Файл: ыса мерзімді жоспар Сабаты таырыбы Лоренц кші. Магнит рісіндегі зарядталан блшектерді озалысы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 25.04.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы:Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы
| Бөлім: | Электр және магнетизм | |||||
| Педагогтің аты-жөні: | Өтеугалиева Аягүл Айболатқызы | |||||
| Күні: | 15.04.2022 | |||||
| Сынып: 10 «б» | Қатысушылар саны:16 | Қатыспағандар саны: | ||||
| Сабақтың тақырыбы: | Лоренц күші. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы | |||||
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 10.4.4.3-токомак,циклотрон,андронды коллайдер,магниттік тордың жұмыс істеу принципін талдау және поляр шұғыласының табиғатын түсіндіру. 10.4.4.4-зарядталған бөлшектердің қозғалысына магнит өрісінің әсерін зерттеу. | |||||
| Сабақтың барысы | | |||||
| Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
| Сабақтың басы | Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру Топқа бөлу
3. «Заряд» | Оқушылар шеңбер жасап топқа бөлінуге қамданады. | Мадақтау, толықтыру | Презентация | ||
| | Ширату жаттығулары. Белсенді оқыту : «Ықшам тақталар» әдісі 1.Магнит –өрісі деп .... 2.Халықаралық СИ жүйесінде магнит өрісінің өлшем бірлігі ретінде.... 3. Магнит өрісінің математикалық өрнегі... 4. Ампер күші деп... 5.Электр тогы деп.... 6. Магнит өрісінде қозғалған зарядталған бір бөлшекке әрекет ететін күш ... деп аталады. | Оқушылар бүгінгі түсіндірілген тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп тақырыпты ашады. | Сұрақтарға жауап берген оқушыларға арнайы жасалынған стикерлер таратылады. | Оқулық,жұмыс дәптері | ||
| Сабақтың ортасы | Топтың спикерлерін сайлап,оларға алдыңғы сабақ бойынша сұрақтар қою | Алдыңғы өткен тақырып бойынша өздеріне қойылған сұрақтарға жауап береді. | Қозғалыстағы зарядталған бөлшекке әсер ететін куштің формуласын білу. | Презентация,бейнеролик | ||
| | Тақырыпқа байланысты есептер шығару | Есептер шығару | Есепті шығарған оқушыны мадақтау | Оқулық Жұмыс дәптері | ||
| | Талдау ( топтар тапсырманың нұсқасын өз қалауымен таңдайды сабақта тек бір тапсырма орындау керек) Белсенді оқыту: «Графикалық синоним визуалды органайзерлер» әдісі 2-тапсырма. (G) Қозғалыстағы зарядталған бөлшектерге магнит өрісінің әсерін ажыратады. 1. Магнит өрісінде қозғалатын зарядталған бөлшек орбитасының радиусы мына шамаларға қалай тәуелді: а) оның жылдамдығы; ә)магнит өрісінің индукциясына; б)бөлшектің меншікті зарядына? 2. Зарядталған бөлшектің магнит өрісіндегі айналу периоды мына шамаларға қалай тәуелді: а)шеңбер сызатын орбитасының радиусы ; ә)магнит өрісінің индукциясына; б)бөлшектің меншікті зарядына? Кері байланыс: «Үлкен ағаның» сұхбаты Сіз бұл тапсырманы пайдалы деп санайсыз ба? Өз жауабыңызды негіздеңіз. | Әр топқа тапсырмалар беріліп,сол тапсырманы орындайды.Соңында кері байланыс жасалады. | Тапсырма орындаған оқушыларды ынталандыру мақсатында стикерлер таратылады, мадақтау айтылады. | Плакат,оқулық | ||
| Есептер шығару: 1. Электрон вакуумдегі индукциясы 0,1Тл біртекті магнит өрісінде 3 Мм/с жылдамдықпен қозғалады.Электрон жылдамдығының бағыты мен индукция сызықтарының арасындағы бұрыш 900 болса онда электронға әрекет ететін күш қандай? 2. Индукциясы 0,085 Тл магнит өрісіне перпендикуляр бағытта 46 Мм/с жылдамдықпен ұшып енеді.Магнит өрісіндегі электронға ірекет ететін күшті және ол қозғалған шеңбердің радиусын табыңдар? | ||||||
| Сабақтың аяғы | Үйге тапсырма беру. Рефлексия, қорытындылау «Ілгерілеуді анықтау» (оқушылар сабақтан алған әсерлерін тақтадағы баспалдақ суретіне стикерлер жабыстырады) | Үйге тапсырманы дәптерге түсіріп алады.түсінбегендерін сұрайды. | | Баспалдақ суреті арқылы қорытындалау. | ||
| Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Тексерілді Физика пәнінің мұғалімі: М. Кожахметова | |