Файл: ШЫыс еуропа жазыЫ.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ШЫҒЫС ЕУРОПА ЖАЗЫҒЫ
Шығыс Еуропа жазығы — Жер шарындағы аса ірі жазықтардың бірі. Қазақстанға оңтүстік-шығыс бөлігі енеді. Жазықтың казақстандық бөлігі Мұғалжар және Үстіртпен, оңтүстігінде Маңғыстаумен шектеседі. Республика аумағындағы Жалпы Сырт қыраты, Каспий маңы ойпаты және Орал алды (Жем) үстірті осы аймақтың құрамына енеді.

Бұл аймақ геологиялық дамуы мен тектоникалық құрылымы жөнінен ежелгі Шығыс Еуропа платформасының оңтүстік-шығыс бөлігі болып табылады. Платформа фундаменті архей мен протерозойда қалыптасып, кристалды қатты жыныстарынан қалыптаскан. Оның бетін кейінгі эралардың (палеозой, мезозой, кайнозой) шөгінді жыныстары жапқан. Шығыс Еуропа платформасының қазақстандық бөлігі ұзақ уакыт су астында жатып, біртіндеп көтерілу нәтижесінде қазіргі қалпына келген. Каспий маңындағы бөлігі майысуға көп ұшыраған. Сондықтан мұнда әр түрлі жастағы шөгінді жыныстардың өте қалың кабаты таралған. Ұзақ геологиялық даму кезеңінде әрбір табиғи ауданның өзіне тән жер бедері, топырағы және өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Жем үстірті жоғарғы бор дәуірінде, Жалпы Сырт палеогендік теңіздің тартылуынан кейін шегінуінен, ал Каспий маңы ойпаты антропогенде, соңғы мұз басу кезеңінен кейін ғана қазіргі жер бедері калыптасқан. Бұл аймақтың географиялық орнының, жер бедерінің ерекшеліктері, ауа массаларының алмасуы жағдайының ұқсастықтары жалпы солтүстіктен оңтүстікке қарай ылғалдың азая беруі құрғақ континентті климаттың қалыптасуына себепші болған.

Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы - мұнай мен газ. Олар жер қабаттарындағы тұзды күмбездердің көтерілуіне байланысты пайда болған жарықшақтарға жиналған. Пермь, триас, юра, бор және палеоген қабаттарында сақталған. Қазір бұл ауданда Теңіз, Қарашығанақ, Жаңажол сияқты мұнай мен газ кен орындары жұмыс істейді. Пайдалы казбалардан ас тұзы, бор, құрылыс материалдары (құм, саз балшық және т.б.) өндіріледі.

Шығыс Еуропа жазығының климаты, жоғарыда айтылғандай, құрғақ, континентті. Оған бұл ауданның мұхиттар мен теңіздерден алыс жатуы себеп болады. Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы солтүстігінде -15°С, оңтүстігінде -8°С. Сібір мен Арктикадан суық ауа енген кезде температура -40°С-қа дейін төмендейді. Көктемде, күзде үсік жүріп тұрады. Жазы ыстық, қапырық, шілденің орташа температурасы 22°-24°С. Аңызақ желдер жиі соғады. Жауын-шашынның орташа мөлшері солтүстікте 350 мм, оңтүстікте 140 мм.


Қазақстан аумағындағы Шығыс Еуропа жазығының ірі өзендері - Жайық, Ойыл, Жем. Жайық өзені Орал тауының оңтүстік беткейінен басталып, Каспий маңы ойпатына ағып шыққан соң, кең арналы өзенге айналады. Ені 300-500 м шамасында. Көктемде су тасыған кезде ондаған км-ге жайылып, кең жайылымдар мен ұсақ көлдер пайда болады. Өзен бойында тоғайлар, жайылмасында шабындық өседі. Өзен суын каналдар арқылы егістік пен жайылымдарды суландыруға пайдаланады.

Ойыл (ұзындығы 800 км) - Жайық өзенінің бір саласы. Ол да Орал тауынан басталып, Жайыққа құйған. Кейінгі жылдары шаруашылыққа суын көбірек пайдаланудан жазда арнасы құрғап, Жайыққа жетпей қалып жүр. Негізінен, қар суымен қоректенеді. Суы егістікке, жайылымға пайдаланылады.

Жем өзені (ұзындығы 712 м) - Мұғалжар тауының батыс беткейінен бастау алады. Каспий теңізіне құяды. Соңғы жылдары ол да теңізге 50-60 км жетпей тартылып калады. Қар суымен қоректенеді.

Көлдердің ең үлкені - Каспий теңізі. Ол аумағының үлкендігіне байланысты теңіз деп аталады. Жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Қазақстанға көлдің солтүстігі мен солтүстік-шығыс бөлігі кіреді. Негізінен өзендер суымен қоректенеді. Қыста қатады. Бағалы балыққа бай.
БАТЫС СІБІР ЖАЗЫҒЫ
Батыс Сібір жазығы – Еуразия материгіндегі ірі жазықтардың бірі. Қазақстан жеріне Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі ғана енеді. Ол республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде Орал тауының шығыс жағынан Алтай тауына дейін ені 200- 205 км, Ертіс өзені бойында 300 километрге дейін алқап болып созылып жатыр. Оңтүстігінде қазақтың ұсақ шоқысы орналасқан.

Жер бедері. Геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары. Батыс Сібір жазығының жер бедеріне қарағанда тегіс, абсолюттік биіктігіндегі айырмалы.

Батыс Сібір жазығы бетінің тегіс болуы, оның геологияялық құрылысы даму ерекшелігіне байланысты. Герцин тау түзілу процесі тоқтаған кезде Батыс Сібір жазығында тау түзілу процесі аяқталған. Кейіннен биік таулары мүжіліп тегістеліп, Батыс Сібір плитасының пайда болған. (Георонологияялық кестеге қарап, герцин тау түзілу кезеңінен кейін қайдан дәуір болғанын естеріңе түсіріңдер).

Сондықтан да қазіргі Батыс Сібір жазығыныың негізгі плитасының үстінде триас, юра, бор және палеоген дәуірлерінің шөгінді жыныстарының қалың қабаттары жатыр. Кайнозой эрасында теңіз тартылып, құрлыққа айналған қазіргі Құлынды даласындағы шөгінді жыныстардың қалыңдығы 3000 м. Төрттік дәуірде жазықтың солтүстігін мұз басып, кейіннен мұз еріп қазіргі жер бедері қалыптасқан.


Батыс Сібір жазығының Қазақстан жеріндегі жер бедерінің абсолюттік биіктігі 100-200 метр, оңтүстікке қарай біртіндеп 300-400 метрге дейін көтеріліп, Қазақтың ұсақ шоқысына жалғасады.

Жер бедері мен геологиялық құрылысы – жазықтықтың оңтүстік биіктігі 200 м, солтүстігінде 100 м. Батыс Сібір жазығының қазақстандық тұғырының үстінде жатқан палеогеннің теңіз және неогеннің континенттік шөгінділерінен тұрады. Кайнозой дәуірінде теңіз тартылып, қазіргі жер бедері қалыптасқан. Жер беті біркелкі тегіс. Өзендері сирек, сондықтан тілімделмеген. Ондаған тұйық қазаншұңқырлар ғана ұшырасады. Олардың көбін тұзды көлдер алып жатыр. Кей жерлерде биіктігі 10-15 м-ге дейін көтерілетін жалдар кездеседі. Ішкі ерекшеліктеріне сәйкес Батыс Сібір жазығының қазақстандық бөлігі 4 ауданға бөлінеді:

1. Есілдің жазық орманды даласы,

2. Тобыл-Обағанның жазық даласы,

3. Есіл-Ертіс даласы,

4. Ертіс-Құлынды жазығы.

ТҰРАН ЖАЗЫҒЫ
Қазақстанға қарасты солтүстік және орталық бөліктері шөл, шөлейт және дала белдемдерін алып жатыр. Батысында Каспий теңізімен, шығысында Сарыарқаның батыс бөлігімен, солтүстігінде Торғай үстірті, оңтүстік-шығысында Тянь-Шань сілемдерімен, оңтүстігінде Қызылқұм шөлімен шектеседі. Бұл аралықта Қазақстанның барлық шөлдері жатыр. Ойпаттың басым бөлігі Тұран тақтасына сәйкес келеді. Аумағының басым бөлігінің абс. биіктіктері 300 м-ден аспайды және жас платформалық жазық саналады. Палеозойлық негізі (тұғыры) 1 – 6 км тереңдікте, көлбеу жатысындағы мезо-кайнозой қабаттарының кейбір тұстары (Маңғыстау, Үстірт, Қызылқұм) жер бетіне шығып жатыр. Тақтаның төм. қабаты құрылысынан көршілес Орал, Тянь-Шань және Сарыарқаға ұқсастық байқалады. Ойпаттың жер бедерінде ойыстар көп кездеседі. Қазақстанның құрлық бөлігіндегі ең терең Қарақия ойысы (–132 м) осында. Жазық өңірлерінің (Каспий маңы ойпаты, Арал Қарақұмы, Мойынқұм, т.б.) жер бетін шөгінді жыныстар жапқан.
Климат

Қазақстандық Тұран ойпаты солтүстік бөлігінің климаты тым континентті. Қысы суық, ызғарлы, қар жамылғысы тұрақты және оның қалыңдығы 15 – 25 см. Қатты желдер жиі болып тұрады. Оның орташа жылд. 5,5 – 6,5 м/с. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 – 300 мм. Қаңтар айындағы ауа температурасы –15 – 17°С, шілдеде 22 – 24°С. Ойпат оңтүстігінің климаты континенттік. Мұнда қыс біршама жылы. Қар жамылғысының қалыңд. 10 – 15 см, қиыр оңтүстігінде тұрақты қар жамылғысы болмайды. Қаңтар айындағы ауа температурасы –5 – 11ӘС, жаз айлары өте ыстық әрі қуаң. Шілдедегі ауаның жылдық орташа температурасы 26 – 29°С. Жазда құм беті 80ӘС-қа дейін қызады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 70 – 180 мм аралығында. Ойпаттың осы оңтүстік, оңтүстік-батыс бөлігіндегі (Сырдария өңірі және Қаратау жотасының батыс өңірі) көктем және күз айларында болатын жауын-шашын эфемерлі және эфемероидті өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай тудырады. Ал солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде керісінше, мұнда жауын-шашын көктемде аз, жазда молырақ түседі де жусан, еркекшөп, т.б. астық тұқымдастардың өсуіне қолайлы келеді. Солтүстік белдемшедегі ауа температурасының 100С-тан жоғары жиынтығы 3200 – 37000С болса, оңтүстіктің шөлейтті белдемшелерінде ол 46000С-қа жетеді. Су бетінен булану шамасы солтүстіктен оңтүстікке қарай (800 – 2000 мм-ге дейін) өседі. Тұран Ойпатының басым бөлігі шөлейтті және шөлді белдемде жатқандықтан топырақ жамылғысының басым бөлігін сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмдақты сұр топырақтар құрайды. Қиыр солтүстігінің ғана топырағы қоңыр, бозғылт қоңыр болып келеді. Шөлді өңірлердің ойдым-ойдым тастақты тұстарында тақырлар мен шұратты (оазисті) жерлер кездеседі.


САРЫАРҚА – ҚАЗАҚТЫҢ ҰСАҚ ШОҚЫСЫ
Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық-географиялық және табиғи-тарихи аймағының бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» ұғымын білдіреді.

Сарыарқа– қазақтың байлығының көзі ғана емес, сонымен қатар өнердің, мәдениеттің және тарихтың кеніші. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. Көмірлі өңірдің халқы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевты да өзінің бел баласы деп есептейді. Өйткені ол жас күнінен бастап Теміртаудағы атақты Қазақстан Магниткасында горновой болып еңбек жолын бастаған. Еліміздің тарихынан орын алған «адамзат ажалының аралындай» КарЛАГ-та жас ғұмырларын «тар жол, тайғақ кешумен» өткізген небір совет және шет елдің жүздеген оқымыстылары, зиялы қауым өкілдері тар қапаста жүрсе де Қарағандыда тұңғыш өнер ошақтарын ашқан «алғашқы қарлығаштар» болып табылады. Бұл өнер қайраткерлерінің артынан ызғарлы, қайғылы сұмдыққа толы жылдары туындаған өнер мұралары қалды. Қазіргі кезде бұл мұралар әлем жұртшылығының қызығушылығын тудырып отыр.

Сарыарқа - пайдалы қазбаларға бай өлке. Қарағанды мен Екібастұз көмір өндірудің ірі ошақтарына жатады. Жезқазған, Қарсақпай, Атасу, Саяқ, Қоңырат кен орындары мыс, темір, марганец кендеріне бай. Жәйремде сирек металл өндіріледі. Осыларды қорытып, байыту мақсатында қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау калаларында ірі металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді.

ОРАЛ ТАУЛЫ ӨЛКЕСІ
Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.


Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар - герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Олар, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады. Мұндағы тау қатпарларының тегістелуі Сарыарқаға ұқсас. Оның жер бедерінің қалыптасуына да жыныстардың жас шағының құрамы мен эрозиялык, денудациялық процестер әсер еткен. Батыс Мұғалжар таудың бас жотасы саналады. Ол солтүстіктен оңтүстікке карай биіктей беретін тау тізбегі. Айрық пен Үлкен Боқтыбай тұсында едәуір биік көрінеді. Одан оңтүстікке карай біраз аласарады да, Жамантау тұсында Атжақсы өзенінің жоғарғы ағысында тік жар болып бітеді. Таудың бұл бөлігі порфирит, кварцит, девонның кристалды тақтатасы, әктас, карбон мен пермнің құмтастары сияқты жыныстардан түзілген. Батыс Мұғалжардың биік шыңдары осы жыныстардың ең қатты шөгінділерінен түзілген. Шығыс Мұғалжар батыс бөлігіне қарағанда тұтас көрінбейді, жеке-жеке аласа таулардан тұрады. Және оңтүстікке ұзаған сайын аласарып, қырқа, жалдарға үласады. Бұл Сарыарқаға ұқсас толқынды кырат болып көрінеді. Ол кембрийге дейінгі кристалды тақтатастан, порфириттен, диабаздан, т.б. жанартаулы жыныстардан, силурдың метаморфтанған тақтатасынан түзілген.

Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес Жазықтарға ұқсайды. Дегенмен аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.

Мұғалжар тауының қойнауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металға бай. Кемпірсай өңірінде Хромиттау, Никельтау кен орындары ашылған. Біршоғыр бойында көмір кені бар. Осы маңдағы бор дәуірінің аяғында пайда болған мергельді әктас цемент өндірісіне пайдаланылады. Оңтүстік Мұғалжар құмынан шыны жасалады.
АЛТАЙ-САЯН ТАУЛЫ ӨЛКЕСІ
Алтай, Алтай тау жүйесі — Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр.

Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады. Алтай таулары 4 мемлекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді Алтай — Шығыс Қазақстан облысы), Моңғолия (Гобь Алтайы — Баян-Өлгей аймағы, Ховда аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялы өлкесінің, Алтай аймағы).