ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.04.2024
Просмотров: 12
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Күні | Мұғалім | Бапанов Олжас Мейрамбекұлы | |||
Сабақтың тақырыбы | Lesson Study –теориясы мен қолдану тәсілдері | ||||
Мақсаты: |
| ||||
Табыс критерий | Топтық жұмыс барысында мәтінді меңгере отырып үш жағдаятттарға баға беруді талқылайды. Топпен сырмақ құрастырып оған табыс критерийлерін қоя отырып бағалауды жоспарлайды. | ||||
Күтілетін нәтиже: | *Мұғалімдер Lesson Study үдерісін оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде Lesson Studyді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын; *Әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінуді; Мұғалім әр бір жеке оқушының білім алуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға мүмкіндік алады; *Lesson Study циклінде сабақтардың қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер инновациялық педагогикалық тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады. | ||||
Қатысатын әріптестер: | Пән мұғалімдері | ||||
Түйінді идеялар | - Lesson Study – сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған. - Lesson Study- мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі. -Lesson Study-оқу сапасын арттыруды көздеген тәжірибені жақсарту үшін демократиялық тәсіл. | ||||
Сілтеме пайдаланылатын әдебиеттер | Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үлестірмелі материалдар | ||||
Қолданылатын материалдар | Компьютер, интерактивті тақта, бейнежазба, үлестірме материалдар, маркерлер, стикерлер, плакаттар, тапсырмалар | ||||
Кезеңдер | Коуч әрекеті | Мұғалім әрекеті | Сұрақтар | ||
Мақсат қою | Психологиялық жаттығу. (5 мин) Шаттық шеңберіне тұрып оң жағындағы көршісіне таратылып берілген сөздерді қатыстырып тілек айту. Өлең шумақтарын құрастыру арқылы топқа бөлу.Әр топ өз өлеңдерінің бір шумағын әнімен орындайды. | Әр топ өз өлеңдерін айтады. | 1.Бұл коучингтен не күтесіз? 2.Сіз не туралы сөйлескіңіз келеді? 3.Сізге бұл мақсатқа жету не үшін қажет? | ||
Ағымдық жағдайды талдау | 1-тапсырма.«Миға шабуыл» (бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс) 1 топ - «Lesson Study» дегеніміз не? 2 топ- «Lesson Study» -ді қанадай мақсатпен жүргізу қажет? | «Lesson Study -дің тиімділігі» бейнефильмін тамашалауға шақыру, ойларын тыңдау. Бейнефильмді көреді , ой қорытады. Мәтінмен танысады, топта талқылайды. | 1.«Lesson Study» мектеп үшін қажет пе? 2.«Lesson Study» қандай мақсатпен жүргізу қажет деп ойлайсыз? | ||
Мүмкіндіктерді қарастыру | 2 тапсырма.«Алты қалпақ» әдісі | Алты қалпаққа салып, өз ойларын жеткізеді | | ||
Кері байланыс | 3-тапсырма «Әуе шары» - Қатысушылардан тұратын топ құру. - Зерттеу сұрағын таңдау. - Іс-шаралар жоспарын әзірлеу | Проблемаларды салыстырып, оның салдарын болжау, жоспарлап, ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдылары қалыптасады. Үлгі бойынша жоспар әзірлейді | | ||
Сегіту сәті | Сергіту сәті(3-мин) «Мен таптым» әдісі | Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды. Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады. | 1. «Lesson Study» әдісін қолдануға болады ма? 2 «Lesson Study» әдісі керегі жоқ деп санайсыз ба? | ||
Рефлексия | «Алақандар» әдісі | Әр қатысушы А-4 форматына өз алақанын салады. Бас бармаққа- не бойынша жұмыс жасау керек, сұқ саусаққа – қандай жаңалықпен таныстым, ортаншы саусаққа - маған жетпегені.... аты жоқ саусаққа - коучингтегі психологиялық ахуал 10 балмен санағанда .....шынашаққа - барлығынан ұнағаны.... | |