Файл: Блім Медиасауаттылы жне аржылы сауаттылы Педагогті Т. А..doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 7
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бөлім: | Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық |
Педагогтің Т.А.Ә. | Уатаева Ш.А. |
Күні: | |
Сынып:5 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Күнделікті шығынды қалай басқаруға болады |
Сабақтыңмақсаты | Оқушыларға қаржы мәселесін шешуге , күнделікті шығынды есептеу жолдарын түсіндіру, «отбасылық бюджет» және «жеке шығындар» дегенді білу; өз шығындарын жоспарлау және негіздеу; өз шығындарының "төлқұжатын"құру. |
Бағалау критерийі | «Кірістер мен шығыстарға» мысалдар келтіреді; Отбасының кірісі мен шығыстарын есептейді; Бір аптаға жеке шығын төлқұжатын жасайды; Отбасылық бюджетті үнемдеу жолдарын ұсынады ; Жеке шығындарын жоспарлайды және негіздейді. |
Құндылықтарды дарыту | Отбасылық құндылықтардың негізі - өзара көмек көрсету, сыйластық, түсіну және қолдау. Азаматтық жауапкершілік өз шығындарын жоспарлай алу, отбасылық бюджетті үнемдей алу арқылы дамиды. |
Сабақтың барысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт | Педагогтіңәрекеті | Оқушыныңәрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | «Сөзді тап» тапсырмасы (ұжымда) Оқушылар сөзді табу керек. "Ол мемлекеттік, отбасылық, жеке болуы мүмкін. Не жайлы айтып отырмыз?» Оқушылар өз болжамдарын айтады, дәлелдейді. Жауабы:БЮДЖЕТ Талқылауға арналған сұрақтар: - Бюджет туралы не айта аласыңдар? - Отбасы табысы неден құралады? - Отбасы ақшаны қайда жұмсайды? - Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Мұғалім сабақ мақсаттарына жетелейді. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
| Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді | ҚБ «Мадақтау сэндвичі» | Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | «Кіріс-шығыс» тапсырмасы (жұпта) "Ақша шығындары" мәтінін мұқият оқып шығуды ұсыныңыз (дидактикалық материалды қараңыз). Бір оқушы «кірістер», екіншісі – «шығыстар» санатын таңдайды. Осы сөздерді пайдаланып, әр санатқа көбірек мысалдар келтірулері керек. Тепе-теңдікті ұстап тұру үшін бюджетті қалай тұрақтандыруға болатыны жайында талдау жүргізіледі. Рөлдік ойын «Кірістер мен шығыстарды санаймыз» (топта) Оқушыларды 4-5 топқа бөліп алыңыз. Әрбір топ-бұл отбасы. Рөлдерді өзара бөліп алады: ата-аналар және балалар. Ойдан құрастырып бір отбасының тегін таңдайды. Оқушыларға отбасы табыстары мен шығыстары кестесінің үлгісін таратыңыз. Оқушылар отбасының табыстары мен шығындарын есептеп, кестені толтыруы керек. Әр отбасы өз жұмыстарын таныстырады.
Талқылауға арналған сұрақтар: -Айдың соңында сендердің отбасыларыңда ақша қалады ма? - Оны қайда жұмсайсыңдар? ЕБҚ: оқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі. Практикалық жұмыс «Өз шығыстарыңның «төлқұжатын» құр» (жеке) Оқушыларға жеке шығыстар паспортының үлгісін таратыңыз. Оқушыларға оны келесі аптаға арнап толтыруды ұсыныңыз. Қандай шығындарды жоспарлайсың? Оларды қалай қысқартуға болады? Төлқұжат «Сұрағым келеді...» әдісімен бағаланады ЕБҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды; тапсырмасы(ұжымда) Оқушыларға қандай кейіпкерде күтпеген жерден 5 алтын теңге пайда болғанын еске түсіруді ұсыныңыз. Жауабы: Буратино Талқылауға арналған сұрақтар: Буратино ақшасын қайда жұмсамақ болды? Сен қайда жұмсар едің? Тапсырмаға қорытынды жасаңыз. ЕБҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі. | Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор:_Отбасының_кірісі_мен_шығыстарын_есептейді.Дескриптор'>Дсекриптор: «Кірістер мен шығыстарға» мысалдар келтіреді. Дескриптор: Отбасының кірісі мен шығыстарын есептейді. Дескриптор: Бір аптаға жеке шығын төлқұжатын жасайды; Отбасылық бюджетті үнемдеу жолдарын ұсынады ; Дескриптор: Жеке шығындарын жоспарлайды және негіздейді. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» | Ақпараттық мәтін Үлестірмелі қағаздар Суреттер Тірек-сызбалар Кесте ҚБ парағы | ||||||||||||||||||||
Сабақ тың соңы | Сабақты қорытындылау -Менің күнделікті шығыным қандай? Кері байланыс Бүгінгі сабақта мен .............. білдім. Бүгінгі сабақта мен .............. үйрендім. Алдағы уақытта..................қолданамын. Бірнеше жауаптарды талдауға болады. Үйге тапсырма Күнделікті шығынды қалай басқаруға болады | Жеке шығындарын жоспарлайды және негіздейді.Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды | А4, конспект |
Қосымша №1
шығындарды талдау ол экономикада шығындар мен өндіріс коэффициентінің өлшемі ретінде анықталады. Яғни, экономистер келісімшарт бойынша бастапқы материалдарды шығаруға кететін шығындарды анықтаумен және оларды фирманың өнімділігін арттыру үшін қаншалықты жақсы қайта құруға болатындығымен айналысады.
Басқаша айтқанда, шығындарды талдау өндірістің оңтайлы деңгейін шешуге көмектесетін, өнімнің жалпы құны деп аталатын, шығындардың (жұмыс күшінің, шикізаттың) ақшалай құнын анықтауды білдіреді.
Шығындарды талдау көлемі оның мақсатына байланысты болады. Сондықтан талдаудың көлемін қарастырмас бұрын, талдаудың жауап беруі керек ең маңызды сұрақтардың қайсысын білу керек.
Егер компания өте әртүрлі жобаларды жүзеге асыратын болса, онда оларды бөлу анық. Алайда, ресурстармен қабаттасатын немесе оларды бөлісетін жобалар үшін оларды қалай бөлуге болатындығын анықтау керек.
Мүмкіндігінше күш-жігердің қайталануын болдырмай, айтарлықтай дәрежеде қабаттасқан жобаларды бөлек бағалаудан гөрі, топтастыруға болады.
Шығындарды қалай жіктеу және есептеу әдісі осы шығындарды ұзақ немесе қысқа мерзімге талдауға байланысты.
Мысалы, егер сіз белгілі бір қызмет үшін қанша төлеу керектігін шешуге тырыссаңыз, алдымен бұл қызметті ұсыну үшін қанша тұратындығын анықтауыңыз керек.
Кейіннен компания осы қызметті ұсынудан шығынға ұшырауы мүмкін екенін анықтау үшін ұзақ мерзімді шығындарды талдау жүргізілетін болады.