Файл: Туелсіздік ел тірегі! Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәуелсіздік - ел тірегі!

Мақсаты: Туған ел, Отан туралы балалардың түсініктерін кеңейту,ойлау,сөйлеу қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту,туған елге деген сүйіспеншілігін,патриоттық сезімін тәрбиелеу.

Балалар әуенмен залға кіреді,қонақтармен амандасу.

Қазақстан Республикасының әнұранын орындау.

Жүргізуші: Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын,айналайын,жас өркені халқымның.
Жүргізуші: Бәрі де сенің Отаның,

Бойыңды биіктететін

Рухына балап атаның

Өлгенше сүйіп өтетін

-ҚР қандай мемлекет?

-Тәуелсіздікке биыл неше жыл?

-Қазақстан туралы не білеміз?(Дұрыс әрі тез сұраққа жауап беру)

1.Біздің мемлекет қалай аталады?

2.Ел басшымыз кім?

3.Бас қалаңды ата.

4.Ұлтың қандай№

5.Сен тұратын ауыл қалай аталады?

6.Қай тіл мемлекеттік тіл?

7.ҚР рәміздерін ата.

Келесі кезекті балалардың тақпақтарына берейік

Әмина

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.
Сағира

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым.

Айнұр

Түсті бақыт жолына,

Менің Қазақстаным

Саяна

Құт береке шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім- Елтаңбам!

Бекарыс

Көк байрақ, көк аспан,

Алтын күн нұр шашқан,

Әлемге танылған.

Тәуелсіз Қазақстан

Біздің қыздарымыздың қазақ биін тамашалаңыздар!

Би: «Қазақ биі»

Келесі кезекті балаларымыздың тәуелсіздік күнімізге арналған тақпақтарына берейік.

Айару

Тәуелсіздік таңын сүйем,

Күн шуағы төккен күн.

Елім менің, жерім менің.

Баққа қолы жеткен күн

Қаламқас

Қазақ жері сәніміз,

Мәуесі мол бағымыз

Саясында жетілер,

Балдай бала шағымыз

Думан

Отан елдің анасы,

Отан жердің анасы.

Бақытты ғой дәл мендей,

Тәуелсіз елдің баласы.

Ділда


Бабамның да рманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары.

Бақ береді баршаға.

Аяулым

Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген.

Азатты елдің қызымын,

Теңескен төбем көкпенен.

Ойын: «Бәйтеректі құрастырайық!»

1986 жыл.Желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты.Желтоқсан желі дауылға айналды.Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

Туған елдің азаматтығы мен тәуелсіздігі жолында Қ.Рысқұлбеков, Ляззат Асанова, Ербол Спатаев сияқты көптеген қазақ жастары Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлық пен ерлік көрсетіп, құрбан болды.

Жантілек

Атамекен ақ үйдің,

Азат болған күні,

Айша бибі

Құндақтағы сәбидің,

Қазақ болған күні бұл.

Нұрлат

16 – желтоқсан,

Ел мерекесі тасыған.

Қазақ деген халық жұрт,

Бәрін кешті басынан.

Диас

Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқап ескенсің,

Азаттық күйі қашаннан,

Көкейін елдің тескенсің.
Еркеназ

Бейбітшілік әніміз,

Бауырласпыз бәріміз.

Ақгүл

Қазақстан даласында,

Жарасады сәніміз

Шыңғыс

Еркіндікті ежелден .

Бабам аңсап зарықты.

Әсел

Енді міне, біз тәуелсіздік ел болдық,

Басқалармен терезесі тең болдық,

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай.

Отан үшін болуға да құрбандық

Тәрбиеші: Мен қазақпын қаныммен сүйегіммен,

Сән – салтанат, салтымды сүйемін мен.

Бақ орнатам, осынау кең далаға,

Мұрагермін, оған да иемін мен!

Осылай қазағымның бостандығын көрсем екен, еңбегін, өнерін көркейтсем екен, елім деп еңіреген халық ұлдарына үш би өз кеңестерін, ақыл даналықтарын айтып отыр.

(Ортаға үш би шығады)
Төле би:

Шешендіктен не пайда,

Артында сөзі қалмаса.

Батырлықтан не пайда,

Халқына қайран қалмаса.
Қазыбек би:

Отбасыңда білгір қартың болса,

Ол жазылған хаттан кем емес.
Әйтеке би:

Елім аман, жұртым тыныш,

Батыр ұрпақ аман бол.


Өсіп - өнер өрендерім,

Арқа сүйер панам бол!

Бала: Баба өсиетіңізді естідік,

Қабыл алды жас ұрпақ.
Төле би:

Балалар, сендер аман болыңдар,

Елімізді көркейтіңдер.
Бала: Рахмет, сізге би ата.

Тәрбиеші: Осылай билер елінің ұлы мен қызын болашаққа білімді, ал елін тәуелсіз мемлект болуын армандаған бабаларымыздың армандары орындалып, Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды.

Желбіресін байрағың желді күнде

Биіктесін мәртебең елдігің де.

Таныта бер,ұлы Тіл,бар әлемге

Керегеңнің кеңдігін де,теңдігін де!

Сәулесі бар нұрында таңғы үміттің

Басын қосқан сан халық,сан ғұрыптың.

Даңқың артсын,егеменді елім менің

Серігіне айналшы Мәңгіліктің!

(Музыкалық аппараттан «Желтоқсан желі әні естіліп тұрады)

Ән: «Көк тудың желбірегені!»

Ата- аналарға арналған сауалнама.

1.Сіз тұратын ауылдағы бөбекжай туралы не ойлайсыз:

а) біздің аудан арасындағы ел арасына әйгілі,

ә)көпшілікке белгісіз,

б) ол туралы ештеңе айтылмайды,

в) жауап беруге қиналамын.

2.Сіздің балаңыз бөбекжайға қалай барады?

а) рахаттанып ә) күшпен

б)көбіне ризашылықпен в) ықыласпен сирек

3.Сізді педагогтардың жұмысы қанағаттандырама?

а) толығымен ә) кейде

б) мүлдем қанағаттандырмайды

4. Бөбекжайдың жұмысы туралы хабарыңыз

а) толық ә)ішінара

б) ешқандай в)алаңдаушылық

5.Бөбекжайдың жұмысына қатысуға ынтаңыз?

а) шешім шығаруға

ә) білім беру үрдісінде,

б) жиналыстарға

6.Жұмыс туралы мәліметті алу жолдары?

а) көрнекі ақпараттан ә)педагогтан

б) жиналыстан в) ата-аналардың әңгімесінен

г) мекеменің басшысынан

7. Мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын жақсартудағы үмітіңіз?

а) Материалдық базаны жетілдіру,

ә) Балаларға деген көзқарасты өзгерту.

Күн тәртібі:

1Баяндама:

Сәбилер тобының тәрбиешісіТелеуова Айнагүл Талапқызы « «

2Бір жылдық жұмыстын қортындысы (Диагностика

3Жазғы сауықтыру

Талдыапан ауылы

«Балбөбек» бөбекжайы

жұмысқа қабылдау туралы

Бұйрық №21.

Жалмағанбетова Айнагүл Қуандыковна 0,5 бірлік есепші қызметіне


тағайындалсын.

Бөбекжай меңгерушісі: Ж. Серік.

06.06. 2016 жыл.