Файл: Малімні атыжні Тиштыбай Аерке Ерболызы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Мұғалімнің аты-жөні:

Тиштыбай Ақерке Ерболқызы

Пән/Сынып:

Химия, 8-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

2 тоқсан

Күні:

8.12.22

Тарау немесе бөлім атауы:

Химиялық реакциялардағы энергиямен танысу

Сабақтың тақырыбы:

§22. Термохимиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер

Оқу мақсаты:

8.3.1.5 -энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру

Бағалау критериі:

  • Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер шығару әдістерін меңгереді

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі. Бүгінгі жұмыс мақсатымен таныстыру.. Бекіту тапсырмалары және оқу тапсырмалары беріледі. Сабақты қорытындылау


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Бекіту тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

1 тапсырма

0,5 кг әктасты айыруға қанша жылу жұмсалады?

СаСО3 = СаО + СО2↑ - 180 кДж

2 тапсырма

Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша

22 = 2Н2О+570 кДж

80г оттек сутекпен әрекетттескенде бөлінетін жылу мөлшерін есепте.


Жеке жұмыс

Оқу тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындайды

Уақыты

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар




Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Термохимиялық реакциялар теңдеулері бойынша есептеулер

Бүгінгі сабақта: энергия өзгерісін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсінеді

Сенің білетінің: Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялардың түзілуін білесің

Сенің меңгеретінің: Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер шығару әдістерін меңгереді

Сабақтың мақсатымен таныстыру




Презентация

Слайд 1


Слайд 2





Жаңа сабақ

Термохимиялық теңдеулердің басты ерекшелігі, оларда жылу эффектісінің шамасы көрсетіледі. Реакцияның жылу эффекті көрсетілген химиялық реакциялар термохимиялық теңдеулер деп аталады. 
С+О2→ СО2+402,24 кДж 
Н2О→ Н2↑+ О2↑- 572 кДж 
Ең алдымен реакция кезінде жылудың бөлінуі немесе сіңірілуі реакцияға қатысушы реагенттердің табиғатына тәуелді болады. Мысалы, күкірт пен оттек әрекеттескенде жылу бөлінеді, ал азот оттекпен реакцияға түскенде жылу сіңіріледі.

Жылу эффектісі температураға да тәуелді. Жылу эффекті әрекетесетін заттардың мөлшеріне не массаға тәуелді. Көмірді немесе ағашты неғұрлым көп салып жақса, жылу көп бөлінгендіктен бөлме іші қатты ысиды. 

1 есеп: Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша 5 кг көмір жанғанда қанша жылу бөлінеді.

С + О2 = СО2 + 402,24 кДж




Берілгені: Шешуі:

m=5кг = 5000г Реакция теңдеуін жазамыз:

5000г                  х кДж

т / к: Q-? С + О2 = СО2 + 402,24 кДж

12г
х= 5000 * 402,24 =167600 кДж

              12

2 есеп: Массасы 4 г күкіртті жаққанда 37,1 кДж жылу бөлінді. Күкірт (ІV) оксиді түзілу реакцияның термохимиялық теңдеуін құрыңдар.

 

Берілгені: Шешуі:

m=4г 4г             37,1 кДж

Q = 37,1 кДж S + O2 = SO2 + Q

т / к: Q-? 32г          х

 

х=32 * 37,1 = 297 кДж

          4
S + O2 = SO2 + 297 кДж










Презентация

Слайд 3

Слайд 4

Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7


9 минут


Викторина есептері

1)Этиленнің жану реакциясының термохимиялық теңдеуі:

С2Н4 + 3О2 = 2СО2 + 2Н2О + 1400 кДж, егер реакцияға 336 л оттегі кірісетін болса, бөлінген жылудың мөлшері тап.

2) 16 г күкірт жанғанда 148,8 кДж жылу бөлінді. Осы реакцияның жылу эффектісі тап.S+O2= SO2

3) 5,6 литр(қ.ж.) метан жанғанда 401 кДж жылу бөлінетін жағдайда реакцияның жылу эффектісі CH4 (г) + 2O2 (г) =CO2(г)+ 2H2O +Q

4)0,5 кг әктасты айыруға қанша жылу жұмсалады?

СаСО3 = СаО + СО2↑ - 180 кДж

Жауабы:

Берілгені: Шешуі:

m=0,5кг =500г 500г                                 х кДж

СаСО3 = СаО + СО2 – 180 кДж

т / к: Q-? 100г

х= 500 * 180 = 900 кДж

         100

5)Реакцияның термохимиялық теңдеуі бойынша

22 = 2Н2О+570 кДж

80г оттек сутекпен әрекетттескенде бөлінетін жылу мөлшерін есепте.

Жауабы:

Берілгені: Шешуі:

m=80 г 80г                 х кДж

2 + О2 = 2Н2О + 570кДж

т / к: Q-? 32г
Х = 80 * 570 = 1425 кДж

            32


Жаңа тақырыпты меңгеру







Слайд 9

Слайд 10

Слайд 11
Слайд 12






Бекіту

Сабағымызды қорытындылайық.

Үй тапсырмасы:

  • Термохимиялық теңдеу деген не?

  • Жылу эффектісі деген не?

Бүгінгі сабақта:

  • Термохимиялық реакция теңдеулеріне

есептер шығара аламын;

  • Термохимиялық теңдеулерге мысал

келтіре аламын;

Тақырыпты меңгергенін анықтау







Слайд 13
Слайд 14