ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.04.2024
Просмотров: 94
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жолмен толыққанды жұмыс атқару үшін мынадай стандартты процедуралар мен функциялар пайдаланылады.
Жолды сандық пішімге және оны керісінше түрлендіру функциялары;
Есептеулерді жүргізу барысында мәліметтерді енгізу және оның нәтижелерін шығару үшін мына фунциялар қолданылады:
IntToStr(N: Integer): String функциясы – N бүтін санын жолға түрлендіреді.
StrToInt(S: String): Integer функциясы – S жолын бүтін санға түрлендіреді.
FloatToStr(X: Extended): String функциясы – Х жылжымалы нүктелі санын жолға түрлендіреді.
StrToFloat(S: String): Extended функциясы – S жолын жылжымалы нүктелі санға айналдырады.
Мерзім мен уақытты түрлендіру процедуралары мен функциялары
Алдымен солардың ағымдағы уақыт пен мерзім туралы ақпарат беретіндерін қарастырайық. Олар:
Now: TdateTime функциясы – ағымдағы мерзім мен уақытты қайтарады.
Now: TdateTime функциясы – ағымдағы мерзімді қайтарады.
Time: TdateTime функциясы – ағымдағы уақытты қайтарады.
Ал мына функциялар оларды құрайтын (жыл, ай, күн, апта күні, сағат, минут, секунд, миллисекунд) шамалармен жұмыс атқарады:
DayOfWeek(Date: TDateTime): Integer функциясы – ағымдағы апта күнінің нөмірін қайтарады, мыс: 1-жексенбі, 7-сенбі.
DecodeDate(Date: TDateTime; var Year, Month, Day: Word) процедурасы – Date мерзімге бөледі: мұнда,Year – жыл, Month – ай, Day – күн.
DecodeTime(Time: TDateTime; var Hour, Min, Sec, MSec: Word) процедурасы – Time уақытқа бөледі: мұнда, Hour - сағат, Min - минут, Sec - секунд, Msec – миллисекунд.
EncodeDate(Year, Month, Day: Word): TdateTime функциясы – Year – жыл, Month – ай, Day – күн мәндерін TdateTime типінің мәндеріне біріктіреді.
EncodeTime(Hour, Min, Sec, MSec: Word): TdateTime функциясы – Hour - сағат, Min - минут, Sec - секунд, Msec – миллисекунд мәндерін TdateTime типінің мәндеріне біріктіреді.
Енді мерзім мен уақытты TDateTime пішімінен жолдық пішімге ауыстыратын функцияларды қарастырайық:
DateTimeToStr(DateTime: TDateTime): String функциясы – мерзім мен уақытты жолға түрлендіреді.
DateToStr(Date: TDateTime): String функциясы – мерзімді жолға түрлендіреді.
TimeToStr(Time: TDateTime): String функциясы – уақытты жолға түрлендіреді.
Мына функциялар қайтарылатын жолдардың параметрлерімен жұмыс атқарады:
AnsiLoverCase(const S: String): String функциясы – төменгі регистрге түрленген S жолын қайтарады.
AnsiUpperCase(const S: String): String функциясы – жоғарғы регистрге түрленген S жолын қайтарады.
Length(const S: String): Integer
функциясы – S жолындағы символдар санын қайтарады.
Trim(const S: String): String функциясы – S жолдағы бастапқы және соңғы бос орындар мен басқарушы символдарды жояды
TrimLeft(const S: String): String функциясы - S жолдағы бастапқы бос орындар мен басқарушы символдарды жояды.
TrimRight(const S: String): String функциясы - S жолдағы соңғы бос орындар мен басқарушы символдарды жояды.
Мына функциялар екі жолды өзара салыстырады:
AnsiCompareStr(const S1, S2: String): Integer функциясы - S1 мен S2 жолдарын символдар регистрін есепке ала отырып салыстырады. Егер S1
AnsiCompareText(const S1, S2: String): Integer функциясы - S1 мен S2 жолдарын символдар регистрін ескермей-ақ салыстырады. Егер S1
Ал мына функциялар ағымдағы жолдардан алынып тасталатын немесе қосылатын ішкі жолдарды іздестіреді:
Pos(Substr: String; Str: String): Integer функциясы – Str жолына SubStr-дің алғашқы ену позициясын(индексін) қайтарады. Егер Str жолында SubStr жоқ болса, оған 0 қайтарылады.
Insert(Source: String; var S: String; Index: Integer): Integer функциясы – S жолына нөмірі Index-ке тең символдан басталатын Source жолын қосады.
Delete(var S: String; Index, Count: Integer): Integer функциясы - S жолынан нөмірі Index-ке тең символдан басталатын және Count –қа дейінгі символдардан тұратын ішкі жолды жояды.
Мынау жол бөліктерін көшіретін функция:
Copy(S: String; Index, Count: Integer): Integer функциясы - S жолына нөмірі Index-ке тең символдан басталатын және Count –қа дейінгі символдардан тұратын ішкі жолды қайтарады.
Бұдан басқа осы функцияны үтірден кейін қажетті цифрлар саны бар бүтін емес сандарды экранға шығаруға пайдалануға болады. Ол үшін, әуелі Real пішімді сандардан жол алайық. Содан соң Pos функциясы арқылы осы жолдағы үтір позициясын тауып, оған қажетті символ санын қосамыз және соны нәтижеге көшіреміз.
Мынау соның дайын функциясы:
function RealToStr(X: Real; Count: Integer): String; //Count - үтірден кейінгі цифр саны
var S: String;
N: Integer;
begin
S:=FloatToStr(X); // үтірден кейінгі ұзын цифрлар тізбегі
N:=Pos(',', S); //жолдағы үтір позициясы
N:=N+Count; // үтірден кейінгі қажетті таңбалар саны //берілген жолдың ұзындығын есептеу
Result:=Copy(S, 1, N);
end;
II. Бағдарлама құрып үйрену
Бұл бөлімде біз алдыңғы 1- бөлімде оқып танысқан Delphi бағдарламалау тілі бойынша білігімізді осы визуалды ортада пайдалана білуге көмектеседі-ау деген төмендегідей практикалық жұмыстарды орындау арқылы жалғастырамыз.
Ескерту
Delphi ортасында бағдарламалау жұмыстарын қазақ тілінде орындау үшін пішінді ашқан бойда (Form1) ең алдымен Object Inspector терезесінің Properties астарында Font қасиетінің тұсындағы (...) көп нүктеде шертеміз, сонда ашылған Шрифт терезесінде қазақ қарпін (біздің жағдайда: Times New Roman) таңдауымыз керек. Міне осы әрекеттен соң ғана пішіндегі барлық жазбалар қазақ тілінде жазылатын болады, ал ол қаріпті үлкейтіп-кішірейту жұмысы сол Шрифт терезесінде бұрынғыша атқарылады.0>
Практикалық жұмыстар
№1. «Менің бірінші бағдарламам»
Жұмыстың мақсаты – мына әрекеттерді орындайтын бағдарлама құру:
1. Бағдарламаны іске қосқанда төмендегі терезе көрінеді.
1-сурет.
2. Бағдарламадан шығу үшін тышқанмен «Жабу» батырмасын шерту қажет.
Бағдарламаны жүзеге асыру жоспарының сипаттамасы
1. Жаңа жоба ашу.
2. Пішінге Label белгісі мен Button батырмасын орнату.
3. Мына кестеде жазылған әрекеттерді орындау:
1 - кесте.
Белгі-ленген нысан | Object Inspector терезесінің астары | Қасиеттің аты/ Оқиғаның аты | Атқарылатын әрекет |
Form1 | Properties | Caption(жазу) | Пішінге «Жоба1» атын орнату |
Color(Түс) | clmoneyGreen түсін таңдау | ||
Label1 (Standard астары) | Properties | Caption | «Менің алғашқы бағдарла-мам» жазу мәтінін енгізу |
AutoSize (Автотаңдау) | Қасиеттің мәніне: True енгізу | ||
Font - Color | clYellow түсін таңдау | ||
Button1 (Standard астары) | Properties | Caption | Батырмаға «Жабу» атын орнату |
Events | OnClick | Close; |
4.Жобаны сақтаңыз, оны іске қосып, жұмыс істеуін тексеріңіз.
№2. Консольдық қолданба құру
Жұмыстың мақсаты: Консольдық бағдарлама құру.
1.Бас мәзірден File > New > Other (Файл> Жаңа > Басқа) командасын орындап, шыққан сұхбат терезедегі New астарынан Console Application (Консольдық қолданба) белгісін таңдау.
2-сурет
2.OK батырмасын басқан соң экран енді мына түрде көрінеді:
3-сурет
3.Мәтін Delphi арқылы автоматты түрде генерацияланды. Оны жасалатын қолданбаның нобайы деуге болады. Бұл мәтінде негізінде ештеңе өзгертпеуге де болады – ол дайын бағдарламаға сәйкес келеді. Дегенмен, кейбір өзгерістер енгізейік.
4-сурет
5-сурет
№3. «Сәлемдесу»
Жұмыстың мақсаты - мына әрекеттерді орындайтын бағдарлама құру:
1.Бағдарлама іске қосылғаннан кейін тышқанмен «Сәлемдесу» батырмасын басқанда «Алғашқы жетістігім» хабарламасын шығару.
6-сурет.
2. Бағдарламадан шығу үшін тышқанмен «Жабу» батырмасын шерту керек.
Бағдарламаны орындау жоспарының сипаттамасы.
1.Жаңа жоба ашу.
2.Пішінге: Label белгісі мен екі Button батырмаларын орналастыру.
3.Мына кестеде жазылған әрекеттерді орындау:
2-кесте
Белгі-ленген нысан | Object Inspector терезесінің астары | Қасиеттің аты/ Оқиғаның аты | Атқарылатын әрекет |
Form1 | Properties | Caption | Пішінге «Жоба 2» атын орнату |
Label1 | Properties | Caption | Жазбаға «Алғашқы жетістігім» мәтінін енгізу |
Button1 | Properties | Caption | Батырмаға«Сәлемдесу» атын орнату |
Events | OnClick | Label1.Caption:='Алғашқы жетістігім' | |
Button2 | Properties | Caption | Батырмаға«Жабу» атын орнату |
Events | OnClick | Close; |
4.Жобаны сақтаңыз, сосын оны іске қосып, орындалуын тексеріңіз.
Көмек'>Өздігінше орындауға арналған тапсырма.
1. Шығарылатын «Алғашқы жетістігім» сөзінің қаріпін стандарттан түрі, түсі және өлшемі бойынша өзгеше етіп жазу.
Көмек: Object Inspector-да Font қасиетінің оң жағында екі рет шерту.
2. «Шығу» батырмасының түрін тартымдылау түрге ауыстыру.
Көмек: Батырманы ауыстыру үшін, әуелі бастапқыны өшіріңіз, ал басқа BitBtn-ды компоненттер палитрасының Additional астарынан табасыз. Содан кейін оның түрін Kind қасиетінің көмегімен өзгертіңіз.
3. «Сәлемдесу» батырмасын басқаннан соң экранда «Бұл жұмысымыздың соңы болмасын!» деген хабарлама шығатын етіңіз.
Көмек: Button1 батырмасының OnClick оқиғасына әсері кезіндегі Label1 белгісінің Caption қасиетінің мәнін өзгертіңіз.
Бағдарламаның листингі:
unit Unitl; interface uses
Windows, Messages, SysUtils, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs, StdCtrls, Buttons;
TForm1 = class(TForm) Labell: TLabel; Buttonl: TButton; BitBtnl: TBitBtn;
procedure ButtonlClick(Sender: TObject);
private
{Private declarations }
public
{Public declarations } end;
var
Forml: TForml;
implementation
{$R *.DFM)
procedure TForml.ButtonlClick(Sender: TObject);
begin
Label1.Caption:= 'Бұл жұмысымыздың соңы болмасын!';
end;
end.
№ 4. Пішіннің тақырыбын өзгерту
Жұмыстың мақсаты – Мына әректтерді орындайтын бағдарлама құру: 1. Бағдарламаны іске қосқанда мәтіндік өріске мәтін шығару.
7-сурет
2. «Терезе тақырыбын өзгерту» батырмасын тышқанмен шерткенде, терезенің тақырыбы өзгеруі тиіс.
8-сурет
3. Терезенің тақырыбын Enter пернесін басу арқылы өзгерту.
4. Бағдарламадан шығу үшін тышқанмен тақырып жолындағы жабу батырмасын шерту қажет.
Бағдарламаны іске асыру жоспарының сипаттамасы
1. Жаңа жоба ашу.
2. Пішінге Label белгісі, Button батырмасы, Edit мәтіндік өрісі компоненттерін орналастыру.
3. Мына кестеде көрсетілген әрекеттерді орындау:
3-кесте
Белгі-ленген нысан | Object Inspector терезесінің астары | Қасиеттің аты/ Оқиғаның аты | Атқарылатын әрекет |
Forml | Properties | Caption | Пішінге «Жоба 3» атын орнату |
Labell (Standard астары) | Properties | Caption | Мәтіндік өріске «Жаңа тақырып енгізіңіз:» мәтінін енгізу |
Editl (Standard астары) | Properties | Text | Text қасиетінің мәнін тазарту |
Buttonl (Standard астары) | Properties | Caption | Батырмаға «Терезе тақыры-бын өзгерту» атын орнату |
Default | Ашылған тізімнен True мәнін таңдау | ||
Events | OnClick | Form1.Caption := Edit1.Text; |
4. Жобаны сақтаңыз, оны іске қосып, орындалуын тексеріп көріңіз.