Файл: Кейс 1 Орта мектепте химияны оытуды масаттары, оушылара химиялы орта білім беруді міндеттері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 46

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Кейс 1

  1. Орта мектепте химияны оқытудың мақсаттары, оқушыларға химиялық орта білім берудің міндеттері

Химия пәнінің мақсаттары әр кластың химия курсында, олардың жеке тақырыптарында, тақырыптар бойынша өткізілетін сабақтарда нақтыланады. Оқытудың мақсаты дегеніміз−жорамал нәтижесі, ол оқытудың міндеттері арқылы жүзеге асады.

Химиядан орта білім берудің бірінші міндеті−жаратылыстану ғылымдарының арасындағы химияның алатын орнын көрсету. Әр түрлі күрделену сатысындағы заттарды, олардан түзілетін табиғи және жасанды денелерді жаратылыстану ғылымы зерттейді.

Химиядан орта білім берудің екінші міндеті−пәнаралық байланысты жүзеге асыру.

Химиялық орта білім берудің үшінші міндеті−табиғаттың тұтастығы, онда жүзеге асатын құбылыстардың бір−бірімен байланыстылығы, шарттылығы жөнінде ғылыми көзқарас қалыптастыру.

Химиядан орта білім берудің төртінші міндеті−орта мектептегі химияның негізіне кіретін заттар туралы оқу материалын іріктеу.Заттар туралы білім ұғымдардан тұрады, олардың негізгілері−химиялық әлемент, химиялық реакция, химиялық өндіріс.

Химиядан орта білім берудің бесінші міндеті− химия курсын құрайтын ұғымдар жүйесін, әр жүйеге кіретін жеке ұғымдарды анықтау, олардың оқылу ретін белгілеу.

Химиядан орта білім берудің алтыншы міндеті−орта мектепте оқылатын теориялардың мазмұнын, деңгейін және орнын негіздеу.

Химиядан орта білім берудің жетінші міндеті−орта мектептегі химия ғылымының негізіне кіретін өндірістік материалды анықтауарқылы оқушылардың политехникалық әзірлігін арттыру.

Химиядан орта білім берудің сегізінші міндеті−табиғатты аялай білуге баулу, химияны және химия өнеркәсібін өркендетуге байланысты ауаның, судың және топырақтың ластануые болдырмау, минералды тыңайтқыштарды қорғайтын заттарды пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтарын білу, соңғы кезге дейін химияны кілең мадақтайтын сыңаржақтылықты қойып, оның табиғатқа, организмдерге және адамның денсаулығына тигізетін әсері жөнінде екі жақты ақиқат пікір тудыру.

Химиядан орта білім берудің тоғызыншы міндеті− оқушылардың таным әрекетін жандандыру, білім мен білік алудағы белсенділігін арттыру.

Химиядан орта білім берудің оныншы міндеті− оқушыларға химияның ғылыми тілін жетік меңгерту;химиялық әдебиетттермен жұмыс істей білудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;сөйлей білуге,өз ойын анық, дәл, жүйелі және дәлелді жеткізе білуге үйрету;химияның өзіне ғана тән тілдік құралдарын, химиялық символиканы, номенклатурасын және терминологиясын жетік білдіру;олардың мағынасы мен құрылысын нақтылы түсініп, қолдана білуге үйрету.


  1. 7 сынып «Атом.Молекулалар.Заттар». 8сынып «Атомдағы электрондар қозғалысы»

7 сынып

8 сынып

Атом,молекула ұғымдарына анықтама берілген. Атом-молекулалық ілімнің қалыптасуы.

Атомды құрайтын бөлшектер жайлы түсінік. Энергетикалық деңгей ұғымымен танысу

Атом құрамы мен құрылысы (ядро,протон,нейтрон,электрон) жайлы түсінік. Изотоп ұғымымен танысу

Атомдағы электрондардың энергетикалық деңгейлерде таралуы, топ нөмірінің физикалық мәні

Химиялық элементтердің таңбасымен танысу, Жай және күрделі заттар. Металдар мен бейметалдар.

Қосылыстардың химиялық формуласын құрастыру, тотығу дәрежесі ұғымымен танысу




Иондардың түзілуі. Катион,анион ұғымдарымен танысу




Атомдағы электрондардың қозғалысы.

Электрондық бұлт, атомдық орбитальдар ұғымдарымен танысу



  1. Массасы 10,8 г алюминийді тұз қышқылының артық мөлшерінде еріткенде (қ.ж.) қанша көлем сутегі бөлінеді?



Кейс 2

  1. Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар

Химия курсының мазмұны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады және оқытылады: ғылымилығы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.

Ғылымилығы. Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көзқарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен құбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізуі тиіс.

Жүйелілігі. Оқу материалы ғылымның логикасына сәйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастырылады.Жаңа материал өтілгенде ескеріп беріледі де, өзі соңындағыларға негіз болады.Жүйелік негізі, әсіресе, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі.



Түсініктілігі. Оқу материалының түсінікті болуы көлеміне және ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді. Оңайлатудың дәрежесін тым төмендетіп жіберсе, бұрмалаушылыққа әкеліп соғады.

Саналылық және белсенділік негізі – оқыту барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пәнге қызығуын және білім алудағы белсенділігін арттыру.Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың көздерін жеткізіп, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек.

Көрнекілік принципі. Оқушылар білімді заттар мен химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс.Бұл мүмкін болмаған жағдайда атом мен молекула құрылысының, өндірістік қондырғылардың модельдерін, суретерін, сызбанұсқаларын пайдаланады.Осының бәрінде оқушылар жан – жақты бақылау жасауға, әр көрнекіліктен барынша мол ақпар алуға, бақылау нәтижелерін қорытындылап, түсіндіре білуге үйренуі керек.

Теорияның сарамандыққа байланыстылығы.Бұл− оқушылардың ғылым негіздерінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды.

  1. 7 сынып «Химиялық элементтердің периодтық кестесі» 8 сынып «Химиялық элементтердің периодтық жүйесі»

Химиялық элементтердің жіктелуі,Дёберейнер,Ньюленс,Менделеев еңбектері

Периодтық жүйе құрылымы, период және топ номерінің физикалық мәні

Периодтық жүйенің құрылу принціпімен танысу(реттік номер,период,топ,топша)

Химиялық элемент атомдары қасиеттерінің периодты өзгеруі (металдық,бейметалдық қасиеттері және т.б.)

Химиялық және физикалық қасиеттерінің ұқсастығына байлансты химиялық элементтердің бір топқа орналасуы (сілтілік металдар, галогендер, инертті газдар, ауыспалы металдар)

Элементтердің табиғи топтары қасиеттері толығырақ қарасырылады.




Химиялық элементтерді периодтық жүйедегі орны (хим. Таңбасы, атомдық номері, топ және т.б.) мен атом құрылысы(атом құрамы, электрондық құрылысы және т.б) тұрғысынан сипаттау




Бейметалдар мен металдардың периодтық жүйедегі орнымен танысу




  1. Алюминий оксиді Al2O3 табиғаттағы боксит құрамында 25% мөлшерінде кездеседі. Массасы 1 т бокситтегі алюминийдің және оттектің массалық үлесін есептеп шығарыңыздар.



Кейс 3

  1. Жалпы әдістер, әдістер тобы және жеке әдістерді салыстыра отырып сипаттаңыз, мысал келтіріңіз

Оқыту әрекетінің бір бөлігі болғанымен, оқыту әдістерінің өздері күрделі жүйе құрайды.Олар жалпы әдістер, әдістер тобы және жеке әдістер болып үшке жіктеледі.Әдістер тобы одан әрі жеке әдістерег жіктеледі.

1. Түсіндірме − сурет бойынша түсіндіру−жалпы әдістің сөз әдістері тобына мына жеке әдістер жатады: а) баяндау (дәріс,әңгіме); ә) әңгімелесу; б) текспен өздігінен жұмыс; «Сөз әдістері» −тарихи қалыптасқан термин, оны «ғылыми тілге негізделген әдістер» десе жөн болар еді, өйткені білім жеке сөзбен емес тұтасынан алынған тіл арқылы беріледі.

2. Сөз − көрнекі әдістер тобына жататын жеке әдістер: а) көрнекі құралдарды көрнекі көрсете отырып баяндау; ә) көрнекі құралдарды көрнекі көосете отырып әңгімелесу; б) текст және көрнекі құралдармен өздігінен жұмыс;

3. Сөз− көрнекі−сарамандық әдістер тобына:

А) оқушылардың үлестіріліп берілген материалдармен жұмысы;

Ә) химиялық тәжірибелер орындау;

Б) құралдар құрастыру, модельдер жасау;

В) жазбаша және графикалық жұмыстар орындау жатады.


  1. 8 сынып «Металдар белсенділігін салыстыру» 9 сынып «Металдар мен құймалар»

Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуімен танысу

Металдардың белсенділік қатарын зерттеу

Металл, Металдық кристалдық тор, металдық байланыс ұғымдарын түсіну

Металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеу

Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуін зерттеу

Металдардың табиғатта таралуы, кеннен металл алуды қарастыру.

Пирометаллургия, гидрометаллургия,электрометаллургия

Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуін зерттеу

Құйма ұғымымен және оның ерекшеліктерімен танысу. Кейбір құймалардың құрамы мен қолданылуы

Металдар мен металл құймаларының сыртқы орта әсерінен бүлінуі

Жемірілу (электрохимиялық,химиялық) ұғымдарымен танысу

Жемірілуден қорғау шараларын оқып үйрену

Қоспаларға есеп шығару




  1. Мыс 2 түрлі оксид түзеді. Олардың құрамында 79,9% және 88,8% мыс бар. Сол оксидтердің формуласын тауып, әрқайсысын атаңыздар

CuxOy
1) x : у = 79,9 /64 : 20,1/ 16 = 1,25 : 1, 25 = 1 : 1  CuO - оксид меди (II)
2) x : у = 88,8 /64 : 11,2/ 16 = 1,4 : 0, 7 = 2 : 1  CuO - оксид меди (I)

Кейс 4

  1. Сөз – көрнекі – сарамандық әдісін 7 класстың «физикалық және химиялық құбылыстар» тақырыбы негізінде түсіндіріңіз

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Сабақтың басы

8 мин


1мин

2 мин


5 мин

Сөз-көрнекі-сарамандық әдісі арқылы түсіндіру

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу:

Оқушылар қораптың ішінен белгілі бір ұяшықтарды таңдап 3 топқа бөлінеді. (ұяшықтарда хим.ыдыстардың 3 түрі берілген)
Ой қозғау
-заттың неше агрегаттық күйі болады? Неліктен олай ойлайсың?

-Құбылыстар дегеніміз не?

-Табиғатта болып жатқан қандай құбылыстарды білесің?


Сабақтың ортасы

32 мин





Қолдану

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Химиялық құбылыстарды физикалық құбылыстардан ажырату үшін оларға тән белгілермен танысайық. Физикалық құбылыс дененің пішіні мен агрегаттық күйінің өзгеруі арқылы іске асады, ал химиялық құбылыс бір заттың екінші затқа айналуымен сипатталады. Химиялық реакция нәтижесінде бастапқы заттарға тән сыртқы белгілер: агрегаттық күйі, түсі, ірілі – ұсақтығы, иісі, т. т. өзгеріп, жаңа заттарға тән белгілер пайда болады. Химиялық реакцияның негізгі белгілері:

1. Жылудың бөлінуі

2. Тұнбаның түсуі

3. Газдың бөлінуі

4. Түсінің өзгеруі

5. Жарықтың бөлінуі

6. Иістің пайда болуы

Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуций «Естігенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, ал өз ақыл – ойыммен істеген ісімді түсінемін» деген даналық сөздері келесі тәжірибелер арқылы дәлелдене түседі.

АКТ мүмкіндіктерін пайдалану арқылы
құбылыстар туралы зертханалық тәжірибе көрсетіледі.
-көмірдің жануы;

-мұздың еруі;

-калий иодиді+қорғасын нитраты.
Тапсырма 1. Бақылау парағын толтыру (Жұптық жұмыс)





Тәжірибе


Құбылыс


Себебі


1







Дайын үлгі жауап арқылы жұптардың өзара формативті бағалауы жүзеге асырылады.
Тапсырма 2. Химиялық тәжірибелер жасау. (Топтық жұмыс)

Ең алдымен қауіпсіздік ережелерімен және жұмыс барысымен танысады.

Оқушылардың өздігінен хертханалық жұмыс орындауы (топ бойынша 1 тәжірибеден).
-Қантты жағу;

-Ас содасы+сірке қышқылы;

- Натрий карбонатының ерітіндісі мен темір (ІІ) хлоридінің ерітіндісін араластыру

Топ мүшелері рөлдерді (уақыт сақшысы, хатшы, баяндамашы, төраға, бақылаушы) өзара анықтап алады.

Оқушылар көзге көрінетін өзгерістермен жүретін химиялық реакцияларды сынауықтарда орындайды. ( ЛЖ №3 «Химиялық құбылыстардың белгілерін тану»)

  1. Сахарозаны қыздыру

  2. Натрий карбонатының ерітіндісі мен темір (ІІ) хлоридінің ерітіндісін араластыру

  3. Натрий карбонаты мен сұйылтылған тұз қышқылы

Әр топтың баяндамашысы өз бақылау нәтижелерімен таныстырады

Кері байланыс орнату.

1) Топта жұмыс істеу ұнады ма?

2) Өзге топтың бақылау нәтижелерімен келісесіздер ме? Неліктен?
«2 жұлдыз - 1ұсыныс» арқылы бағалау.
Сергіту сәті. (Қызықты қимыл қозғалыстары)