Файл: Сынып саатыны таырыбы Желтосан аармандары.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сынып сағатының тақырыбы:  

«Желтоқсан қаһармандары»

Мақсаты: Ғасырлар бойы жүргізілген

ұлт-азаттық көтерілісінің заңды жалғасындай болған ең шешуші әрі бүкіл Орта

Азия мен Еуропадағы демократиялық қозғалыстардың көшбастаушысы ретінде тарихта

қалған Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндау;

Желтоқсан оқиғасының себеп –салдары оның құрбандары туралы тақырыптың

тарихи маңызын, мәнін ашу;

олардың аңсап қол жеткізіп кеткен тәуелсіздік тұғырын биік ұстауға, Отанының

адал азаматтары болуға тәрбиелеу. Оқушылаға 1986 жылғы Желтоқсан

оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру. Отан

Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері,

, Бейнежазбалар, стикерлер.
Сабақтың түрі: Брейн‑ринг, аралас.

Барысы

Мұғалім: (1) мин

  Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан

Алатауға дейін байтақ жерімізде желтоқсанның қара дауылы үдей соғып, дүрбелең

жайлады.

  Жыл артынан жылдар жүйткіп, уақыт

шіркін толассыз зымырап өтіп жатыр. Енді, міне дауыл тербеген теңіздей

буырқанып, жолындағысының бәрін ырғалта шайқалып сол бір қастерлі де қасіретті

күндерден бергі 31-жыл да тарих қойнауына тартып барады.

  Қазақ қазақ болғалы өз бас

бостандығын, өз еркіндігі мен егемендігін күшпен де, қанмен де, ашаршылық

нәубетпен де, небір репрессиялық қуғын-сүргінмен де қорғаған.

 

-         

«Желтоқсан

құрбандарын еске алу» (1) мин

-         

Желтоқсан

құрбандары туралы видео (3) мин

 

Мұғалім: Топтарды таныстыру. Бүркіт және Қыран тобы. Бүркіт тобының басшысы: Мерей

Қыран тобының басшысы:

Расбаев Елдос

 

І. Ой шақыру:

Сұрақ қою арқылы Желтоқсан туралы ойларын ортаға салу.

Әр топтан 1 оқушыдан шығып Желтоқсан туралы баяндайды.

(10) мин

  Бүркіт

тобының басшысы: Бекболат Мерей

  1986 жылғы 16-желтоқсан –Үлкен

өзгеріс күні. Желтоқсан құрбаны: Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды?

 Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Солардың ішінен атап кететін болсақ: Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол, Тәшенов Түгелбай, Күзембаев Қайыргелді, Тайжұмаев Жамбылбек, Көпесбаев Ертай т.б. тоқталып кетуге болады. 

 Қайрат Рысқұлбеков жайлы мәлімет
: 1966 жылы 13.03 Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында малшы отбасында дүниеге келген. 1973-81 жылдары Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп-интернатта 8-жылдық білім алған. 1981-83 жылдары Бірліктегі Киров атындағы орта мектепті бітіріп,1984-86 әскери қатарға алынған. Мектепте белсенді комсомол мүшелерінің бірі болған. 1986 жылы жолдамамен Алматы сәулет - құрылыс институтына түседі. 1986 жылы 16 желтоқсанда бейбіт шеруге қатысады.Қайрат тұтқындалып 18 желтоқсанда сағат 11 бастап Мир және Сәтпаев көшелерінің қиылысында бейбастық жасап Савитскийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады деген айып тағылып 6- ай жүрген Бесеудің соттың соңғы үкімін 1987 жылдың 16 маусымда мынандай үкім шығарды:

1. Тәшенов Түгелбай Тұрманұлы, 1961 туған 39 құрлыс- монтаж басқармасының ағаш шебері - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға, 65-бап-12 жылға, 173-1 Қылмыстық кодекстің 37-бабы , жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.

2. ТайжұмаевЖамбылбек Қожамжарұлы 1962 жылы туған Алматы энерго-құрылыс техникумының 3-+ курс студенті- 65-бап-12 жылға, 173-1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-15 жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.

4. Күзембаев Қайыркелді Қалиақпарұлы 1959 жылғы, - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-3 жылға, 65-бап-12 жылға, 15,88 ч.1 п. В және 17, 173-1 Қылмыстық кодекстің 37-бабы , жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-14жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.

5. Көпесбаев Ертай Тәңірбергенұлы 1966 жылығы, Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға, 65-бап-4 жылға, бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.

Клип: «Желтоқсан құрбандары»
Қыран тобының басшысы: Расбаев Елдос. Желтоқсан құрбаны: Желтоқсан құрбандары және олардың тағдырлары не болды?

3. Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы  1966 жылы туған, Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға, 65-бап-12 жылға, 173-1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтығық ең ауыр- өлім жазасына кесілді

4. Күзембаев Қайыркелді Қалиақпарұлы 1959 жылғы, - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-3 жылға, 65-бап-12 жылға, 15,88 ч.1 п. В және 17, 173-1 Қылмыстық кодекстің 37-бабы , жалпы қылмыстық істерінің жиынтығы-14жылға бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.


5. Көпесбаев Ертай Тәңірбергенұлы 1966 жылығы, Алматы сәулет-құрылыс институтының 1-курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60-бабы-2 жылға, 65-бап-4 жылға, бас бостандығынан айырылды. Қатаң түзету коллониясында өтейді.

Мұғалімнің сөзі: Келесі Желтоқсан оқиғасына байланысты

бейнежазбаға назар аударайық!

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы видео (5) мин 

Мұғалім:

  Қыстырмады оны ешкім құлағына,

  Қарамады көз жастың бұлауына.

  Темір жасақ тепкішіл империя.

  Қантөгістің жол берді лаңына.

  Шаштан сүйреп жазықсыз бұрымдарды,

  Бет ауыздан бейнесіз жырымдалды.

  Көшелерге шығуға орын болмай,

  Түршіккенбіз көргенде қызыл қанды. (1 мин)

Топтарға сұрақ

ІІ . Кім жүйрік:

1. ҚР тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды?

(1991 ж)

2. 1992 жыл (БҰҰ)

3. ҚР теңгесі айналымға қашан шықты? (1993)

4. 1995 жылы 30 тамыз (Ата заң)

5. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1997 ж)

6. 1999 жылы (Ұлттар бірлігінің сабақтастығы

жылы)

7. Мәдениетті қолдау жылы болып қай жыл

белгіленді? (2000)

8. 2003 - 2005 жылы қандай жыл болды? (Ауыл

жылы)

9. 1994 жылы 30 маусым (Т. Мұсабаев)

10. 1996 ж (Қуғын - сүргін құрбандарын еске алу)

(2 мин)

ІІІ. Кім тапқыр?

Енді екі топтың тапқырлығын тексереміз. Ол үшін әр

топқа сұрақтар беріледі:

Бүркіт тобы:

1.Қазақ жастарының тоталитарлық режимге ашық қарсылық көрсеткен күні? (1986 жыл 16 желтоқсан) 

2.Қайрат Рысқұлбеков қай жылы дүниеге келді? (1966 жылы) 

3. Желтоқсанның аққан жұлдызы, Ақжазықтың аруы

кім? (ЛәззатАсанова) 

4. 17 желтоқсан – қандай күн болып жарияланды?

(Демократиялық жаңару күні) 

5. Қайрат Рысқұлбеков қай жылы дүниеден өтті?

(1988 жылы 21 мамыр Семей түрмесінде) 

Қыран тобы:

1. Төтенше өткен пленум неше минута аяқталды? Д.А. Қонаевтың орнына кім сайланды? (18 минутта. Колбин сайланды) 

2. Жастар шеруін қуғындау үшін астыртын құрылған

оперативті жоспар қалай аталады? («Құйын») 

3. «Желтоқсан-1986» ісі бойынша Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес

Президиумы құрған арнай комиссияның төрағасы кім? (Мұхтар Шаханов) 

4. Желтоқсан оқиғасын зерттеуге ат салысқан, Қайрат

Рысқұлбеков туралы жазған журналист кім? 1994 жылы «Қайсар рухты қазақ»

кітабының авторы кім? (Қаймұнар Табей) 

5. Халық жасақшысы Савицкидің өліміне байланысты

және 9 автомашинаны өртеп, 152 машинаны зақымдап, 326 милиционер мен 196

әскерді жаралауына байланысты деп ату жазасына үкім шығарған, жалған жаланың

құрбаны болған желтоқсаншы кім? (Қайрат)


    (3мин)

Мұғалімнің сөзі: Желтоқсан оқиғасына байланысты тағы бір бейнежазбаға

назар аударайық!

Бейне материал (Болмыс):  (3 мин)    

Рефлексия: (5 мин)                                                                                                

1. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді қағаз

бетіне жазыңыздар?

2. Қазақстанға деген жүрекжарды тілектеріңіз? 

Қорытынды

  Мұғалім:

  Ызғарлы қыс-тоқсан күн

  Желтоқсан деп аталған.

  Желтоқсанда жастарым

  Тәңірінен бата алған.

  Батамен елім көгерді,

  Бодандық билік көнерді.

  Тәуелсіз атқан таң үшін

  Еске алам өрттей өренді,-демекші осы Желтоқсан көтерілісінен кейін жер-жерде тәуелсіздік таңы ата бастады.