ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 72

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Машиналар мен жабдықтар модификациясының бағасы болмаған кезде, базалық модельдер бойынша келтіру коэффициентін қолдану ұсынылады.

Бағалаушы әрекетінің жүйелігіне келетін болсақ, ұсыну және сату нарығы, бағалы ақпаратты жинауды, оны мәліметтер базасы түрінде ұйымдастыруды, ақпаратты вертификациялауды, оның нақты және лигиминттілігін анықтауды, олардың бағалау объекті атымен сәйкестігін анықтауы мен осы (салыстырмалы) негізде нарықтық бағаны немесе қарастырылатын объектінің орналасу бағасын талдауға пайымдалады. Осылайша, бұл әдістің екі аспектісі бар – ақпараттық және есептік-ұқсастық. Осыған қатысты негізгі мәселелерді қарастырайық.
Нарықтық бағалардың қайнар көздері мен түрлері
Нарықтық бағаның келесідей түрлері бар:

  • анықтамалық бағалар;

  • биржалық бағалар;

  • саудалық немесе тендерлік бағалар;

  • ішкі саудадағы нақты мәмілелердің бағалары;

  • импорттық (ішкі саудалық немесе нақты бағалар);

  • әлемдік бағалар.

Анықтамалық бағалар арнайы баспаларда (бағалық анықтамаларда, каталогтарда), газеттер мен журналдарда, ақпараттық бюллетеньдерде жарияланатын бағаларды білдіреді. Олар жанама өндірушілер ретінде де, олардың сауда делдалдары ретінде де бағалар негізінде қалыптасады және ұсыныс бағаларымен салыстырғанда төлем мен жеткізу шарттарына байланысты болмайды. Номиналды сипатқа ие жіберу нүктесінің рөлін атқарғанда нақты мәмілелерді жасауда сауда үрдісінің әсері көп. Кейбір ұйымдар кәсіби бағалаушыларға арналған машиналар мен жабдықтардың бағасы (анықтамалық бағалар) туралы мәліметтер базасын жүйелік түрде таратады және жүргізеді. Ұжым бойынша машиналар мен жабдықтарды қолданудың нарықтық бағасы туралы мәліметтер базасын құру актуалды мәселе болып табылады.

Қазіргі кезде анықтамалық бағалар көпшілік делдалдардың қымбат тұратын қызметтерін есепке алмағанда барлық жоғары дәрежеде отандық және халық аралық компьютерлік желілер бойынша таралатын, олардың пайдаланушыларына өнімнің жедел жарнамасын, бағаның салыстырмалы талдауын және қажетті тауарларға тапсырыс беру мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып мәліметтер базасының ажырамас бөлігі болып табылады.

Биржалық бағалар арнайы ұйымдастырылған шикізаттық, ауыл шаруашылық, тауарлық және тағы да басқа биржаларлық деп аталатын сапалы бір түрлі тауарлар нарығына әрекет етуші бағаларды білдіреді.


Бағалау мақсаттары үшін машиналар мен жабдықтардың тікелей қызығушылығы мен номенклатурасы сауда-өнеркәсіптік биржалардың ақпараттарын білдіреді. Биржалық сауда сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі жоғары деңгейімен, сұраныс пен ұсыныс бағасының құрылуымен сипатталады. Биржалық бағалар нақты мәмілелерді білдіреді, олар үнемі арнайы биржалық бюллетеньдерде шығарылады.

Саудалық немесе тендерлік бағалар – техникалық сипаты күрделі және машина-техникалық өнімдердің сиымды капиталын (металдық, энергетикалық және т.с.с. жабдықтарды, ауа және су және т.б.) сатып алуға және/немесе тапсырысты жасауға конкурстық кезде қалыптасатын бағалар.

Тендерлердің биржадан ерекшелігі – бірнеше сатушылар мен (орындаушылар немесе оференттер) бір сатып алушының арасындағы қатынастардың болуы болып табылады. Сондықтан да тендерлік бағалар, ереже бойынша, биржаларда немесе қарапайым коммерциялық келісім шарттар бойынша жүзеге асырылады.

Тендерлер, ереже бойынша, халықаралық саудада қолданылады және олар арқылы машина-техникалық өнім экспортының маңызды бөлігі өтеді.

Ұсыныс бағалары – бұл өнімнің тікелей өндірушілер, немесе олардың сауда делдалдарының бағасы. Олар прайс парақтарда, фирмалық және көрме каталогтарында шығарылады. Ұсыныс бағасы, ереже бойынша жеткізудің шартына (партия көлемі, комплектация, жеткізу шарты және т.б.) және төлемге (алдын ала төлеу, сол уақытта төлеу несиесі) байланысты дифференциалданады. Анықтамалық бағалар сияқты сауда үрдісінде ұсыныстар төмендетілуі мүмкін, мұны есте сақтау керек.

Бағалы ақпараттың мұндай түрінің маңызды көзі болып мерзім бойынша өтетін халықаралық, жалпы қазақстандық және аймақтық көрмелер және жәрменке, ерекше мамандалған трейд шоу болып табылады.

Ішкі саудадағы мәмілелердің нақты бағалары. Бұл бағалар нарықтық салыстыру әдісімен машиналар мен жабдықтар құнын бағалау арқылы алынады.

Импорттық (сыртқы сауда немесе келісілген) бағалар әлемдік бағаларды және өнімді, оларды есептеу құқығы заңды түрде орнатылған, жеткізуші-фирмалармен келісу нәтижесінде қалыптасады. Нақты мәмілелердің бағалары сияқты келісім-шарттық бағалар сирек жарияланады. Бұл бағалар туралы маңызды ақпаратты шетел жеткізушілерінің ішкі нарықтарында да жұмысты жүргізетін ұйымдар қарастырады. Сонымен қатар, негізгі өндірушілердің мәліметтер базасын қолдана отырып, олар әлемдік нарықтың конъюктурасын қарастырады, бұл машиналар мен жабдықтардың нақты бағасын анықтауға мүмкіндік береді.



Көп жағдайларда ол жеткізушілер-фирмасының ұсынысында көрсетілгеннен маңызды дәрежеден төмен болады.

Машина-техникалық өнімдерге әлемдік бағалар – жетекші өндіруші-фирмалардың және/немесе осы өнімді жеткізушілердің экспорттық бағалары. Компьютерлік техниканы , автотехниканы, ауыл шаруашылық машиналарды есептемегенде, халықаралық машиналар мен жабдықтарды сату бағалары туралы ақпарат өте сирек жарияланады.


    1. Салыстырмалы объектінің сәйкестік дәрежесін анықтау әдістері мен модельдері


Салыстырылатын машиналар мен жабдықтар бірлігі сәйкестігінің дәрежесін анықтауды таңдаған кезде олардың үш жақындылығын және ұқсастығын ажыратады.

Бірінші деңгей толық болуы мүмкін функционалдық ұқсастықты қарастырады. Функционалдық ұқсастық классификаторлардың көмегімен –амортизациялық шығару нормаларының анықтамасымен және т.с.с. анықталады.

Функционалдық ұқсастықтың екінші деңгейде болуы конструктивтік ұқсастықты, яғни конструктативтік сызба, құрамы, элементтердің бір типтілігі бойынша машиналардың ұқсастығы жоғары дәрежеде қарастырады.

Үшінші ұқсастықтың ең жоғары деңгейі параметрлік деп аталады. Ол сәйкестікті немесе тек конструкция мен салыстырылатын машинаның қызметіне емес, оның техника-экономикалық параметрлер мәніне және құрамына жақындылықты білдіреді.

Толығымен ұқсас болған кезде салыстыру объектісінің идентификациясы (теңдестіруі) қалыптасады, ал толық еместе – ұқсастық туралы ақпаратты қамтиды.

Семантикалық модельдерде құжатты ақпараттық-іздеу жүйелерінде (АІЖ) кең түрде қолданылады.

Іздеудің жылдамдығын және нақтылығын жоғарылату үшін қосымша ұқсастықтар базасының иерархиялық реттілігін ұйымдастырылуы қолданылады. Бағаланатын объект пен ұқсас-объектілерді n-өлшемді жазықтағы р(о) және р(а) нүктелері ретінде қарастыруға болады. Екі нүктелер арасындағы қашықтықты қою арқылы көп өлшемді жазықтықтағы өлшем таңдалады. Қашықтық түсінігі нүктелер арасындағы жақындық туралы түсініктерді қарастырады. Бұл мақсаттарда сызықтық және квадраттық өлшем қолданылады. Біріншіге байланысты екі нүктелер арасындағы қашықтық, олардың координаталарының айырмашылықтар модельдерінің соммасы ретінде анықталады. Екінші – координаталар айырмашылықтар квадраттарының соммасы квадраттық түбірі ретінде анықталады. Бірақ та, ең нақты қорытынды беретін – min және max өлшем. Оны қолданғанда, ең жақын нүкте болып координаталардың максимальды артықшылықтарын кемітетін (максимальды ауытқуды шектейтін) нүкте. Сонымен, екі нүктелер арасындағы қашықтық, мынадай формуламен анықталады:

(1)

Егер r = 2 болған кезде квадратталған өлшемді формуланы аламыз:

(2)
Егер r=1 болған жағдайда (1) формаласы мынандай түрде жазылады:
(3)
d(y,у'), аксиоманы қанағаттандыратын ара қатынастары мына формула арқылы анықтайды:

(4)

Осылайша, көп өлшемді жазықтықта нүктелер арасындағы және ұқсас-объектілердің жақындығын бағалауда қолданылатын әдістерді таңдаудың кең мүмкіндіктері бар. Берілген техникалық қасиеттерге қарап, өлшемнің әрқайсысында нақты мағына іздеу керек емес. Көптеген жағдайларда, жоғары келтірілген формулалар құрамына байланысты интерпретациялау өте қиын.

Сызықтық функциясы (3) қолданғанда әр түрлі ауытқулар мүмкін – белгілі бір параметрлер бойынша ұқсас-объект бағаланатын объектіге жақын, ал басқа сипаты бойынша ұқсамауы мүмкін. Сызықтық өлшемге қарағанда, квадраттық өлшем (2) көбірек біркелкі жақындайды. (4) формуланы қолданғанда ұқсас объектіні табу бірқалыпты болады. Бұл формуламен есептеу минимаксты деп аталады Өйткені, ең жақын нүкте максималды ауытқуды кемітетін нүкте болып табылады.

Әрбір жағдайда техникалық қасиеттердің сандық мағыналарын нормалау керектігін, яғни олардың абсолюттік емес, қатысты мағыналарымен есептерді жүргізу керек.
Сегізінші тарау
АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАҒАЛАУ

8.1 Жалпы мағлұмат



Әдістемелік әзірлеме негізі көліктің бағасымен, яғни шыққан жылы, алғашқы бағасы, жүргені және техникалық жағдайымен байланысты.

«Автокөліктердің өзіндік тозу есебі мен техникалық жағдайын көрсету кезіндегі автокөліктің құнын анықтау бойынша әдістемелік басқару» құжаты негізінде автокөліктің бағалауын жүргізеді.


    1. Бағалауды қолдану аймағы


Бұл бағалау түрін шет елдерде шығарылатын жеңіл және жүк көліктерінің, автобустар мен әр түрлі маркадағы мототехникалардың құнын анықтау кезінде қолдану үшін арналған.

Әр түрлі жағдай үшін құнды анықтау кезінде ұсынылған әдістерді пайдалану барысында есебінің шешімі анықталады, яғни:

  • Кәсіпорындағы көлік құралдарын негізгі қор ретінде немесе көлік құралын жалға беру және сату үшін бағаны анықтау кезінде;

  • Сенімді басқаруға өткізу немесе жекешелендіру мақсатында;

  • Кепіл ретінде көлік құралын қолдану кезінде;

  • Мүліктік дау шешімдерін реттеу үшін;

  • Салық салу есебін жүргізу мақсаты үшін.

Берілген әдістеме заңдылықтар мен құқықтық норма талаптарына сәйкес міндетті орындалуы керек. Автокөлік құралдарын бағалау бірнеше кезеңдерден тұрады.


    1. Бағалау кезеңдері


Тапсырыс берушімен кездесу. Бағалау жүргізу туралы келісім шартқа тұру
Бірінші бағалау кезеңде бағалаушы мен бағалауға тапсырыс берушінің кездесуі, демек көлік құралының иесі немесе оның сенімді тұлғасы. Сонымен қатар көлік құралына тапсырыс беруші болып, заңды немесе жеке тұлғалар, басқа да қызығушылық білдіретін ұйым, яғни банктер, сауда немесе сақтандыру компаниясы, салық, сот, құқықты қорғау органы болып табылады. Сондықтан бағалаушы тапсырыс берушінің бағалауға тапсырыс беруге құқығына көз жеткізе отырып, көлік құралын иемдену құқығы, тапсырыс берушінің жеке құжаттарымен танысу керек. Тапсырыс беруші бағалаушыға бағалау мақсатында көліктің көзге көрілмейтін бөлшектердің дефектілері мен бұзылысын айқындап көрсетуі қажет. Көлік құралының иесі берілген жұмыстың бағасымен танысып, бағалау жүргізуге келісім шартқа тұру ұсынысын береді.

Кейбір кезде бағалаушы жанжалды шешуге және оған қатысуға мұқтаж етіледі. Мұндай жағдайда: жол– көлік қатынастар оқиғасының нәтижесінде зардап шеккендер және соттық дау шешімдері үшін көлік құралдарының құнын анықтайды.