ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.04.2024
Просмотров: 5
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Халқы ұлықттаған ұлы тұлға»
(Д.Қонаевтың -111 жылдығына арналған)
Ашық сабақтың мақсаты: Аса көрнекті қоғам қайраткері, бір туар тұлға Д.А. Қонаев туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға, ұлы тұлға Қонаевтың ерліктері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, кітаптар, Қонаев жайлы естеліктер, слайд, аудиожазбалар т.б.
Мұғалім: Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев. Бабалар әруағына шынайы берілген, халқына сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шыныдай мөлдір, аса білікті адам. Егемендікті алғанда халқының алдында балаша қуанып шығып, адал ойын білдірген «Ту жығылмсын, Туды ұстағн үл жығылмасын»-деп тәңіріне сыйынып халықпен бірге қуанып, келешекке сенген. «Болашақ жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды» деген ойып ашып айтты.
1-жүргізуші:
Көз суғарып таулардың тұлғасына
Дінмұхаммед деп жазам жыр басына
Жыр басына жайбайын неге, ағайын
Мұңдасыма айналса, сырласыма
2-жүргізуші:
Қаламымды малып ап жыр жазамын
Димаш деген бұлақтың тұнбасына
Димаш десем, жанырым нұрға толған
Сауыт кеудем, патша өлең, жырға толған.
1-жүргізуші:
Дана халықтың дана перзенті, иісі Алаштың пір тұтар тұлғасы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы облысы, Балқаш ауданында дүниеге келген.
2- жүргізуші:
Жер жүзіне әйгілі болған тұлғасы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың тарихтың төрінен орын алатыны даусыз. «Қазағым», «Елім» деп өмір сүрген тұлға Димекеңді халық қызмет етіп жүрген кезде де, дүниеден өткен кездеде сүйіп өтеді.
Айгерім: Ұлы Димашты бола ма, ұмытуға,
Ол-кемеңгер, ғажайып ұлы тұлға
Жалғыз өзі жарады қапас күнде,
Ұлан байтақ даланы көркейтуге
Ерасыл: Димаш аға, дидарыңыз жарық күн
Ұранысыз қазақ деген халықтың
Саясаттыға дауылына сынбаған
Өзіңізсіз бәйтерегі тарихтың
Оқушы: Димаш ата туралы жазушы, журналист Серік Әбдірайымов: «Ар ойлап, дүниеге бой алдырмаған екі адам болса, соның бірі ел еркелетіп Димаш атаған- Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев». Димекең қанағатшыл жан еді. Газет-журналда жарияланған мақалаларын есептемегенде, қай баспадан қанша кітап шығармасын соның барлық қаламақысын жетім балалар үйіне аударып отырған, міне осының өзінен ол кісінің қандай ақжүрек екенін байқауға болады.
Оқушы: Ғұмыр кешпей қара бастың қамы үшін,
Қорғадыңыз ел мен жердің намысын
Тарих өзі таразылар, танытар
Ұлы қазақ Қонаевтың сан ісін
Оқушы: Дінмұхаммед- Ұлы түлға ардақты,
Дінмұхаммед-бар асылдан салмақты
Дінмұхаммед-күллі әлемге танылған
Кісіліктің шамшырағы жан-жақты
Ән: Орындайтын: Елғонды Ерасыл мен Серікбаев Нұрасыл
1-жүргізуші: Димаш атамыз тірісінде «Пайғмбар» атанған ұлы тұлға. Ол кісінің бойында көп адамның бойынан көріне бермейтін рухани-адамгершілік қасиеттер көп болған. Димаш атамыздың 10 қасиеті
Арсен. Бірінші қасиеті: Димаш ата, жаратылысанан көрікті, бойшаң жүзінен нұр төгіліп тұратын иманжүзді кісі.
Көркем: Екінші қасиеті: өзіне айтылған сөздің бәрін терең түсінетін және істің жай-жағдайына сәйкес жан-жақты тез ұғып алатын аса зерек жан болатын.
Сырым: Үшінші қасиеті: Ол өзі жүрген, көрген, естіген нәрселердің бәрін зердесіне ұзақ сақтайтын, бұлардан еш нәрсені ұмытпайтын адам болған.
Әлия: Төртінші қасиет: Димаш ата терең ой иесі және жадына сақталғандардың бәрін айдан-анық етіп айтып бере алатын шебер әрі, шешен болған.
Ақниет: Бесінші қасиеті: Димаш атамыз ғылым –білім мен өнерге жаны құштар, әр күн сайын оқып үйренуден шаршап-шалдықпайтын адам болған.
Каусар: Алтыншы қасиеті: тағамға, ішімдікке, сауық-сайранға келгенде қанағатшылық болған.
Нұрасыл: Жетінші қасиеті: Димаш ата, жаратылысынан сауық, құмарлықтан аулақ болған. Демалысын таза ауада, серуендеп, аңшылық, мергендік өнермен айналысқан.
Айбек: Сегізінші қасиеті: кемеңгер Қонаев шындықты сүйіп, жалғандыққа қарсы тұруды жөн көрген. Димекең ешқашан өтірік айтпаған.
Айару: Тоғызыншы қасиеті: жаны асқақ және ар-намысын аса ардақтайтын адам.
Нұрсұлтан. Оныншы қасиеті: өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асыруға келгенде шебер-шешімпаздық танытып, бұл шатқа қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін бірбеткей, батыл, ержүрек болған.
1-жүргізуші:
Өнерпаздар жарысып сан-салалы
Жиын десе, той десе жан салады
Димаш ата бүгінгі құрметіне,
Әуелеген әсем ән жолданады
Оқушы: Сенің орның биіктерде, тереңде
Сыймайсың сен сырлы әнге, өлеңге
Өмір бақи әлпештеген қазақты
Сендей бекзат қайта айналып келер ме
Оқушы: Таудың ұлы өссе егер тауға қарап
Қазақ жасы Димашқа қарап өскен
Күллі әлемде елу жыл ел ағасы
Болған бар ма Димаштай ер данасы
Оқушы: Балқашыңда жайқалып тұр күрішің
Бізге әкелген бақ да сенің ырысың
Мұнар, интернатың, көпірің
Көрсетілген ел-жұртыңа бұл ісің
Мұғалім:
Жесірге пана болды,
Жетімге жаға болды
Дінін сүйген дара болды,
Елу жыл елге аға болды. Қасиетті Балқаш мекенінің гүлденіп-көркеюін, өсіп-өнуін осы ұлы адамның есімімен байланыстырамыз. Ол енді ақиқат. Осындай құрметке бізді бөлеп кеткен Димаш атамызға біз мың да бір тағзым етіп, аруағы алдында бас июге тиіспіз. Халқының алдында Димш атамыз елінің ардақты да, қадірлі перзенті болып қала береді.
№1 Ембі қалалық ЖББОМ
«Халқы ұлықтаған ұлы тұлға»
(Д.Қонаевтың -111 жылдығына арналған)
Сыныбы: 5 «А» сынып
Сынып жетекшісі: Бактигалиева Н.Н.
2018-2019 оқу жылы