Файл: ысаша аналитикалы есеп Істжірибе базасы туралы мліметтер Атауы Шкрім атындаы 1орта мектебі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 8

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқаша аналитикалық есеп

Іс-тәжірибе базасы туралы мәліметтер

Атауы: «Шәкәрім атындағы №1орта мектебі» КММ

Оқыту тілі: қазақ

Түрі: жалпы білім беретін оқу түрі

Мектептің қысқаша тарихы:

Құрылған жылы:1965

Оқушылар саны:682

Педагогикалық қызметкерлер саны:61

Мұғалімдер саны:89

Пайдаланылған әдістер мен жұмыс технологиялары

Біз іс- тәжірибеден өту барысында түрлі әдіс- тәсілдерді қолдандық. Олар: Спиннер әдісі,Өрмекші әдісі,Елші әдісі,Джигссо әдісі,Пицца әдісі, Бес қадам. Ал жұмыс технологияларына интерактивті тақта, компьютер, телефонды пайдаландық.

Орындалған жұмыс туралы мәліметтер

Біз жетекшіміздің нұсқауымен 10«А,Ә,Б» сыныптарына «Кристалдық торлар» және 9 «А,Ә» сыныптарына «Тотығу-тотықсыздану» тақырыбында сабақ жүргіздік.





10«А», 10 «Ә»,10 «Б» сыныптарға Бөлім бойынша Жиынтық Бағалау (БЖБ) құрастыру жолдарымен танысып, үйрендік. Кейін дайындаған тапсырмаларымызды оқушыларға таратып бердік. БЖБ алуға берілетін уақыт-20 минут. Жетекшіміздің дайындаған тапсырмасын оқушыларға таратып, олардың өз бетінше орындауын, телефон,кітап,дәптер, т.б көмекші құралдарын пайдаланбауын қадағаладық. Кейін алынған БЖБ-ны тексердік. Тексеру барысында белгіленген дискрипторға сүйеніп, әр оқушыға балл қойдық. БЖБ тексерген оқушыларымыздың жалпы саны 143 болды. Сол оқушыларды жетекшіміз бағалау барысында «kundelik.kz» сайтын пайдаланды және бізге қолдану жолдарын түсіндірді. «Kundelik.kz» сайтын пайдалану барысында ұстаздарға да, оқушылырға да, тіпті ата-аналарға да көптеген мүмкіншіліктер бар екенін көре алдық.