Файл: 27. 11. 19 Пн Жаратылыстану.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Күні :27.11.19

Пән: Жаратылыстану

Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері

Мектеп: №12 жом

Мұғалім: Сағындықова А

Сынып: 4

Қатысқандар саны: 8 Қатыспаған оқушылар:0

Сабақ тақырыбы:

Заттардың қасиеті қалай өзгереді?

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.3.2.4 заттардың қасиеттерінің қалай өзгеретінін анықтау

4.3.1.2 құрастырылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу;

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Заттардың басқа затқа айналуы қалай жүретінін біледі;

Оқушылардың басым бөлігі: Заттың қасиеттеріне байланысты қолдану аясын анықтайды.

Кейбір оқушылар: Түрлі үдеріс кезінде заттардың қасиеттері қалай өзгеретінін түсіндіреді;

Заттар қасиетіне байланысты қалай қолданылатынын анықтайды.

Жоспар










Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар










Сабақтың басы

2мин

5мин

3мин

2мин

«Көңілді қалпақ»

жаттығуы: жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында оқушылар шеңберге тұрып ойнақы, көңілді музыканың әуенімен қалпақты шеңбер бойымен жылжытады. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында қалса, сол бүгінгі сабаққа ізгі тілегін білдіреді.

Өткен сабақта біз сендермен заттардың қасиеттері,таза және қоспа заттар туралы танысқанбыз.

Бүгінгі сабаққа біздің сыныптың қыздары өз үйлерінде жасаған тәжірибелерімен бөліспек.Ал тақтаға назар аударайық.

Камила мен Эльмира әртүрлі заттардың қоспасынан « Шоколад жасау» тәсілімен ,ал Іңкәр «Желе жасау »тәсілімен таныстырады.

(шыққан нәтижелерін көрсетеді)

Бейнероликтер тамашалайық.

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.

«3 минут ішінде 1 жылда ормандағы өзгерістер» бейнеролик

-Балалар ,орманда қандай өзгерістер болды?

-Не байқадыңдар?

-Олар неліктен өзгерді?

-Дұрыс маусымдық өзгеістерге байланысты?

-Қалай ойлайсыңдар заттардың қаситтері қалай өзгереді екен?

Кіріспе тапсырма. Заттар өзгеріске түсе ме?

Темір құбырдың суретін көррсету

  • Темір құбырға не болды? Неліктен?

  • Таттанған темір қасиетін сақтай ма?

(Таттанып кеткен темірден жасалған заттарды көрсету).

Таттанған темір шегені көрсету.

  • Темір шеге қандай өзгеріске түскен?

  • Бұл шегені енді балғамен тақтайға қақса не болады? Оны енді пайдалануға бола ма?

  • Темір шеге бұрын қандай еді?

  • Темір қандай қасиетке ие?

  • Темірдің осы қасиеті сақталды ма?

  • Темірдің тағы қандай қа­сиеті бар еді?

Таттанған шегенің магнитке тартылу қасиетін тексеріп көру.

Шегеге магнитті жақындату.

  • Барлық заттар өзгере ме? Қасиеттерін жоғалта ма? Қалай ойлайсыңдар?




Алақан

бейнероликтер

орман туралы бейнеролик
Заттардың балқуын, қайнауын және еруін көрсететін бейнежазба немесе сурет;

темірден жасалған құбыр бөлігі, тот басқан шеге, қасық, кілт, есік тұтқасы,

темір балға,

магнит.































































Ортасы

2мин
10мин

5мин

3мин
5мин


Топқа бөлу (4 түсті жіпті бір–біріне байлап ,шаңырақ сияқты көтеріп тұрамын,олар өздері ұнаған түсті таңдайды. Жіптерді 2 топ болатындай етіп өзара қосамын ,жіптерді жіберген кезде олар топқа бөлінеді.)

Топтық жұмыс. Бастапқы қалпына келе ме? (оқулықпен жұмыс)

Суреттен майшам мен сіріңке шырпысының өзгеріске түсу үдерісін көрсету немесе мұғалімнің көрсетуі.

  • Майшамда қандай өзгеріс болды?

  • Сіріңке шиінде ше?

  • Екеуін салыстырғанда не байқадыңдар?

  • Майшам жанғанда қандай заттар түзілді?

  • Сіріңке шиінде ше?

  • Бұларды заттың өзгеруіне жатқызуға бола ма?

  • Бұл заттар өз қасиеттерін өзгертті ме?

  • Осы заттарды бастапқы қалпына келтіруге бола ма?

  • Өздерін қандай мысал келтіресіңдер?

  • Қандай заттарды бастапқы қалпына келтіруге болады, қандай заттарды келтіре алмаймыз?

1-топ:

  • Майшамда қандай өзгеріс болды?

  • Майшам жанғанда қандай заттар түзілді?

  • Бұларды заттың өзгеруіне жатқызуға бола ма?

  • Бұл заттар өз қасиеттерін өзгертті ме?

  • Осы заттарды бастапқы қалпына келтіруге бола ма?

  • Өздерін қандай мысал келтіресіңдер?




2-топ:

  • Сіріңке шиінде ше?

  • Сіріңке жанғанда қандай заттар түзілді?

  • Бұларды заттың өзгеруіне жатқызуға бола ма?

  • Бұл заттар өз қасиеттерін өзгертті ме?

  • Осы заттарды бастапқы қалпына келтіруге бола ма?

  • Өздерін қандай мысал келтіресіңдер?




ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы

Қалай жасалады?

Ағаш кесін­дісі мен қағаз тарату.

  • Ағаштан қағаз алынатынын бәрі біледі, ал сонда қағаз қалай жасалады.

Ағаш пен қағазды салыстыру.

  • Ағаш қатты, оның қағазға айналуы үшін не істеу керек?

Мен қағазды қалай жасайтынын білемін



Баға:

Өзін өзі бағалау. Жұптар өз жауаптарын ақпарат көзінен алынған деректермен салыстырады.

Қағаздың дайындалу үдерісін бейнелейтін шағын видеожазба көрсету.

«Қағаз қалай жасалады?» бейнеролик

Зерттеу жұмысы.

  • Сыныпты бір топқа біріктіру.

  • Ресурстарды дайындау.

  • Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Ағаш жаңқасын жағуды мұғалім басшылығымен өткізетінін ескерту. Зерттеу нәтижесін тіркеу үшін үлгідегідей дайын кесте ұсыну.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулықпен таныстыру.

  1. Ағаш жаңқасын майыстырып көру. Бақылауларын тіркеу.

  2. Стақандағы суға ағаш жаңқасын салу, бақылау, болған өзгерістерді тіркеу.

  3. Ағаш жаңқасының бөлігін қысқышпен қысып, спиртшамның жалынында ұстау (мұғалімнің басшылығымен). Бақылаған өзгерістерін тіркеу.

  4. Зерттеу нәтижесін дайын кестеге тіркеу немесе өздері таңдаған тәсілмен ұсыну.

  5. Қорытынды жасау.

Ағаш жаңқасын майыстырғанда қасиеті өзгермейді, суға салғанда да суды сіңіреді, бірақ өзгермейді, кептіргенде қайтадан бастапқы қалпына келеді. Ал ағаш жаңқасын жаққан кезде өзгеріп, күлге айналады, түтін бөлініп, иіс шығарады. Заттардың басқа затқа айналғанда қасиеттері өзгереді.

  • Ағашты жаққан кездегі алынған заттарды қайда қолдануға болады?

Ағашты жағу арқылы үйді жылытуға болады, шоғын тамақ пісіруге, түтінін ыстауға пайдаланады. Ағаш көмірінен сурет салатын қарындаш жасайды.


Тәжірибе нәтижесін бақылау парағы




майыстыру

Суға салу

жағу

Үдеріске дейінгі қасиеттері










Үдерістен кейінгі қасиеттері










Өзіндік жұмыс «Заттар қалай басқа затқа айналады?»

Үдерістер. Қандай үдерістің нәтижесінде жаңа зат түзіліп, қасиеті өзгеретінін, қандай үдерістен жаңа зат түзілмейтінін, қасиеті сақталатынын анықтап, сәйкес түстерге бояу. Бос ұяшықтарға жаңа зат түзілуіне өз мысалын жазу.

Жауабы:

Басқа зат түзілмейді: темірдің балқуы, мұздың еруі, судың қатуы.

Басқа затқа айналып, өзгеріске түседі: сүттің ұюы, бензиннің жануы, темірдің таттануы, өсімдіктің шіруі.

Сәйкестендір. Жауабы:

Қағаз – жанады – күлге айналады.

Жұмыртқа – суда қайнайды – піскен жұмыртқаға айналады.

Күміс қасық – балқиды – балқыған металдан басқа бұйым жасауға болады.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы

Дескрипторы:

заттардың басқа затқа айналуы қалай жүретінін біледі;

жаңа зат қалай пайда болатынын түсінеді.

4 түрлі жіп

суреттер,А4

Оқулық


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Кесте

парақ


бейнеролик


ағаш жаңқасы,

стақан, су,

сіріңке

бақылау парағы


кесте












Соңы


3мин

Заттар әртүрлі үдеріс барысында өзгеріске түседі. Кейбір үдеріс кезінде заттың күйі мен пішіні ғана өзгереді, қасиетін өзгертпейді. Мысалы, темірді балқытып, әртүрлі жаңа бұйым жасауға болады, бірақ темірге тән қасиеттер жойылмайды. Ал кейбір үдеріс кезінде зат өз қасиеттерін жоғалтады немесе өзгереді. Мысалы, темірден жасалған бұйым таттанса бүлінеді, оның темірге тән қасиеттері жойылады. Сондай-ақ заттардың шіруі, жанып, күлге айналуы, жанғанда түтін мен иіс бөлуі де оның басқа затқа айналғанына мысал бола алады.

Сен білесің бе?

Мырыш, қалайы металдарын тот баспайды. Сол себепті тамақ өнеркәсібінде қолданылатын

темір қалбырлардың іші-сыртына жұқалап қалайы жалатылады.

Рефлексиялық кезең.

Кері байланыс. «Ақылды үкі»

1) Мен түсіндім

2) Мен түсіндіре аламын

3) Маған көмек керек

ҚБ мұғалімнің кері байланысы Кері байланыс парағы

«Сандықша сыйлығы»


стикер

сандықша










Қосымша ақпарат










Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?












Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?













Қорытынды бағамдау










Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.