ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ОҚУШЫҒА БАҒЫТТАЛҒАН ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кушербаева Инкар Канатқызы
Павлодар қаласы, химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
«Мен ешқашан оқушыны оқытпаймын.
Мен тек олар тырысып, оқуға қажетті мүмкіндікті, жағдайды қамтамасыз етемін».
Альберт Эйнштейн
Оқушыға бағытталған оқыту 1905 жылдан бастап мәселе болып қарастырылып келеді. Дегенмен бұл үрдіс әлі де болса өз деңгейінде шеімін таппай келеді. Сондықтан оны педагогика тарихынан бастап шолуды жөн көрдік.
Оқушыға бағытталған оқыту ұғымы алғаш рет 1905 ж. Франк Хейвордпен ұсынылған болатын. Джон жұмысында ОБО одан әрі дамыды
Дьюи (1956 ж.) Д. Дьюи ескірген модельді сынайды. Білім беру:"Ол қызмет етуге бейімделген пассивтілік, сіңіру, басқаша айтқанда, мұғалім дайындаған дайын материалды аз уақыт ішінде қамту" деген екен.
Карл Роджерстің жеке тұлғаны қалыптастыру туралы идеялары ОБО дамуына ықпал етті. 1980-ші жылдары бұл тұжырымдама болып қалыптасып, Карл Роджерс теорияға өзгеріс енізді.
Мальколм Ноулз-"өзін-өзі реттейтін оқыту"тұжырымдамасын жасаушы. М. Ноулс барлық жеке тұлғалар өздігінен жұмыс жасай алатынын дәлелдеп, оларға бас кезінде көмек те қажет болуы мүмкін екенін жасырған жоқ. Ал оқытушы"оқыту процесінің фасилитаторы"болуы тиіс екенін атап көрсетті
.
Оқушыға бағытталған оқыту, сондай-ақ оқушыға бағытталған оқыту ретінде белгілі, оқыту әдістерін кеңінен қамтитыны анық.
Оқшыға бағытталған оқытуда, мұғалім белсенді рөл атқарады, бірақ оқушылар мен мұғалімдер оқу үрдісінде белсенділігі бірдей болады.
Оқытушының негізгі міндеті оқушыларға пәндік материалды меңгеру мен түсінуді үйрету және жеңілдету болып табылады.
Осы тақырыппен қызығушылардың бірі мына бір әрекетті негізге алады: «Оқыту студенттер мен оқытушылар арасында ынтымақтастықты талап етеді. Студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы оқу процесінде туындайтын мәселелерді және негізгі мүдделі тараптар ретінде кездесетін мәселелерді жалпы түсінуді әзірлеуде ынтымақтасуы өте маңызды. Екі топ үшін де жұмыс істейтін бірлескен шешімдер іздеу қажет. Аудиторияда мұндай ынтымақтастық оң нәтиже береді,өйткені екі топ серіктестердің бір-бірінен көбірек көрінеді. Бұл серіктестік СОО философиясының орталық элементі болып табылады, оған сәйкес оқыту осы екі топ арасындағы сындарлы өзара әрекеттестікте өтуі тиіс». Байқағанымыздай студеттерге бағытталған оқыту кең шеңберде зерттелсе, оқушыға бағытталған оқыту мәселесінің зерттелу ауқымы өте тар.
Доктор Ричардс екінші және шет тілдерін оқыту саласындағы әлемге танымал маман, белгілі лингвист және педагог, ағылшын тілі оқытушыларына арналған көптеген кәсіби кітаптардың авторы және ағылшын тілін оқитын студенттерге арналған кең қолданылатын көптеген оқулықтардың авторы болып табылады.
Джек К. Ричардстың студенттерге бағытталған оқыту және оқыту көзқарастарының кейбірі оқу үдерісінде таптырмас әдіс болып табылады. Сонымен қатар нәтижелі білім алуға жігерлендіреді.
Сабақ жоспарын құрастырғанның өзінде әрекеттің көбі мұғалімге жүктеледі. Осы кезде оқушыға бағытталған оқытудың қаэеттігі туындайды. Сыныпта сабақ кезінде орындалатын кей міндеттерді оқушыға бөліп беру. Бұл мұғалім жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, оқушылардың нәтижелі білім алып, оқуға деген қызығушылықтарын да арттырады.
Бұл жеке тұлғаға бағытталған оқытудың 10 сипаттамасы:
-
Оқушылар мұғалімнің ынталандыруымен жұмыс жасайды
Көптеген жағдайда сабақ жүргізу көп тапсырмаларды орындауға негізделеді. Сұрақтар қойылып, егжей-тегжейлі жауап беріледі. Мысалдар келтіріліп, болжау, шолу жасалады. Біз осы міндеттердің бір бөлігін оқушыларға таратуымыз керек.
-
Оқушылар бірін-бірі оқытады
Оқушылар бір-бірінен үйреніп, бірге оқи алады. Әрине, мұғалімнің өз білімдерімен бөлісу тәжірибесі мен міндеті бар, кейде мұғалім оқушыдан да үйренуі мүмкін.
-
Оқушылар тәжірибе мен белсенді қатысудың арқасында көбірек біледі
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында сұрақтар қойған кезде мұғалімдер білім алушылардың табиғи қызығушылығын тәрбиелейді.
-
Оқушылар жаңа білімді нақты, шынайы тәжірибеде қолданады.
Сабақтар нақты өмірде пайдалануға болатын дағдыларға көбірек назар аударады. Нақты өмірде нақты қолданылмайтын сабақтар білім алушыларды саналы оқытумен айналысуға ынталандыруы екіталай.
-
Оқушылар жиі бағытталған және уақтылы кері байланыс алады
Оқушыларға бағытталған оқыту мен оқытудың тағы бір ерекшелігі-оқушылардың кейбір тапсырмаларын орындау барысында мұғалімдер әдетте оқушылардан немесе топтардан олардың нәтижелерін сыныптастарымен талқылауын және салыстыруды сұрайды.
-
Оқушлыраға материалды өзіне және басқаларға түсіндіру ұсынылады
Егер студенттер креативті болса, олар білім алушыларды процеске тартатын тақырыпты қалай енгізуге болатынын ұсына алады.
-
Оқушылар үнемі қарым-қатынасқа қатысады
Оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасауы керек, сондықтан осындай оқыту әдісі мұғалімге бағытталған оқытудан әлде қалай тиімді. Оқушылар тақырыпты ұсына алады, басқалардан кері байланыс ала алады және тапсырмаларды бірге орындай алады.
-
Оқушылар нені оқиды және неге үйренеді
Оқушыларға бағытталған тәсілді ұстанатын мұғалімдер өз оқушыларынан сабақ соңында не күтетінін көрсетеді және олардың сыныпта көруге болатын мінез-құлық пен динамика туралы нақты нұсқаулар беруді қадағалайды.
-
Нәтиже үшін дербес технологияны пайдаланады
Студенттер бұл технологияларды, әсіресе ұялы телефондар мен планшеттерді қолдана отырып, компьютерлерге қарағанда өңдеу және пайдалану оңай, қызығушылық пен уәждерін арттыра алады.
Егер сіз оқушылардың белсенді болғанын қаласаңыз, ең арзан және тартымды тәсілдердің бірі-бұл Интернетте қол жетімді ресурстарды пайдалану.
-
Көшбасшылық арқылы білімнің артуы
Оқушылар кейбір тапсырмаларды орындау үшін басқалармен жұмыс жасай отырып, сөйлесе отырып, басқалардан көбірек сөйлеуге және оқуға мүмкіндік алады.
Оқушыға бағытталған оқытудың сипаттамаларын қолдана отырып, мұғалімнің де жасайтын іс-әрекеті анықталып, жоспарлануы керек.
Проблемалық-бағытталған топтарда жиі қолданылатын шағын топтарда жұмыс жасау білім алушылар үшін командада жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Бұл үдерісте олар өз білімдерін анықтайды және олқылықтарын жояды. Бұл оқытудың тиімді әдісі, өйткені ол бастапқы білімдерін жақсарта отырып, оқыту – әсіресе проблемалық тәсіл қолданылады.
ОБО қандай да бір әдісін таңдай отырып, оқытушылар әр жеке тұлғаның,сыныптың ерекшелігін ұмытпағаны жөн.
Жоғарыда көрсетілген оқытудың тиімді әдістерін практика кезінде ұтымды қолдана білсек, үлкен нәтижеге қол жеткізіп, жоғарыда аталған мәселенің де шешімі табылар еді.