Файл: 1 мамыр азастан халытарыны бірлік, ынтыма кніне арналан сценарий.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 16

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлік, ынтымақ күніне

арналған сценарий

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Сіздерді 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлік, ынтымақ күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлт – аралық татулық әрдайым берік болып, қашанда ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! «Бірлік бар жерде тірлік бар» дейді халқымыз. Бұл сөз тек айтылмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Ендеше бүгінгі тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. Ең бірінші кезекте 1-мамыр бірлік күніне арналған эссемізді тыңдасақ.

Мінекей эссемізде аяқталды рахмет қыздар.

Келесі кезекті тақпаққа берейік оқушылар тақпақтарыңды бастай беріңіздер.

Енді қезекті сұрақтарға берейік

Сұрақтар:


1 Ядролық қарудан алғашқы болып бас тартқан Қазақстан қандай болды?


2 Бейбітшілік пен татулық жайлы не білесіңдер?


3Қазақстандағы бірлік пен халықтар достығы мен еліміздің ұстанып отырған саясаты қандай?


4 Әлемдегі бейбітшілік пен өзара достық қарым-қатынас жайлы не білесіңдер?


5 Семей полигонының зардабы қандай болды?

1) 6 тамыз – халықаралық ядролық қаруға қарсы күн. Қазақстан аумағында 1949 жылдан Семей ядролық сынақ полигоны жұмыс істегені мәлім. Онда 40 жыл ішінде, шамамен 500 ядролық сынақ жасалды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды.

2) Қазақстан – бейбітшілік пен татулықтың мекені!

Қазақстан- небір зобалаңды, небір қиындықты бастан кешірген мемлекет. Бірақ, әрдайым ғасырлар көшінде жасап, гүлденіп, тағдырдың тартысымен арпалысып келеді. Соның нәтижесінде, қазақ – тәуелсіздігін алды, бейбітшілікке қол жеткізді. Ал, оның негізі, түп-тамыры- xалықтың бірлігінде, татулығында, біртұтастығында .

3) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі.

Кейбір деректерге қарағанда, әлемде 256 ұлт бар екен. Ресми мәліметке сенсек, соның 130 дан астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр.


Міне, осыншама ұлт пен ұлыстың тілін тауып, бірлік пен ынтымақта ұстап отырған бүгінгі билік ұлтаралық татулық пен бірлікті басым саясатының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері ұстанып келеді.

4) Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға, халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізуге және мемлекеттердің іс-әрекеттерін үйлестіру орталығы болуға бағытталған үкіметаралық ұйым. Бұл әлемдегі ең ірі, ең таныс, халықаралық деңгейде ұсынылған және ең қуатты үкіметаралық ұйым.

5) Семей полигоны – КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.

Міне сұрақтар аяқталды.

Енді 1-мамыр бірлік,татулық, ынтымақтастық күніне арналған мақал-мәтелдері оқиық. Керемет

Енді өз сыныбымыз туралы қысқаша видеоға назар аударсақ.