Файл: В. И. Пацаев атындаы орта мектеп Математика, физика, информатика пндер апталыыны ашылуы. Наты ылымдермен цифрлы лемге жол.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

В.И.Пацаев атындағы орта мектеп

« Математика, физика, информатика» пәндер апталығының ашылуы.

«Нақты ғылымдермен цифрлық әлемге жол»

2023 жыл

« Математика, физика, информатика» пәндер апталығының ашылуы.

«Нақты ғылымдермен цифрлық әлемге жол»

Мақсаты:
• Мектеп көлемінде ұйымдастырылған апталықтың негізгі мақсаты – мүмкіндігінше мектептің барлық оқушыларын белсенді қатыстыру;
• Оқушылардың ойлау қабілеті мен математикалық қабілеттерін арттыру;
• Математикаға, физика және информатикаға деген қызығушылығын арттыру;
1- Жүргізуші
-Уа, халайық, халайық,
Бәріңе жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде
Дарындылар елінде
Тапқыштардың тілінде,
Есеп шешіп, жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
2- Жүргізуші
Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық
1-жүргізуші
Асып әсте саспайық
Батыл қадам бастайық
Еркіңді билеп барынша
Жарыста сірә, қалыспа
Кеш қызығын ей, достар.
Осылайша шабытпен
Кәне енді бастайық.
2-жүргізуші
Мұнда қызық табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Айтыс, тартыс тағы бар
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.
О-о-ой, бір қызық кеш болар,
Өздеріңмен бес болар.
1-жүргізуші.
Құрметті оқушылар, ұстаздар « Математика, физика, информатика» апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік!
І кезеңіміз «Қызықты сұрақтар»



Математика:

1. Кері сандардың көбейтіндісі? (оң сан)
2. Кішкене ғана саусаққа ұқсайды ма білмеймін. Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Флэшка)
3. Ортақ бөлгіші 1-ге тең сандар? (өзара жай сандар)

4. Сәуленің 2 қуыршағы, 3алмасы,1 шоколады,2 апельсині,5 шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша жемісі бар? (10),
5. Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат)

6. Шеңбер бойындағы кез-келген нүктені центрмен қосатын кесінді? (Радиус)

7. 17 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан)
8. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет)
Физика:

1. “Эврика” - кімнің сөзі? ( Архимед )

2. Атомның құрылысын ашқан кім? (Резерфорд )


3. Электр заряды жоқ бөлшектер? ( нейтрон )

4. Алғашқы әйел ғарышкер? (Валентина Терешкова)

5. Күннің энергиясы Жерге қандай жолмен беріледі? (сәуле шығару)

6. Обсерватория деген не? (аспан жұлдыздарын бақылайтын орын)

Информатика:

  1. Ақпараттар ағынын , есіңде мол сақтайды. Оқушының сенімін , ол әркез ақтайды (Ж. процессор)

  2.  Аналитикалық машинаның жобасын жасаған кім? (Ж: 1834 жылы оқымысты Чарлз Бэббидж «аналиталық машинаның» жбасын жасады.)

  3. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см)

  4. Microsoft  фирмасын құрған адам (Ж: Билл Гейтс)

  5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірліктері (Ж: Бит)

  6. Windows сөзінің қазақша баламасы қалай аталады? (Ж: Терезе)

  7. Вирустың кері  әсерін жоятын программа (Ж: Антивирус)

  8. “Ақпарат” сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына береді?
    (түсіндіру, баяндау )

  1. «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді?

( Есептеуіш )

  1. Компьютердің теледидары? (монитор )





2-жүргізуші.

Шабыт тасып шалқысып,
Есеппенен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шерді шашайық
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық

Мұнда қызық табылар
Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар.
Айтыс, тартыс тағы бар
Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ.
Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ.
О-о-ой, бір қызық кеш болар,
Өздеріңмен бес болар.

2-кезеңіміз. «Ой жалғасы». Мақал – мәтелдер.


1) Жеті рет өлшеп, бір рет кес
2) Бір тал кессең, он тал ек
3) Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы
4) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді
5) Алты аға бірігіп, әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп, ана болмас
6) Досың болғанына мақтан,
Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.
7) Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім іл
8) Білгенін бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.

2-жүргізуші.


Президентіміз «ХХІ  ғасыр – білім мен ғылым ғасыры» деп атаған. Математика- ғылымдар патшасы, информатика- ақпараттар ғылымы. Яғни оған бүгінгі күнде көзіміз жетіп отыр, күннен күнге ғылым  мен техника өрлеп дамып келе жатыр. 50 елдің қатарына қосылу үшін әрбір жас өз үлесін қосу керек. Бүгінгі апталықтың ашылуын мен «Білімсіз –адам, тұзсыз тағаммен тең» деп аяқтағым кеп отыр. Барлығымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып  жұмыс жасайық. Білімді және Белсенді болыңдар!