Файл: Білім беру йым атауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 31

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Білім беру ұйым атауы

15 тірек мектебі

Бөлімі

Классикалық музыканың үздік туындылары


Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:



Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Орган музыкасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.1 – классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау;

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: музыкалық шығарманы талдайды және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды.

Көпшілік оқушылар: классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтайды.

Кейбір оқушылар:Өз шығармашылығын көрсете алады.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соң



Амандасу.

«Сәлем»
1) Бас бармақтарын тигізеді - Саған,
2) Екінші саусақтарын тигізеді - Әрқашан,
3) Ортанғы саусақтарын тигізеді - Үлкен,
4) Аты жоқ саусақтарын  тигізеді - Табыс,
5) Кішкентай саусақтарын тигізеді - Тілеймін, 
6)Алақандарын тигізіп, амандасады - Сәлем!
Тапсырма.Талқылау.

«Аспаптар галереясын» қараңыз:

  • Қандай аспаптар бейнеленген?

  • Олар қандай топқа жатады?

  • Бұл аспаптың көзбе көз қандай ерекшелігін байқадыңыз?

  • Қалай дыбыстайды деп ойлайсыз?

Орган аспабы туралы оқушыларға ақпарат беру.

Орган (грек.огgаnоn – құрал, аспап) – үрмелі клавишті музыкалық аспап.

Органның алғашқы түрлері Грекия, Италия, Египет, Византия елдерінде пайда болды. 7 ғасырдан бастап Еуропада, көбіне шіркеулерде хорды сүйемелдеу үшін пайдаланған. Органның дыбыс тембрі ерекше және түрлі регистрде шығады. Ол күрделі механизмдерден тұрады. Оның металдан жасалған ұзындығы әр түрлі түтіктері болады. Әр түтік белгілі тембрде бір дыбыс шығарады. Әрбір регистр үрлеп ойнайтын бір музыкалық аспабының дыбысын береді. Сөйтіп, түтіктен шыққан бір дыбыс пен бір уақытта шыққан бірнеше регистрлер бүкіл оркестрдің дыбысын құрайды. Органның 1 – 7 мануал (әрқайсысында 72 клавиштан), аяқпен басатын педалі болады. Органға арналған ноталар скрипка мен фортепьяноға жазылатын сияқты үш түрлі нота сызықтарына жазылады. Органға арнап И.С. Йоганн Себастиан Бах, В.А. Моцарт, Л.Бетховен, Й.Гайдн, И.Брамс, Д.Шостакович, т.б. композиторлар шығарма жазған. Орган Алматыда Құрманғазы атындағы қазақ консерваториясының үлкен залында (1967) орнатылып, орган класы ашылған.  Алматыдағы Қазақ филармониясында, Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясында (2005) орган орнатылды.
Тапсырма.Тыңдау және талдау.

И.С Бахтың «Токкатамен фуга»ре миноршығармасынан (аудио, мүмкіндік болса видеожазба) үзінді тыңдатып, оқушыларға топтаталдатыңыз. Сұрақтарды топтарға қағазға түсіріп беру немесе слайдтан көрсету. Әр оқушының қатысуын қадағалау.

1 топ:

  • Бұл аспаптың ерекшелігін шығарма аша алдыма?

  • Әлде керісінше, шығарманың ерекшелігін аспап көрсетті ме?

2 топ :

  • Шығарма қандай музыканың түріне жатады?

  • Сіз шығармаға қандай атау қояр едіңіз?

3 топ :

  • Композиция тыңдау кезінде қандай сезімде болдыңыз?Неліктен?

  • Токката мен фуга көз алдыңызға қандай бейнелер суреттеді?

Кері байланыс:

«Интервью»

Оқушылар бір-бірімен амандасады.

Оқушылармен ой бөлісу

Оқушы пікірі

Оқушылар топпен жұмыс жасайды.

Классикалық музыка жанры туралы пікір алмасады.




Бас бармақ







http://youtube.com/watch?v=yEe-npT744s

https://www.youtube.com/watch?v=qPNtI2wM9YoИнтерактивті


Микрафон




Білім беру ұйым атауы

15 тірек мектебі

Бөлімі

Классикалық музыканың үздік туындылары


Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:



Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Орган музыкасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.1 – классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау;

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: музыкалық шығарманы талдайды және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды.

Көпшілік оқушылар: әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындайды.

Кейбір оқушылар: Шығармашылық жұмыстар жүргізеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы



«Сәлем»
1) Бас бармақтарын тигізеді - Саған,
2) Екінші саусақтарын тигізеді - Әрқашан,
3) Ортанғы саусақтарын тигізеді - Үлкен,
4) Аты жоқ саусақтарын  тигізеді - Табыс,
5) Кішкентай саусақтарын тигізеді - Тілеймін, 
6)Алақандарын тигізіп, амандасады - Сәлем!

«Маңмангер» әні

-Осы әнде Ақан сері өз сәйгүлігін қалай бейнелеген?

-Әннің орындалу мәнері қандай?

Ғабит Төлеутайұлы Несіпбаев (1962 жыл 2 қаңтар Алматы қаласы) - пианист, органшы.

Несіпбаев Ғабит Төлеутайұлы дүниеге келгені:2.1.1962

Алматы қаласы .Мансабы:

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік

филармониясының органшысы

.Әкесі - Төлеутай Несіпбаев, зейнеткер, биология ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, физиология кафедрасының меңгерушісі.

Анасы - Несіпбаева Рахия Тастанбекқызы,марқұм, тарихшы болған.

Үйленген. Жубайы - Сөйітақан Анар Сейітмаханқызы (1966 ж. т.).

Ұлдары - Нөсіпбаев Әділ Ғабитұлы (1983 ж. т.), Төлеутай Абзал Ғабитұлы (2002 ж. т.).[1]

Өмірбаяны:Екі мәрте Ленин орденді П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының фортепиано Музыка факультетін (1985) органшы, пианист мамандығы бойынша;

П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын бітірген (1987).

Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының 60 жылдығына арналған «Құрманғазы атындағы ұлттық онсерваториясының тарихы» атты мерейтой басылымының авторы (2004).

1985 жылдан - Жамбыл Қазақ мемлекеттік филармониясының органшысы.

1997 жылдан - Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының оқу жұмысы жөніндегі проректоры

2002 жылдан - стратегиялық даму және ұйымдастыру жұмыс жөніндегі проректоры.

2005 жылдан бері - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының органшысы.
Кері байланыс:



Оқушылар амандасу рәсіміне кіріседі.

Классикалық музыка жанры туралы пікір алмасады.
Қазақ халқының органшысы туралы мағлұматпен танысады.

Оқушылар стикер арқылы ой білдіреді.








http://youtube.com/watch?v=iEW8KULpnkg
http://youtube.com/watch?v=_XAiTCSpcoU

Стикерлер





Білім беру ұйым атауы

15 тірек мектебі

Бөлімі

Классикалық музыканың үздік туындылары


Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:



Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Симфониялық музыка

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.1.2 – оркестрлер түрлеріндегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажытару, оларды топтар бойынша жіктеу;

6.1.2.1 – классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: музыкалық шығарманы талдайды және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды.

Көпшілік оқушылар: Оркестр түрлерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Шығармашылық жұмыс жасайды.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соң



Сәлемдесу.

1-тапсырма.Тыңдау және талдау.

Топта шығарманы талдауға белгілі уақыт беріп, жауапты тыңдау:

1 топ:

  • Симфония дегеніміз не?

  • Симфониялық музыканы кім орындайды?

  • Қандай жанр?

2 топ:

  • Симфониялық музыканы қандай аспаптар орындады?

  • Олар қандай аспаптар тобына жатады?

3 топ:

  • Симфониялық оркестрді кім басқарады?

Оркестрде дирижердың рөлі?

2-nапсырма. Ақпарат іздеу.

Симфониялық музыка – симфониялық оркестрде орындауға арналған күрделі музыкалық шығарма. Симфониялық музыканың негізгі жанрлары: симфония, увертюра, концерт, сюита, симфониялық поэма, фантазия, т.б. Классикалық музыканың негізгі даму кезеңдері – музыкалық классицизм (1750–1820), романтизм (1800–1910), импрессионизм. Өзіне дейінгі кезеңдердің жетістіктерін дамытқан ХХ ғасырдағы сим- фониялық музыкада мазмұн мен құрылым жаңарды.
ХVІІІ ғасырда симфониялық оркестрдің классикалық түрінің қалып- тасуына байланысты симфониялық музыка кеңінен дамыды. Оның негізін салған композиторлар – Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Мо- царт, Людвиг ван Бетховен. Олар – Вена классикалық мектебінің өкіл- дері. Олардың шығармашылығында симфонияның классикалық (төрт бөлімді) үлгісі, сондай-ақ концерт (үш бөлімді), увертюра (бір бөлімді), т.б. туындылар қалыптасты. 

Симфониялық оркестр

Әлемде оркестрдің әмбебап сегіз түрі бар. Әр оркестр музыка бағытына қарай түрленіп, құрамы өзгеріп отыруы мүмкін. Бірақ ортақ, негізгі бірлестік сол қалпында қалады. Классикалық музыка, халық музыкасы мен әскери музыка болып және аспап түрлеріне қарай бөлініп кете береді.Қазіргі уақытта Қазақстанда оркестрдің алты түрі бар: халық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, экстрада оркестрі, әскери оркестр, джаз оркестрі және ішек аспаптар оркестрі.

Батыс Еуропа мәдениетіне тиесілі академиялық музыканы орындаушы алып оркестр. Ішекті, ысқылы, үрмелі және соқпалы музыка аспаптары тобынан құралады. Мұндай оркестрлер алғаш рет Еуропада XVIII ғасырда құрылған. Жиырмадан астам аспап түрі енеді.Қазақстанда симфониялық оркестрді құруға Ғ.Жұбанова, Н.Тілендиев, Б.Жұманиязов сынды композиторлар елеулі еңбек сіңірді.

Қазіргі уақытта елімізде ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестр жұмыс істейді. 1958 жылы құрылып, Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония құрамына енді. Ал Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігіне қарасты симфониялық оркестрдің іргесі 1983 жылы қаланған.

Кері байланыс

Үш тілде амандасады.
Шығарманы тыңдап, талдау жұмыстарын жасайды.
Постер қорғайды

Оқушылар оркестр түрлерімен танысады.

Оқушылар пікірі










http://youtube.com/watch?v=RKdwlwTx7eQ

http://audio.nur.kz/25391-volfgang-amadej-mozart-simfoniya-40

Қазақстандағы оркестр түрлері (massaget.kz)





Білім беру ұйым атауы

15 тірек мектебі

Бөлімі

Классикалық музыканың үздік туындылары

Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:



Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Симфониялық музыка /жалғасы/

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.1.2 – оркестрлер түрлеріндегі музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажытару, оларды топтар бойынша жіктеу;

6.1.2.1 – классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: музыкалық шығарманы талдайды және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтайды.

Көпшілік оқушылар: Оркестр түрлерін ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Шығармашылық жұмыс жасайды.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соң



Сәлемдесу.

1-тапсырма.Ақпарат іздеу

Мусин Қапан Әубәкірұлы (1 қаңтар 1921Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Асуба ауылы – 21 сәуір 1970Алматы) – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1968)

Мусиннің анасы – халық ақыны Халима Өтеғалиева баласын жастайынан өнерге баулыған.

1934 ж. Алматы музыкалық училищесін (И.Лесманның скрипка класы бойынша) бітірген.

1939 ж. Мәскеу консерваториясының қазақ студиясына қабылданды.

1940 ж. осы консерваторияның композиторлық бөліміне ауысты. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

1943 – 1953 ж. Қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестріне дирижерлік етті.

1954 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясының композиция факултетін (профессор Е.Г. Брусиловскийдің композиция класы) бітірді.

1954 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы мемлекеттік консерваториясында (композиция кафедрасында, 1961 – 1970 ж. фольклор кабинетінің меңгерушісі) ұстаздық қызмет атқарды.

Мусин қазақ композиторларының арасында алғашқылардың бірі болып симфониялық шығарма жазды. [1]

Композитор шығармашылығының дені симфониялық шығармалар, тақырыбының негізгі арқауы – Отан, еңбек адамдары. “Жайлауда” (1948), “Халықтар бақыты” (1953), “Колхоз тойы” (1953), “Мерекелік” (1965) симфониялық поэмалары, 3 симфониясы (І – “Гүлденген Қазақстан” – 1961, ІІ – 1963, ІІІ – 1970); “Тың туралы кантата”, “Сейфуллин туралы поэма-баллада” атты музыкалық хореграфикалық композиция, ұлт аспаптар оркестріне арналған поэмасы, шекті аспаптарға арналған 2 квартет, скрипка мен фортепьяно үшін И.В. Панфиловқа арналып жазылған сонатасы, т.б. камералық, драмалық қойылымдарға жазған музыкалары қазақ музыкасының озық үлгілері болып табылады. Сонымен қатар, Мусиннің камералық, вокалдық-хор, ән-романс жанрларында жазылған шығармалары ел ішіне, кәсіби музыканттар арасына кеңінен тарады. Оның “Әнші сыры”, “Егіншілер әні”, “Достар әні” атты туындыларын әнші Ж.Елебеков орындады. Сазгердің әр кездері шырқалып жүрген “Сайра, бұлбұл”, “Почтальон”, “Қыз әзілі”, “Жас түлек”, “Жеңеше”, “Сүйікті жарым”, “Қымбат дәурен”, “Бақытысың сен кімнің”, “Аналардың қолдары” сияқты ән мұралары бар. Олардың қатарына аяқталмай қалған “Таң шолпаны” (1967, клавир), “Жаяу Мұса” (1970, бір актісі біткен) операларын қосуға болады.

Абай өлеңіне хорға арнап «Күз» деген ән шығарған.

2-тапсырма.Тыңдау және талдау.

«Жайлауда» симфониялық поэмасы


«Ақ дариға» әні
«ҚҚҚ»әдісі

-Мен үшін қызықты

-Мен үшін қиын

-Мен үшін қажет

Үш тілде амандасады.

Оқушылар Қапан Мусиннің өмірі мен шығармашылығымен танысады.

Оқушылар талдау жасайды.

Әнді үйрену

Оқушы ойы








http://youtube.com/watch?v=2cNtxa_XQSU

http://youtube.com/watch?v=tZGukqg0BAE

домбыра





Білім беру ұйым атауы

15 тірек мектебі

Бөлімі

Классикалық музыканың үздік туындылары


Педагогтің аты жөні:

Акдаулетова С

Күні:




Сынып:



Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Опера өнері және балет өнері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.2.1 – классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтау;

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

6.1.3.2 – әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндердің орындау тұрлерін салыстыру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: классикалық музыка жанрлары мен түрлерін анықтайды.

Көпшілік оқушылар: Екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындайды.

Кейбір оқушылар:Шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі (уақыты)

Педагог әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соң



Сәлемдесу.

1 Тапсырма. Тыңдау және талдау.

«Біржан-Сара» операсынан үзінді. «ТОЙ»

-Бұл шығармада қандай музыкалық жанрлар топтасқан?

-Опера дегеніміз не?
Опера – бір үлкен өнердің топтастырылған күрделі жанры. Ол музыка ғана емес, бүтін театр, яғни біртұтас драмалық қойылым. Ең алғаш опера XVI-XVII ғасырларда Италияда пайда болады. Италияндық композитор Клаудио Монтеверди операға күрделі ариялар, вокалдық ансамбльдер, хор ұжымы мен оркестр сүйемелін енгізеді. Опера үшін театрлар салынды. Опера тез дамып, халықтың аңызы мен жырларын тарихын негізге алды. Операның басты рөлінде – орындаушы – әншілер – балет әртістері – хор ұжымы болады.

Операның əдеби негізі (либеретто) музыкалық драматургия жəне ең алдымен вокалдық музыкалық формаларының тəсілдері арқылы өзінің көркемдік шешімін табады. Ол - вокалдық пен аспаптық муз., драматургия, хореография (балет) жəне бейнелеу өнерінің (декорация,костюм) бірлестігінен туған театр шығармасы, яғни осындай əр түрлі өнер түрлерін біртұтас театр əрекетіне біріктіретін синтезді жанр. Жеке айтылатын əн (ария, ариозо, каватина, монолог, баллада), речитатив (тақпақ сазды қысқа əуен), ансамбль (дуэт,трио, квартет, квинтет), хор көріністері, би, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опералық музыканың түрлеріне жатады. Операның тарихи даму барысында оның түрлі жанрлары қалыптасты: эпикалыққаһармандық, тарихи-қаһармандық, тарихи-романтикалық, тарихи-тұрмыстық, лирикалық-тұрмыстық, драмалық, комедиялық жəне сатиралық опералар. Сондай-ақ, Италияда опера-сериа мен опера-буффа, Францияда комедиялық жəне лирикалық, ал Англияда балладалық опера жанрлары өмірге келді.

2-тапсырма. Орындау.

Тойға тойы қосылсын, жас Сараның, 

Сарасына арнайды жастар әнін.

Көтерілген отауы құтты болсын,

Ұзақ жасап екеуі болсын аман.

Жолы болсын Сараның,

Ақ маңдайы ашылсын.

Оңы менен солына,

Інжу-маржан шашылсын.

Құтты болсын айтамыз,

Құрбылардың атынан,

Бақытты бол Саражан.
Классикалық балет –Еуропа халықтары би өнері дамуының шыңы. Балет әртістері арнайы білім алады. Өйткені балет өнері арнайы кәсіптік мамандық болып табылады. Балет алғашқыда патшалардың бал мерекелерінде көңіл көтеру үшін шағын билерден басталған болатын.Тек ХlХ ғасырда ғана орыс композиторларының шығармашылығында балет музыкалық драмаға айналды.

Балет-театр өнерінің бір түрі.Мазмұны музыкалық-хореографиялық образдар арқылы беріледі.(Интерактивті тақта арқылы суреттер көрсетіледі) Балет өнері пайда болғаннан бастап бүгінгі кезге дейін ғасырлар бойы дамып,өзгеріп келеді.



Рефлексия

  1. Сізге не ұнады?

  2. Қай тапсырма қиын болды?

  3. Әннің (хор) көңіл-күйін жеткізе алдыңыз ба?





Бейне жазбадан үзінділерді тамашалайды.


Талдау жұмыстарын жүргізеді.

М. Тулебаевтің "Біржан - Сара" операсынан хор үзіндісін тыңдап, жаттап үйренеді. (шумақ).

Оқушы пікірі


Ашық алақан



http://youtube.com/watch?v=EmCaMqfoWrY

Опера тарихы. Қазақша опера (massaget.kz)

Оқулық