Файл: М. Шаханов атындаы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналды мемлекеттік мекемесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 83

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналды мемлекеттік мекемесі


САБАҚҚА ЕНУ ДӘПТЕРІ

Жарасбаев Азамат Мұхтарұлы


директордың бейінді оқу ісі жөніндегі орынбасары

2022-2023 оқу жылы

САБАҚТЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй жұмысын тексеру кезеңі.

  3. Оқушыларды жаңа материалды меңгеруге дайындау кезеңі.

  4. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.

  5. Жаңа тақырыпты оқушылардың түсінуін тексеру кезеңі.

  6. Жаңа тақырыпты пысықтау кезеңі.

  7. Үй жұмысын беру, оның орындалуы туралы нұсқау беру кезеңі.

  8. Сабақты қорытындылау кезеңі.

САБАҚ ТҮРЛЕРІ

  1. Кіріспе-қайталау сабағы (жыл, тоқсан, ауқымды тарау басындағы сабақтар).

  2. Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы (бірнеше сағатқа арналған тақырыптың бірінші сабағы).

  3. Жаңа тақырыпты пысықтау сабақтары (бірнеше сағатқа арналған тақырыптың екінші және кейінгі сабақтары).

  4. Бақылау сабақтары және білім, білік, дағдыларды түзету сабақтары.

  5. Қайталау және жалпылау сабақтары (жыл, тоқсан, тарау аяғындағы сабақтар).

  6. Аралас сабақ (бір сағатқа арналған тақырыпты меңгерту сабағы).

ТҮРІНЕ ҚАРАЙ САБАҚТЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

  1. Кіріспе-қайталау сабақтары (жыл, тоқсан, ауқымды тарау басындағы сабақтар)




    1. Ұйымдастыру кезеңі.

    2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

    3. Өткеноқу жылы, тоқсан немесе тарауда өтілген жеке фактілерді, ережелерді, оқиғаларды қайталау және жалпылау.

    4. Ұғымдарды қайталау және жалпылау.

    5. Негізгі теориялық қағидаларды қайталау және жүйелеу.

    6. Сабақты қорытындылау.

    7. Үйге тапсырма (егер қажет болса).

2. Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы(бірнеше сағатқа арналған тақырыптың бірінші сабағы)

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.

  3. Жаңа материалды алғашқы түсіндіру.

  4. Оқушылар нені есінде сақтауы керек екендігін ескерту.

  5. Жаңа материалды есінде сақтау мақсатында тірек материалдармен жұмыс.

  6. Қайталау, жартылай қорытындылау арқылы жаңа материалды алғашқы пысықтау.

  7. Алғашқы есінде сақтаудың нәтижелерін бақылау.

  8. Алынған білімді тәжірибеде қолдану.

  9. Сабақты қорытындылау.

  10. Үйге тапсырма.


3. Жаңа тақырыпты пысықтау сабағы (бірнеше сағатқа арналған тақырыптың екінші және кейінгі сабақтары)

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Алдағы жұмыстың мақсатын оқушыларға айту.

  3. Жаңадан алынған білімді қайталау.

  4. Түрлі тапсырмаларды, мысалдарды, жаттығуларды орындау.

  5. Орындалған жұмысты тексеру.

  6. Жіберілген қателерді талқылау және оларды түзету.

  7. Үйге тапсырма (егер қажет болса).

4. Бақылау және түзету сабақтары

1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Бұл жерде оқушыларға оңтайлы жағдай туғызу қажет. Балалар тексеру және бақылау жұмыстарынан қорықпауы керек, жұмыстың алдында қобалжымау керек, өйткені мұғалім оқушылардың ары қарай материалды үйренуге дайындығын тексеріп жатыр.

2. Сабақ мақсатын түсіндіру. Мұғалім оқушыларға қандай білімдітексеретінін немесе бақылайтынын ескертеді. Қажетті ережелерді естеріне түсіріп, жұмыста қолдануын айтады.

3. Бақылау немесе тексеру жұмысының мазмұнын түсіндіреді (мысалдар, есептер, диктант, шығарма немесе сұрақтарға жауап беру және т.б.); тапсырмалар көлемі және қиындығы бойынша бағдарламаға сәйкес болуы тиіс.

4. Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың үлгілі жұмыстарын атап өтіп, басқа жұмыстарда жіберілген қателерді талдайды, қатемен жұмысты ұйымдастырады.

5. Бақылау жұмысында кездескен біркелкі қателерді және кемшіліктерді анықтау және оларды жою. Білім мен білікті жетілдіру.

  1. Қайталау және жалпылау сабақтары (жыл, тоқсан, тарау аяғындағы сабақтар)




  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын таныстыру.

  3. Жеке фактілерді, құбылыстарды, оқиғаларды қайталау және жалпылау.

  4. Ұғымдарды қайталау және жалпылау.

  5. Негізгі теориялық қағидаларды қайталау және жүйелеу.

6. Аралас сабақ (бір сағатқа арналған тақырыпты үйрету сабағы)

  1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру.

  2. Үй жұмысын тексеру, сабақ мақсатымен таныстыру.

  3. Оқушыларды жаңа тақырыпты меңгеруге дайындау.

  4. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  5. Жаңа тақырыпты және жаңа материалмен байланысқан өткен материалды пысықтау.

  6. Жаңа білімді жалпылау және жүйелеу.

  7. Сабақты қорытындылау.

  8. Үйге тапсырма.



САБАҚҚА ҚАТЫСУҒА ДАЙЫНДЫҚ


  1. Сабаққа қатысудың мақсатын анықтау.

  2. Тексеріліп жатқан пәннің оқу бағдарламасымен, оқулықтағы оқу материалымен танысу.

  3. Сабақтың түрлі құрылымдарын және өткізу әдістемесін қарастыру (әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар және нормативтік құжаттар бойынша).

  4. Алдынғы қатысқан сабақ бойынша мүғалімге берілген қорытындылар мен ұсыныстарды қарап шығу.

  5. Сабаққа басқа мұғалімдерді қатыстыру мүмкіндігін қарастыру.

  6. Мұғаліммен (қажетті жағдайда) алдын ала әңгімелесу, сабақты өткізу бойынша ойларымен танысу, сабақ жоспарын нақтылау (қажетті жағдайда күнтізбелік жоспарын қарап шығу).

ТЕКСЕРУШІНІҢ САБАҚТЫ ТАЛДАУҒА ДАЙЫНДЫҒЫ


      1. Алдыңғы сабақтардың талдауларын қарап шығу.

      2. Сабақ жоспарына және оның жүзеге асырылуына байланысты мұғалімге қойылатын сұрақтарды дайындау.

      3. Сабақ барысын және мұғалім мен оқушылардың әр кезеңдегі қызметін бағалау.

      4. Сабақтың жетістіктерін, мұғалімнің шығармашылық тапқырлығын анықтау.

      5. Сабақ кемшіліктері және мұғалімге қажетті көмек.

      6. Жалпы бағалау, қорытындылар мен ұсыныстар.

МҰҒАЛІММЕН САБАҒЫНА ҚАТЫСҚАННАН КЕЙІН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘҢГІМЕНІҢ ШАМАЛАС СҰРАҚТАР ТІЗІМІ


  1. Оқу бағдарламасы бойынша тақырып неше сағатқа жоспарланған.

  2. Осы тақырып бойынша сабақтарды дайындауда мұғалім қандай әдістемелік нұсқауларды пайдаланды.

  3. Осы тақырып соңында оқушылар қандай негізгі ғылыми ұғымдарды, заңдылықтарды, түйінді мәселелерді меңгеруі керек.

  4. Осы тақырып бойынша оқушылардың қандай жалпы оқу және арнайы білім мен дағдылары пысықталуы немесе жаңадан қалыптастырылуы керек.

  5. Сабақта пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін осы тақырыптың қандай мүмкіндіктері бар.

  6. Өткен материалды қайталау қалай жоспарланды.

  7. Осы тақырып бойынша мұғалімде қандай үлестірме және көрнекі материал бар.

  8. Сабақта оқытудың техникалық құралдары қалай пайдаланылды.

  9. Осы тақырып бойынша мұғалім қанша және қандай өзіндік және бақылау жұмыстарын өткізуді жоспарлаған.

  10. Мұғалім ойы бойынша осы тақырыпты үйренуде қандай қиындықтар кездесуі мүмкін.

  11. Осы тақырып бойынша сабақтар жүйесінің тәрбиелік потенциалын мұғалім қалай түсінеді.

  12. Осы тақырып бойынша бітіру емтихандарына қандай сұрақтары шығарылады.


ҚАТЫСҚАН САБАҚТЫ ЖАЛПЫ БАҒАЛАУ

  1. Сабақтың санитарлық-гигиеналық жағдайларын бағалау.

  2. Сабақ мақсаттарына жету дәрежесі. Сабақ нәтижелерін бағалау: мұғалімнің үйретушілік әрекеттерінің тиімділігі; оқушылардың білім, білік, дағдыларының сапасы; оқушы дамуы мен тәрбиесіндегі өзгерістер тенденциясы.

  3. Шығармашылық элементтері.

  4. Сабақ кемшіліктері. Себептерін анықтау және жою бойынша ұсыныстар.

  5. Сабақ бойынша жалпы қорытындылар мен ұсыныстар.

  6. Өз білімін жетілдіру бойынша мұғалімге ұсыныстар.

  7. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

САБАҚҚА ЕНУДІҢ ШАМАЛАС МАҚСАТТАРЫ

  1. Сабақта оқыту формалары мен әдістерін қолданудың тиімділігін талдау.

  2. Дидактикалық және үлестірмелі материалды қаншалықты мақсатқа сай қолданатындығын тексеру.

  3. Білім тереңдігіне қол жеткізу үшін пәнаралық байланыстарды қолдану тиімділігін талдау.

  4. Сабақта оқыту мен тәрбиенің тұтастығы қалай жүзеге асырылатындығын тексеру.

  5. Мұғалімнің оқушылардың ойлау қызметін қалай белсендіретінін тексеру.

  6. Мұғалімнің өмірмен байланысын жүзеге асыру бойынша жұмысын тексеру.

  7. Сабақта оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту бойынша мұғалімнің жұмысын зерттеу.

  8. Алдыңғы материалды қайталау бойынша мұғалімнің жұмыс деңгейін анықтау.

  9. Мұғалімнің проблемалық оқыту әдістерін қолдануға және сабақта проблемалық жағдайларды жасауға дайындық дәрежесін анықтау.

  10. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың фронталды және жеке тәсілдерін қолдануын анықтау.

  11. Ауызша, визуалды (көрнекі) және практикалық оқыту әдістерін біріктірудің тиімділігін анықтау.

  12. Сабақта оқу процесін саралау бойынша мұғалімнің жұмыс жүйесін зерттеу.

  13. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту бойынша мұғалімнің жұмыс жүйесін зерттеу.

  14. «Қиын» оқушылардың сабақтағы жұмысы пен мінез-құлығына психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізу.

  15. Мұғалімнің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындық деңгейі туралы қорытынды жасау.

  16. Мұғалімнің оқытудың техникалық құралдарын тиімді қолдану дәрежесін анықтау.

  17. Мұғалімнің оқушыларды жаңа материалды қабылдауға қалай дайындайтынын тексеру.

  18. Сабақта оқушылардың шығармашылық жұмыстарының ұйымдастырылуына бақылау жүргізу.

  19. Мұғалімнің сабақта өзіндік жұмысты қалай ұйымдастыратынын тексеру.

  20. Мұғалімнің үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты қалай жүзеге асыратынын тексеру.

  21. Мұғалімнің үй тапсырмасының мазмұнын, сипаты мен көлемін қалай анықтайтынын және оның орындау нұсқаулығын қалай жүргізетінін тексеру.

  22. Мұғалімнің оқушыларменсұрау жүргізу әдістерін оңтайландыру бойынша жұмысын тексеру.

  23. Ауызша сөйлеуді дамыту бойынша жұмыстың тиімділігін анықтау.

  24. Оқушылардың білімді игеруін бақылау әдістері мен тәсілдерін қолдану тиімділігін анықтау.

  25. Мұғалімнің балалардың еңбексүйгіштігі мен еңбек мәдениетін тәрбиелеу жұмысымен танысу.

  26. Сабақта дидактикалық материалды қолдану тиімділігінің деңгейін анықтау.

  27. Сабақ барысында оқушылардың назарын белсенді ұстау үшін мұғалімнің жұмыс әдістеріне баға беру.

  28. Сабақта оқушылардың саналы тәртібін қалыптастыру бойынша мұғалімнің жұмысын бақылау.

  29. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту және олардың әдеби тіл нормаларын меңгеру бойынша мұғалімнің жұмысын зерттеу.

  30. Белгілі бір өмірлік жағдайда оқушылардыңауызша сөйлеуді түсінуін дамытуға бағытталған жаттығулар жүргізу бойынша шет тілі мұғалімінің жұмысын зерттеу.

  31. Шет тілі мұғалімінің жаттығуларды қалай ұйымдастыратынын, оқушылардың мәтінді қайталау, сурет бойынша әңгіме жүргізу (сөйлеуді дамыту) және сұрақтарға жауап беру қабілеттерін қалай дамытатынын тексеру.

  32. Тілдік материалды бекіту бойынша шет тілі мұғалімі жұмысының тиімділігін анықтау.

  33. Биология сабақтарында экономикалық тәрбие бойынша мұғалімнің ... сыныптағы жұмыс жүйесін зерттеу.

  34. Үлгермеушіліктің алдын алу бойынша жұмысты талдау.

  35. Сабақты жетілдіруде мұғалімнің педагогикалық ізденісінің тиімділігін анықтау және бағалау.