәнекер ұлпалардан тұратын    капсуламен қапталған, Мұны  белоктық қабық деп атайды. Ерлердің жыныс безі немесе аталық безінің артқы жағындағы белоктық қабық қалыңдап г а й м о р денесіне айналады.
Гаймор денесінен бездің ішкі жағына қарай радиальды түрде донекер ұлпадан тұратын    қүрылым безді бірнеше бөлікке бөледі. Мұндай  әрбір без бөліктерінде арасы дәнекер ұлпаға толған шәуһет каналшалары болады. Шәуһет каналшалары үзын иірім және қысқа тік бөлшектерден тұрады. Иірім каналшада спарматогенез, яғни аталық жыныс клеткасының дамуы өтеді. Сондықтан оның қабырғасында әртүрлі даму ксзеңіндегі аталық ұрық  клеткалар — сперматозоидтар және оган қоса Сертоли клеткалары орналасқан. Сертоли клеткалары ұрық  клеткаларын қоректендіреді, аталық ұрық  клеткалары дамыған сайын каналшаның саңлауына қарай қозғала отырып, жетілген сперматозоидтар азғантай сұйықпен қоса каналшаның саңлауына жетеді. Ұрық  каналшаларының арасында нәзік дәнекер ұлпадан тұратын    бөлшектерінде Лейдингтің интерстициялық клеткаларының гоитары бар. Осы клеткаларда аталық жыныс гормондары піседі. Иірім шәуһет каналшалары кішкентай нәрестелерде ұрықтық  күйінде қалып, 7-8 жаста ғана қалыптасады.

9 жаста ірі сперматоцидті клеткалар каналшалардың ішінде екі қатар орналасады, ал каналшалардың арасында сперматидті клеткалар орын алады. Каналшалардың құрылысы  14 жаста ғана өзгереді де, каналшалардың арасында алғаш рет пресперматидтер мен сперматидтер пайда бола бастайды. 16-17 жаста жігіттердің каналшаларының арасында сперматоидтар, ал сперматид клеткаларында алғашқы тестостерондар өне бастайды.

Ерлердің жыныс бездерінде қосымша қуық түбі безі (простата) мен шәуһет көпіршіктерінің маңызы үлкен. Ересек азаматтың қуық түбі безі жыныстық жетілу мерзімі жақындағанда дами бастайды да, шамамен 17 жаста толық жетіледі. Оның ұзындығы  ер азаматта 2,5-4 см, ені 2,5-5 см, қалыңдығы 1,7-2,3 см салмағы 17-28 г шамасында өзгеріп отырады.

Аталық жыныс бездерінде аталық гормондар тобына жататын тестостерон гормоны өнеді. Тестостеронның алмасуы негізінде андростерон және басқа жыныс гормондары түзіледі. Жалпы алғанда аталық гормондар андрогендер тобына жатады. Олар өзінің физиологиялық қызметін атқарғаннан кейін біразы ыдырап, ал қалғаны бауырдың ішінде глюкурон және күкірт қышқылдарымен қосылып өт пен несептің құрамында  организмнен сыртқа шығады.

Андрогендер тобындағы гормондар бауырда, бүйректе және бұлшық еттерде белоктың түзілуіне әсер етеді, жоғарғы жүйке әрекетіне ықпалы зор, жоғары жүйке арқылы жыныс қылықтарының қалыптасуына және тежелудің тепе-теңдігіне әсер етеді.


Тестостерон гормоны ер адамның қосымша жыныс белгілерінің пайда болуына, ер балалардың сыртқы жыныс мүшелерінің өсіп жетілуіне, әр адамға лайық сақал-мүрттың, денедегі түктердің, көмейдің дыбыс жарғақтарының өсуіне әсер етеді. Гипофиздің фолликулстимулдаушы гормонымен бірге тестостерон жыныс бездерінің дамуына әсер етеді. Зат алмасуына қатысып, белоктың синтезделуін реттейді. Сөйтіп денеде калий, фосфор жөн е кальцийдің сақталуына әсер етеді. Осы қызметіне байланысты бүйрек үсті бездерінің андрогендерімен бірге жыныстық жетілу кезінде ер балалардың бұлшық еттерінің күшті дамып, жасөспірімдердің тез өсуіне әсер етеді. Ер балалардың жыныс бездерінің гипер- және гипофункциясына байланысты бірнеше аурулар кездеседі.

Андростеронның гормондық белсенділігі шамалы, тіпті болмайды деуге де болады. Бірақ ол ыдырағанда андростерон - 3,17-дион тестостеронның құрамына  кіретін андрогендік гормондардың бір бөлігі болып қалады.

 Тестикулярлық гипофункцияның негізінде жасөспірімдер мен ересек ерлерде әтектік байқалады. Ондай жастар жыныстық жетілмейді немесе өте нашар жетіледі, косымша жыныс белгілері пайда болмайды, дауысы жіңішке болады, қатаймайды, сыртқы жыныс мүшесі өспейді, беті ісіктеу болып, денесін май қаптайды, әйелдер пішінді семіру (май клеткалары қоңына, қынына, кеудесіне жиналады) сшііқалады, дене пропорциясы дұрыс болмайды, яғни аяқ-колдары ұзын, тұла бойы қысқа болады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда бұл  ауруды көбінесе анықтау қиын. Ол тек 10-12 жаста жыныстық жетілу кезінде ғана білінеді.

Әйелдердің жыныс бездері жатырдың оң және сол жағында  орналасқан. Әдетте, оң жағындағы безден сол жағындағысы кішілеу келеді. Аналық без екі қабаттан тұрады: сыртқы қыртысты және ішкі милы қабат. Қыртысты қабатта аналық жыныс клеткалары өніп дамиды да, милы қабатта гормондар түзіледі. Аналық бездердің мөлшері, салмағы, гистологиялық Құрылысы  әйелдер мен қыздардың жасына қарай әртүрлі. Қыртыс қабатында түрлі даму дәрежесіндегі Грааф фолликулдері мен басқа көпіршік клеткалар, сары дене болады.

Грааф фолликулдері жасына қарай 40 мыңнан 400 мыңға дейін болганымен, олардың не бары 400-500 дейі ғана толық жетіледі. Аналық бездер 3 қызмет атқарады: генеративтік (әйелдің жыныс клеткасы - жұмыртқаны өндіру, фолликулдердің дамуы, сары дененің пайда болуы), вегетативтік және гормондық қызметтер.

Аналық бездерде эстрогендер мен прогестерон гормондары өндіріледі. Эстрогендер (грек.
эструс - күшті қүштарлық + генес - тудырушы) тобына эстрадиол, эстрон, эстриол гормондары жатады. Аналық безде аздаған мөлшерде ерлердің жыныс гормоны тестостерон да түзіледі.

Эстрогендер қынаптың эпителиін қатайтып, жатырдың еттеріне әсер етеді, жатыр түтікшелерін өсіріп, олардың қозғалысын қамтамасыз етеді, әйелдердің жыныс мүшелерін өсіріп, қосымша жыныс белгілерін тудырады, жыныс рефлекстерін қамтамасыз етеді, қыздардың бойын өсіреді, клеткалық бөлінуді күшейтеді, орталық жүйке жүйесін қоздырады, зат алмасуына әсер етеді.

Эстрогендердің мөлшері гипофиз безінің гонадотроптық гормондарының ықпалында болады. Ересек әйелдің эстрогенінің мөлшері менструациялық циклдің 13-15-і күндерінде және етеккір алдында көбейеді. Жаңа туған қыздың қанындағы эстрогендердің мөлшері анасының эстрогендеріне байланысты көп болып, кейіннен азаяды да, етеккір келерде қайтадан көбейеді. Назар аударатын бір жағдай - эстрогендер бауырда белсендіріледі. Бауыр ауруларында бұл  қабілет төмендегендіктен қандағы эстрогендердің мөлшері  көбейіп, етеккірдің келуі бұзылады.

Прогестерон - сары дененің гормоны. Ол жатырдың эндометриясына әсер етеді. Мұның  түзілуі де гипофиздің гонадотроптық гормонының ықпалында болады. Прогестеронды гестагендер тобына жататын гормон деп есептейді. Гестагендер сары дененің лютеиндік клеткаларында гана пайда болып қоймайды, сонымен қатар, олар аз мөлшерде болса да, фолликулалардың ішіндегі қабатында овуляцияга дейін (аналық безден ұрық  клетканың бөлініп шыгуы) пайда болып, қанға ауысады. Ал екіқабат әйелде сары денеде пайда болып, содан соң қанға ауысады. Қанда прогестерон жылдам прегнандиолға және аллопрегнандиолға айналып, бауырда глюкурон қышқылымен қосылып, денеден несеппен және үлкен дәретпен сыртқа шығады.

Прогестерон жұмыртқа  клетканың ұрық  жолынан өтуіне және оның сыртқы қабығының пайда болуына әсер етеді. Ұрық  жолынан өткенде жұмыртқа ның сыртқы белок қабығымен қапталады. Жатырда прогестерон оның секреторлық без клеткаларына әсер етіп, ұрықты қоректендіруге дайындайды. Оның әсерінен жатырдың эндометриясы (жатырдың шырышты қабаты) қалыңдап борпылдаққа айналады, механикалық және химиялық тітіркендіргіштерге жатыр жауап бере бастайды. Тітіркендіргіштің әсерінен жатырдың қабырғасы ісініп, гликогенге толы клеткалар пайда болады. Мұндай  өсінділер ұрық  жатырдың қабырғасына бекінгеннен соң ұрық  қабығына айналады. Бұған  қоса прогестерон жатырдың