Файл: Microsoft Word та жаттарды ру жне форматтау Microsoft Word documentscreating and formatting Текстік процессорлар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.04.2024

Просмотров: 7

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Microsoft Word – та құжаттарды құру және форматтау

Microsoft Word documentscreating and formatting
Текстік процессорлар (мысалы, MS Word программасы)– текстік құжаттарды дайындау, түзету және қағазға басып шығару сияқты текстік редакторларға тән қарапайым әрекеттермен қатар, құжаттан берілген сөзді немесе фрагментті іздеу, алмастыру, текстік құжатқа макрокомандалардың көмегімен объектілер орналастыру, т.б. күрделі әрекеттерді де орындай алатын программа.

Құжат құру Word программасында екі түрлі жолмен орындалады: дайын шаблондарды (макеттерді) пайдалану және жаңа құжат (новый документ) негізінде құру.

Құжатты редакциялау терілген құжаттағы түрлі қателерді жөндеуді, текстегі фрагменттердің орындарын ауыстыру, алып тастау, қосу және т.б. қамтиды. Қате терілген символдарды жою BACKSPACE, DELETE пернелерінің көмегімен жаслады.

Текстік құжаттарды форматтауды-Word программасының терезесіндегі Форматирование саймандар панеліндегі батырмалар немесе негізгі мәзірдегі Формат опциясының командалары арқылы жүзеге асырады.

Текстік құжатты форматтау тәсілдері:

  • Шрифт гарнитурасын таңдау және өзгерту

  • Шрифт өлшемін өзгерту

  • Шрифтің сызылымын (начертание) өзгерту

  • Тексті бетке қатысты туралау

  • Маркерленген және номерленген тізімдер жасау

  • Абзацтың параметрлерін орнату.


Форматтау (Басты (главная) аспаптар панелі

  • Басты (главная) құралдар-саймандар панелі әр түрлі қаріптермен, қаріптердің мөлшерімен және қаріптердің кескіндерімен сан алуан құбылатын (жартылай қара, курсив және жол астын сызу сияқты) командалардан тұрады. Пішімдеу инструменттер панелінің батырмалары, көрсетілгендей, солдан оңға қарай орналасқан.



Форматтау инструментінің панелі

  • Стиль. Ерекшеленген мәтінге (немесе меңзер тұрған кез келген азатжолға) қаріптердің, қаріп мөлшерінің, азатжолдар тағайындайды.

  • Шрифт. Ерекшеленген мәтінге қаріп – әріптерді бейнелеу – белгілейді.

  • Шриф өлшемі. Ерекшеленген мәтін символдарының мөлшерін басқарады.

  • Жартылай караланған (Полужирный). Ерекшеленген мәтінді қалың етеді.

  • Курсив. Мәтінді курсивпен ерекшелейді.

  • Асты сызылған (Подчеркнутый). Ерекшеленген мәтіннің астын сызады.

  • Сол жаққа туралау (По левому краю). Ерекшеленген мәтінің барлық жолдарын сол жақ шеті бойынша (оң жақ шеті тегін емес) тегістейді.

  • Ортаға туралау (По центру). Мәтінді сол және оң өріс аралығында ортасы бойынша орналастырылады.


  • Оң жаққа туралау (По правому краю). Ерекшеленген мәтіннің барлық жолдарын оң жақ шеті бойынша (сол жақ шеті тең емес) бейнелейді.

  • Шетімен туралау (По ширине). Ерекшеленген мәтінді теңдей сол және оң жақ өрістерімен тең ортасы бойынша тегістеуден өзгешелігі ені бойынша тегістеу жолдары өрістер аралығында созады.

  • Нөмірленген (Нумерация). Ерекшеленген азатжолдардың нөмірленуін толықтырады (немесе алып тастайды).

  • Маркерленген (Маркеры). Ерекшеленген азатжолдарға таңбашалар қосады. (немесе оларды алып тастайды).

  • Азат жол (Уменьшить отступ). Ерекшеленген азатжолды алдыңғы табуляция позициясына ауыстырады.

  • Басқа батырмалар (Другие кнопки). Пішімдеу инструменттер панеліндегі батырмаларды көрсетеді (немесе жасырады).