ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.04.2024
Просмотров: 168
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жұмыс алгоритмі
-
Оқушыларға жағдайды түсіндіріңіз (мысалы, мектепте болған үлкеннің кішкентай балаға күш көрсету оқиғасы жергілікті жастар клубында қайталанды. Мектептен осы іспен айналысу сұралды).
-
Бұдан кейін әрбір оқушыға олардың кім екендігі жазылған және осы жағдайға олардың қандай қатысы бар екені қысқаша сипатталған рөлдері бар карточка таратыңыз (мысалы, жәбірлеуші, жәбірленуші, жәбірленушінің досы, жәбірлеушінің достары, жастар ісімен айналысатын қызметкер, сынып жетекшісі, т.б.).
-
Ортада өтетін жол қалдырып, оқушыларды бір-біріне қарама-қарсы екі қатарға
қойыңыз.
-
Еркін тәртіппен оқушыларды таңдап, олардан өзінің рөлімен таныстыруды сұраңыз. -
Қалған оқушылардан осы «кейіпкерге» арналған бір өтініш ойластыруды сұраңыз.
-
Бұдан кейін таңдап алынған оқушы қатар арасынан өтеді, ал қалған сынып ол өткен кезде өз өтініштерін білдіреді (оқушыларды «рөлге енуін» ынталандыру үшін осыны бірнеше рет қайталау қажет).
-
Таңдап алынған оқушыдан қандай өтінішті сенімді деп есептейтінін, сондай-ақ жағдайға қатысты не ойлайтынын сұраңыз.
-
«Ар-ождан аллеясы» арқылы өту үшін басқа оқушыларды таңдап, тапсырманы қайтадан өткізуге болады.
7
КРЕАТИВТІ МАТРИЦА
Қалыптастырылатын дағдылар:
-
креативтілік; -
ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу; -
бірлескен жұмыс.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушыларды жағдайлардың, нұсқаулардың, идеялар мен оқиғалар топтамасы туралы (болжамды түрде) креативті ойлауға ынталандырады. Бұл ойлау және проблемаларды шешу дағдыларына ықпал ете отырып, оқушыларға сұрақтарға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Нұсқаларды зерделеп, басқа оқушылар идеяларының негізінде өз нұсқаларын сындарлы әрі креативті етіп құрастыру үшін оқушылар топтарда жұмыс істейді.
Жұмыс алгоритмі
-
Оқушыларға белгілі бір мәселеге негізделген болжалды сценарийлері бар матрица
беріңіз:
| КРЕАТИВТІ МАТРИЦА – Менің қоғамым | | |||
Проблема: | Маскүнемдік/ | Темекі шегу | Нәсілшілдік | Қатыгездік | Ластану |
Не? | нашақорлық | | | | |
Адамдар: | Зейнеткерлер | Ата-аналар | Этникалық | Отбасы | Жеткіншектер |
кім? | | | аз топтар | | |
Орын: | Жұмыста | Мектепте | Қалада | Үйде | Демалыста |
қайда? | | | | | |
-
Оқушылардан үстіңгі әрбір қатардан, олардың пікірінше, өмірде болуы мүмкін және болуы мүмкін емес бір нұсқаны таңдап және оларды бірге қосуды сұрайды. Мысалы:
-
Анағұрлым ықтимал = маскүнемдік – жеткіншектер – демалыста -
Ықтималдығы төмен = қатыгездік – зейнеткерлер – жұмыста
-
Оқушылардан жауаптарын басқа топтардың жауаптарымен салыстыра отырып, өз нұсқаларын дәлелдеу, сондай-ақ олардың ықтималдығы төмен сценарийлері іске асуы мүмкін жағдайларды анықтау сұралады.
-
Бұл тапсырма бірқатар идеялар бойынша шығармашылық қабілеттілікті ынталандыруға арналған жоспарлау құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
КРЕАТИВТІ МАТРИЦА | | | | | ||
Азық-түлік өнеркәсібінде қандай іс аса табысты болуы мүмкін? | ||||||
Түрі | Үнді | Француздық | Британдық | Қытайлық | Итальяндық | |
Адамдар | Зейнеткерлер | Мамандар | Этникалық | Отбасы | | Жеткіншектер |
| | | аз топтар | | | |
Қалай? | Конвейерлік | «Фастфуд» | Автодәмхана | Өзіне | өзі | Дәмхана |
| таспада | | | қызмет | | |
| | | | көрсететін | | |
| | | | тамақтану | | |
| | | | орны | | |
Оқушылардан анағұрлым табысты немесе табысы шамалы бизнес идеяларды таңдауды сұраңыз:
-
Аса табысты = үнді - мамандар үшін – конвейерлік таспада
-
Табысы шамалы = француздық – жеткіншектер үшін – «Фастфуд»
-
Бұдан кейін оқушылардан топ ішінде олар атқарған жұмысты талқылауды сұраңыз
– топтар өздерінің идеяларын дәйектей алды ма? Топтар өз талқылауын қалай құрылымдады? Үйлестіруші болды ма? Келісімге қол жеткізді ме, егер олай болса, қалай қол жеткізді?
8
-
Бұл әдіс өзекті мәселелерді одан әрі зерделеуге түрткі болуы мүмкін. «Барлық факторларды ескеру» және «Басқа адамдардың пікірлері» сияқты жаттығулар оқушылардың «Креативті матрицадан» туындайтын басты мәселелерді түсінуін тереңдету үшін қолайлы бола алады.
9
ГАУҺАРЛАР ИЕРАРХИЯСЫ
Қалыптастырылатын дағдылар:
-
басқаларман жұмыс істеу; -
ойлау, шешім қабылдау.
Жалпы сипаттама
Бұл тапсырманы шағын топтар орындайды, ол ақпараттар мен идеялардың артықшылықтарын айқындауға бағытталған. «Стикерлер топтамасы» және «Идеялар тасқыны» сияқты ақпаратты жинақтауға арналған жаттығулардан кейін орындалатын жаттығу болуы мүмкін. Бұл оқушылардың белгілі бір сұрақтарды белгілі бір тәртіппен орналастырып, неге ол ретпен орналастырғанын түсіндіру дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі. Басымдықты айқындау жөніндегі жаттығулардан «Карточкалар иерархиясын» қараңыз.
Сыныпты жоспарлау
Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтар үстел басында жұмыс істей алады.
Жұмыс алгоритмі
-
Оқушыларға карточкада немесе стикерде белгілі бір сұраққа қатысты тоғыз идея беріледі (немесе өздері алдын ала жазады).
-
Олар өзінің бірінші басымдық берген карточкасын жоғарыға қояды, бұдан кейін екі карточканы екінші орынға қояды, үш карточканы үшінші орынға қояды, содан соң қайтадан екі және неғұрлым төмен артықшылығы бар карточка төменге орналастырылады. Осылай гауһар тас пішіні пайда болады.
-
Оқушылар бір-бірімен бітімге, келісімге қол жеткізуге ұмтылуы тиіс. Сондықтан олар карточкалардың ретін өзара талқылап, өз пікірлерін білдіреді.
-
«Бес сұрақ» сияқты жаттығуды пайдалана отырып, бірінші кезектегі карточкаларды анағұрлым толық зерделеуге болады.
Талқылауға арналған идеялар үлгісі:
-
Қылмыстық деңгейін қалай төмендету керек. -
Қоршаған ортаның ластануын болдырмау жөніндегі шаралар.
-
Жолдағы қауіпсіздік.
10
ӘР АДАМ ӘРҚАЙСЫН ОҚЫТАДЫ (сондай-ақ «Біреуін аласың – біреуін бересің» деген атпен танымал)
Қалыптастырылатын дағдылар:
-
бірлескен жұмыс; -
ақпараттарды басқару.
Жалпы сипаттама
Бұл – оқушылар арасында нақты ақпараттың ауқымды көлемін таратудың балама тәсілі. Мұғалім дәріс оқығанның немесе айтып түсіндіргеннің орнына, оқушылар тақырыпқа қатысты ақпаратты өздерінің құрбыларымен бөліседі. Ақпаратты тарату бойынша басқа да пайдалы ойын үшін «Кластерлерді» қараңыз.
Сыныпты жоспарлау
Жүріп-тұру және әңгімелесу ыңғайлы болуы үшін ашық кеңістік қажет. Немесе төрт адамнан тұратын топта оқушылар партада отырады, екі оқушы белгілі бір уақыт өткеннен кейін тобын ауыстыра алады.
Жұмыс алгоритмі
-
Белгілі бір факт немесе статистикалық деректері бар қағаз парағы әрбір оқушыға таратылады. Мүмкіндігінше әрбір оқушы үшін әртүрлі тұжырым болғаны жақсы.
-
Оның тұжырымның мағынасын түсінетіндігін анықтау мақсатында, оқушылар өздерінің тұжырымдарын оқиды.
-
Оқушылар сынып ішінде жүріп, өздерінің тұжырымдарын басқа оқушылармен бөліседі. Оның мақсаты өзінің фактісін барынша көп адамға түсіндіру болып табылады.
-
Оқушылар мысал келтіре отырып, өз түсініктемелерін толықтыра алады. Егер қисыны келсе, олар өз тұжырымдарын басқа оқушылардың тұжырымдарымен байланыстыруға тиіс.
-
Фактілермен алмасуға арналған уақыт аяқтағаннан кейін, оқушылар тапсырманы орындау барысында алынған ақпаратты жүйелеу үшін шағын топтарда жұмыс істейді.
-
Кейіннен жауап алу жүргізілген кезде оқушылар өздерінің санаттау жүйесін түсіндіреді және дәйектейді.
-
Олар сонымен қатар әртүрлі фактілерге/деректерге қатысты өздерінің реакциясымен бөлісуі мүмкін. Оларды не таң қалдырды? Оларды не абыржытты? Қандай да бір тұжырым оларды мұңға батырды ма немесе бақытты етті ме? Немесе қандай тұжырым оларды қызықтырды?
-
Оқушылар өзінің жеке оқуы туралы ойлануы мүмкін. Олар қандай ақпаратты есте жеңіл сақтайды? Олар үшін ең маңыздысы не?
-
Барлық сауалдар бойынша басты тұжырымдарды тақтаға немесе оқу плакатына жазып қоюға болады.
11
ФАКТ немесе ПІКІР
Қалыптастырылатын дағдылар:
-
ойлау, шешім қабылдау, проблемаларды шешу; -
бірлескен жұмыс.
Жалпы сипаттама
Бұл әдіс бойынша оқушылар оларға ұсынылған нәрсе факті ме, әлде қарапайым пікір болып (құндылық туралы ойға негізделген) табыла ма, соны шешуге тиіс. Плюралистік қоғамда дәлелдердің негізінде фактілер мен пікірдің ара-жігін ажырата білу маңызды дағды болып табылады. Осы қиын тапсырма оқушыларды білімнің қалай алынатынын түсінуге ынталандырады (көптеген жағдайда бір нақты жауап болмауы да мүмкін). Оқушылар өз ұстанымдарын талқылау үшін топтарда жұмыс істейді. Осы жаттығу нәтижелі болуы үшін одан кейін жауап алу ұсынылады.
Жұмыс алгоритмі
-
Оқушыларға белгілі бір мәселеге қатысты бірқатар тұжырымдар беріледі. Көптеген жағдайларда олар талқыланып отырған мәселенің екі қырын бейнелейтін пікір болып келеді.
-
Оқушылар тұжырымдарды талдап, олар факті ме, әлде пікір ме екендігін шешеді. Оқушылар өз шешімдерін дәйектеу үшін дайындалып, кері байланыс кезінде сынып алдында олармен таныстырады. Сонымен қоса оқушылар топтар арасындағы пікірлердің ұқсастығы мен айырмашылықтарын қарастыра алады.
-
Тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу кезінде оқушылар осы пікірге тоқтауға ықпал еткен үдерістерге тоқталады. Топтар қандай тоқтамға келді? Әртүрлі пікірлер көп болды ма, бір шешімге, келісімге келуге мүмкіндік болды ма? Пікірлер жеткілікті дәрежеде негізделді ме? Пікірлер дәйекті баяндалды ма? Топтың ішінде рөлдер бөлінді ме?