Файл: Информатика пнінен функционалды сауаттылы бойынша тест жинаы 7сынып microsoft Word бл .docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.04.2024
Просмотров: 13
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Информатика пәнінен функционалдық сауаттылық бойынша
тест жинағы
7-СЫНЫП
1. Microsoft Word - бұл …
a) графикалық редактор.
б) мәтіндік процессор. *
в) кестелер редакторы.
г) формулалар редакторы.
2.Word бағдарламасында мәтінмен кез келген әрекетті орындаудың алдында ... керек.
a) мәтінді жою
б) қолдау қызметіне жүгіну
в) ақаулығы туралы есепті жөнелту
г) мәтіннің қажетті үзіндісін ерекшелеу *
3. Мәтінде сөзді ерекшелеу үшін маустың оңжақ батырмасымен ... қажет.
a) сөзде 2 рет шерту*
б) сөзден кейін 4 рет шерту
в) сөзде 3 рет шерту
г) сөздің алдында 1 рет шерту
4. Бағандар (Колонки) батырмасы Word бағдарламасы терезесінің қайсы аспаптар тақтасында орналасқан?
a) Қызмет (Сервис) Аспаптар тақтасында
б) Кірістірме (Вставка) Аспаптар тақтасында
в) Кесте (Таблица) Аспаптар тақтасында
г) Формат Аспаптар тақтасында*
5. Microsoft Excel – бұл …
a) кесте түрінде құрылымдалған мәліметтерді өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама. *
б) тамғалық кестені өңдеуге арналған қолданбалы бағдарлама.
в) кесте түріндегі мәліметтерді өңдеу процесінде компьютердің ресурстарын басқаратын оның құрылғысы.
г) компьютердің ресурстарын басқаратын жүйелік бағдарлама.
6. Электрондық кесте ... болып табылады.
a) нөмірленген жолдар мен латын әліпбиінің әріптерімен атау берілген бағаналардың жиынтығы *
б) латын әліпбиінің әріптерімен атау берілген жолдар мен нөмірленген бағаналардың жиынтығы
в) нөмірленген жолдар мен бағаналардың жиынтығы
г) пайдаланушы еркін түрде атау берген жолдар мен бағаналардың жиынтығы
7. Excel бағдарламасын қалай іске қосуға болады?
a) Іске қосу – Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft Office Excel (Пуск – Программы – Microsoft Office – Microsoft Office Excel) командаларының тізбегін орындап*
б) Іске қосу – Бағдарламалар – Windows каталогы (Пуск – Программы – Каталог Windows) командаларының тізбегін орындап
в) Іске қосу – Бағдарламалар – Стандарттық – Блокнот (Пуск – Программы – Стандартные – Блокнот) командаларының тізбегін орындап
г) Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft Excel (Программы – Microsoft Office – Microsoft Excel) командаларының тізбегін орындап
8. Excel бағдарламасындағы жүйе жұмыс істейтін құжаттар қалай аталады?
a) Кітаптар деп *
б) Парақтар деп
в) Кестелер деп
г) Мәтін деп
9. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағы торының адресі неден тұратынын атап көрсетіңдер.
a) Бағананың көрсеткіші, жолдардың нөмірі *
б) Бағананың көрсеткіші
в) Бағананың нөмірі
г) Жолдардың нөмір
10. Excel бағдарламасындағы жұмыс парағы жолдарының ең көп санын атап көрсетіңдер.
a) 65 536 * в) 50 000
б) 20 000 г) 60 000
Жалпы балл
Информатика пәнінен функционалдық сауаттылық бойынша
тест жинағы
8-СЫНЫП
1. Ақпараттық қоғамда:
А) жұмыс істейтіндердің басым көпшілігі информацияны, әсіресе оның жоғары формасы болып саналатын білім қорын өндіру, сақтау, өңдеу және сату істерімен айналысады,
Б) қызмет саласының барлық аймақтарында дербес компьютерлер кең пайдаланылады;
В) информацияны өңдеу ЭЕМ- ді пайдалану арқылы жүргізіледі;
2. Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз:
А) есептеу техникасының жалпы таралу процесі;
Б) ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалану негізінде азамматтардың, қоғамдық ұйымдардың ақпараттық талаптары мен құқтарын қанағаттандыру жолында ұйымдастырылған әлеуметтік - экономикалық және ғылыми- техникалық процесс;
В) жаңа ақпараттық технологияларды өндіріске енгізу процесі.
3. Қоғамды компьютерлендіру дегеніміз:
А) информацияны өңдеу нәтижелерін жылдам алу процесін қамтамасыз ететін компьютерлердің техникалық базасын дамыту және енгізу процесі;
Б) қызметтің барлық салаларында анық және үздіксіз білім қорларын толық пайдалануды жүзеге асыратын шаралар кешені;
В) үлкен ЭЕМ- дерді микро - ЭЕМ - дерге алмастыру процесі.
4. Қоғамның ақпараттық мәдениеті мынадай түсінік береді:
А) қазіргі программалық жабдықтамаларды білу;
Б) шет тілдерді білу және оларды өз жұмысында пайдалана білу;
В) информациямен белгілі бір мақсатта жұмыс істей білу және оны алу, өңдеу, тасымалдау жолында компьютерлік ақпараттық технология ортасында пайдалану;
5. Ақпаратты өлшемнің негізгі бірлігі ретінде қабылданады:
А) 1 байт
Б) 1 бит
В) 1 бод
Г) 1 бар
6. Байт -- бұл
А) 8 битке тең ақпарат санының бірлігі
Б) Жедел жадта әріптің кодын өзгерту құралы
В) 1 немесе 0 сандарынан тұратын ақпарат мөлшерінің бірлігі
Г) ақпараттың санын өлшеудің максимал бірлігі
7. Бес килобайтта болады:
А) 5000 бит
Б) 5000 байт
В) 500 байт
Г) 5120 байт
8. Операциялық жүйе - ол...
А) жаңа қосымшалар құруға мүмкіндік беретін программалық, микропрограммалық және ақпараттық жасақтамалар элементтерінің жиынтығы
Б) дербес компьютердің белгілі бір түйіндерінің жинағы
В) компьютердің ресурстарын бөлуге және тапсырмаларды, енгізу- шығаруға, файл жүйесін басқаруға арналған программалық, микропрограммалық және ақпараттық жасақтамалар элементтерінің жиынтығы
Г) вирустардан құтылуға мүмкіндік беретін программа
9. Microsoft Word ( MS Word) дегеніміз не?
А) Windos- тың басқаруымен автаномды ДК- де жұмыс істеуге арналған реляциялық деректер базасын басқарудың үстелдік жүйесі
Б) MS Office дестесіне кіретін Windos- тың басқаруымен электрондық кестелерді әзірлеуге және өңдеуге арналған программа
В) MS Office дестесіне кіретін кез келген презентацияларды жасауға және редакциялауға арналған программа
Г) Мәтіндік құжаттарды жасауға, көруге, түрлендіруге және басып шығаруға арналған Windos - тың қосымша программасы
10. MS Word- та құжаттың сақталуын орындау үшін келесі команда қажет....
А) Сервис\ Параметрлер....\ Сақтау...
Б) Файл\ Ашу....
В) Файл\ Сақтау....
Г) Түзету\ Сақтау....
Жалпы балл
Информатика пәнінен функционалдық сауаттылық бойынша
тест жинағы
9-СЫНЫП
-
Адам қоршаған әлемнен ақпаратты дұрыс алу үшін оның қандай қасиеттері негізге алынады?
-
анық -
тиімді -
дәл (нақты) -
барлық қасиеттері
-
Нақты міндеттерді шешу үшін пайдалы ақпарат қандай қасиетке ие?
-
құнды -
дәл (нақты) емес -
өзекті -
дәл (нақты)
-
« ... Интернет желісінде деректерді электрондық түрде сақтау, өңдеу және бірлесе жұмыс жасауға арналған есептегіш ресурс» мына сөздің не туралы екендігін анықтаңдар.
-
есептегіш программа -
бұлттық технология -
есептегіш технология -
программалық жасақтама
-
Бұлттық технологияның тиімділігін атаңдар.
-
планетаның кез келген нүктесінен жұмыс жасау мүмкіндігі -
ішкі бұлттық инфрақұрылымға қолжетімді емес -
деректердің сақталуы провайдер компаниясына тәуелді -
программалық жасақтама мен жабдықтарды сатып алуға, жаңалауға қаражатты үнемдеу
-
Бұлттық технологияның кемшіліктерін атаңдар.
-
қажеттілікке сәйкес қызметке ақы төлеу -
деректердің сақталуы провайдер компаниясына тәуелді -
планетаның кез келген нүктесінен жұмыс жасау мүмкіндігі -
ішкі бұлттық инфрақұрылымға қолжетімді емес
-
Желілік этикет ережелеріне енетін тұжырымдарды таңдаңдар.
-
өз дәрежелеріңе назар аударыңдар -
басқа әріптестеріңнің мүмкіндігі мен уақытын құрметтеңдер -
нақты өмірдегі мінез-құлық стандарттарын ұстаныңдар -
өзге тұлғалардың ақпараттарын қолданған жағдайда сілтеме көрсетіңдер
-
Берілген тізімдердің ішінен Интернет желісіндегі жағымды қарым-қатынасты атаңдар.
-
Сайттағы/форумдағы дәстүрлерді үйрену -
дауласу, сөз таластыру -
форум тақырыбына байланысы жоқ тақырыптарды құру -
жеке сұрақтар бермеу
-
Бұлттық технологияда құжаттармен бірлесіп жұмыс жасау үшін ... керек.
-
аккаунт құру -
тіркелгі жасау -
программа құру -
ақпараттар тізімін жазу -
файл ашу
-
Аккаунт дегеніміз не?
-
есеп кітапшасы -
код -
құпия сөз -
тұтынушының деректері сақталатын идентификациялық нөмір
-
Құжатқа ортақ қолжетімділікті қалай аласыңдар?
-
Google аккаунтқа кіру -
сайт ашу -
презентация жасау -
аккаунтқа кіру үшін логин мен құпия сөзді енгізіп, жанама менюден ортақ қолжетімділік деңгейін таңдау
Жалпы балл