Файл: Осы саба білім алушыларды.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 26.04.2024

Просмотров: 116

Скачиваний: 0

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.




  1. Кері байланыстың негізінде оқушылар «Барлық факторларды ескеру» сияқты жаттығулар арқылы сұрақтарды одан әрі зерделей алады. Себептер мен салдарларды қарастыру үшін «Салдарлар дөңгелегі» немесе «Себеп-салдарлық байланыстар стратегиясын» пайдалануға болады.


12

БЕС СҰРАҚ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ойлау, шешім қабылдау;

  • ақпараттарды басқару.


Жалпы сипаттама
Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі. Аталған әдіс іс-әрекетті жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді. Ақпарат жинақтауға арналған тапсырмалар үшін осы әдіспен бірге «Идеялар тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын» қолдануға болады.
Жұмыс алгоритмі

  1. Үлкен қағаз бен маркер керек.




  1. Оқушыларға «Қалай» немесе «Неге» деген сұрау есімдіктері қолданылатын сұрақтар қойылады.




  1. Ұсыныстар оқу плакатында жазылады.




  1. Мұғалімдер идеяларды дамытып, одан арғы идеяларды зерделеу үшін бір сұрау есімдігін пайдаланады.




  1. Мұғалімдер идея/ұсыныс толық қарастырылғанша дейін бірдей сұрағы бар сұрақтарды пайдалануды жалғастыра береді.


Зерделеніп отырған мағына: Жергілікті қоғам, қауым

  • Жастарды қауымдастыққа қалай тарта аламыз?

    • Жастарды қызықтыратын мәселелерді қарастыру керек.




  • Осы мәселелерді қалай алға жылжыта аламыз?

    • Жастар проблемалары туралы хабардарлықты арттыру арқылы.




  • Хабардарлықты қалай арттыра аламыз?

    • Онлайн-форум жүргізу арқылы.




  • Онлайн-форумды қалай жүргізе аламыз?






13

ТАҚТАДАҒЫ ГРАФФИТИ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ойлау, шешім қабылдау;

  • проблемаларды шешу.


Жалпы сипаттама
Бұл әдісті қолдану кезінде оқушыларға белгілі бір тақырып байынша өздерінің ойларын, сезімдерін, идеяларын және ұсыныстарын жазу ұсынылады. Осы әдіс «Күрделі жауаптар тақтасы» әдісіне ұқсас.
Сыныпты жоспарлау

Бұл жаттығуды жүргізу үшін үлкен қабырға қажет болуы мүмкін.
Жұмыс алгоритмі


  1. Бөлменің бір бөлігі граффитиге арналған тақтаға берілген, онда оқушылар талқыланып отырған сұрақ бойынша өздерінің ойларын жазады.




  1. Оқушылардан әртүрлі уақытта граффитиге арналған тақтаға «БББ» тұжырымдамасы арқылы өз үлестерін қосу, олар осы сұрақ туралы не ойлайды, не «біледі», нені «білгісі келеді» және тақырыпты талқылау қорытындысында олар нені «білгендігі» сұралады.




  1. Жауап алу жүргізу нәтижесінде туындаған түсініктемелер де жазылады.




  1. Оқушылар тақырыпты талқылау барысында кез келген уақытта граффитиге арналған тақтаға өз ойларын жазуға ұялмаулары керек.




  1. Тақырыпты талқылау соңында граффитиге арналған тақтаны сұрақтарды қорытып, тұжырым жасау үшін пайдалануға болады.


14

ӘУЕ ШАРЫ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс;

  • ойлану, шешім қабылдау, мәселені шешу;

  • ақпаратты басқару.


Жалпы сипаттама
Бұл әдісті жоспарлау құралы ретінде пайдалануға болады. Ол оқушыларда проблемаларды салыстырып, оның салдарын болжау, белгілі бір іс-шараны жоспарлап, ұйымдастыруда құрылымдық тәсілді қолдану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сыныпты жоспарлау
Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында, болмаса топтар үстел басында жұмыс істей алады.
Жұмыс алгоритмі

  1. Оқушыларға әуе шарының суреті беріледі.




  1. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар беріледі:





  • Әуе шарында кім болуы керек? Оқушылар бұл мәселе бойынша басты кейіпкерлердің есімдерін жазады: шарды әуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар.




  • Жоба табысты болуы үшін оларда не болуы керек? Оқушылар жобаның табысты болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нәрселерді шарға жазады.




  • Оны не кідіртеді? Зәкірдің жанына оқушылар жобаның табысты басталуына кедергі жасайтын факторларды жазады.




  • Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар әуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін жұмысқа қабілеттілік, ынта және креативтілік сияқты факторларды белгілейді.



  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59


Шарды бағытынан не шатастыра алады? Оқушылар шардың екі жағына жобаны орындау барысында туындауы мүмкін проблемаларды жазады.




  1. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар жоспарлау үдерісін одан әрі жақсарту мақсатында өздерінің шарларын салыстыра алады.




  1. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты қосымша тәсілдерді пайдалануға болады.


15

ЫСТЫҚ ОРЫНДЫҚ
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс;

  • креативтілік;

  • ойлау, шешім қабылдау.


Жалпы сипаттама
Бұл шығармашылық рөлдік тапсырма белгілі бір мәселені талқылауға және ақпарат алмасуға көмектесетін тиімді құрал болуы мүмкін.
Сыныпты жоспарлау
Топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Болмаса барынша жайлы пікір алмасуға жағдай жасау мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады.
Жұмыс алгоритмі


  1. Оқушыларға белгілі бір персонаж беріледі немесе олардың өздері қарастырылып отырған мәселеге қатысы бар рөлді ойлап табады.




  1. Оқушылар рөлді топта немесе жеке қарастырып, талдайды.




  1. Топтағы басқа оқушылар «ыстық» орындықта отырған адамға қою үшін күрделі сұрақтарды дайындайды.




  1. Талқыланатын кейіпкер «ыстық» орындыққа отырып, сыныптастары оған сұрақ қоя бастайды. Бұл оқушыларға адамның қиналысын сезініп, өздері келіспейтін көзқарасты, пікірді қалай қабылдайтынын түсінуге көмектеседі.




  1. «Ыстық» орындықтың тақырыбы жел электр стансаларын пайдалану, адамдарды клондау, Ирактағы соғыс сияқты проблемалар немесе идеялар болуы мүмкін. Бұл тәсілді пайдаланғанда сыныптағы кез келген оқушы жауап бере алады. Жаттығудың аяғына қарай мұғалім «ыстық» орындыққа отырып, өзінің пікір/көзқарасымен бөлісе алады.




  1. Бұл тәсілді пайдалана отырып, құпияны ашу ойынын ойнауға болады, ол жағдайда оқушылар «ыстық» орындықтағы адамның кім екенін табулары қажет.




  1. Тапсырманы орындағаннан кейінгі жауап алу кезінде оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоюға болады: олар не білді, оларға не қызықты болды, «ыстық» орындықтағы адамның айтқандарынан олар бірнәрсеге қатысты дау айта алды ма.




Болжалды оқиғалар, персонаждар/рөлдер:

  • Екінші дүниежүзілік соғыс;

  • Үндістандағы бала еңбегін пайдаланатын зауыт иесі;

  • Абылай хан.



  1. Мұғалім топтың білім деңгейіндегі қандай да болмасын кемшіліктерді бағалап, өз ісінде нені ескеру қажет екенін анықтағаны пайдалы болады. Оқушылар қаралатын мәселеге қатысты алдағы жұмысты жоспарлау үшін «БББ» шәкілін қолдана алады.




  1. Оқушыларға қосымша жарыс ойыны ретінде зерделеуге арналған тақырып немесе персонаж беріп, содан кейін олар еш кедергісіз, әрі бір-бірін қайталамастан сыныппен барынша толық мәліметпен бөлісуі үшін «ыстық» орындыққа бір минутқа отырғызу керек. Егер кімде-кім ережені бұзса, оқушылар ол адамды ойыннан шығара алады.



16

ӨЗІНДІК ОЙЫН
Қалыптастырылатын дағдылар:

  • ақпаратты басқару;

  • ойлау.


Жалпы сипаттама
Бұл әдіс оқушыларда белгілі жауапқа қатысты сұрақ құрастыра білу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ол сонымен қатар балама сұрақтар туралы креативті ойлауға қабілетті оқушыларды анықтауға мүмкіндік береді.
Жұмыс алгоритмі


  1. Оқушыларға сабақта қарастырылатын тақырыпқа қатысы бар сұрақтардың жауаптары беріледі. Жауаптар жай ғана күн, есім немесе орын, эмоция немесе абстрактілі түсініктер түрінде болуы мүмкін.




  1. Оқушылар әр жауап үшін сұрақ ойлап табуы керек.




  1. Егер жауаптың бір мәнді сұрағы болмаса, оқушылар өздері ойлап тапқан сұрақтарды бір бірімен салыстырып, белгілі бір сұраққа қатысты тоқтамға қалай келгенін дәйектейді.


Сұрақтар мен жауаптардың үлгілері: