Файл: ыса мерзімді жоспар Пн аза тілі Т2 Блім Мені отбасым жне достарым.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 6

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: 3. Менің отбасым және достарым

Күні :

Педагогтің аты-жөні:

Сынып: 1

Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: Менің досым

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

1.1.4.1 мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну;

1.2.2.1* сурет/үлгі бойынша хабарлы және сұраулы сөйлемдердің интонациясын дұрыс қойып сөйлеу (1-2 сөйлем);

1.3.4.1* мұғалімнің қолдауымен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою және қысқаша жауап беру.

Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар: өзінің досы туралы айта алады (оның атын, неше жаста екенін, нешінші сыныпта оқитынын, қандай екенін).

Оқушылардың басым бөлігі: сөйлеу барысында жіктік жалғауын дұрыс қолдана алады, сұрақ қоя алады.

Кейбір оқушылар: өздерінің достары туралы қосымша ақпарат бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)

Оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындығын тексереді.

«Күлкі сыйла» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.

Қолпаштау





Сабақтың ортасы

(6-32 минут)


1.Тыңда. Қайтала.
Сөздікпен таныстыру:

Дос-друг

Жақсы-хороший

.

2. 1 –тапсырма. Тыңда. Қайтала. Үлгі бойынша сөйле

Мұғалім оқушыларға дос сөзінің мағынасын және оның тәуелдік жалғауының 1-жағында қолданылуын түсіндіреді. Сондай-ақ осы тапсырмада берілген сөйлесу үлгісі бойынша, оқушылар Айбектің неше жаста екенін және нешінші сыныпта оқитынын біледі:

-Сен неше жастасың?

-Мен жеті жастамын.

-Мен бірінші сыныпта оқимын.
3.2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

4. 3-тапсырма. Тыңда, қайтала, үлгі бойынша сөйле.

.

Тыңдалым,айтылым.

1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісі бойынша дос сөзімен танысады.

Бұл – менің досым.

Оның аты – Айбек. Ол күшті.

Сен неше жастасың?

Мен жеті жастамын.

Мен бірінші сыныпта

оқимын.

Тыңдалым,айтылым.

Оқушылар Айбектің неше жаста екенін, нешінші сыныпта оқитынын және оның қандай екенін айтады.

Айбек неше жаста?

Айбек нешінші сыныпта оқиды? Айбек қандай?
Айтылым.

Бұл – менің досым. Оның аты – Ақылбек.

Ол күшті, ақылды. Ол жеті жаста. Ол бірінші

сыныпта оқиды. Ақылбек – жақсы дос.


«Бас бармақ»


Дескриптор

- үлгі бойынша сөйлейді,

- тілдік нормаларды сақтайды


Слайд

Слайд

Оқулық 42 бет

Слайд

Оқулық

43 бет




Сергіту сәті

Бала, бала, балапан,

Кәне, қайсы, алақан?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.







5. Жазылым.



1-тапсырмада оқушылар доп, кітап, текше сөздерін қайталайды, сурет бойынша айтады.

Содан кейін оларды санап, жалпы санын цифрмен жазады.

2-тапсырмада оқушылар суреттерге мұқият қарап, суреттегі балалардың неше жаста екенін анықтайды. 2, 10, 6 тірек цифрларды суретке сәйкес қолданады. Өз жауаптарымен тапсырмада берілген сөйлемді толықтырады.

3-тапсырмада оқушылар суретте берілген кітап, қарындаш, қалам, дәптердің санын аудиодиск арқылы тыңдап, цифрмен жазады.

Жазу дәптері №1




6. Мұғалім :

Тыңда. Үлгі бойынша сөйлес.

4-тапсырмада оқушылар тірек сөздер бойынша өз достары туралы айтады.

Айтылым.

– Бұл кім?

– Бұл – менің досым.

– Оның аты кім?

– Оның аты – Ақылбек.

– Ол неше жаста?

– Ол жеті жаста.

– Ол нешінші сыныпта оқиды?

– Ол бірінші сыныпта оқиды.

– Ол қандай?

– Ол күшті, ақылды.

Дескриптор: − тірек сөздерді қолданып, өз достары туралы айтып береді.




Сабақтың соңы

«Дұрыс-бұрыс» ойыны







Кері байланыс

«Бағдаршам» әдісі

Қызыл- мүлдем түсінбедім

Сары- жартылай түсіндім

Жасыл-толық түсінікті

Оқушылар сабақта алған білімдерін бағдаршамның түстері арқылы түсінгенін білдіреді