Файл: xx асырды басындаы лтты зиялы ауым Жетекшісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 4

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ақмола облысы

Ақкөл ауданы

«Қына а. ЖОББМ» КММ

«Ғылыми-зерттеу жобасы»

Тақырыбы: «XX ғасырдың басындағы ұлттық зиялы қауым»

Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі

Есмуканов А.М

Ғылыми жоба орындаушысы:

8 «А» сынып оқушысы Ілияс Ақерке

2022 – 2023 оқу жылы

ЖОСПАР

Кіріспе

1 тарау. XX ғасырдың басындағы ұлттық зиялы қауым

1.1. Алаш қайраткерлері Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаевтардың саяси-құқықтық көзқарастары

2 тарау. Зиялылардың ұлттық мемлекет жайлы көзқарастары

2.1. Ұлттық интеллигенциямен элиталық топтардың Ресей үкіметіне ықпалы

2.2. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Алаш қайраткерлерінің ұлттық мемлекет құрудағы игі бастамалары

Қорытынды

Сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар

Тақырыптың өзектілігі: Табиғатынан дарынды жаратылған бұл буын өкілдері қазақы тал бесікте тербеліп, исламның иманды бұлағынан нәр алып, мұсылманша хат танып, одан кейін жәдитше, орысша оқып, орта, жоғары дәрежелі білім алған; Орынбор, Омбы, Семей, Алматы, Ташкент, Уфа, Қазан, Мәскеу, Петербор секілді шаһарлар тәрбиесін көрген, өз заманының көзі ашық зиялылары. Бұлар мұғалімдік, инженерлік, заңгерлік, экономистік, дәрігерлік секілді сан алуан мамандық иелері. Түркі-славянды былай қойғанда, араб, ағылшын, неміс, француз секілді жеті жұрттың тілін білген. Сол замандағы кез келген озық елдің зиялыларынан асып түспесе, кем соқпайтын. Алаш қозғалысына қатысып, Алаш партиясын құрысып, Алашорда өкіметін жасаған қайракерлер ішінен қазақ әдебиетінің алтын діңгек, сом тұлғалары шықты. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті әлемдік көркемдік тәжірибені меңгерген дарынды қаламгерлер жасаған, барлық жанрда дамыған, сұлулық жүйесі қалыптасқан, биік эстетикалық деңгейге көтерілген маманданған өнер екенін тамаша туындыларымен әйгілеп берді. Алаш ұранды әдебиет мұраттары ілгері дамып, жай көзге оп-оңай шалына бермейтін, өнердің ғажайып ұлттық игілік, асыл арна, биік нысаналары көгала толқын іспетті ағыстар талантты қаламгерлер шығармаларында өрістен өріске көтеріліп, жаңа арналар тауып, буы бұрқырап жатты.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Қазақ зиялы қауымы туралы соңғы кездері бірталай еңбектер жарияланып жүр. Мысалы, «Аралап қалың елді жүрер сөзім», «Алаш қозғалысы», «Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы» және «Алаш партиясы. Қиянат пен ақиқат» атты еңбектерде репрессияға ұшыраған қазақтың қоғам қайраткерлерінің өміріне, шығармашылығына, қиын-қыстау кезеңдеріне тоқталып өтуге болады.


Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Қазақтың зиялы қауым өкілдері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Асфендияров, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Ж.аймауытов, Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, т.б. қазақ өлкесінің отарлық езгідегі халықтың мұң-мұқтажына іші күйіп, өз тілімізді, дінімізді, қазақтың салт-дәстүрін, жалпы ерекше болмыс бітімін қуғындау, бүтін өлкені орыстандырып жіберуді тоқтату керектігіне назар аударған болатын. Олар қанша рет абақтыға қамалса да, сол елдің қамын ойлаумен өмірі өтті. Сондықтан да осындай қазақтың асқан біртуар азаматтарымызды құрметтеу біздің міндетіміз болып табылады.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан (XX ғасырдың басындағы ұлттық зиялы қауым өкілдерінің қилы тағдыры, Ұлттық интеллигенция мен элиталық топтардың Ресей үкіметіне ықпалы), қорытынды, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшалардан тұрады.