Файл: Осы саба білім алушыларды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 118

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


  • 1066 (Гастингс түбіндегі шайқас қай жылы болды?)

  • Ангела Меркель (Германияның бірінші әйел канцлері кім болды?)




  • Қорланғандар (Оңтүстік Африкадағы нәсілдік кемсіту кезінде, оларға автобустарда жүруге рұқсат етілмегенде, африкандықтар өздерін қалай сезінді?)


17

ПАЗЛ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ойлау, шешім қабылдау, проблеманы шешу;

  • бірлескен жұмыс.


Жалпы сипаттама
Бұл әдіс жаңа топтар үшін «мұзжарғыш» ретінде, командалық тапсырма, ақпарат жинақтау құралы ретінде, белгілі бір тақырыпқа кіріспе немесе алдағы жоспарлау, шешім қабылдау немесе егжей-тегжейлі пікірталас жүргізуге түрткі болатын, жетелейтін алғашқы қадам ретінде қолданылуы мүмкін. Ол сабақтың қызықты өтуіне ықпал етіп, балалардың оқуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі. Осы әдіске ұқсас тапсырма қажет болса, «Ойтамыздықты» қарауға болады.
Сыныпты жоспарлау

Оқушылар пазлдың келесі бөлігін табу үшін кабинеттің ішінде еркін жүрулері керек.
Сондай-ақ алдын ала бөлінген топ өз пазлдарын партада жинастыра алады.
Жұмыс алгоритмі


  1. Мұғалім үстіне жазылған тапсырмасы бар пазлды алдын ала жасайды. Оны А4 форматты қағазда/жұқа картонда жасап, содан кейін кесуге болады немесе арнайы бағдарлама пайдаланылады.



Тақырыбы: Зертханадағы қауіпсіздік

  • Зертхана ішінде қозғалу кезіндегі екі маңызды ережені жазыңыз.




  • Сізге зертханада кездесуі мүмкін бес қауіпті жазыңыз.

  • Уақиғаны болдырмау үшін үш алдын алу шарасын көрсетіңіз.


Мұзжарғыш:

  • Сіздің тобыңыздың барлық мүшелерінің есімдерін жазыңыз.

  • Топтың әр мүшесі өзі жақсы көретін істі көрсетеді.

  • Әр адамның атаққа лайық екендігінің бір себебін атаңыз.



Тарих:

  • Өткен жылғы өміріңіздегі екі үлкен уақиғаны жазыңыз.

  • Өткен жылғы үш жаңалықты жазыңыз.

  • Ол уақиғалардан не түйгеніңіз туралы ойланыңыз.




  1. Оқушыларға пазл бөліктері таратылады.




  1. Оқушылар өз пазлының бөлігі бар басқа оқушыны табу үшін бөлме ішінде жүреді. Пазлдар, мысалы, әртүрлі түске боялуы мүмкін.




  1. Оқушылар өздерінің кездейсоқ топтарын тапқаннан кейін, олар командада жұмыс істеп, пазлды құрастырады және тапсырманы орындайды.




  1. Жарыс элементін қосу мақсатында мұғалім регламент орната алады.

  2. Тапсырма орындалғаннан кейін жауап алу жүргізіледі.

  3. Бұл тапсырмадан кейін қосымша тапсырма ретінде «Идея іздеушіні» өткізуге

болады.





18

БІР МИНУТ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ақпаратты басқару;

  • өзін өзі басқару;

  • ойлау.


Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушыларда оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді тыңдау дағдысын дамытады. Аталған әдісті «Ыстық орындық» тапсырмасымен байланыстыруға болады.
Сыныпты жоспарлау
Топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Сондай-ақ барынша жайлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады.
Жұмыс алгоритмі


  1. Оқушылар тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты атап көрсетеді. Оқушыларға рөлді топта немесе жеке зерттеуіне болады.




  1. Оқуға берілген уақыттан кейін оқушылар «ыстық» орындыққа отырып, бір минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын ұсынады.




  1. Басқа оқушылар мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық» орындықтағы баланың тақырыптан ауытқығанын немесе қайталанғанын, күмәнді деректер келтіргенін аңғарса, олар наразылық білдіре алады. Мұндай жағдай орын алса, уақыт тоқтатылады.





  1. Мұғалім наразылықтың дұрыс/бұрыстығын шешіп, өз шешімін дәйектеуі қажет.




  1. Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы оқушы ойыннан шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан оқушы ұпай алады.




  1. Егер де наразылықтан бас тартылса, онда оқушы басқа наразылық білдірілгенше дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады. Егер оқушы 1 минут бойынша «ыстық» орындықта отыра алса, ұпай алады.




  1. Қосымша тапсырма ретінде оқушылармен «Тұжырымдамалық карта» ойынын ойнауға болады, ойын барысында олар «Бір минут» тапсырмасын орындаған кезде алған барлық ақпаратты жинақтайды және құрылымдайды.


19

ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ КАРТА
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ақпаратты басқару;

  • өзін өзі басқару;

  • ойлау;

  • креативтілік.


Жалпы сипаттама
Ағаш тәріздес тармақтарды біріктіре отырып, ми ақпаратты қалай сақтаса, ол ақпараттар арасында байланыс орнатылып, сосын құрылымдалған жағдайда оқыту анағұрлым тиімді болады. Тұжырымдамалық карталар осыны көрсетеді, оны жоспарлау және бақылау құралы ретінде қолдануға болады. Олар визуалды және кинестетикалық сияқты танымдық тәсілдер арқылы оқушыларды оқу үдерісіндегі байланыс туралы ойлануға итермелейді. Бұл тәсіл оқушыларға мидың екі жартышарын да пайдалануға көмектеседі. Тұжырымдамалық картаны жоспарлау үшін пайдаланған кезде тақырыптың талқылануына қарай, оларды толықтыруға және кеңейтуге болады. Бұнымен қатар оқушыларды себебі мен салдары туралы ойлануға жетелейтін «Салдарлар дөңгелегі» және «Себеп-салдар байланысы стратегиясын» қарауға болады.
Жұмыс алгоритмі

  1. Оқушылар үлкен парақтың ортасына басты тақырыпты немесе сұрақты жазады.



Тұжырымдамалық картаға арналған тақырыптар үлгілері:

  • География: өзендер;

  • Қазақ әдебиеті: кітаптағы кейіпкер немесе тақырыптар;

  • Тарих: Армада;





  • Шетел тілі: «Бос уақыт» тақырыбындағы лексика.




  1. Оқушылар басты ұғымға қатысты түйінді идеяларды жазып, оларды орталықпен біріктіру үшін стрелкаларды қолданады. Оқушылар әр түйінді идея үшін әртүрлі түстерді және маңызды сөздер мен ұғымдарды сызып көрсету үшін мәтін белгілегішті (маркерді) пайдалана алады. Сонымен қатар оқушылар өз картасын көрнекі ету үшін суреттерді қолдана алады.




  1. Оқушылар негізгі идеялардан туындайтын идеяларды көрсету үшін оларды стрелкамен байланыстырады.




  1. Тексеру құралы ретінде пайдаланған кезде, оқушылар тұжырымдамалық картаны мұқият тексеруге арналған трамплин түрінде қолданады. Олар, мысалы, кезекті түрлендіру кезінде әрбір туынды буын үшін өзгерістерді пошталық ашықхатта белгілеп отырады. Бұл ашықхатта тиісті туынды буындағыдай түстер мен суреттер қолданылуы мүмкін.




  1. Тұжырымдамалық картамен жұмыс істеуді аяқтағаннан кейін жүргізілген жауап алу оқушыларды белгілі бір идеяларды неге олай топтастырғаны, сондай-ақ карта олардың ойларын қалай ашқандығы туралы ойлануға мәжбүрлейді.



20



21

САНАДАҒЫ КИНОФИЛЬМ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • креативтілік;

  • ойлау, шешім қабылдау;

  • проблеманы шешу.


Жалпы сипаттама
Шығармашылықты дамытатын бұл әдіс оқушыларға сабақ тақырыбын түсіндіруде пайдалы құрал болып табылады, сондай-ақ оларды белгілі бір сұрақ бойынша пікірталасқа, пікір алмасуға тартуға септігін тигізеді.
Жұмыс алгоритмі

  1. Оқушылар көздерін жұмады.




  1. Мұғалім сыныпқа қысқа оқиғаны оқиды немесе оқушылардың алда не істейтіндерін түсіндіреді.




  1. Оқушылардан мұғалім оқып жатқан ақпаратты көз алдарына келтіру сұралады.




  1. Мұғалім ақпаратты оқуды тоқтатып, оқушылардан оқиғаны тоқтаған жерден жалғастырып, одан әрі дамытуды сұрайды.




  1. Одан кейін оқушылар шағын топта немесе сынып алдында өздерінің «санасындағы кинокартинада» не болғандығы туралы әңгімелейді. Бұл – мәселені талқылауды дамытудың оңтайлы тәсілі.



Оқиғалардың үлгілері:


  • Адам құқығы проблемасы;




  • Құрбы-құрдастарының тарапынан қысым көрсету туралы оқиға (достары баланы дүкеннен зат ұрлауға мәжбүрледі);




  • Шетел тілінде жазылған оқиға.



  1. Бұл тапсырма оқушыларға түрлі жағдайларда қандай амал жасауға болатындығы туралы ойлануға мүмкіндік береді. Оқушылардың санасындағы кинофильмді «Барлық факторларды ескеру» немесе «Қосу-алу-қызықты» тапсырмасының негізінде құруға болады.


22

ҚҰПИЯ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ойлау, шешім қабылдау;

  • проблеманы шешу;

  • бірлескен жұмыс.


Жалпы сипаттама
Бұл әдіс құпияны табу, шешім қабылдау немесе уақиғаның болжалды түсініктемелерін қарастыру үшін оқушылардың проблемаларды шешу және шешім қабылдау дағдыларын пайдалануларына ықпал етеді. Бұл тапсырмадан кейін жауап алу жүргізілу керек. Бұл тәсіл оқушыларға мәселені білу және түсіну негізінде дәйекті айғақтар, нақты дәлелдерді келтіруге мүмкіндік береді.
Сыныпты жоспарлау
Бұл тапсырма айнала немесе жартылай айнала отырған үлкен топта немесе партада отырған шағын топта өткізілуі мүмкін.
Жұмыс алгоритмі


  1. Оқушыларға белгілі бір сұрақ бойынша 20-дан 30-ға дейін тұжырымдар беріледі. Егер де барлық сынып тартылса, онда әрбір оқушы бір тұжырым алады және оны барлық топқа оқып береді. Шағын топтағы оқушыларға бірнеше тұжырым беріледі.




  1. Тұжырымдарды талқылау барысында шешім топ болып қабылданған жағдайда, оқушылар барлық факторларды талқылап, оның мәнін анықтау үшін әрбір айтылған пікірді қарастырулары керек.