Файл: Блім Кбейту амалыны компоненттері Педагогті атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 12

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

Көбейту амалының компоненттері

Педагогтің аты-жөні:

Нурмаханова Ақмаржан

Күні:

19.01.2023 ж

Сынып: 2 «Г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Көбейту. Көбейту амалының компоненттері.

Оқу бағдарлама- сына сәйкес оқыту мақсаттары

2.1.2.1. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысы, бөлуді заттарды түрлеріне қарай және тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.

2.5.2.4. Көбейту және бөлу амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысы екенін түсінеді, есептеулерде қолданады. Көбейту амалының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады.

Көптеген оқушылар бірдей қосылғыштардың қосындысын көбейтумен, көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастырады. Көбейту амалының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады.

Кейбір оқушылар бірдей қосылғыштардың қосындысы ретінде көбейтудің мәнін түсінеді, қосуды көбейтумен, керісінше көбейтуді қосумен алмастыруға мүмкіндік беретінін түсінеді, есептеулерде тиімді қолданады. Көбейту амалының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады.




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Сабақтың ортасы

5-17 мин

Өткен сабақты қорытындылау. Оқушыларға «тышқан ініне кіргенше» ойыны арқылы өткен сабақтан нәтиже алу
Слайдтан бірдей қосылғыштарды 2 + 2 + 2 қаламдардың 3 оқушыға тарату арқылы оның бастапқы санын табамыз.

2+2+2+2+2+2=12

2*6=12

2+2+2+2+2+2+2=14

2*7=14

Осындай мысалдарды келтіре отырып, көбейту дегеніміз бірдей сандардың қосындысы екен білесің.

Үнемі бізге тапсырмалар қосынды түрінде келе бермейді. Сондықтан оны көбейтінді түріндеде мысалмен көрсетейін.

Мысалы,

6*2=6+6=12

5*3=5+5+5=15

7*2=7+7=14

-Сонда бізге көбейтінді берілсе, оны қосылғыштарға жіктеу арқылы оның мәнін таба алады екенбіз.


Көбейту амалдарының көмпоненттері түсіндірместен бұрын, оқушылар, 1-сыныпта өткен материалдарды еске түсірейік.

Азайту амалдарының компоненттері

10-7=3 айырмасының компоненттері

10-7-айырма

10-азайғыш

7-азайтқыш

3-айырманың мәні

Қосу амалдарының компоненттері

9+5=14 қосындысынң компоненттері

9+5-қосынды

9-қосылғыш

5-қосылғыш

14-қосындының мәні

Жарайсыңдар, оқушылар, ұмытпапсыңдар!

Бүгін біз енді көбейту амалының компоненттерін оқуды үйренетін боламыз.

2*3=6 көбейту амалының компоненттері

2*3-көбейтінді

2-бірінші көбейткіш

3-екінші көбейткіш

6-көбейтіндінің мәні

Енді, слайдқа қарап, барлығымыз хормен өзіміз айтайық.

Слайдтағы тапсырмаларды барынша жылдам орындап, тышқанды ініне жеткізеді.


Бүгінгі жаңа сабақты тыңдайды.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және сабаққа белсене қатысады.

Кері байланыс


Мадақтау

Слайд

Слайд

17-25 мин

https://learningapps.org/myapps.php

Оқушыларды тақтаға шығарып ойын ойнату.

Learningapps сайты арқылы жасалынған тест тапсырмаларын орындау



Бүгінгі өткен жаңа тақырып бойынша тест орындайды.

Ойынның шарты: 4 берілген жауаптың ішінде 1 ғана дұрыс жауабын белгілейді. Сол арқылы мәреге бірінші жетуіміз кеерк.

Оқушылар тақтаға шығып, тапсырмаларды орындайды.

Мадақтау

Слайд, сайт

25-28 мин

Сергіту сәті.

Сынып бөлмесінде жасырылған қағаздарды тауып, ондағы есептерді шығарады.

Сыныпта әуен қосылып тұрады

Оқушылар қабырғадағы қағаздарды табады

+1 ақылмен бағалау

Стикерлер

28-35 мин

Топтық жұмыс

Оқушылар алдын ала топқа бөлінді.

Әр топқа плакат арқылы есептер беріледі.

Есептің шартын және шешуін табады, жазады

1-топ

Аулада 27 ұл және олардан 4-еуі артық қыз ойнап жүр. Аулада барлығы неше бала ойнап жүр?

Ұл-27

Қыз-?9-ы арт

Барлығы-?

Ш: (27+4)+27=58

Ж: барлығы 58 бала ойнап жүр, 31 қыз

2-топ

Айжанда 21 торкөз дәптер және одан 8-і кем жолкөз дәптер бар. Айжанда барлығы неше дәптер бар?

Торкөз -21д

Жолкөз -?8-і кем

Барлығы -? Д

Ш: (21-8)+21=34 (д)

Ж:Барлығы 34 дәптер, жолкөз 13 дәптер

3-топ

Әсемде 32 қызыл шар және одан 10-ы кем сары шар бар. Әсемде барлығы неше шар бар?

Қызыл ш -32

Сары ш -? 10-ы кем

Барлығы -? Ш

Ш: (32-10)+32=54 (ш)

Ж: Барлығы 54 шар, 22 сары шар бар.

Есепті оқиды, шартын құрады, шешуін және жауабын жазады.

Топтан бір оқушы шығып, түсіндіріп береді.

Кері байланыс

Плакаттар

35-40 мин

Оқулықтағы 7-мысалды оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде беріледі.

Берліген мысалды есептемей-ақ салыстыр

7*2= 2*7

4*5=5*4

6*7>6*5

8*3=8*3

Оқулық және дәптермен жұмыс жасайды.

Оқушылар өзін-өзі бағалайды

Оқулық және дәптер

Сабақтың соңы

40-45

Оқушылардан кері байланыс ретінде бүгінгі сабақтын оқу мақсаттарына толық жету бойынша оқушылардан «бағдаршам әдісі» арқылы сабақты қорытындылау.

«Жасыл түс» - бүгінгі сабақты түсіндім

«Сары түс» - толық түсінбедім

«Қызыл түс» - мүлдем түсінбедім
Рефлексия

«Оқушымен диалог-сұхбат»

-Бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Бүгінгі сабақта өз іс-әрекетіңді қалай бағалайсың?


Оқушылар қолдарына берілген түстер арқылы бағалайды

«Бағдаршам» әдісі




Үй жұмысы

19-бет, 9-мысал