Файл: Орта таырып Блімше.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.04.2024

Просмотров: 39

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Ортақ тақырып: Бөлімше

Өзім туралы
1.2. Мектеп және мектеп қоғамдастығы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Біздің мектебіміз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.2.6 – өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • өзіне оқушы ретінде;

  • сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттама бере алады.

Көптеген оқушылар:

  • оқушы – әлеуметтік мәртебесінің маңызын түсіне білетін болады;

  • мектеп пен білімнің адам өміріндегі маңызын түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар:

  • мектеп ережелері тақырыбына талдау жасап;

  • мектеп ережелерін сақтау қажет екендігін дәлелдеп бере алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі.

Өлең оқиды:

Соғылды міне, қоңырау,

Тыныштық енді сақтаймыз. Тапсырмалар қиындау,

Сәлемдеседі. Тыңдайды.













Тезірек сабақ бастаймыз. Ерінбейміз біз, достар, Оқушымыз өйткені.
Мұғалім мақсат қояды:

– Бүгін біз сабақта «Дүниетану» деп аталатын жаңа оқу пәнімен танысамыз. Дүниетану сабағында немен айналысатынымызды, қоршаған әлемді қалай танып-

білуге болатынына көз жеткіземіз.

Біз кімдерді оқушылар деп атайтынын, олар немен айналысатынын білетін боламыз.








Оқулық

Ортасы

Мұғалім:

– Бүгін біз дүниетанудың алғашқы сабағын өтеміз.

Қалай ойлайсыңдар, таным деген не? Дүние, әлем деген не?

Әлеммен қай жерде кездесуге болады? Әлем тек біздің

жанымыздағы дүниелер ме? Балалардан көздерін жұмуды сұрап, қоңырау соғады да, бұл не деп сұрайды.

Заттарды көрсетіп, хормен айтуларын сұрайды.

Тапсырманың орындалуын түсіндіреді.

Өз ойларымен бөліседі.

ФТ. Балалар алақандарымен құлақтарын жауып, мұғалім көрсеткен заттарды хормен атайды.

Одан соң көздері жұмулы күйде ішіндегі заттар көрінбейтін дорбаларды сипап, олардың иісін

анықтап, аттарын атайды.




Қоңырау, күріш салынған дорба. Сәбіз салынған дорба.








ФТ. Мұғалім балалармен бірге қорытынды жасайды: – Біз әлемді көзбен көріп, құлақпен естіп,

тілмен дәмін татып және қолмен сипап, мұрынмен иісін сезу арқылы танып-білеміз. Ал мектепте дүниені танып-білуге оқулық көмектеседі.

Мұғалім оқулықтың алғашқы

бетін қарап шығуды тапсырады.
ФТ. ӨЖ. – Балалар, оқулық беттерін қарап шығыңдар, суреттерге назар аударыңдар.

Қалай ойлайсыңдар, дүниетану сабағында не туралы айтатын боламыз?

Қайталанып тұраған ұсақ суреттерге назар аударыңдар. Бұлар – шартты белгілер. Олар нені білдіретінін көрейік. 2-беттегі шартты белгілердің мәнін оқиды.

Ал қазір әрқайсысымыз шартты белгілерді қалай есте

сақтағанымызды тексерейік. Жеке беттердегі шартты белгілерді көрсетеді.
ФТ. ҚБ. Мұғалім оқулықтағы

бірінші бөлімді ашуды ұсынады. Біз «Өзім туралы» бөлімін оқып- білуді бастаймыз. Бөлім басталған бетті қара. Бұл бет шмуцтитул

деп аталады. Қалай ойлайсыңдар,

Біз әлемді көзбен, құлақпен, тілмен дәмін татып және қолмен сипап, мұрынмен иісі арқылы танып-білеміз. Ал мектепте дүниені танып-

білуге оқулық көмектеседі.

Оқулық беттерін қарап, суреттерге назар аударады.
Ойларымен бөліседі.


Шартты белгілерге назар аударып, танысады.

Балалар шартты белгілердің аттарын атайды.




Оқулық

Оқулықтың, шартты белгілері







бұл бөлімде не туралы сөз болады?
ФТ. Мұғалім: Біздің алғашқы сабағымыз

«Біздің мектебіміз» деп аталады. Келесі бетті ашыңдар, сабақтың тақырыбын оқып-үйренуді

бастаймыз. Мұғалім төмендегі сұрақтар бойынша оқулықтағы суреттерге талдау жасауды ұсынады:

  • Кімдер бейнеленген?

  • Екі топтағы балалардан қандай айырмашылықтарды байқадың?

  • Сен қай топтағы балаға

жатасың, неліктен? Себебін түсіндір.

ФТ. Мұғалім «Таныс-бейтаныс» ойынын ойнауды ұсынады.

  • Заттардың қайсысы таныс, қайсысы таныс емес екенін

ажыратуды ұсынамын. Егер таныс болса, қол шапалақтаңдар; егер

бейтаныс болса бір-бірлеріңнен, немесе менен сұрап білулеріңе болады. Ойыншықтар мен оқу құралдарын көрсетеді.
ФТ. Ойынды ұйымдастыру.

  • Біз не істедік?

  • Қай заттар мектеппен байланысты? Неге?

  • Ойыншықтар кімге қажет?



Балалар шмуцтитулды қарап шығып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.


«Таныс-бейтаныс» ойынын ойнайды. Заттардың қайсысы таныс, қайсысы таныс емес екенін ажыратады. Егер

таныс болса, қол шапалақтайды; егер бейтаныс болса бір- бірлерінен немесе мұғалімнен сұрайды.

Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма. Критерий А1. Сабақ оқуға қажетті заттарды бояйды.

Дескриптор

  1. Сабақ оқуға қажетті заттарды бояйды.

  2. Оларды бір сөзбен атайды.

  3. Оларды өз суреттерімен толықтырады.

Тапсырма. Критерий

А2. Оқушы киімін белгілейді.

Дескриптор

  1. Оқу формасын белгілейді (қанатша белгімен).

  2. Оқушылар неге форма киетінін түсіндіреді.

Ойыншықтар (доп, пирамида, мәшине, дәптер, қалам,

фломастерлер, бояулар, есептегіш калькулятор).








  • Балалар балабақшада немен айналысады?

  • Балалар мектепке не үшін барады?

  • Мектепте оқитын балаларды қалай атайды?

  • Оқушы қандай болу керек екенін айтып бер?

  • Оқушы тағы не істей алуы керек?


ФТ. Мұғалім сергіту сәтін ұйымдастырады.

  • Балалар, бізден алыста орналасқан нәрселерді қалай зерттей аламыз? Саяхатқа шығамыз ба?

Нағыз саяхатшыда нелер болуы керек?
ФТ. – Міне, біз қазір саяхатқа аттанамыз! Жол болсын!

  • Бір орында жүру

алақанымызбен көзіміздің үстін көлегейлейміз.

  • Тізені жоғары көтеріп, «дүрбіге қарайды».

  • Секіру – «бақылау трубасына қарау».

  • Одан соң аяқтың ұшымен жүруге көшу.

Партаға тыныш жайғасқан соң, сабақ басталады. Мұғалім оқушы дәптеріндегі тапсырманы



Мұғалім айтқан іс- әрекеттерді орындайды:

  • Бір орында жүру – алақанымызбен көзіміздің үстін көлегейлейді.

  • Тізені жоғары көтеріп,

«дүрбіге қарайды».

  • Секіру – «бақылау трубасына қарау».

  • Одан соң аяқтың ұшымен жүруге көшу.

Партаға тыныш жайғасып, мұғалімді тыңдайды.

Тапсырма. Критерий В. Суретте не дұрыс еместігін түсіндіреді. Дескриптор

  1. Суретте не дұрыс еместігін түсіндіреді.

  2. Мектеп киімімен неге футбол ойнауға

болмайтынын, неге сабақта қуыршақ ойнауға

болмайтынын түсіндіреді.

Тапсырма. Критерий С. Сынып бөлмесін сипаттайды.

Дескриптор

  1. Сынып бөлмесін сипаттап, оқу пәндерін атап береді.

  2. Оқу пәндерінің не үшін қажет екендігін түсіндіреді.










орындауды ұйымдастырады (көлемін мұғалім реттейді).

ҚБ. Мұғалім оқушы дәптеріндегі тапсырманы тексеруді

ұйымдастырады.










Соңы

Мұғалім сұрақтарды талқылауды ұсынады:

ФТ. – Сыныпта қандай ережелерді сақтау керек?

  • Балалар неге сыныптарда оқиды? Неге жеке-жеке оқымайды?

  • Сынып дегеніміз не?

  • Сендер қай сыныпта оқисыңдар?

  • Өз сыныбыңды сипаттап жаз.

  • Мұғалімнің аты-жөні кім? Парталас көршіңнің аты кім?

Өз мектептерін сипаттап жазуды ұсынады.

Мұғалім «Иә-жоқ» тәсілін

пайдаланып, «Біздің мектебіміз» ойынын ұйымдастырады.

Егер тұжырыммен келіссеңдер, екі қолдарыңды да жоғары

көтеріңдер, келіспесеңдер – төмен түсіріңдер:

  • Мен оқушымын.

  • Мен бірінші сынып оқушысымын.

  • Оқушылар – мектепте сабақ оқитын балалар.

  • Оқушылар форма киеді.

  • Оқушылар мектепте жеке-жеке оқиды.

Сұрақтарды мұғалімнің көмегімен талқылап, сұрақтарға жауап береді.

«Біздің мектебіміз» ойынын ойнайды.

Егер тұжырыммен келіссе, екі қолдарын да жоғары көтереді, келіспесе – төмен түсіреді.




Оқушы дәптері








– Қалам мен дәптер маған сабақ үшін қажет.

Оқу құралдары – оқушы дәптері ойынға арналған заттар.

С. тапсырмасын орындаңдар: Сабақ соңында көңіл күйіңе сәйкес келетін көңіл күй

белгішесін таңда.
ҚБ. Мұғалім: – Жарайсыңдар,

балалар! Сабақтағы жұмыстарың үшін барлығыңа алғыс айтамын!



«Оқушы дәптеріндегі»

С. тапсырмасын орындайды.
Көңіл күйлеріне сәйкес келетін эмоцияны (көңіл күй белгішесін) таңдайды.









Ортақ тақырып:

Бөлімше

Өзім туралы.

1.2. Мектеп және мектеп қоғамдастығы

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Менің күн тәртібім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

1.1.2.4 – күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • күн тәртібі не екенін түсіндіретін болады;

  • күн тәртібін қалай сақтау керек екендігін анықтайды.

Көптеген оқушылар:

  • күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіндіре алады;

  • бір күн тәртібін мысал ретінде құрастырады.

Кейбір оқушылар:

  • күн тәртібін сақтауды талқылай алады;

  • күн тәртібін сақтаудың денсаулыққа оң әсері бар екендігін дәлелдейді.




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, өлең оқиды.

Кітап, дәптер қолыңда, Парақтаған бір сәті Өсу-өрлеу жолында

Шәкірт үшін – бір саты!

Сәлемдеседі.




Https://syzranfok.ru/raz noe/zagadki-pro- rezhim-dnya/




Ақиқат сөзге сеніңіз: Кешікпесек сабаққа, Қарыздармыз көбіміз Үйдегі қоңырау сағатқа!

Әйтпесе ұйықтап жатар ек, Ұятқа әбден батар-ек.










Мұғалім балаларға сұрақ қояды:

– Адам сағатты не үшін ойлап тапқан?


Мұғалім: – Тәуліктің төрт мезгілін ретімен атаңдар.

Сұраққа жауап береді.

ФТ. Балалардың

жауабы: Кешікпеу үшін.

Әрбір істі уақытында істеу үшін. Уақытты текке өткізбеу үшін. Балалар: Таңертең.

Күндіз. Кешке. Түнде.

Қабырға сағаттың суреті.


Суреттер: таңертеңгі, күндізгі, кешкі, түнгі.

Ортасы

Мұғалім өлең оқиды:

Таң атты сағат шырылдап,

Шақырды уақыт зырылдап.

Шеберханаға анамды, зауытқа менің әкемді.

(К. Ладонщиков)

Өлеңді тыңдайды. Сұраққа жауап береді.










Мұғалім талқылауды ұйымдастырады:










ФТ. – Келіңдер, «Таң неден басталады?» деген сұрақты

қарастырайық. Неге таң жақсы көңіл күймен басталуы керек?
Мұғалім сергіту сәтіне шақырады. Мұғалім: – Менімен бірге жаттығу жасауды ұсынамын:

Төсегіме күн түсті,

Бір, екі, үш, төрт, бес. Біз жаттығу жасаймыз, Отырып-тұру сөз емес. Қолды кеңінен жаямыз, Бір, екі, үш, төрт, бес. Еңкейеміз – үш, төрт,

Аяқтың басымен және өкшемен Бір орында секіру.

Жасаймыз солай жаттығу.
Мұғалім: – Біз жақсы сергіп қалдық, жарайсыңдар. Ары қарай тағы не

істейміз? (Балалардың жауабы)
Мұғалім: – Дұрыс, барып жуынамыз және су емшараларын қабылдаймыз. Су пайдалы адамға,

Шынығамын күнде мен. Тоңбайды аяз-боранда, Салқын суға үйренген.
Мұғалім: – Балалар, айтыңдаршы жуынғаннан кейін не істейміз? (Балалардың жауабы)

Мұғаліммен бірге жаттығу жасайды.


Жуынамыз және су емшараларын

қабылдаймыз.


Төсегімізді жинап, таңғы ас ішеміз, одан соң мектеп формасын киіп, мектепке барамыз.

Тапсырма. Критерий

А.1. Күні бойы не істегенін ретімен белгілейді.

Дескриптор

1. Таңертеңнен бері жасаған әрекеттерін қанатшамен дұрыс белгілейді.


Тапсырма. Критерий А.2. Уақыт пен істейтін істерін бағыттауышпен

көрсетеді.

Сюжеттік сурет. Балалар жаттығу жасайды.

Сюжеттік сурет. Балалар жуынып жатыр.


Сюжеттік сурет. Балалар төсектерін жинап жатыр.