Файл: Туристер 28 км ашытыты автобуспен жрді. Сонан со автобуспен жрген ашытыыны.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.04.2024
Просмотров: 8
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
-
Туристер 28 км қашықтықты автобуспен жүрді. Сонан соң автобуспен жүрген қашықтығының 1/2 – жаяу жүрді. Туристер барлығы неше километр қашықтықты жүрді? -
Дәптерде 75 бет бар. Оның 1/5–і жазылған. Дәптерде жазылмаған неше бет бар? -
Кітаптың 234 беті бар. Алмас бірінші күні жартысын, екінші күні қалған беттердің үштен бірін оқыды. Оған қанша бетті оқу қалды? -
Телехабар 3 сағат болды. Осы уақыттың-сінде жарнама хабарланылды. Жарнама неше минут болды? -
Паркке 288 қайың және емен ағаштарының көшеттері отырғызылды. Оның 7/9-сі қайың ағаштарының көшеттері еді. Паркке неше емен ағашы отырғызылды? -
Алмагүл кітаптың 34 бетін оқыды, ол кітаптың төрттен бірі болатын. Кітап неше беттен тұрады? -
Велосипедші 33 км қашықтықты жүрді. Бұл оның барлық жүруге тиісті қашықтығының 1/8–індей. Велосипедші барлығы неше километр қашықтықты жүруге тиіс? -
Сыныптың оқушыларының жартысы әншілер конкурсына қатысты. Олардың төрттен бірі жеңімпаз болды. Жеңімпаздар саны 7-ге тең болса, сыныпта неше оқушы бар? -
Квадраттың қабырғасының ұзындығы 6 бүтін 2/3 см. Квадраттың периметрін табыңыз. -
6 бүтін 1/4 кг емдік шөпті әрқайсысында 1/8 кг шөп болатындай етіп, неше пакетке салуға болады? -
1 кг кәмпиттің бағасы 70 тг. 3 бүтін 3/5 кг кәмпит неше тг? Жауабын дұрыс бөлшекке немесе аралас санға келтіріп, қысқартылған түрінде жазыңыз. -
Квадраттың қабырғасының ұзындығы 5 бүтін 2/5 см. Квадраттың ауданын табыңыз. Жауабын дұрыс бөлшекке немесе аралас санға келтіріп, қысқартылған түрінде жазыңыз. -
1 см2 алтынның массасы 25 бүтін 1/5 г. 10 см2 алтын неше грамм? -
Велосипед доңғалағының сыртқы шеңберінің ұзындығы 1 бүтін 4/5 м. Велосипед доңғалағы 1 секундта 1 бүтін 1/4 айналым жасайды. Велосипед 5 минутта неше метр қашықтыққа барады? -
Қораптағы шай 1/16 кг. Неше қорап шай 5 кг болады? -
Пойыз 1 сағатта екі қала арақашықтығының 3/4 бөлігін жүрді. Пойыз бірінші қаладан екінші қалаға неше сағатта барады? -
Жанармай сататын станция барлық жанармайдың бірінші күні 7/25-сін, екінші күні қалғанының 1/4-ін сатқанда, онда 4 бүтін 3/5 т жанармай қалды. Жанармай сататын станцияда барлығы неше тонна жанармай болған? -
Нұрлан саяжайдан стансыға дейінгі қашықтықтың 1/5-ін жүріп өткенде стансыға дейін жету үшін тағы да 4 бүтін 7/10 км жүруі керек еді. Саяжай мен стансының арасы неше километр? -
Екі қаладан бір уақытта бір – біріне қарама – қарсы 2 автомобиль шықты. Бірінші автомобиль қалалар арасындағы қашықтықты 7 сағатта, ал екіншісі 9 сағатта жүре алады. 1 сағаттан соң олардың арақашықтығы бастапқы арақашықтықтың қандай бөлігін құрайды?