Файл: 6сынып НрСлтан аласы, 2019 жыл рметті малім! Жиынты баалауа арналан дістемелік сыныстар малімге 6сынып білім алушыларына азастан тарихы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 26.04.2024
Просмотров: 59
Скачиваний: 0
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
СОДЕРЖАНИЕ
«VI – IX ғғ. Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«X – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақ халқының қалыптасуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Қазақстан тарихы» пәнінен
жиынтық бағалауға арналған əдістемелік ұсыныстар
6-сынып
Нұр-Сұлтан қаласы, 2019 жыл
Құрметті мұғалім!
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстар дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
МАЗМҰНЫ
«VI – IX ғғ. Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
«X – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 7
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 10
«XIII – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 10
«Қазақ халқының қалыптасуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 13
«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 16
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 21
«Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 21
«XVI – XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 26
«VI – IX ғғ. Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | Қазақстан аумағындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер Көне түркі жазуы |
Оқу мақсаты Бағалау критерийі | 6.3.1.2 VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану |
Орындау уақыты | 20 минут |
Тапсырма
-
Төменде берілген мемлекеттердің дамуындағы ерекшеліктерді жазыңыз.
Түрік қағанаты | Түргештер | Қарлұқтар | Оғыздар | Қимақтар |
| | | | |
-
Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазыңыз.
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіреді | 1 | Түрік қағанатының дамуындағы ерекшелікті жазады; | 1 |
Түргеш қағанатының дамуындағы ерекшелікті жазады; | 1 | ||
Қарлұқ қағанатының дамуындағы ерекшелікті жазады; | 1 | ||
Қимақ қағанатының дамуындағы ерекшелікті жазады; | 1 | ||
Оғыз мемлекетінің дамуындағы ерекшелікті жазады; | 1 | ||
VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді | 2 | Оғыз мемлекетінің дамуындағы айырмашылықтарды жазады; | 1 |
Қимақ мемлекетінің дамуындағы айырмашылықтарды жазады; | 1 | ||
Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықты жазады; | 1 | ||
Жалпы балл | 8 |
«VI – IX ғасырлардағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ___________________________________________
Бағалау критерийлері | Оқушылардың оқу жетістігі деңгейлері | ||
Төмен | Орта | Жоғары | |
VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіреді | Түрік/түргеш/қарлұқ/оғыз/қимақ мемлекетінің дамуындағы ерекшелікті жазуда қиналады | Түрік/түргеш/қарлұқ/оғыз/қимақ мемлекетінің дамуындағы ерекшелікті жазуда қателіктер жібереді | Түрік/түргеш/қарлұқ/оғыз/қимақ мемлекетінің дамуындағы ерекшелікті жазады |
VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді | Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазуда қиналады | Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазуда қателеседі | Оғыз мемлекеті мен қимақ мемлекетінің дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды жазады |
Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығына түсіндірме жасайды | Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін, Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттауды қиналады | Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін, Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттауда қателіктер жібереді | Білге қағанның мемлекетті нығайтудағы рөлін, Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын сипаттайды |
«X – XІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып | X ғасыр – XIII ғасырдың басындағы Қазақстан территориясындағы саяси процестер Орта ғасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы |
Оқу мақсаты Бағалау критерийі | 6.3.1.3 X ғасыр–XIII ғасырдың басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау 6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну Қолдану |
Орындау уақыты |
|
Тапсырма
1. Картаны және өз біліміңізді пайдаланып, қарахан және қыпшақ мемлекеттерінің даму ерекшеліктерін жазыңыз.
Мемлекеттер | Ұқсастықтары | Ерекшелігі |
Қарахан | | |
Қыпшақ | |
2.Мәліметтерді сәйкестендір
Cаясат | Билеушілер |
А\ Қарахан мемлекетінің негізін қалады Ә\ Исламды қарахандықтардың мемлекеттік діні етіп жариялады Б\ Найман билеушісі Шыңғысханнан жеңіліс тапты В\ Жетісуда Қарақытайлар мемлекетін құрды |
|