Файл: зінзі тану бойынша саба жоспары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 9

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары



Мекеме атауы:

«Қайнарлы негізгі орта мектебі» КММ

Бөлімнің атауы:




Мұғалімнің аты-жөні:

Каимова Назгуль Батыргалиевна

Мерзімі:




Пән / Сынып:

Көркем еңбек. 6-сынып

Қатысқаны/ қатыспағаны




Сабақтың тақырыбы:

Графика. Графика өнерінің түрлері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

6.2.1.1. Өз идеялары мен сезімдерін беру беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін анықтау, таңдау және қолдану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар. Оқушыларға графика өнері туралы мағлұмат беру, графика өнерінің түрлерімен графика суретшілерінің шығармаларымен таныстыру.

Оқушылардың басым бөлігі. Графика тәсілі арқылы әр заттың көлеміне қарай штрихтау түрлерін көрсетіп, штрихтау икемін дамыту және сурет салу шеберлігін арттыру.

Кейбір оқушылар. Графикалық шығармаларды өз бетімен орындауға үйрету арқылы өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Құндылықтарға баулу

-«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын сақтау;

-сын тұрғысынан ойлау;

-еңбекқорлыққа, адамгершілікке баулу.


Сабақ барысы


Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин.)
І. Жағымды көңіл күй.

(1-3 мин.)

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.
Тақтаға «5 Т» – ережесі ілінеді, нараларын аудару сұралады.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
5 Т – ережесін еске түсіреді.




ІІ. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру.

(5-9 мин.)







Оқулық, сұрақтар

ІІІ. Жағымды ой-пікір.

(3-4 мин.)

Ж.Ж. «Кім тапқыр?» әдісі.

Сұрақта қою арқылы өткен сыныптардағы білімдерін еске түсіру.

Г – Гуашь дегеніміз не?

Р – Мына суреттегі суретші кім? (Репин)

А – «Тоғызыншы вал» суретінің авторы кім? (Айвазовский)

Ф – Фон дегеніміз не?

И – Икебана дегеніміз не?

К – Қ.Телжановтың суреті қалай аталады? (Кқкпар)

А – Автопортрет дегеніміз не?

- Барлық сұрақтарға дұрыс жауап бердіңіздер. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Графика. Графика өнерінің түрлері.



Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.



Презентация арқылы суретшілер шығармалары, термин сөздер көрсетіледі.

ІV. Жаңа сабақ

(4-10 мин.)


Сабақтың мақсаты мен міндеттерін жариялау.

Ой қозғау. Ассоциация.

Графика – бейнелеу өнерінің бір жанры. Графика дегеніміз грек тілінен аударғанда сурет салу, жазу мен сызу деген мағынаны білдіреді. Графикаға қарындаш, көмір, тушьты пайдаланып қолмен салынған сурет жатады. Сонымен қатар баспа графикасы жатады. Баспа графикасының түрлері: ағашқа жасалған гравюра (ксилография), металға жасалған гравюра (офорт), литография, линогравюра.

Графика түрлері:

  1. Кітап және газет-журнал сызбасы (кітапты иллюстрациялау мен құрылымын үйлестіру, мұқаба, ішкі беті, титул және кітаптың басқа беттерін безендіру, т.б. жатады.

  2. Қолданбалы графика (күнтізбе, пошта маркалары, зат белгілері, диплом, жарнамалар т.б.)

  3. Станокты графика (суреттер мен баспа графикалары жатады)

  4. Компьютерлік графика. (Paint графика құралын пайдаланып сурет салып көрсетіледі).

  5. Атақты Батыс Еуропаның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт, орыс халқының Орест Кипренский, Карл Брюллов, Василий Перов, Илья Репин және өз еліміздің И.Исабаев, Ә.Рахманов, М.Қисмединов, А.Смағұлов, Б.Табылдиев, К.Баранов, Н.Гаев, В.Гульев, Е.Сидоркин, Т.Ордабеков, Қ.Қаметов, В.Тимофеев, т.б. суретшілердің шығармаларымен таныстыру.

  6. Графиканың мәнерлеу құралдарымен таныстыру.

  1. Сызық (түзу, толқынды, қисық, сынық);

  2. Штрих (көлденең, айқыш, көлбеу, нүктелік штрихтау);

  3. Таңба (геометриялық, сұлбалық, абстрактілік, аралас)


Интарактивті тақтадан көрсетілген графика және графика түрлерімен танысады.

Атақты Батыс Еуропаның және өз еліміздің суретшілерімен және олардың шығармаларымен танысады.

Графиканың мәнерлеу құралдарымен танысады.



Оқулық. Презентация.

Оқулық. Презентация.

Оқулық. Презентация.

V. Шығармашылық жұмыс. (Сарамандық жұмыс)

(12-15 мин.)

Өздік жұмыс.

  1. Графика тәсілімен жануарларды, құстарды бейнелеу.

  2. Графика тәсілімен ағаштарды, гүлдерді, геометриялық фигураларды бейнелеу.

  3. Paint графикалық редакторының құралын пайдалана отырып, «Қыс» суретін бейнелеу.




  1. Графика тәсілімен жануарларды, құстарды бейнелейді.

  2. Графика тәсілімен ағаштарды, гүлдерді, геометриялық фигураларды бейнелейді.

  3. Paint графикалық редакторының құралын пайдалана отырып, «Қыс» суретін бейнелейді.



Флипчарт, А-4 парағы, қарындаш, гуашь, ноутбук.

VI. Үй тапсырмасы.

(1-2 мин.)

Графика тәсілімен «Қыс» суретін бейнелеу.

Оқушылар үй тапсырмасын жазады.




VIII. Сабақтың қорытынды сәті.

(1 мин.)

«Сұрақ бізден, жауап бізден» әдісі.

  1. Графика дегеніміз не?

  2. Графиканың түрлерін атаңыз.

  3. Графикалық сызба – қондырғылы, қолданбалы және газет-журнал сызбасы деп үшке бөлінеді. Грамота, диплом, марка, зат белгілері қай түріне жатады?

  4. Кітапта кездесетін графикалық суреттер қалай аталады?

  5. Графикалық бейнелеу құралдарын атаңыз?



«Сұрақбізден, жауап сізден» әдісі арқылы оқушылар рефлексия жасайды.

Плакат, стикерлер.