Файл: 2саба. Апаратты табу (Ттас емес жне аралас мтін).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

2-САБАҚ. АҚПАРАТТЫ ТАБУ (ТҰТАС ЕМЕС ЖӘНЕ АРАЛАС МӘТІН)

Жаттығулар

Морлэнд

Жауабын көрсету

Жағдаят типі: қоғамдық
Тапсырма форматы: бір дұрыс жауапты таңдау
Морлэнд кітапханалар жүйесінде жаңа оқырмандарға кітапханалардың жұмыс уақыты жазылған бетбелгі беру қарастырылған.
Төмендегі сұрақтарға жауап беру үшін бетбелгіні мұқият қараңыз.



Кітапханалардың қайсысы жұма күні 18:00-де ашық болады?
A. Брансвик кітапханасы

B. К. Тернбулл атындағы кітапхана

C. Кобург кітапханасы

D. Фокнер кітапханасы

E. Гленрой кітапханасы

1-САБАҚ. АҚПАРАТТЫ ТАБУ (ТҰТАС МӘТІН)

Жаттығулар

Тұмау (грипп)

Жауабын көрсету

Жағдаят типі: қоғамдық
Тапсырма форматы: бір дұрыс жауапты таңдау (балл компьютерлік бағдарламамен анықталады)

ТҰМАУ

«АКОЛ» ұйымының қызметкерлеріне арналған тұмауға қарсы ерікті иммундау бағдарламасы

Қыстың күні тұмау жұқтыру оңай екені баршаға аян. Тұмауратсаңыз, бірнеше күн бойы ауыратыныңыз да белгілі.

Онымен күресудің ең жақсы тәсілдерінің бірі – тән саулығын күту. Күнделікті жаттығу және құрамында көкөнісі мен жемісі көп тағамның қажет мөлшерін жеу, ең алдымен, иммунды жүйенің осы кең тараған вируспен күресуіне көмектеседі.

Мұндай ауруға қарсы қосымша профилактикалық құрал ретінде «АКОЛ» ұйымы өз қызметкерлеріне тұмауға қарсы екпе егуді ұсынуға шешім қабылдады. 17 қарашадан бастап жұмыста апта бойы жұмыс күнінің бірінші немесе екінші жартысында екпе егетін медбикемен келісім жасалған. Екпе егу тегін және ұйымның барлық қызметкеріне қолжетімді.

Сондай-ақ ешкімге міндеттелмейді, яғни әркімнің өз еркінде. Екпе егуге шешім қабылдаған әрбір қызметкер аллергиясы жоқтығын және екпе еккен кезде болар-болмас жанама әсер болуы ықтимал екенін түсінетінін куәландыратын құжатқа қол қоюға тиіс.

Медициналық нұсқаулыққа сүйенсек, иммундау тұмау тудырмайды. Алайда оның шаршау, аздап дене қызуының көтерілуі және қолдың ауыруы секілді жанама әсерлері болуы мүмкін.



Иммундауды кімдердің жасатқаны дұрыс?

Өзін тұмаудан қорғағысы келген ӘРБІР адам.


Әсіресе оны 65 жастан асқандарға жасатуға кеңес беріледі. Бірақ жасы қаншада болса да, ол созылмалы аурумен, әсіресе жүрек пен өкпе ауруы, бронх демікпесі немесе диабетпен ауыратын адамдарға қажет.

Жұмыста ұжымның БАРЛЫҚ мүшесі үшін тұмау жұқтыру қаупі бар.

Иммундауды кімдерге жасатуға болмайды?

Жұмыртқа жеуге тыйым салынған, безгек ауруынан қатты қиналған адамдар мен жүкті әйелдерге болмайды.

Емделіп жүрсеңіз, иммундауды жасатуға қарсы көрсетім бар-жоғы жөнінде дәрігермен кеңескеніңіз жөн. Бұрын тұмауға қарсы жасатқан екпеден кейін қиындықтар болған-болмағанын анықтаңыз.

17 қарашадан бастап бір апта ішінде иммундау жасатуды жоспарласаңыз, 7 қарашаға дейін (жұма) Омарханова Айгерім Асқарқызына хабарласыңыз. Күні мен уақыты «АКОЛ» ұжымы қызметкерлерінің көпшілігіне ыңғайлы мерзімге, медбикенің мүмкіндігіне қарай белгіленеді. Егер иммундауды қыс басталғанша жасатамын деп жоспарласаңыз, бірақ белгіленген уақыт көңіліңізден шықпаса, онда мұны Айгерім Асқарқызына хабарлап айтыңыз. Тілек білдіруші саны көп болса, қосымша уақыт белгіленуі мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін 5577 нөмірі арқылы Айгерім Асқарқызына хабарласуыңызды өтінеміз.

Мықты денсаулық

«АКОЛ» компаниясының қызметкері. Базылова Арна Жұмабайқызы осы ұйымның қызметкерлеріне арнап алдыңғы екі беттегі ақпараттық парақшаны дайындады. Бұл ақпарат төменде берілген сұрақтарға жауап беру үшін қажет болады.

«АКОЛ» иммундау бағдарламасында төменде берілген қызметтердің қайсысы ұсынылған?

A. Қыс бойы күнделікті жаттығу жасау.

B. Иммундауды жұмыс уақытында жасату.

C. Қатысушыларға кішігірім сыйлық беру.

D. Екпені дәрігер жасайды.

Перифраз

Перифраз (гр. periphrasis — айналым) — құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Перифраз мәтіннің идеялық-эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық реңк пен оның әсерін күшейтеді. Мысалы, орман патшасы (арыстан дегеннің орнына), дала кемесі (комбайн), қара алтын (көмір), т. (Уикипедия)

Сөйлемге тілдік өзгерістер жасай отырып, белгілі бір ойды басқа сөзбен жеткізу.

Перифраз жасау тәсілдері

1. Сөйлемдегі сөз формасын басқа сөз табына алмастыру. Мысалы: зат есім → етістік, зат есім → сын есім, т.б.

Түпнұсқа: Ауа райы өзгерісі адам денсаулығының нашарлануына әкеп соқты.

Перифраз: Ауа райы өзгергендіктен адам денсаулығы нашарлады.


2. Синонимдерді қолдану.

Түпнұсқа: Менің апам ажарлы адам.

Перифраз: Менің апам әдемі жан.

3. Сандар мен пайыздық көрсеткіші өзге формаға ауыстыру.

Түпнұсқа: Оқушылардың үштен бір бөлігі жақсы деген бағаға ие болды.

Перифраз: Оқушылардың 30% жақсы деген бағаға ие болды.

4. Бірінші жақтан үшінші жаққа немесе үшінші жақтан бірінші жаққа алмастыру (ырықсыз етіске алмастыру).

Түпнұсқа: «Алаш» газеті Абай өлеңдерін жариялады.

Перифраз: «Алаш» газетінде Абай өлеңдері жарияланды.

5. Анықтама берудің әртүрлі құрылымдарын пайдалану.

Түпнұсқа: Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? - деген сұраққа жауап беретін сөз табы.

Перифраз: Зат есім - бір заттың, нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның атын білдіретін сөз табы. Кім? Кімдер? Не? Нелер?- деген сұрақтарға жауап береді.

6. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі формаларын түрлендіріп қолдану.

Түпнұсқа: «Өмірді өмірдің бағасынан артық сүю қажет» - деді Ф. Достоевский

Перифраз: Ф. Достоевский өмірді өмірдің бағасынан артық сүю қажеттігін атап өтті.

7. Сөйлем құрлымын өзгерту және байланыстырушы сөздерді өзге түрлерін қолдану.

Түпнұсқа: Арман сабағына дайындалып отырып, інісіне де көмектесті. Алайда екі нәрсені қатар жасау оған қиын тиді.

Перифраз: Арман әрі сабағына дайындалды, әрі інісіне көмектесті. Дегенмен екі нәрсені қатар жасап қиналды.

Алайда жалқы есімдер мен кілт терминдерді ауыстыруға, өзгертуге болмайды.

Артқа


Жаттығулар

Ойын тасы мен хикая

Жағдаят типі: жеке
Тапсырма форматы: еркін құрылымды ашық жауапты талап ететін сұрақ
ОЙЫН ТАСЫ МЕН ХИКАЯ

Сіз ойын ойнап отырсыз. Оның шарты бойынша, ойын тастарын лақтырып, шыққан суреттерді хикаяға айналдыру керек. Ойынға дайындық ретінде сіз тек екі ойын тасын пайдаланасыз.



Оң жақта берілген суреттерді біріктіретін екі түрлі хикая ойлап табыңыз. Хикаялардың идеясы бір-бірінен барынша ерекшеленуі тиіс.

Бұл сұраққа жеті минуттан аспайтындай уақыт жұмсауға кеңес береміз. Хикаялардың көлемі 80 сөзден көп болмауы керек.


МӘТІНДІ ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ (ҚҰРАМДАС МӘТІН)

Жаттығулар

Жұмыс күші

Жауабын көрсету

Жағдаят типі: білім беру


Тапсырма форматы: бір дұрыс жауапты таңдау

Диаграммада белгілі бір елдегі еңбекке жарамды халықтың құрылымы көрсетілген. 1995 жылы бұл елдің халық саны шамамен 3,4 миллион болған.



Ескертпе

1. Халық саны мыңдықпен (000) көрсетілген.

2. Еңбекке жарамды халық дегеніміз – 15 пен 65 жас аралығындағы адамдар.

3. «Жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер» – жұмысты белсенді іздемейтіндер және (немесе) жұмыс таба алмай жүргендер.

Кестені қолдана отырып, сұраққа жауап беріңіз.
Еңбекке жарамды халық қандай екі негізгі топқа бөлінген?

A. Жұмысы барлар және жұмыссыздар

B. Жас мөлшері бойынша еңбекке жарамдылар және еңбекке жарамсыздар

C. Толық жұмыс күнімен және жартылай жұмыс күнімен қамтылғандар

D. Жұмыс күшінің құрамына кіретіндер және жұмыс күшінің құрамына кірмейтіндер
МӘТІННІҢ МАЗМҰНЫ НЕМЕСЕ ФОРМАСЫ БОЙЫНША РЕФЛЕКСИЯ ЖАСАУ ЖӘНЕ МӘТІНДІ БАҒАЛАУ (ТҰТАС МӘТІН)

Жаттығулар

Билл Гейтс

Жағдаят типі: қоғамдық

Тапсырма форматы: еркін құрастырылатын ашық жауап

Билл Гейтс

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі – «Microsoft» фирмасының басшысы Билл Гейтс жақында әлем балалары үнемі жадында ұстауы тиіс 11 кеңес берді. Бұл, әрине, Биллдің уақыт сынынан өткен, арғы-бергіні толық таразылаған ақылы. Әйтпесе болашақ миллиардердің бала күнінде грамматика, азаматтану пәндерінен үлгерімі төмен болған, бірақ математиканы «беске» оқыған. Бастауыш мектепті бітіретін жылы баласының болашағына алаңдаған ата-анасы оны психиатрға апарып көрсеткен. Гарвард университетіне оқуға түскенімен, орта жолда оқудан шығарылған.

Міне, осындай өмір жолы Гейтсті үлкен ой толғанысына әкелген сияқты. Ол құр ақыл айтып қана қоймай, өскелең ұрпақты өз қателіктерінен сақтандыруды да қалап отырғаны сөзсіз. Билл бұл кеңестерін өзінің интернеттегі блогына жазыпты.

1-кеңес. Өмір – әділетсіз. Осыған бой үйретіңіздер!

2-кеңес. Әлем үшін сіздің өзіңіз туралы ойыңыздың құны - бес тиын. Өмір сіз өзіңізді сенімді сезінгеніңізді күтпейді, шаруаны дәл қазір тындыруды талап етеді.

3-кеңес. Сіз мектеп бітіре салып, жылына 60 мың доллар таппайсыз.

4-кеңес. Мұғалім тым талапшыл деп есептейсіз бе? Өзіңіз басшы болғанша күте тұрыңыз.

5-кеңес. Гамбургер сату сіздің намысыңызға нұқсан келтірмейді. Котлет сатқан сіздің аталарыңыз бен әжелеріңіз бұл үшін басқа сөз қолданған. Олар мұны «мүмкіндік» деп атады.


6-кеңес. Егер сіз масқараға ұшырасаңыз, ата-анаңыздың кінәсі емес. Ойбайлай бермеңіз, қатеден сабақ алыңыз.

7-кеңес. Сіз өмірге келгенге дейін ата-анаңыз қазір сіз ойлап жүргендей, іш пыстырарлық жандар болған жоқ. Олар мұндай жағдайға сіздің жоғыңызды тауып бере жүріп, киімдеріңізді жуып-тазалап жүріп және сіздің өзіңіз туралы әдемі пікірлеріңізді естіп жүріп жетті. Сондықтан әлемді өз ата-анаңыздың әңгімесінен тазартпас бұрын, өз бөлмеңіздегі шаң-тозаңды тазартып алыңыз.

8-кеңес. Сіздің мектебіңіз оқушыларды көшбасшылар және жолы болмайтындар деп бөлмейтін шығар, ал өмір бөледі! Кейбір мектепте сізге бірден нашар баға қоймайды, сізге бірнеше рет мүмкіндік береді. Ал шынайы өмірде ешқашан мұндай оқиға болған емес!

9-кеңес. Өмір мектептегідей тоқсандарға бөлінбейді. Өмірде жазғы каникул деген болмайды. Сіз өмірден өзіңізді табу үшін мүмкіндік беретін жұмыс орны тіпті аз. Өзіңіз іздеңіз!

10-кеңес. Теледидар – шынайы өмір емес! Шынайы өмірде адамдарға дәмханада отыруға емес, жұмысқа баруға тура келеді.

11-кеңес. ”Кітапкеміргіштер” мен “оқымыстыларға” аса қатал қарамаңыз. Кім біледі, ертең соның қарауында жұмыс істеп қаларсыз…

Билл Гейтс бұл кеңестерді не үшін жазды деп ойлайсыз?

ТҰТАС МӘТІН

ТАПСЫРМА №1

ТАПСЫРМАНЫҢ МӘТІНІ

Жауабын көрсету

240 жастағы робот

Естімеген елде көп. Ең алғашқы робот осыдан 240 жыл бұрын жасалған. Бұл қаламгер бала бейнесіндегі бағдарламалы робот 6000 бөлшектен тұрады. Әлемдегі ең алғашқы компьютер болуы да ғажап емес. Оның жасалғанына 240 жыл болғананына қарамастан әлі күнге дейін жұмыс істейді екен.

Таңғажайып бала роботтың аты жай ғана «Жазушы». Осынау 6000 қозғалмалы бөлшектен тұратын роботты 1770 жылдары құрастырып шығарған. Авторы әйгілі швейцариялық сағат жасаушы, механика маманы Пьер Жаке-Дро, оның ұлы Анри-Луи және Жан-Фредерик Лешо.

Жаке-Дро автоматты құрылғы жасаудың шебері болған. Құрылғының сыртқы түрі алдамшылау. Кішкентай жалаңаяқ бала қолына құс қауырсынын ұстап ағаш орындыққа отырғызылған. Бір көргенде қарапайым бір ойыншық деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда оның ішінде таңғажайып инженерлік шеберлікпен қиюластырылған механика бар: 6000 бөлшек жазғыш машинаның жұмыс істеуіне қызмет етеді. Компьютердің ескі түрі деген ой туғызуға да болатындай.

Машина қосиінді-бұлғақты оталдыру серіппесінің көмегімен жұмыс жасайды, соның әсерінен баланың басы, көзі, қолы қозғалады. Бұл оны адамға ұқсатып, «тірілтеді». «Жазушы» тіпті қауырсынын сиясауытқа батырып отырады. Ол 40 белгіден тұратын, кез келген төрт жол мәтінді жаза алады.