Файл: Кмектес септікте тран сілтеу есімдігін табыыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

  1. Көмектес септікте тұрған сілтеу есімдігін табыңыз

  1. жолдаспен

  2. ауылдан

  3. менімен

  4. сонымен

  1. Жіктеу есімдігін табыңыз

  1. Біз

  2. Кімдер

  3. Өзім

  4. Бәріміз

  1. Сілтеу есімдігінің тәуелді түрін табыңыз

  1. ананы

  2. анауың

  3. анаған

  4. анау

  1. Жіктеу есімдіктерінің жіктелген түрін көрсетіңіз

  1. Қалаға,бұйрыққа

  2. Киімім, бағам

  3. Бағдарлама, сауал-сұрақ

  4. Менмін, сіздерсіз

  1. Сұрау есімдігін табыңыз

  1. Ғой, бірақ

  2. Ешкім

  3. Кімім, кіміңіз

  4. Кейбір, біреу

  1. Зат есімнің орнында тұрған есімдікті табыңыз

  1. Сені жіберді

  2. Кітапты әкелмедім

  3. Қаламды бер

  4. Кітабы шықты

  1. Барыс септікте тұрған өздік есімдігін табыңыз

  1. өзі

  2. өзіңмен

  3. өзіңе

  4. өзінде

  1. "Самат барғанша, ол кетіп қалды" сөйлеміндегі есімдікті табыңыз

  1. қалды

  2. ол

  3. барғанша

  4. Самат

  1. Сұрау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз

  1. Біз, қазіргі жастар, нарық заңын меңгереміз


  2. Оқуыңды бітірдің бе, балам?


  3. Ата, қалаға қашан барамыз?

  4. Біздің үйге, қалқам, тезірек жет.

  1. Өздік есімдігі қатысқан мақал-мәтелді табыңыз

  1. Ана тілің алпыс тілге татиды

  2. Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады

  3. Тіл - ұлттың сүйенетін тамыры, сыйынатын тәңірі.

  4. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте