ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«№3 ЖББМ» КММ

«Жұлдызды сәт»


(математикалық сайыс)

Сынып: 5,6

Пән мұғалімі: Норболоодқызы Ә


Тақырыбы: «Ұшқыр ойлы топ» атты математикалық сайыс

Мақсатымыз:
Математика пәніне қызығушылығымызды арттыра отырып, дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбектене білуге үйрену.

Ойлау қабілетімізді, математикалық сөздік қорымызды дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерімізді жетілдіру.

Көрнекілігі:   интертақта, карточкалық  тапсырмалар, логикалық  есептер, әр топқа  даярланған  үстел.

Түрі:  топқа  сайыс  сағаты

Типі:  ойын  түрінде

Математикалық сайыстың барысы:

  Армысыздар, құрметті ұстаздар қауымы мен оқушылар! Бүгінгі «Жұлдызды сәт» атты 5,6 cыныптар арасында өткізілгелі отырған математикалық сайысымызға қош келдіңіздер! 

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Негізінен 5,6- сынып оқушыларының арасындағы ұшқыр ойлыларынан құралған 3 топты ортаға шақырып, құрмет — қошемет көрсетіп қояйық.

Жарыс десе жаныңыз,
Жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көріңіз,
Жеткенінше әліңіз (шамаңыз).
Алғырлар мен тапқыштар,
Бар өнерін салады.
Математика сырлары,
Қызықтырады біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді — дей келе, сайыскерлеріміздің білімі мен біліктілігіне қара қылды қақ жарып әділ баға беретін Әділқазылар алқасын таныстыра кетейік. 

1-кезең. «Таныстыру»  

2-кезең. «Қас қағым сәт» (Бұл кезеңде топ басшылары қатысады)

3-кезең. «Жорға» —Математикалықжұмбақтаршешу.

4-кезең. «Математика және.»

 5-кезең. «Көкпар»

Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар-деген. Ал қазір әр топтың топ басшысы өз тобының мүшелерімен таныстырып өтсін.

І-кезең. Таныстыру . Әр топ эмблемасын топ  атын,ұранын таныстырады

Өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысуға даяр болсаңыздар, Сайысымызды бастайық. Сайысты бастар алдында оның өту тәртібімен таныстырып өтейік.

 ІІ-кезең «Қас қағым сәт» (Бұл кезеңде топ басшылары қатысады). Әр топқа 5 сұрақтан   сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.

І топқа;

1. Алматыдан Астанаға дейін ұшақ 1 сағат 30 минут ұшты, ал қайтарда сол жылдамдықпен 90 минут ұшты. Бұл қалай? (1 сағат 30 минут – 90 минут)


2. 62 -6 неге тең? 30

3. 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300 – ден артық та, 310 – нан кем. Берілген санды тап? 307

4. Ең үлкен үш таңбалы сан? 999

5. Бір жылда неше тәулік бар? 365

ІІ топ:

  1. Үш ат жегілген күйме 1 сағатта 15 км шауып өтті. Әрбір ат қандай жылдамдықпен шапты? (15 км/сағат)

2. 52 -5 неге тең? 20

3. Қосудың теңдігі? қосынды

4. Ең кіші үш таңбалы сан? 100

5. Бір минутта қанша секунд бар? 60

ІІІ топ

  1. Торғайлар ұшып келіп бұтаққа қонды. Егер торғайлар бұтаққа бір - бірден қонса, бір торғай артық, ал екіден қонса бір бұтақ қалады. Торғай қанша, бұтақ қанша? (4 торғай, 3 бұтақ)

2. Қай санды бөлуге болмайды? 0

3. Ең үлкен екі таңбалы сан? 99

4. 6 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 500 – ден артық та, 510 – нан кем. Берілген санды тап? 506

5. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш? шаршы

 Ең қиыны жарыстың «Жорға» келді

Мықтылары келіпті, жеңсін енді.

Тез жауап бер, ойланып тұрып қалмай

Осы ойыннан көрейік ерен ерді.

Келді кезек жұмбақтарды шешуге,
Жақсы баға, шәкірт саған несібе.

ІІІ кезең. «Жорға» — Математикалық жұмбақтар шешу. Дұрыс жауапқа-5 ұпай беріледі.

1

Алпыс төрт тең бөлмеде

Отыз екі тұрғын бар.

Ақ, қара қып бөлгенде,

Бірін-бірі қуғандар                               

Шахмат

 №2

Қос құлақты, жүз тісті,

Жүзінен бір-ақ із түсті.               

Ара

 №3

Бес бұтақты теректе

    Бұтақ сайын  5 алма

     Біреуін бер Берікке

    Қалады сонда қанша алма?

Жауабы: Теректе алма өспейді

4

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді?                  

Жауабы: 30 қаз

 №5    Санның бөлінген

 Есептеледі бізбенен

Жасалған істің өнімі,

 Өнім артық 100 болса,

Істің алға басқаны.

Өнімі кіші 100 болса,

Берекеңнің қашқаны.

Босқа кетіп төккен тер,

 Жамағаттың сасқаны              

Жауабы: процент

 №6 

Айқасқан екі таяқ,

Тұрады жоқты сұрап                  

Жауабы: х

 №7

Жоқ   өзінде баста, қаста, мойында.

Ұзындығы жазулы тұр бойында.                                  

Жауабы:  сызғыш

 №8

Шекер  жейтін  ақ  құтан

Бір   қазыққа  байланды

Аузына    тістеп  шекерін

Оң  қазықты   айналды.    

Жауабы: циркуль


9

Атандан 10 баламыз

Бір – бір жастан арамыз

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз

Жауабы: сандар

10

Он бір түйе, 5 жылқы,

2 сиыр, 5 ешкі

2 қоян, 3 түлкі

Таба алмасаң бос күлкі.

Жауабы: 28

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер,
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер,-дегендей, өз білімдеріңіз бен ақылдарыңызға сене отырып, сайысымыздың келесі кезегі

ІҮ кезең. «Математика және.» –

Жүргізуші:
Ұлттық ойын көкпар!
Білекті жігіт, белді ат,
Жекпе-жек, тартысты сәт,
Тақымы тастай, батыр ұлдар мен сәйгүліктер додасы.

V-кезең. «Көкпар»

Ойынның шарты:

Әр дұрыс орындалған тапсырмаға 2 ұпай беріледі. Адасқан әріптерді орнына қой

АНС               САН

ЗҮУТ             ТҮЗУ

УБК                КУБ

ЛЕСУӘ          СӘУЛЕ

ҰРШЫБ         БҰРЫШ

ӨЛКЕШБ       БӨЛШЕК

КИРЬЛУЦ     ЦИРКУЛЬ

ЦИПОРЯРОП ПРОПОРЦИЯ

ЕШБЕҢР     ШЕҢБЕР

ӘРЕДЕЖ    ДӘРЕЖЕ

СШТАБМ   МАСШТАБ

Білім деген биік шың ,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың ,
Қиындықтан өткізер — деп интеллектуалды сайысымызды аяқтаймыз.

Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған!

Математиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің!

Әділқазы бағалау 

Қорытынды