ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 36
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Бейнеу политехникалық колледжі» МКҚК
«Бәрі де, ана,бір өзіңнен басталады»
Дайындаған: ӨОШ Ниязова Қ
Топ: ТМ9-120
Бейнеу 2023 ж
2022 жыл
Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Отбасы-бақыт аясы» | |
Күні | 12.09.2022 | |
Класс жетекші: | Қамиева Динара Жұмагазықызы | |
Класс: 5 «а» | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | Елін сүйер сеніңіз, Өз отбасын сүйе алған. | |
Сабақтың мақсаты: | Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы- Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. | |
Ресімдеу | Слайд, видеоролик | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | слайд, шарлар, отбасы туралы афоризмдер | |
Үлестірмелі материалдар | Тақырып аясындағы суреттер, плакаттар. | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация, көрнекілік. | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Оқушармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрап, сабаққа әзірліктерін тексеру. Шаттық шеңберге тұрып, оқушыларды екі түрлі түсті шар(қызыл, сары) арқылы екі топқа бөлу. - Құрметті оқушылар! Президенттің Жарлығымен қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы куніне арналған екені белгілі. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата - анасы. Отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Бала отбасында әкеден – ақыл, анадан - мейірім алады. «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Баланы баптап бақпасаң, Жамандықтан қақпасаң, Қадірден жұрдай қасқа боп Кешкенің өмір босқа тек- дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйсінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзеді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны демеуші- ата-анасы. | Оқушылар мұғаліммен амандасады, түгенделеді, шаттық шеңберге тұрып шар бойынша топқа бөлінеді. | презентация шарлар |
Сабақ басы (13 мин) | Тәрбие сағатын мынадай бір аңыздан бастағым келеді. Ертеде 100 адамнан тұратын бір жанұя өмір сүріпті. Олар үнемі бейбітшілік, махаббат, келісушілікпен көзге түсіпті. Бұл хабар елді басқарушының құлағына шалынады. Ол жанұя басшысын өзіне шақырып, «Бір жанұяда бір-біріңмен ұрыспай, ренжіспей қалай өмір сүресіңдер?»-деп сұрапты. Сонда ол қағазды алып, жаза бастайды. Жауапты ел басқарушы оқыған кезде таңданыпты, себебі қағазда «түсінушілік» деген сөз 100 рет жазылған екен. Жаңағы аңызда айтылғандай, түсінушілік бар кезде татулық болады. | Әңімеге пікір қалдырады. | презентация |
Ортасы (20 мин) | «Бақытты жанұя» (постер қорғау) Сіздің ойыңыздағы «Бақытты жанұя» ұғымын алдарыңыздағы қағаз бетіне түсіруіңіз сұралады. «Сергіту сәті». Өлең жолдарын құрастыру. Оқушыларға өздерінің топқа бөлінген шарларын жару сұралады. Шардың ішінен өлең жолдары шығады. Сол өлең жолдарынан бір шумақ құрастыру керек. І-топ. Ата-ана асқар тау алдымдағы Әрқашан асқақтайсың алдымда әлі Өзің берген өнеге тәрбиеңмен Бақыттымыз жанұя бауырындағы. ІІ-топ. Асқар тау әкең болса жанға тірек, Анаң жүрсе қасыңда арқа сүйеп. Қайғы кеп қабырғаңа соқтығысса, Жанұяң- демеу болар үлкен жүрек. «Сызат» (Видеоролик) Бала тәрбиелеуде асқан тәлімгер ата-бабаларымыз «Баланы бақырып үйретпе, ақырын үйрет» деп талап қояды. Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі жол-жөнекей айтылған ақыл бала көңіліне керекті із қалдыра алмайды. 5 саусақ бірдей емес, ол баланың жаратылысы «көршінің баласынан» мүлдем өзгеше. «Көршінің баласында» жоқ жақсы қасиеттер мүмкін сіздің балаңызда бар болар. «Дәл сондай бол !»,- деген шектен шыққан талап. «Балаңыз қандай, сол қалпында қабылдаған оңайырақ»,- деп кеңес береді психолог ғалымдар. Ал балалар мына сөйлемдерді аяқтау:
Қорытынды: Құрметті оқушылар! Біз сіздермен жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне терең үңілер болсақ, оның да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін алдарыңыздағы мейірімділікке толы ана алақанының суретіне бүгінгі кездесуден алған әсерлеріңізді, тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса барлығыңыз да осы жерде жазып, тақтаға ілулеріңіз сұралады. | Ортаға шығып постер қорғайды. Оқушылар өз ойларын айтады Сөйлемді аяқтайды. | презентация Шарлар, үлестірме қағаздар.видеоролик |
Соңы | Мен бүгінгі тәрбиелік іс-шарамызды Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен аяқтағанды жөн көріп отырмын. Қипақтайды қит етсе анаң, әкең, Қайтсем ғана осыны адам етем, Басқалардың осындай балалары, Тап осындай жаңғалақ шала ма екен Ойым емес, оллаһи, біздікінің... Енжарлығы елде жоқ алабөтен Туа сала тұлпардың жалын тартқан; Қырғиларға қызығып қарап өтем. Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап, Бұ да бір күн алаудай жана ма екен? Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау Болмаса да топ жарған дара бөтен. Мүше тістеп мықтылар той жасаса, Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем? .... Үміт пен күдіктің ортасында Ата - ананың үміті талады екен! Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен. Көріскенше күн жақсы! Аман-сау болыңыздар! | | презентация |
Чапаев жалпы орта білім беретін мектебінің
«Отбасы-бақыт аясы»
тәрбие сағатына байланысты
Анықтама
Қыркүйек айының 8 күні 5 «а» сыныбында тәрбие сағатының жоспары бойынша, «Отбасы-бақыт аясы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Сынып сағатына 9 оқушы қатысты.
Тәрбие сағатының мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы- Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сынып сағатының барысында «шаттық» шеңберінде тұрып, екі түрлі шар арқылы 2 топқа бөлінді. Отбасы туралы деректер оқылды. «Бақытты жанұя» ұғымына постер қорғалды. Сергіту сәтіне сөздерден өлең құрастырылды. Отбасы туралы видеоролик көрсетілді. Бүгінгі тәрбие сағаты туралы кері байланыс жасалып, өз ойларымен оқушылар бөлісті.
Тәрбие сағаты алға қойған мақсатына жетті.