ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.04.2024
Просмотров: 11
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өз бетінше оқуға арналған тапсырмалар
№ | Тапсырма | Орындау уақыты |
| Тренерге | |
1. | Математика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспардың фрагментін жоспарлаңыз | 1 сағат |
| Әріптестерді өзара бағалау | |
2. | Математика пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын талдап әріптестеріңізбен бөлісіңіз. | 1 сағат |
| Форум чатында талқылау | |
3. | Мұғалімдер 1-сыныптағы математика сабақтарында қоя алатын жиі кездесетін жабық сұрақтарға жөнінде ойланып идеяларыңызбен чатта бөлісіңіз. | 1 сағат |
1 Тапсырма. Математика пәні бойынша қысқа мерзімді жоспардың фрагментін жоспарлаңыз.
Бөлім: | “Дені саудың – жаны сау” | |
Педагогтің аты-жөні | Ниязбекова Ф | |
Күні: 24.01.2023ж | | |
Сынып: 2 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Жиынды элементтерінің саны бірдей бөліктерге және тең бөліктерге бөліктеу. Бөлу | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 2.4.1.1. Тең жиындардың бірігуін және жиыннан оның тең бөліктерін айырып алуды диаграмма арқылы көрнекі түрде кескіндеу. 2.5.2.4 көбейту және бөлу амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану | |
Сабақтың мақсаты | Тең жиындардың бірігуін және жиыннан оның тең бөліктерін айырып алуды диаграмма арқылы көрнекі түрде кескіндейді. көбейту және бөлу амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы (3мин) | Ұйымдастырукезеңі: Психологиялық ахуал орнату. «Лабиринт» ойыны | Оқушылар сабаққа назар аударады. Кедергілерден өтеді | | Кедергілер доп |
Сабақтың ортасы (18 мин) | Үй тапсырмасын тексеру № 9, 19-бет 6 * 3 = 18 6 + 6 + 6 = 18 «Таза тақта» әдісі Практикалық жұмыс «Жиынды элементтерінің саны бірдей бөліктерге және тең бөліктерге бөліктеу» 6 шаршыны 3 оқушыға теңдей етіп үлестір. Нұсқаулық бойынша орында. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау Бөлу амалымен танысасың 1-тапсырма Топтық жұмыс «Қолданамын » әдісі Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлемін . 1-топ а) Ұзындығы 10 см кесінді 2 тең бөлікке бөлінген. Кесіндінің бір бөлігінің ұзындығы неге тең? 10 : 2 = 5см 2 – топ ә) 10 см кесінді бірнеше бөлікке бөлінген.Әр бөлігінің ұзындығы 2 см –ге тең. Кесінді неше бөлікке бөлінген? 10 : 2 = 5 (см) 3- топ Анықта Кесте тігетін жіптерді 4 қызға екі – екіден теңдей бөліп беру үшін неше жіп керек? 4 * 2 = 8 | Көбейтінді құрады. Қосу амалын қолданып, мәнін табады Неше оқушы шаршы алғанын анықтайды Сабақтың мақсатын түсінеді Кесінді сызады .Бөлікке бөледі Кесіндінің бір бөлігінің ұзындығын анықтайды Кесінді сызады .Бөлікке бөледі Кесінді неше бөлікке бөлінгенін айтады Неше жіп қажет екенін анықтайды . | Дескриптор: -көбейтінді құрып, қосу амалымен мәнін табады (1б) Мадақтау Мадақтау Жарайсың!, Керемет! Жақсы! Талпын! Дескриптор: -кесінді сызып,кесіндінің бір бөлігінің ұзындығын табады(1б) Дескриптор: -кесінді сызып,кесінді неше бөлікке бөлінгенін табады(1б) Дескриптор: -Неше жіп қажет екенін табады . (1б) | Шаршы Оқулық Оқулық №2(а), 21 –бет А3 Маркер |
7 мин Сергіту сәті 2 минут | Саралау тапсырмасы : Жеке жұмыс «Зертте » әдісі Санағыш таяқшаларын пайдаланып, бөлу амалының дұрыстығын тексер. ЕБҚ оқушыға тапсырма : Берілген заттарды екі-екіден сана.Қанша рет алдың? | Саралау тапсырмасы : Жеке жұмыс «Зертте » әдісі Санағыш таяқшаларын пайдаланып, бөлу амалының дұрыстығын тексер. ЕБҚ оқушыға тапсырма : Берілген заттарды екі-екіден сана.Қанша рет алдың? | Дескриптор: - бөлу амалының дұрыстығын тексереді (1б) Мадақтау Жарайсың!,! Жақсы! Талпын! «Басбармақ» арқылы | Оқулық № 4, 21 бет Санағыш таяқша |
10 мин | 3 – тапсырма Жеке жұмыс «Біліміңді қолдан» әдісі Бірінші шаңғышы – 11сағ 10 мин Екінші шаңғышы -? 13 минутқа ерте келді Ш:11 сағ 10 мин :13 мин = 10 сағ 57 мин Ж: Екінші шаңғышы мәреге 10 сағ 57 минутта келді | Есептің шартын құрады . Өрнек құрастырады .Өрнектің мәнін табады Жауабын жазады | Дескриптор: - есептің қысқаша шартын жазады(1б) (сызбасын сызады) -шешу амал таңбасын таңдайды(1б) -өрнек құрады(1б) -өрнектің мәнін дұрыс табады(1б) -жауабын жазады(1б) | Оқулық № 5, 21 бет Дәптер қаламсап |
Сабақтың соң 2мин Рефлексия 3 мин | Кері байланыс Бірдей қосылғыштардың қосындысын қандай амалмен алмастыруға болады? Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті деген не? Көбейту амалының компоненттерін атай аласың ба? Бөлу амалының таңбасын көрсет . «СМС» әдісі (Бағалау) Бүгінгі сабақты толық түсіндім (9,10 ) Бүгінгі сабақты түсіндім, сұрағым бар(7,8 ) Бүгінгі сабақты түсінбедім (5,6 ) Үйге тапсырма № 6, 21 бет | Бүгінгі сабақтағы өзінің әрекеті туралы, жаңа білімді меңгерудегі өзінің жетістіктері мен қиыншылығы туралы ой бөліседі. өзін бағалайды | Кері байланыс : Бүгінгі сабақтың оқу мақсатына жеттік пе ? Бүгінгі сабақта не үйрендің ? Қорытынды бағалау . ҚБ : 1-10 б жүйе | Қорытынды бағалау |
2Тапсырма. Математика пәнінен қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын талдап әріптестеріңізбен бөлісіңіз.
3 Тапсырма.
Мұғалімдер 1-сыныптағы математика сабақтарында қоя алатын жиі кездесетін жабық сұрақтарға жөнінде ойланып идеяларыңызбен чатта бөлісіңіз.