Файл: 2саба. Апаратты табу (Ттас емес жне аралас мтін).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сұрақ:



Алғашқы робот қай уақытта жасалған?
19 ғасырдың екінші жартысында

16 ғасырдың екінші жартысында

18 ғасырдың екінші жартысында

17 ғасырдың екінші жартысында

ТАПСЫРМА №2

Тұжырымдардың дұрыс-бұрыстығын анықтаңыз.



Тұжырым

1

Алғашқыроботтың құрастырылып шығарылғанына екіжарым ғасырға жуық уақыт болды.


2

Құрылғы темір орындыққа отырғызылған, қолында құс қауырсыны бар жалаңаяқ бала бейнесінде жасалған


3

Роботтың сырт бейнесіне қарап компьютердің ескі түрі деген ой келуі мүмкін


4

Роботтың құрылымы өте көп бөлшектерден тұрады




ТАПСЫРМА №3

240 жастағы робот

Естімеген елде көп. Ең алғашқы робот осыдан 240 жыл бұрын жасалған. Бұл қаламгер бала бейнесіндегі бағдарламалы робот 6000 бөлшектен тұрады. Әлемдегі ең алғашқы компьютер болуы да ғажап емес. Оның жасалғанына 240 жыл болғананына қарамастан әлі күнге дейін жұмыс істейді екен.

Таңғажайып бала роботтың аты жай ғана «Жазушы». Осынау 6000 қозғалмалы бөлшектен тұратын роботты 1770 жылдары құрастырып шығарған. Авторы әйгілі швейцариялық сағат жасаушы, механика маманы Пьер Жаке-Дро, оның ұлы Анри-Луи және Жан-Фредерик Лешо.

Жаке-Дро автоматты құрылғы жасаудың шебері болған. Құрылғының сыртқы түрі алдамшылау. Кішкентай жалаңаяқ бала қолына құс қауырсынын ұстап ағаш орындыққа отырғызылған. Бір көргенде қарапайым бір ойыншық деп ойлауыңыз мүмкін. Алайда оның ішінде таңғажайып инженерлік шеберлікпен қиюластырылған механика бар: 6000 бөлшек жазғыш машинаның жұмыс істеуіне қызмет етеді. Компьютердің ескі түрі деген ой туғызуға да болатындай.

Машина қосиінді-бұлғақты оталдыру серіппесінің көмегімен жұмыс жасайды, соның әсерінен баланың басы, көзі, қолы қозғалады. Бұл оны адамға ұқсатып, «тірілтеді». «Жазушы» тіпті қауырсынын сиясауытқа батырып отырады. Ол 40 белгіден тұратын, кез келген төрт жол мәтінді жаза алады.

Сұрақ:

Алғашқы роботқа неліктен «Жазушы» атауы берілді?

ТАПСЫРМА №4

Сұрақ:

«Әлемдегі ең алғашқы компьютер болуы да ғажап емес» деген автордың ойымен қаншалықты келісесіз? Берілген екі ойдың бірін таңдап, жауабыңызды негіздеңіз:

Иә, әбден мүмкін...

Жоқ, роботты компьютермен шатастыруға болмайды...



АРАЛАС МӘТІН

Заттаңба

- Балам, кір жуғалы жатырмын. Кір киімдерің болса, мында сала сал.

- Міне, анашым.

- Тұра тұр, бұл автоматпен жууға келе ме екен? Заттаңбасын көрсетші.



Polyester, elastan – синтетикалық матаның ерекше түрлері

Cotton – өсімдік талшықтарынан алынған мата

ТАПСЫРМА №1 Өнім құрамындағы табиғи матаның үлесі қандай? үштен екі бөлігіне жуық жартысынан көбін құрайды үштен бір бөлігіне жуық тең жартысын құрайды

ТАПСЫРМА №2 Өнімнің заттаңбасына сүйене отырып, оған байланысты орындалатын әрбір әрекеттің тұсына «иә», «жоқ» белгісін қойыңыз.



Тұжырым

1

Өнімжуылатын судың максималды температурасы отыз градустан аспауы керек

2

Өнімге химиялық ағарту жасауға болады

3

Өнімді кір жуатын машинада сығуға, кептіруге болмайды

4

Өнімді өте жоғары температурада үтіктеуге болады


ТАПСЫРМА №3

Заттаңба төмендегілердің қайсысына тиісті? Перде жемпір ақжайма орамал


ТАПСЫРМА №4 Заттаңбада жоқ ақпаратты анықтаңыз. өнім құрамындағы мата атаулары өндіруші ел мен брендтің атауы затты қолданудың шартты белгілері тауар құрамындағы шикізаттың үлесі

ТАПСЫРМА №5 Заттаңбаға назар аудара отырып, анаңызға тиісті жуу режимін таңдауға көмектесіңіз және таңдауыңыздың себебін дәлелді түрде түсіндіріңіз

ТАПСЫРМА №6 Киімге не үшін заттаңба тағылады? .





Артқа




ДҰРЫС ЖАУАП

Заттаңбадағы шартты белгілерге сай дұрыс режим таңдалып, түсіндірмесі берілген.


Артқа