Файл: Сабаты таырыбы Дрыс блшек. Брыс блшек Сынып 5 А.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 5

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Сабақтың тақырыбы:
Дұрыс бөлшек.

Бұрыс бөлшек

Сынып: 5 А

Пән мұғалімі: Бизакова Г.О.



Сабақтың тақырыбы: Дұрыс бөлшек. Бұрыс бөлшек.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қандай бөлшек дұрыс бөлшек, қандай бөлшек бұрыс бөлшек, натурал санды қалай бұрыс бөлшек түрінде жазуға болады, деген ұғымдарды пайдалана отырып есептер шығару.

Дамытушылық: Оқушылардың қандай бөлшек дұрыс бөлшек, қандай бөлшек бұрыс бөлшек, натурал санды қалай бұрыс бөлшек түрінде жазуға болады, деген ұғымдарды пайдалана отырып есеп шығара білу, өз бетімен жұмыс істеу, логикалық ойлау, пәнге қызығушылығын, есептер шығара білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Отанын сүюге, қоршаған ортаны қорғауға, тазалыққа,

ізденімпаздыққа,ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, кесте,

дидактикалық материал, математикалық диктант, тест

тапсырмалары, үлестірме.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды түгелдеу, оқу – құралдарын дайындау, сабаққа зейінін аудару.

2. Бүгінгі сабақ дұрыс бөлшек, бөлшек бұрыс бөлшек, натурал санды қалай бұрыс бөлшек түрінде жазуға болады,дұрыс бөлшек пен бұрыс бөлшектің айырмашылығын пайдалана отырып есептер шығару.

Жаңа тақырып: Жай бөлшектің алымы бөлімінен кіші болуы, үлкен болуы немесе тең болуы мүмкін.

Анықтама: Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.

Кез – келген дұрыс бөлшек 1- ден кіші.

Мысалы: ; .

Анықтама: Алымы бөлімінен үлкен немесе оған оған тең бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады.

Кез – келген бұрыс бөлшек 1 – ден үлкен немесе 1- ге тең.


Мысалы: 1; ; ; 1; .





Натурал санды алымы бөліміне еселік болатын бұрыс бөлшек түрінде жазуға болады.

Мысалы: 4 ; 4 ; 4 ; 4 .

Есептер шығару:

467 Ауызша

468 1) Берілген бөлшектерден дұрыс бөлшектерді теріп жаз:

; ;

469 Бөлінділерді бөлшек түрінде жазып, одан дұрыс бөлшекті бір қатарға, бұрыс бөлшекті бір қатарға жаз.

5 : 6; 8 : 3; 9 : 7; 1 : 3; 14 : 14; 2 : 15; 25 : 4; 37 : 45.

470 1) 5, 6, 8, 11, 15 сандарын бөлімі 7-ге тең бұрыс бөлшек түрінде жаз.

Математикалық диктант:

Жай бөлшектерді жазыңдар:

1-нұсқа:

1) Төрттен үш, оннан жеті, жиырма тоғыздан жүз он сегіз, мыңнан жүз жиырма үш.


2) Бөлшектерді жаз: алымы 3, бөлімі 7; бөлімі 12, алымы 19.

3) Бөлшек түрінде жаз: бөлінгіш 3, бөлгіш 4; бөлгіш 7, бөлінгіш 5.

4) Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшекті екі қатарға жаз:

8:5; 9:11; 14:13; 23: 29.

2-нұсқа:

1) Алтыдан он бес, жетпіс жетіден үш жүз жиырма, тоқсан бестен алпыс үш, екі жүзден үш жүз үш.

2) алымы 5, бөлімі 9; бөлімі 10, алымы 7.

3) бөлгіш 10, бөлінгіш 9; бөлінгіш 10, бөлгіш 9.

4) Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшекті екі қатарға жаз:

9:7; 17:19; 37:43; 18: 47.

Сергіту сәті.

Тест тапсырмалары:

1. х-тің қандай натурал мәнінде бөлшегі бұрыс бөлшек болады?

а) 6, 7, 8, . . .; в) 1, 2, 3, 4; с) 0, 1, 2, 3, 4;

2. х-тің қандай натурал мәнінде бөлшегі дұрыс бөлшек болады?

а) 4, 5, 6, . . .; в) 1, 2, 3, 4; с) 1, 2, 3;

3. Берілген бөлшектердің ішінен қайсы бөлшек басқасынан өзгеше:

; ;

а) в) с) ;

Үй тапсырмасы: Дұрыс бөлшек , бұрыс бөлшек - қайталау

Есептер шығару: № 468 - 2, № 470 - 2, № 471.

Бағалау.

Тест тапсырмалары:

1. х-тің қандай натурал мәнінде бөлшегі бұрыс бөлшек болады?

а) 6, 7, 8, . . .; в) 1, 2, 3, 4; с) 0, 1, 2, 3, 4;

2. х-тің қандай натурал мәнінде бөлшегі дұрыс бөлшек болады?

а) 4, 5, 6, . . .; в) 1, 2, 3, 4; с) 1, 2, 3;

3. Берілген бөлшектердің ішінен қайсы бөлшек басқасынан өзгеше:

; ;


а) в) с) ;