Файл: Осы сабата ол жеткізілетін оу масаттары (оу бадарламасына сілтеме).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Қысқа мерзімді жоспар



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп:

Күні:08.11.22

Мұғалімнің аты-жөні: Рсаева Д.М.

Сынып: 2

Қатысқандар: Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Пернетақта







Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.4.2.2 спрайтты пернетақтамен басқаруды ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Енгізу және шығару құрылғыларын ажыратады, пернетақта құрылғысын қолдана алады.

Басым көпшілігі: Ақпаратты компьютерге енгізуді біледі.

Кейбір оқушылар: Ақпарат енгізу құрылғысын қолдануда меңзерді басқару, қосымша символдық пернелерді де пайдалана алады.


Бағалау критерийі

- Пернетақта құрылғысын қолдана алады.

- Ақпаратты компьютерге енгізе алады.

- Ақпарат енгізу құрылғысын қолдануда меңзерді басқару, символдық пернелерді, қосымша пернелерді де пайдалана алады.


Тілдік мақсаттар


Оқытудың тілдік мақсаты

Пәнге қатысты терминология

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

Пернетақтамен жұмыс жасауды үйренеді.

Пернетақта –Клавиатура-keyboard

Пернелер-Клавиши-keys Енгізу-Ввод- Input

Пернетақтаның блоктарын ата?

Меңзерді басқару пернелерінің қызметін білеміз бе?

Құндылықтарға баулу


Бейбітшілік пен келісім.

Ұжымда, топта, жұптасып, бірлесіп жұмыс істеу арқылы бірлік пен келісім құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, әдебиеттік оқу

Алдыңғы білім


Ақпараттың енгізу және шығару құрылғылары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут


Ұйымдастыру.

Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

«Өрмекші» әдісін қолдана отырып ,оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы жақсы көңіл күй тудыру.

Сурет қиындылары арқылы 2 топқа бөлемін.

1 топ- Планшет 2 топ- Телефон

Менің досым қандай?” сергіту сәті арқылы ынтымақтастық ахуалын орнату “Сен маған –мен саған” әдісі арқылы бір-біріне сұрақтар беру

  1. Компьютердің сыртқы құрылғыларын ата?

  2. Енгізу-шығару құрылғыларын ата?

  3. Пернетақта дегеніміз не?

  4. Монитор дегеніміз не?

  5. Тышқан қандай қызмет атқарады?

  6. Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер қалай аталады?

Дескриптор:

  1. Компьютер құрылғыларын ажырата алады.

  2. Құрылғылардың атқаратын қызметтерін біледі.

ҚБ смайликтер арқылы бағалап отыру

Оқу мақсатын анықтау

«Миға шабуыл» әдісі бойынша

интербелсенді тақтадан құрылғының суреттерін көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Сурет арқылы оқушылармен диалог жүргізу. Суретте не бейнеленген? Сендердің ойларыңша бұл зат неге ұқсайды?

Бұл тұтас зат па немесе бір заттың бөлігі ме?



Түрлі-түсті жіптер

Мозайкалар, оқулық, жұмыс дәптері

Суреттер, слайдтар

Сабақтың ортасы

15 минут

Сергіту сәті

2 минут
Практикалық жұмыс 8 минут


Жаңа ақпаратпен жұмыс:

Жаңа ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру мақсатында бейнеролик ұсынамын. Пернетақта туралы мәлімет беріледі.
«Дауыстап ойлау» әдісі арқылы жұптық жұмыс жүргіземін.

Оқулықтан  пернетақтаның негізгі блоктары:

1.Функционалдық пернелер (F1-F12)

2.Цифрлық пернелер

3.Символдық пернелер

4.Меңзерді басқару пернелері

туралы жұптаса отырып берілген тақырыпты біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді. Бір- біріне бейнероликте көргендерімен оқығандарын біріктіре отырып түсіндіреді.

ҚБ смайликтер арқылы бағалап отыру
Топтық жұмыс:

1-топқа. Пернетақта құрылғысы туралы түсінік

береді.

2-топқа. Ақпаратты енгізу құрылғысының меңзерді басқару пернелері және қосымша символдық пернелері туралы түсінік береді.

Дескриптор.

  1. Енгізу құрылғысы туралы біледі.

  2. Меңзерді басқару және қосымша символдық пернелерді қолдана алады.


ҚБ Оқушылар топты түрлі түсті жетондар арқылы бағалайды
«Кел, билейік» атты видео экраннан көрсетіледі, оқушылар орнынан тұрып билейді.
«Кім епті?» практикалық тапсырма. Оқушылардың әріптерді теру жылдамдығын арттыру мақсатында оларға теруге шағын мәтін беріледі. Оқушыларға алдын ала WordPad мәтіндік редакторы ашылып компьютерлер дайын тұрады.

«Астана-Бәйтерек» монументі

«Астана-Бәйтерек» монументінде барлығы символға құрылған, алтын шапақты күн мен оның 97 метрлік биіктігі, әлемдік жаратылыстың үш негізін білдіретін үш бөліктен тұратын ішкі сәулеті Қазақстаннан  тысқары жерлерге де мәлім.
Дескриптор:

  1. Оқушылар қосымша пернелерді де

пайдалануды біледі.

  1. Оқушылардың кейбірі әріптерді жылдам

тере алады.

ҚБ смайликтер арқылы бағалап отыру


Бейнеролик: https://www.youtube.com/watch?v

=yXptDIv3lDg

Оқулық,

жұмыс дәптері

Қызыл, сары, жасыл түсті жетондар

https://www.youtube.com/watch?v=l9pDnUJOqMM

Үлестірме қағаз, компьютер

Сабақтың соңы

9 минут

Қорытынды.

«Мидың суретін салу» идеясы. Оқушылармидыңсуретіндəптергесаладыда,онысабақ кезіндемеңгергенбілімдерінбілдіретінсөздерментолтырады.

Дескриптор:

  1. Оқушылар сабақта түсінген сөздерін жазады.

  2. Әрбір сөздерге қысқаша түсініктеме береді.

ҚБ: Оқушылар топты түрлі түсті жетондар арқылы бағалайды.

Критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау. Топтық жиынтық бағалау.
Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: Пернелер қызметіне сұрақ құрастыру. Қосымша пернелер, басқару пернелерін жаттау.



Оқулық, қағаздар, жіп , кір қыстырғыш

Қызыл, сары, жасыл түсті жетондар
«қызыл» түс - түсінген жоқпын «сары» түс- сұрақтарым әле де бар «жасыл» түс-барлығы түсінкті


Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Оқушылардың жеке қабілеттерін ескере келе Барлық оқушылар «Миға шабуыл» әдісі арқылы интербелсенді тақтадағы суреттерді сөйлете біледі.Топтық,жұптық тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың жеке қаблеттерінің ілгерілеуіне өз бетінше ізденуіне бағыттаймын.Топпен жұмыс жасауда жақын арадағы даму аймағының қалыптасуына ықпал етемін.

Практикалық тапсырма орындау арқылы оқушылардын компьютерлік программаларды қолдана отырып, пернетақтамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.


ҚБ смайликтер арқылы бағалап отырдым

Сабақ соңында оқушылар «Бағдаршам» әдісін пайдаланып, кері байланыс жүргіземін.

  • Сұрақтарға берген жауаптары бойынша;

  • Топтық жұмыста атқарған жұмыстарын бойынша;



Сыныпта компьютермен жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік ережелері қатаң ескеріліп отырады. Оқушылардың көздері нен шаршау байқалса, 1 минут көз жаттығуларын мұғалім мен оқушылар бірге орындайды.

Сабақ бойынша рефлекция

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?




Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?